girniy.ru 1 2


"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Президентінің міндетін атқарушысының

2012 жылғы 10 тамыздағы

№ 96-П бұйрығына 1 қосымша


" Каскадтау және бюджеттік бағдарламалармен байланыстыруды ескере отырып мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының көрсеткіштерін анықтау, болжамдау бойынша тәсілдерді әзірлеу " тақырыбы бойынша зерттеу өткізуге "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Тізіліміне енгізілген білікті әлеуетті өнім берушілер арасында мемлекеттік сатып алу қызметінің шарттары


Қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз ету шарттың жалпы сомасынан 3 (үш) пайызды құрайды.

Сатып алуға бөлінген жалпы сома 19 000 000 (он тоғыз миллион) теңгені құрайды.

Аванстық төлем ескерілмеген.Төлем кезең кезеңімен, Өнім берушінің Қызметтерді көрсету фактісі бойынша, Қоғамның Оқу кеңесімен мақұлдағаннан кейін және Тараптардың Қызметтерді тапсыру-қабылдау Актілеріне қол қойғаннан кейін жүргізіледі.

Баға ұсынысына келесілер кіруі тиіс:

1) әлеуетті өнім берушінің атауы, заңды және жеке мекенжайы (заңды тұлға үшін), патент мен төлқұжаттың (паспорттың) нөмірі, аты-жөні, тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін), СТН және банк деректемелері;

2) көрсетілген қызметтің атауы және көлемі;

3) қызметтерді көрсету орны мен мерзімі;

4) шығындары қоса есептелген мәліметтері бар қызмет бірлігінің құны.

Баға ұсынысы конвертте берілуі тиіс, конверттің бет жағында келесілер ұсынылуы тиіс:

1) әлеуетті өнім берушінің толық атауы және пошта мекенжайы;

2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының электрондық хабарландыруы мен жазбаша шақыруында көрсетілетін ұқсас мәліметтерге сәйкес келетін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен пошта мекенжайы;

3) қатысу үшін әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы берілетін мемлекеттік тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің атауы.


Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушіге баға ұсынысын беретін тұлғаға жеке сенімхаттың түпнұсқасын қоса беруі тиіс.


Конкурстық баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі 2012 жылдың 16 тамызында сағат 16.00-ге дейін.

Баға ұсыныстары бар конверттерді конкурстық комиссия Астана қаласы, Сол жағалау, Шұбар шағынауданы, Темірқазық көшесі, 65, 211 кабинет мекенжайы бойынша 2012 жылдың 16 тамызында сағат 16.30-да ашады.


Приложение 1

к приказу И.о. президента

АО "Институт экономических исследований"

от 10 августа 2012 года № 96-П


Условия государственных закупок услуг среди квалифицированных потенциальных поставщиков, включенных в Перечень АО «Институт экономических исследований» на проведение исследования по теме: "Выработка подходов по определению, прогнозированию показателей документов системы государственного планирования, с учетом их каскадирования и увязки с бюджетными программами"


Обеспечение исполнения договора государственных закупках услуг составляет 3 (Три) процента от общей суммы договора.

Общая сумма, выделенная для закупки составляет 19 000 000 (Девятнадцать миллионов) тенге.

Авансовый платеж не предусмотрен. Оплата будет производиться поэтапно, по факту оказания Услуг Поставщиком после одобрения Ученым советом Общества и подписания Сторонами Акта приема-передачи оказанных услуг.

Ценовое предложение должно содержать:

1) наименование, юридический и фактический адрес (для юридического лица), номер патента и удостоверения личности (паспорта), фамилия, имя, отчество, место жительства (для физического лица), РНН и банковские реквизиты потенциального поставщика;

2) наименование и объем оказываемых услуг;

3) место и сроки оказания услуг;

4) цена за единицу услуг с указанием сведений о включенных в нее расходах.

Ценовое предложение должно быть запечатано в конверт, на лицевой стороне которого должно быть указано:


1) полное наименование и почтовый адрес потенциального поставщика;

2) наименование и почтовый адрес организатора государственных закупок, которые должны соответствовать аналогичным сведениям, указанным в электронном объявлении и письменном приглашении организатора государственных закупок;

3) наименование государственных закупок товаров, работ, услуг для участия в которых представляется ценовое предложение потенциального поставщика.

Потенциальный поставщик должен приложить отдельно оригинал доверенности на лицо, предоставляющего ценовое предложение заказчику.


Окончательный срок представления конкурсных ценовых предложений до 16.00 часов 16 августа 2012 года.

Конверты с ценовыми предложениями будут вскрываться конкурсной комиссией 16 августа 2012 года в 16.30 часов по адресу: г. Астана, Левый берег, м-н Чубары, ул. Темирказык, 65, каб. 211.



" Каскадтау және бюджеттік бағдарламалармен байланыстыруды ескере отырып мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының көрсеткіштерін анықтау, болжамдау бойынша тәсілдерді әзірлеу " тақырыбы бойынша зерттеу өткізуге қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы

___ Шарт жобасы


Астана қ. «____» ________ 2012 жыл

Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (бұдан әрі - Қоғам), 2007 жылғы 21 тамыздағы № 28179-1901-АҚ мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын, 2012 жылғы 29 наурыздағы № 001 Сенімхат негізінде әрекет ететін Вице-президент Қасқабасов Серік Сейітұлы бір тараптан және _________ ________ шасынан сериясы ___ № ________ мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі № ________, бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын, ________ негізінде әрекет ететін ______ А.Ж.Т. екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп Тараптар аталатындар «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-III Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен және «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 10 хаттамасымен бекітілген мемлекеттік сатып алуды конкурс әдісімен жүзеге асыру ережелеріне және 2012 жылғы «___»_______№_______ нәтижелер хаттамасына сәйкес осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:



1. Шарттың нысанасы

1.1. Тапсырыс беруші тапсырады, ал Өнім беруші осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын 1-қосымшада (Техникалық ерекшелік) айтылған мерзімде және шарттарда " Каскадтау және бюджеттік бағдарламалармен байланыстыруды ескере отырып мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының көрсеткіштерін анықтау, болжамдау бойынша тәсілдерді әзірлеу " тақырыбы бойынша зерттеу өткізуге қызметтерді көрсету (бұдан әрі Қызметтер) жөнінде өзіне міндеттемелер алады.

