https://electroinfo.net

girniy.ru 1

«Ақтаугазсервис» АҚ тұтынушыларының тарлық газын пайдалану ережелері

2012 жылғы 10 тамыздағы № 1041 Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану Ережесінен үзінді-көшірме

1. Тауарлық және табиғи газын пайдалану мақсатына қарай, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздік қағидаларының талаптарын ескере отырып, жүзеге асырылады.

2. Тауарлық және табиғи газын пайдалану кезінде:

1) тұрмыстық тұтынушылардың газ тарату, газ желісі ұйымдарының рұқсатынсыз үйлерін (пәтерлерін, бақшадағы үйлерін) өз бетінше газдандыруға, газбен жабдықтау жүйесін өз бетінше қосуға, орнын ауыстыруға, газ жабдықтары мен есепке алу аспаптарын өз бетінше монтаждауға және бөлшектеуге, газ жабдықтарын, есепке алу аспаптарын ауыстыруға және жөндеуге, қосымша жабдықтарды, есепке алу аспаптарын монтаждауға;

2) газ тарату немесе газ желісі ұйымдарының келісімінсіз газ аспаптары орнатылған үй-жайларды қайта жоспарлауға;

3) газ аспаптарының құрылыстарына өзгерістер енгізуге;

4) түтіндік және желдеткіш жүйелерінің қондырғыларын өзгертуге;

5) желдеткіш арналарын желімдеуге, түтіндіктерді тазалауға арналған «қалталар» мен люктерді бітеуге;

6) қауіпсіздік және реттеу автоматикасын сөндіруге;

7) газ аспаптарының, автоматиканың, арматуралар мен газ баллондарының жарамсыздығы кезінде газды пайдалануға;

8) газ орнатылған пештер мен түтіндіктер дұрыс қаланбағанда, сылақтарында жарықшақтар болғанда газды пайдалануға;

9) түтіндік пен желдеткіш каналдарын тексеру және тазалау туралы актінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін газды пайдалануға;

10) газ тарату немесе газ желісі ұйымдарынан оқудан өтпей және рұқсат алмай, түтіндік пен желдеткіш каналдарын тазалауға, тексеруге, сондай-ақ газ баллон қондырғыларының баллондарын алмастыруға;

11) түтіндік пен желдеткіш каналдарының ауа тартқыштары болмаған кезде, желдеткіштер (фрамугалар), жалюзий торлары, желдеткіш каналдарының торлары жабық болғанда газ құралдарын пайдалануға;


12) үздіксіз жұмыс істеуге есептелген және осы үшін тиісті автоматикасы бар жұмыс істеп тұрған газ аспаптарын қараусыз қалдыруға;

13) мектеп жасына дейінгі балалардың, сондай-ақ өз әрекеттерін бақылай алмайтын және осы құралдарды пайдалану қағидаларын білмейтін тұлғалардың газ құралдарын пайдалануына;

14) газ құбырларына жіп байлауға және газ құбырларын жүктеуге;

15) газды және газ аспаптарын мақсатқа сай емес пайдалануға, газ плиталарын үй-жайларды жылыту үшін пайдалануға;

16) газ құралдары орнатылған үй-жайларды ұйықтау және демалу үшін пайдалануға;

17) газдың жылыстауын айқындау үшін ашық отты қолдануға;

18) үй-жайлар мен жертөлелерде бос және сұйытылған мұнай газымен толтырылған газ баллондарын сақтауға;

19) газдандырылған үй-жайда сыйымдылығы 50 (55) л. болатын бір баллоннан немесе әрқайсысының сыйымдылығы 27 л. болатын екі баллоннан артық орналастыруға жол берілмейді. Баллондар газ аспаптары бар жерде тұруы тиіс;

20) баллондарды от жанатын пештердің есіктеріне кемінде 2 м. қашықтықта қарама-қарсы орналастыруға;

21) үй-жайларда орнатылған баллондарды ауыстыру кезінде электр жарығын қосуға және ажыратуға, ашық оттарды, электр жылытқыш аспаптары мен жылыту пештерін пайдалануға;

22) көрсетілген жұмыстарды орындауға байланысы жоқ тұлғалардың қатысуымен баллондарды алмастыруға жол берілмейді.

23)көрсетілген жұмыс орындаумен байланысты емес тұлғалардың көзінше баллодарды ауыстыру.

3. Тауарлық газды оның көлемін есепке алмай өткізуге және пайдалануға жол берілмейді.

4. Тауарлық газдың көлемін өлшеу бірлігін есепке алу мақсатында Цельсий бойынша 20 градус температура және сынап бағанының 760 мм. қысымы кезінде газдың бір текше метрі қабылданады. (түзету коэффициенты пайдаланылады)

Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және

пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 1041

Қаулысымен бекітілген

«Ақтаугазсервис» АҚ