https://electroinfo.net

girniy.ru 1


Маңғыстау облысының білім беруді ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығында информатика пәнінен мектеп оқушылары арасында «Информатика дарабозы» облыстық сайысы 2014 жылдың 21 ақпан күні өтті.

«Информатика дарабозы» облыстық сайысы жалпы білім беретін мектептердегі 8-9 сынып оқушыларының арасында ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, білімдерін көтеру, дарынын ашу, белсенділігін дамыту мақсатында өткен сайыстың қорытындысын шығарып, жеңімпаздары анықталды.

«Информатика дарабозы» облыстық сайысының жеңімпаздары болып:

І орынды Ақтау қаласы, №20 орта мектептің 8 сынып оқушысы Джангалиева Аида иеленді.

ІІ орынды Ақтау қаласы, Экономикалық лицейдің 9 сынып оқушысы Карабалин Руслан алды.

ІІІ орынға Қазақ - түрік лицейінің, 8 сынып оқушысы Баженов Руслан лайықты болды.

Сонымен қатар:

Ынталандыру сыйлығықтарымен Жаңаөзен қаласы, №17 орта мектептің 9 сынып оқушысы Жолаева Гүлдана мен Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясының 9 сынып оқушысы Жұмалиев Рашид марапатталды.

Облыстық сайысты Орталықтың директорының орынбасары Раушан Шиланбайқызы Жарилгасинова жеңімпаздарды құттықтап, қорытындылады.

Оқушыларға арналған «Информатика дарабозы» облыстық сайысы жыл сайын дәстүрлі өткізіліп тұрса деген ұсыныс айтылып, сайысты дамыту методикалық көмек ұйымдастыруға тапсырмалар берілді.