1.2. Тапсырыс беруші Өнім беруші көрсеткен Қызметтерді қабылдайды және оларға осы Шарттың 2.2.-тармағында белгіленген тәртіппен Өнім берушінің есеп шотына аудару жолымен ақы төлейді. Аталған Қызмет консалтинг қызметі болып табылады.


2. Қызметтің құны мен ақы төлеу тәртібі

2.1. Шарттың бағасы _____________ (сомасы жазбаша) теңгені құрайды және Қызметті көрсетуге байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды қамтиды.

2.2. Аванстық төлем ескерілмеген.Төлем кезең кезеңімен, Өнім берушінің Қызметтерді көрсету фактісі бойынша, Қоғамның Оқу кеңесімен мақұлдағаннан кейін және Тараптардың осы Шартқа 2 қосымшаға сәйкес үлгі бойынша жасалған Қызметтерді тапсыру-қабылдау Актілеріне (бұдан әрі - Қызметтерді тапсыру-қабылдау Актісі) қол қойып, тиісті шот-фактураны алғаннан кейін 20 (жиырма) банк күнінен кешіктірмей Өнім берушінің есеп шотына клесі тәртіппен аудару арқылы төлем жасайды:

1-кезең - Шарттың жалпы сомасынан 50%;

2 -кезең - Шарттың жалпы сомасынан 20%;

3 –кезең - Шарттың жалпы сомасынан 30%;

2.3. 1 және 2-кезеңдер бойынша түпкілікті есеп айырысуға қажетті құжаттар:

1) қол қойылған шарт;

2) көрсетілген қызметтерді қабылдау-тапсыру актісі;

3) есеп-шот.

2.4. 3-кезең бойынша түпкілікті есеп айырысуға қажетті құжаттар:

1) қол қойылған шарт;


2) көрсетілген қызметтерді қабылдау-тапсыру актісі;

3) есеп-шот;

4) жергілікті қамту үлесі бойынша толтырылған есептілік кестесі.


3. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету

3.1 Шартқа қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге міндетті.

Өнім беруші Шарт бағасының 3 (үш) пайызы мөлшерінде есептелетін мемлекеттік сатып алу туралы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін келесі түрлерінің бірін таңдай алады:

1) кепілді ақша салымы;

2) банк кепілі.

3.2. Тапсырыс беруші енгізілген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді Өнім беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Өнім берушіге қайтарады.

3.3. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарты өнім берушінің тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, шарт бойынша міндеттемелерін орындамаумен байланысты бұзылған жағдайда шарттың орындалуын қайтармайды .


4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

4.1. Өнім беруші:

- осы Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерді толық және тиісінше орындауды қамтамасыз етуге;

- Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған қазақстандық қамту шарттарының сәйкес орындалуын қамтамасыз етуге;

- Тапсырыс беруші анықтаған ескертулерді 10 жұмыс күнінің ішінде жоюға және түпкілікті материалдарды ұсынуға;

- Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз осы Шарттың орындалуына қажетті тартылған персоналды есепке алмағанда Шарт мазмұнын немесе оның қандай да болмасын ережелерінің мазмұнын басқа біреуге ашпауға;

- жоғарыда аталған персоналға осы ақпаратты құпия түрінде және Шарт міндеттерін орындауға қажетті көлемде ғана ұсынуға;

- Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз жоғарыда аталған қандай да бір құжаттар мен ақпаратты Шартты іске асыру мақсаттарынан басқа жағдайларда пайдаланбауға;


- осы Шарт шеңберінде көрсетілетін Қызметтер техникалық ерекшелікте көрсетілген стандарттарға сай немесе олардан да жоғары болуы тиіс;

- осы Шарттың күшіне енген күнінен бастап Қызметтерді техникалық ерекшелікке сәйкес мерзімдерде көрсету;

- Техникалық ерекшеліктің талаптарын ескере отырып атқарылған жұмыс туралы есептілер мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындауға және Қоғамға: электронды (электрондық почта арқылы немесе дискіде) және Қазақстан Республикасының аумағында қағаз тасығыш түрінде мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 данада ұсынуға, 14 шрифтімен «Times New Roman», «KZ Times New Roman» ұсынылуы тиіс. Баяндаманың мәтіні мұқият тексерілген және редакцияланған болуы тиіс, қысқартулар мен шартты белгілер олардың алғашқы ескертілуі кезінде олардың ұғымдарымен қолданған жөн. Беттің параметрлері: жоғарғысы 2,5 см, төменгісі 2,5 см, сол жағы 2,5 см, оң жағы 1,5 см. Жол аралық интервалы біреу;

- Тапсырыс берушінің алғашқы талабы бойынша Шартқа қатысты міндеттердің орындалу барысы туралы ақпарат ұсыну;

- Тапсырыс берушінің тексеруі бойынша Қызметтердің сапасыз көрсетілуі нәтижесінде пайда болатын барлық кемшіліктерді жедел және өз есебі арқылы жою. Қайта толықтыру жағдайында Тапсырыс беруші осы Шартттың 6.1-тармағымен сәйкес Тапсырыс берушінің ресми ескертулерді жіберген күннен бастап Шарт сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын ұстап қалады

- Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде көрсетілетін қызметтерді тапсыру-қабылдау Актілерін және басқа да қажетті құжаттарды уақытылы ұсыну;

- Тапсырыс берушінің алдын ала жасалған жазбаша келісімінсіз көрсетілген Қызметтер нәтижесінде алынған материалдар мен құжаттарды пайдаланбауға міндетті.

4.2. Осы Шарт бойынша көрсетілген Қызмет нәтижелері орындалу кезінде оларды Өнім беруші Тапсырыс берушіге тапсырғаннан кейін, қорғалуы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, соңғысының толық және ерекше меншігі болып табылады, сонымен қатар Өнім беруші көрсетілген Қызметтер нәтижелерін оларды Тапсырыс берушіге тапсырғаннан кейін пайдаланбауға міндеттенеді.


4.3. Тапсырыс беруші:

- Өнім берушінің Шарт бойынша жеткізілетін Қызметін Шарт талаптарымен сәйкес қабылдауға және ақы төлеуге міндетті;

- осы Шарттың 6.2., 7.1., 7.2.-тармақтарымен ескерілген жағдайларда Шарт Бағасынан тұрақсыздық айыбын ұстап қалуға.

4.4. Өнім беруші осы Шарттың 2.2-тармағына сәйкес ақы төлеуді талап етуге құқылы.

4.5. Тапсырыс беруші:


  • - көрсетілген Қызметтің сапасын тексеруге;

  • - Өнім беруші Қызметтерді көрсету кезінде келтірген зиянның орнын өтеуді талап етуге;

  • - егер Өнім беруші Қызметтерді Шартта белгіленген мерзімде көрсетпесе немесе сапасыз Қызметтер көрсеткен жағдайда, Шарттың өзге де талаптарын бұзса біржақты тәртіппен Шартты бұзуға құқылы.


5. Сәйкестікке тексеру

5.1. Тапсырыс беруші көрсетілетін Қызметтердің Техникалық

ерекшелікке сәйкестігін тексеруі мүмкін. Бұл тексерудің барлық шығыстарын Өнім беруші көтереді. Тапсырыс беруші Өнім берушіні тексеру үшін өзінің уәкілетті өкілдері туралы жазбаша түрде және уақтылы хабардар етуі тиіс.

5.2 Тапсырыс беруші көрсетілген қызметтерде кемшіліктерді анықтаған уақытта немесе Тапсырыс берушіден жойылуы тиіс ескертулерді алған уақытта, өнім берушіге кемшіліктері, сонымен қатар кемшіліктерді жою мерзімі көрсетілген есепті қайта қарауға жібереді. Мерзімі көрсетілмеген жағдайда, Өнім беруші барлық кемшіліктерді жойып, Қызметтер нәтижелерінің түзетілген нұсқасын құжаттаманы алған күннен бастап Тапсырыс берушімен өзге мерзім көрсетілмесе 10 (он) жұмыс күнінің ішінде тапсыруы қажет.


6. Құқықтарды тапсыру

6.1. Өнім берушінің осы Шарт бойынша өзіне алынған міндеттемелерді Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз басқа біреуге толығымен немесе жартылай тапсыруға құқығы жоқ.

6.2. Өнім берушінің 6.1.-тармағын бұзған жағдайда Тапсырыс беруші Шарт шеңберінде өзінің басқа құқықтарын бұзбай Шарт бағасынан 5 % сомасында шарт бағасынан тұрақсыздық айыбын шегереді.



7. Тараптардың жауапкершілігі

7.1. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Өнім беруші Қызметтерді Шартта көзделген мерзімде көрсете алмайтын болса, Тапсырыс беруші Шарт щеңберінде өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен мерзім өткен әрбір күн үшін Шарт бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды. Тұрақсыздық айыбының ең жоғарғы сомасы Шарт бағасының 5 %-нан аспауы тиіс.

7.2. Өнім беруші осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала келісімінсіз үшінші тұлғаларға тапсырған уақытта тұрақсыздық айыбы ретінде Шарт құнынан 5 %-ға тең соманы төлеуі тиіс.

7.3. Егер Өнім беруші Қызметті көрсетпесе, сапасыз Қызмет көрсетсе немесе осы Шарттың басқа да ережелерін бұзған жағдайда тапсырыс беруші осы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы. Осы жағдайда Өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шарттың шеңберіндегі барлық шығындарды толық өтеуі тиіс.

7.4. Шарт бойынша соманы төлеуді кідірткен жағдайда, Тапсырыс беруші нақты ақы төлеу сәтіне дейін кешіктірілген әрбір күн үшін төленбеген соманың 0,1 %-на балама соманы тұрақсыздық айыбы ретінде төлейді. Тұрақсыздық айыбының ең жоғары сомасы Шарт бағасының 5 %-нан аспауы тиіс.

7.5. Тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.


8. Шартқа өзгерістер енгізу

8.1. Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында жасалған шартқа өзгерістер енгізуге:

1) қызметтерге берiлетiн бағаны және тиiсiнше Шарттың сомасын азайту бөлiгiнде тараптардың өзара келiсуi бойынша;

2) сатып алынатын қызметтер көлеміндегі қажеттіліктің азаюына немесе артуына байланысты шарттың сомасын азайту не арттыру бөлігінде осы Шартта көрсетілген қызметтің бірлігі үшін бағаның өзгермейтіндігі жағдайында жол беріледі. Осы Шарттың аталған өзгеруге осы қызметтерді сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген соманың шегінде жол беріледі.



9. Форс-мажор

9.1. Тараптар, егер форс-мажор жағдайларының нәтижесі болса, Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапты болмайды.

9.2. Осы бөлімнің мақсаты үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына бағынбайтын және күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин және эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.

9.3. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмайтын Тарап басқа Тарапқа мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберуге тиіс.


10. Шартты бұзу

10.1. Қандай да бір басқа шараларға зиян келтірмей, Шарт ережелері бұзылған жағдайда Тапсырыс беруші осы Шартты бұза алады немесе Өнім берушіге төмендегі жағдайлардың бірі болған жағдайда міндеттердің орындалмауы туралы жазбаша хабарлама жібереді:

1) сапасыз қызмет көрсетілсе;

2) Шартта көрсетілген Қызметті көрсетпесе;

3) Шарт бойынша өзінің қандай да бір міндеттерін орындамаған жағдайда.

10.2. Тапсырыс беруші Шартты кез келген уақытта бұза алады:

- Өнім берушіге оның банкротқа түсіп немесе төлей алу мүмкіндігінен айырылған жағдайда сәйкес жазбаша хабарлама жіберіп. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу іс-әрекеттерін жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын санкцияларды қолдануға залал тигізбесе немесе қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.

- оның ары қарайғы орындалуының қажетсіздігі жағдайында Өнім берушіге сәйкес жазбаша хабарлама жіберу арқылы. Хабарламада Шартты бұзу себебі көрсетіліп, жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі талқыланып, сонымен қатар Шарттың бұзылу күні көрсетіліп кетуі тиіс.

10.3. Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы анықталған және мемлекеттік бюджет көрсеткіштерінің өзгеруі, бюджеттік қаражат шығындарының, бюджеттік параметрлердің, стратегиялық бағыттардың, мақсатары мен міндеттерінің қысқаруы, сондай-ақ ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген жәрдем көрсеткен жағдайда Шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін. Өнім берушіге мұндай негіздеме бойынша Шарттың бұзылуымен байланысты болған шығындар өтемін талап ету құқығына ие емес.


10.4. Шарт осындай жағдайлардан жойылған кезде Өнім беруші бұзылған күнгі жүргізілген нақты шығындарға ғана ақы төлеуді талап етуге құқылы.

10.5. Осы Шартты бұзу Тараптар арасында өзара есептесу жүргізілгеннен кейін ғана мүмкін.


11. Хабарлама

11.1. Егер Шартты орындау кезеңінде Өнім беруші кез келген сәтте Қызметтерді уақытында көрсетуге кедергі келтіретін жағдайларға тап болса, Өнім беруші Тапсырыс берушіге тез арада кешігу фактісі, оның шамамен ұзақтығы және себебі (тері) туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Өнім берушіден хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші жағдайды бағалауға тиіс және өзінің қалауы бойынша Өнім берушінің Шартты орындау мерзімін ұзарта алады; бұл жағдайда мұндай ұзартулар Шарттың мәтініне түзетулер енгізу жолымен қол қойылуы тиіс.

11.2. Бір тарап екінші тарапқа жіберетін барлық хабарламаны Шартқа сәйкес оны алғаны туралы хабарлай отырып хатпен немесе тапсырыс хатпен, кейіннен хабарламаның түпнұсқасын жібере отырып телефонограммамен немесе жеделхатпен, сондай-ақ тіркелген хабарламаны қамтамасыз ететін өзге де байланыс түрлерін қолдана отырып жіберуге болады.

11.3. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді, ол бұл күндердің қайсысы кеш келетініне байланысты.


12. Шарттың қолдану мерзімі

12.1. Осы Шарт Тараптардың қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және Тараптар 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.


13. Қорытынды ережелер

13.1. Осы Шартқа кез-келген өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша нысанда жасалса және екі Тараптың осыған уәкілетті өкілдері қол қойған және мөрлері басылған жағдайда ғана жарамды.

13.2. Осы Шарт бойынша Тараптардың бірі міндеттерін беруіне басқа Тараптың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

13.3. Шартпен реттелмеген бөлікте Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.


13.4. Өнім берушінің атына осы Шартты орындау барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны туралы осы Шарттын тарабына жатпайтын кез келген тұлға тарапынан талап арызы түскен жағдайда, Өнім беруші 7 күнтізбелік күн ішінде бұл туралы тапсырыс берушіге жазбаша түрде хабарлауы тиіс.

13.5. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша немесе оған байланысты араларында туындаған барлық келіспеушіліктер мен дауларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешу үшін барлық күш жігерін жұмсауы тиіс.

13.6. Осы Шарттың талаптарын орындау үдерісінде туындайтын Тараптардың даулары мен келіспеушіліктер келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі. Келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде өзара келісімге қол жеткізбеген жағдайда, Тараптардың даулары мен келіспеушіліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, осы Шарттың жасалған мен орындалып жатқан орны, нақты айтсақ, Астана қаласы бойынша шешіледі.

13.7. Тараптардың бірі қайта ұйымдастырылған жағдайда Шарт өзінің заңды күшін жоймайды және Тараптардың құқық иеленушілері үшін нақты күші болады.

13.8. Қызмет көрсетуші банктің заңды мекен-жайы немесе банктік деректемелері өзгерген жағдайда, Тараптар осындай өзгеріс болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы бір-біріне дереу хабарлауға міндетті.

13.9. Осы Шарт екі дана етіп Тараптардың әр қайсысы үшін бір-бір данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде заңды күші бірдей екі дана жасалды.


14. Тараптардың қолдары мен деректемелері

Тапсырыс беруші:

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ

Астана қ., Сол жағалау Шұбар ш-ауд.,

Темірқазық к., 65,

б/тел: 8 (7172) 701 780, 701-814

Факс 8 (7172) 701-835

СТН 600200072264

БСК KZKOKZKX

ЖСК KZ589261501103684000

БСН 070240000158

КБе 17

«Казкоммерцбанк» АҚ


Вице-президент


_____________________С. Қаскабасов

м.о.

2012 жылғы «____»__________


Өнім беруші:

Мекен жайы:

жұм/тел:

СТН

БСК

ЖСК

БСН

КБе

______________________ А.Ж.Т.

2012 жылғы «__»_________


Проект Договора № ___

о государственных закупках услуг на проведение исследования по теме: "Выработка подходов по определению, прогнозированию показателей документов системы государственного планирования, с учетом их каскадирования и увязки с бюджетными программами"


г. Астана «____» ________ 2012 года

АО «Институт экономических исследований» (далее - Общество), свидетельство о государственной регистрации от 21 августа 2007 года № 28179-1901-АО, именуемое в дальнейшем «Заказчик», в лице Вице-президента Каскабасова Серика Сеитовича, действующего на основании Доверенности № 001 от 29.03.2012 года, одной стороны, и _______________, свидетельство о государственной регистрации от ___________ года серия ___ № ___________,регистрационный № ________________, именуемое в дальнейшем «Поставщик», в лице ___________ Ф.И.О, действующего на основании ___________, с другой стороны, далее совместно именуемые Сторонами, в соответствии c Законом Республики Казахстан от 21 июля 2007 года № 303-III «О государственных закупках» (далее - Закон), Правилами осуществления государственных закупок, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2007 года № 1301 и специальным порядком осуществления государственных закупок способом конкурса, утвержденным протоколом Совета директоров АО «Институт экономических исследований» от 25 сентября 2009 года № 10, а также протоколом итогов от «___»_______2012 года №___ заключили настоящий Договор о государственных закупках услуг (далее - Договор) и пришли к соглашению о нижеследующем.



1. Предмет Договора

1.1. Заказчик поручает, а Поставщик принимает на себя обязательства по предоставлению услуг на проведение исследования по теме: "Выработка подходов по определению, прогнозированию показателей документов системы государственного планирования, с учетом их каскадирования и увязки с бюджетными программами" (далее – Услуги), в сроки и на условиях, оговоренных в Приложении № 1 (Техническая спецификация), являющемся неотъемлемой частью настоящего Договора.

1.2. Заказчик принимает Услуги, поставленные Поставщиком, и оплачивает их в порядке и на условиях, определенных пунктом 2.2. настоящего Договора. Данная услуга является консалтинговой услугой.


2. Стоимость Услуг и порядок оплаты

2.1. Цена Договора составляет _____________ (сумма прописью) тенге и включает все расходы, связанные с оказанием Услуг, а также все налоги и сборы, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

2.2. Авансовый платеж не предусмотрен. Оплата будет производиться поэтапно, по факту оказания Услуг Поставщиком после одобрения Ученым советом Общества и подписания Сторонами Акта приема-передачи оказанных услуг, составленных по формам согласно Приложению № 2 к настоящему Договору (далее - Акт приема-передачи Услуг), получения соответствующего счета – фактуры, путем перечисления на расчетный счет Поставщика, не позднее 20 (двадцати) банковских дней в следующем порядке:

1 этап - 50% от общей суммы Договора;

2 этап - 20% от общей суммы Договора;

3 этап - 30% от общей суммы Договора.

2.3. Необходимые документы, предшествующие расчетам по 1 и 2 этапам:

1) подписанный Договор;

2) акт приема – передачи оказанных Услуг;

3) счет-фактура.

2.4. Необходимые документы, предшествующие расчету по 3 этапу:

1) подписанный Договор;

2) акт приема – передачи оказанных Услуг;


3) счет-фактура;

4) заполненная таблица отчетности по доле местного содержания.


3. Обеспечение исполнения Договора

3.1. В течение 10 (десяти) рабочих дней со дня заключения Договора, Поставщик обязан внести обеспечение исполнения Договора.

Поставщик вправе выбрать один из следующих видов обеспечения исполнения договора о государственных закупках, исчисляемый в размере 3 (три) процентов от цены Договора:

1) гарантийный денежный взнос;

2) банковская гарантия.

3.2. Заказчик возвращает внесенное обеспечение исполнения Договора Поставщику в течение 5 (пяти) рабочих дней с момента полного и надлежащего выполнения Поставщиком своих обязательств по Договору.

3.3. Заказчик не возвращает обеспечение исполнения договора, если договор о государственных закупках расторгнут в связи с невыполнением поставщиком товаров, работ, услуг договорных обязательств.


4. Права и обязанности Сторон

4.1. Поставщик обязуется:

- обеспечить полное и надлежащее исполнение взятых на себя обязательств по настоящему Договору;

- обеспечить надлежащее исполнение условий местного содержания, предусмотренных законодательством Республики Казахстан;

- устранить выявленные Заказчиком замечания в течение 10 рабочих дней и представить окончательные материалы;

- не раскрывать без предварительного письменного согласия Заказчика содержание Договора или какого-либо из его положений, за исключением того персонала, который привлечен Поставщиком для выполнения настоящего Договора;

- предоставлять указанную информацию этому персоналу конфиденциально и в той мере, насколько это необходимо для выполнения Договорных обязательств;

- без предварительного письменного согласия Заказчика не использовать какие-либо вышеперечисленные документы и информацию, кроме как в целях реализации Договора;

- оказываемые Услуги в рамках данного Договора, должны соответствовать или быть выше стандартов, указанных в технической спецификации;

- оказать Услуги в сроки согласно технической спецификации, со дня вступления в силу настоящего Договора;

- подготовить и представить отчеты о проделанной работе на государственном и русском языках в Общество с учетом требований Технической спецификации: на электронном (посредством электронной почты или на диске) и в бумажном виде на территории Республики Казахстан в 2 экземплярах на государственном и русском языках, должен быть набран 14 шрифтом «Times New Roman», «KZ Times New Roman». Текст отчета должен быть тщательно выверен и отредактирован, сокращения и условные обозначения следует применять с их определением при первом упоминании. Параметры страницы: верхнее – 2,5 см, нижнее – 2,5 см, левое – 2,5 см, правое – 1,5 см. Междустрочный интервал – одинарный;

- по первому требованию Заказчика предоставлять информацию о ходе исполнения обязательств по Договору;

- оперативно и за свой счет устранять все недостатки, возникающие в результате некачественного оказания Услуг по итогам проверки Заказчика. В случае повторной доработки Заказчик вычитает из Цены Договора в виде неустойки сумму в 0,1% от Цены Договора, в соответствии с п. 7.1. настоящего Договора, за каждый день доработки со дня направления официальных замечаний Заказчика;

- своевременно предоставлять Заказчику Акты приема-передачи Услуг и другие необходимые документы в рамках настоящего Договора;

- не использовать без предварительного письменного согласия Заказчика материалы и документы, полученные в результате оказанных Услуг.

4.2. Результаты оказания Услуг по настоящему Договору, в течение периода их выполнения и после сдачи их Поставщиком Заказчику, являются полной и исключительной собственностью последнего, защита которой осуществляется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан, при этом, Поставщик обязуется не использовать результаты оказанных Услуг после сдачи их Заказчику.


4.3. Заказчик обязуется:

- в соответствии с условиями Договора принять и оплатить Услугу, поставляемую Поставщиком по Договору;

- взыскать неустойку от Цены Договора в случаях, предсусмотренных пунктами 6.2, 7.1., 7.2. настоящего Договора.

4.4. Поставщик имеет право требовать оплату в соответствии с пунктом 2.2. настоящего Договора.

4.5. Заказчик имеет право:


  • проверять качество оказываемой Услуги;

  • требовать возмещения ущерба, нанесенного Поставщиком при поставке Услуги;

  • расторгнуть в одностороннем порядке Договор в случае, если Поставщик оказал некачественные Услуги, нарушил иные условия Договора.


5. Проверка на соответствие

5.1. Заказчик может проверить оказываемые Услуги на их соответствие Технической спецификации. Все расходы на эти проверки несет Поставщик. Заказчик должен в письменном виде своевременно уведомить Поставщика о своих представителях, уполномоченных для проверки.

5.2 Заказчик при обнаружении недостатков в оказанных услугах, либо получения замечаний для устранения от Заказчика, направляет Поставщику на доработку отчет с указанием недостатков, а также сроков устранения недостатков. В случае если сроки устранения не указаны, то Поставщик должен устранить все недостатки и исправленный вариант результатов Услуг передать Заказчику в срок не позднее 10 (десять) рабочих дней с момента получения для исправления документации, если иной срок не указан Заказчиком.


6. Передача прав

6.1. Поставщик ни полностью, ни частично не должен передавать кому-либо свои обязательства по настоящему Договору без предварительного письменного согласия Заказчика.

6.2. В случае нарушения Поставщиком п. 6.1., Заказчик без ущерба другим своим правам в рамках Договора вычитает из Цены Договора в виде неустойки сумму в размере 5 % от Цены Договора

7. Ответственность сторон


7.1. За исключением форс-мажорных условий, если Поставщик не может оказать Услугу в сроки, предусмотренные Договором, Заказчик без ущерба другим своим правам в рамках Договора вычитает из Цены Договора в виде неустойки сумму в 0,1 % от Цены Договора за каждый день просрочки. Максимальная сумма выплаты неустойки не должна превышать 5 % от Цены Договора.

7.2. В случае передачи Поставщиком своих обязательств по настоящему Договору без предварительного письменного согласия Заказчика третьим лицам Поставщик обязан выплатить в качестве неустойки сумму, эквивалентную 5 % от Цены Договора.

7.3. В случае, если Поставщик не оказал Услугу, оказал некачественную Услугу или нарушил иные условия настоящего Договора Заказчик вправе в одностороннем порядке расторгнуть настоящий Договор. В этом случае Поставщик обязан полностью возместить Заказчику понесенные в рамках настоящего Договора расходы.

7.4. В случае задержки выплаты сумм по Договору, Заказчик выплатит в качестве неустойки сумму, эквивалентную 0,1 % от неуплаченной суммы, за каждый день задержки до момента фактической оплаты. Максимальная сумма выплаты неустойки не должна превышать 5 % от несвоевременно оплаченной суммы.

7.5. Выплата неустойки не освобождает Стороны от выполнения своих обязательств по Договору.


8. Внесение изменений в Договор

8.1. Внесение изменений в настоящий Договор при условии неизменности качества и других условий, явившихся основой для выбора Поставщика, допускается:
1) по взаимному согласию Сторон в части уменьшения цены на услуги и соответственно суммы Договора;

 2) в части уменьшения либо увеличения суммы Договора, связанной с уменьшением либо увеличением потребности в объеме приобретаемых услуг, при условии неизменности цены за единицу услуги, указанного в настоящем Договоре. Такое изменение настоящего Договора допускается в пределах сумм, предусмотренных в годовом плане государственных закупок для приобретения данных услуг.

  


9. Форс-мажор

9.1. Стороны не несут ответственность за выплату неустоек или расторжение Договора в силу не выполнения его условий Договора, если это явилось результатом форс-мажорных обстоятельств.

9.2. Для целей настоящего пункта «форс-мажор» означает событие, неподвластное контролю Сторон, и имеющее непредвиденный характер. Такие обстоятельства могут включать, но не ограничиваться такими событиями как: военные действия, природные или стихийные бедствия, эпидемия, карантин и другие.

9.3. При возникновении форс-мажорных обстоятельств заинтересованная Сторона должна направить другой Стороне письменное уведомление о таких обстоятельствах и их причинах.


10. Расторжение Договора

10.1. Без ущерба, каким – либо другим санкциям за нарушение условий Договора Заказчик может расторгнуть настоящий Договор или частично, направив Поставщику письменное уведомление о невыполнении обязательств, если Поставщик:

1) оказал некачественную Услугу;

2) не оказал Услугу, предусмотренную договором;

3) не может выполнить какие-либо другие свои обязательства по Договору.

10.2. Заказчик может в любое время расторгнуть Договор:

- направив Поставщику соответствующее письменное уведомление, если Поставщик становится банкротом или неплатежеспособным. В этом случае расторжение немедленно, и Заказчик не несет никакой финансовой ответственности по отношению к Поставщику при условии, если расторжение Договора не наносит ущерба или не затрагивает каких-либо прав на совершение действий или применений или применение санкций, которые были или будут впоследствии предъявлены Заказчику.

- в силу нецелесообразности его дальнейшего выполнения, направив Поставщику соответствующее письменное уведомление. В уведомление должна быть указана причина расторжения Договора, оговорен объем аннулированных договорных обязательств, а также дата вступления в силу расторжения Договора.


10.3. Договор расторгается на любом этапе в случае выявления нарушения ограничений, предусмотренных статьей 6 Закона, а также оказания организатором государственных закупок содействия Поставщику, не предусмотренного Законом. Поставщик не имеет права требовать оплату за те затраты, связанные с расторжением Договора по данным основаниям.

10.4. В случае аннулирования Договора по таким обстоятельствам, Поставщик имеет право требовать оплату только за фактические затраты, произведенные на день расторжения.

10.5. Расторжение настоящего Договора возможно только после проведения взаиморасчетов между Сторонами.


11. Уведомление

11.1. Если в период выполнения Договора Поставщик в любой момент столкнется с условиями, мешающими своевременному предоставлению Услуг, поставщик должен незамедлительно направить Заказчику письменное уведомление о факте задержки, ее предположительной длительности и причине (ах). После получения уведомления от Поставщика Заказчик должен оценить ситуацию и может, по своему усмотрению, продлить срок выполнения Договора Поставщиком; в этом случае такое продление должно быть подписано Сторонами путем внесения поправки в текст Договора.

11.2. Любое уведомление, которое одна Сторона направляет другой Стороне в соответствии с Договором, может высылаться письмом или заказным письмом с уведомлением о его вручении, телефонограммой или телеграммой с последующим направлением оригинала уведомления по почте, а также с использованием иных средств связи, обеспечивающих фиксирование уведомления.

11.3. Уведомление вступает в силу после доставки или в указанный день вступления в силу (если указано в уведомлении), в зависимости от того, какая из этих дат наступит позднее.


12. Срок действия

12.1. Настоящий Договор вступает в силу со дня его подписания обеими Сторонами и действует до полного исполнения Сторонами своих обязательств по нему по 31 декабря 2012 года.



13. Заключительные положения

13.1. Любые изменения и дополнения к настоящему Договору действительны лишь при условии, если они совершены в письменной форме и подписаны уполномоченными на то представителями и скреплены печатями обеих Сторон.

13.2. Передача обязанностей одной из Сторон по настоящему Договору допускается только с письменного согласия другой Стороны.

13.3. В части, неурегулированной Договором, Стороны руководствуются действующим законодательством Республики Казахстан.

13.4. В случае подачи в суд искового заявления любым лицом, не являющимся стороной настоящего Договора, в адрес Поставщика о нарушении законодательства о государственных закупках в процессе исполнения настоящего Договора, Поставщик обязан в течение 7 календарных дней письменно уведомить об этом Заказчика.

13.5. Заказчик и Поставщик должны прилагать все усилия к тому, чтобы разрешать в процессе прямых переговоров все разногласия или споры, возникающие между ними по Договору или в связи с ним.

13.6. Все споры и разногласия Сторон, возникающие в процессе выполнения условий настоящего Договора, могут решаться путем переговоров. При не достижении взаимного согласия в течение 21 (двадцати одного) дня после начала переговоров, споры и разногласия Сторон разрешаются в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, по месту заключения и исполнения настоящего договора, а именно в г. Астана.

13.7. В случае реорганизации одной из Сторон, Договор не теряет своей юридической силы и имеет действительную силу для правопреемников Сторон.

13.8. В случае изменения юридического адреса или банковских реквизитов обслуживающего банка, Стороны обязаны уведомить об этом друг друга в течение трех рабочих дней с даты, такого изменения.

13.9. Настоящий Договор составлен в двух экземплярах на государственном и русском языках, имеющих одинаковую юридическую силу, по одному экземпляру каждой из Сторон.



14. Реквизиты и подписи Сторон

Заказчик:

АО «Институт экономических исследований»

Адрес: г. Астана, Левый берег,

м-н Чубары, ул. Темирказык, 65

р./тел.: 8 (7172) 701-780, 701-814

Факс 8 (7172) 701-835

РНН 600200072264

БИК KZKOKZKX

ИИК KZ589261501103684000

БИН 070240000158

КБе 17

АО «Казкоммерцбанк»


Вице-президент


__________________С. Каскабасов

м.п.

«____» ___________ 2012 года


Поставщик:

Адрес:

р./тел:

РНН _

БИК

ИИК

БИН

КБе

_______________ Ф.И.О.

м.п.

«___» ___________ 2012 года.




2012 жылғы «__»__________

қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы

№______ шартқа 1-қосымша


"Каскадтау және бюджеттік бағдарламалармен байланысын ескере отырып мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының көрсеткіштерін анықтау, болжамдау бойынша тәсілдерді әзірлеу"

тақырыбы бойынша зерттеу өткізуге техникалық ерекшелік


1. Жалпы талаптар


1. Осы техникалық ерекшелік экономика саласындағы мемлекеттік сатып алу туралы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және сатып алу үшін қызметтердің жарамдылығын анықтаудың техникалық критерийлерін қамтиды.

2. Тапсырыс беруші Өнім берушінің көрсеткен қызметтерінің сапасы мен жеделдігі осы Техникалық ерекшелікке сәйкес келмеген жағдайда шартты бір жақты тәртіппен бұза алады. Бұл ретте Тапсырыс берушінің Өнім берушіден келесі кезеңнің міндеттерін түзету мүмкіндігімен жұмыстарды орындау кезеңдерінде нақты нәтижелерді талап етуге құқығы бар.

Зерттеуді өткізудің өзектілігі


Қазақстан үшін нәтижеге бағдарланған бюджеттеуді (НББ) дамытумен байланысты мәселелердің өзектілігі Қазақстан Республикасында бюджеттік және стратегиялық жоспарлауды реформалаудың басты элементтерінің бірі болып табылады.

Бюджетті жоспарлау шығындарды жекелеудің жоғары деңгейімен ерекшеленеді, ал бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаражатты шығындау дұрыстығын сақтауға ғана жауапты болады. НББ өз кезегінде бюджеттік ресурстарды бөлу ең алдымен Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 жарлығына сәйкес стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көрініс тапқан мемлекеттік органдар қызметінің мақсаттарына қол жеткізуді ескеруі тиіс.

Талдау бойынша, мемлекеттік жоспарлау жүйесінде көп жағдайда бір-бірімен өзара байланыспаған құжаттар мен көрсеткіштер санының көп екенін, бір қатар көрсеткіштердің төмен тұрған деңгейлерге декомпозицияланбайтынын көрсетті.

Сонымен қатар жалпы ел үшін басты ұлттық көрсеткіштерді және әр мемлекеттік орган үшін тиімділіктің басты көрсеткіштерін әзірлеу қажеттілігі пайда болды, олар басқарушылық шешімдерді қабылдау кезінде ақпараттық негізді қалыптастыра отырып «лакмус» қағазы ретінде пайдаланаты еді.

МЖЖ құжаттары көрсеткіштерін бөлінетін бюджеттік қаражатпен (бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерімен) байланыстыру мәселесі өзекті болып отыр. Осымен байланысты, тиісті әдістемені әзірлеу қажеттілігі пайда болды.

Соңғы жылдары бюджеттік реформа шеңберінде НББ дамытуға бағытталған бюджеттік үдерістің бір қатар маңызды құралдары әзірленіп, қазақстандық тәжірибеге енгізілген болатын, мысалы:

- мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында стратегиялық мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар көрсетіле бастады;

- аумақтарды дамыту бағдарламаларында, мемлекеттік бағдарламаларда, салалық бағдарламаларда қажетті қаржы ресурстары көрсетіледі, оның ішінде республикалық бюджеттен, жергілікті бюджеттен және өзге қаражат көзінен.


Бюджеттік бағдарламаларда бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштері пайда болды – тікелей және соңғы нәтижелер, сапа және тиімділік көрсеткіштері.

Бұл ретте МЖЖ құжаттарының жеке стратегиялық мақсаттарын, нысаналы индикаторларын, міндеттердің нәтижелер көрсеткіштерін бөлінетін қаражатпен нақты байланыстыру мүмкін болмай отыр. Бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштері мақсаттармен, индикаторлармен және көрсеткіштермен өзара байланысты көп жағдайда көрсете бермейді.

Сонымен қатар, ҚР-да НББ тетіктерін енгізуде әкімшілік, кадрлық және бюджеттік ресурстардық үлкен көлеміне қарамастан, оларды пайдаланудан түсетін пайда өз сенімін әзірге ақтай қойған жоқ.

ЭЫДҰ мүше-елдеріндегі бюджеттеу тәжірибелеріне жасалған шолу бойынша, ЭЫДҰ-на кіретін елдердің үштен екі бөлігінің астамы мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты өз бюджеттік құжаттарына енгізген болатын. Кейбір елдер одан әрі барып, өз бюджеттік сыныптамасын түрлендіріп, қызмет нәтижелері туралы ақпараттың енгізілуін қамтамасыз етті.

НББ және МЖЖ өзара байланысын жүзеге асыру барлық мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кешенді реформасын ұсынады, бұл ретте аталған өзара байланыс қоғамдық маңызы бар нәтижелерге қол жеткізуге тиімді бағытталауы тиіс.


2. Зерттеудің мақсаты және міндеттері


Мақсаты – Каскадтау және бюджеттік бағдарламалармен байланысын ескере отырып мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының көрсеткіштерін анықтау, болжамдау әдіснамасын әзірлеу.

1-міндет. Мақсаттар ағашын пайдалана отырып елдің артықшылықтарын ескере отырып мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін анықтаудың әдіснамалық тәсілдерін әзірлеу.

Аталған міндетті іске асыру шеңберінде келесілерді орындау қажет:

1) Шетел елдеріндегі бағдарламалық құжаттардың мәндерін анықтау және есептеу бойынша қолданыстағы тәсілдерді талдау;

2) Шет елдерінің тәжірибесін ескере отырып көрсеткіштерді анықтаудың әдіснамалық негіздерін жасау бойынша ұсыныстарды әзірлеу;


3) МЖЖ құжаттарының көрсеткіштерін және көрсеткіштердің сандық мәндерін есептеу бойынша тәсілдерді анықтау параметрлерін айқындау.

2-міндет. Орталық мемлекеттік органдарға арналған тиімділіктің басты көрсеткіштерінің тізбесін қалыптастыру.

Әзірленген тәсілдер негізінде МЖЖ құжаттарының түрлі деңгейлерінде төмендегі ҚР орталық мемлекеттік органдары үшін тиімділіктің басты көрсеткіштерінің тізбесін анықтау:


  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

  2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

  4. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

  5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

  6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

  7. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

  8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

  9. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

  10. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

  11. Қазақстан Республикасының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс ісі агенттігі

  12. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі

  13. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

  14. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

  15. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі.

3-міндет. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды өзара байланыстыру тетігін әзірлеу.

Аталған міндетті іске асыру шеңберінде келесілерді орындау қажет:

- төмен тұрған деңгейлерге каскадтауды ескере отырып стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың көрсеткіштерін (нысаналы индикаторларын, міндеттерін, нәтижелер көрсеткіштерін) бюджеттік бағдарламалармен байланыстыруға қатысты тәсілдерді әзірлеу;


- бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерін МЖЖ құжаттары көрсеткіштерінің жүйесіне ықпалдастыру бойынша әдістемені әзірлеу.


  1. Жұмыстың құны және орындау мерзімі




р/с №

Жұмыстың атауы

Аяқталу нысаны

Орындалу мерзімі

Есептердің құны, %

1.

1-міндет. Мақсаттар ағашын пайдалана отырып елдің артықшылықтарын ескере отырып мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін анықтаудың әдіснамалық тәсілдерін әзірлеу.

Талдамалық

есеп

2012 жылдың 10 қыркүйегіне дейін

50%

2.

2-міндет. Орталық мемлекеттік органдарға арналған тиімділіктің басты көрсеткіштерінің тізбесін қалыптастыру.

Талдамалық

есеп

2012 жылдың 1 қазанына дейін


20%

3.

3-міндет. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды өзара байланыстыру тетігін әзірлеу.

Талдамалық

есеп

2012 жылдың 1 қарашасына дейін

30%



следующая страница >>