girniy.ru 1
7 тақырып Жұмыс күшінің халықаралық қозғалысы



7.1. Халықаралық жұмыс күші, миграциясының мәні мен себептері

7.2. Миграциялық процесті халықаралық реттеу


1. Халықаралық жұмыс күші, миграциясының мәні мен себептері

Жұмыс күшінің халықаралық қозғалысы (ЖКХҚ) - еңбекке қабілетті халықтың экономикалық сипаттағы себептерге байланысты туындаған, бір жылдан астам мерзімге жұмыс ізтеу мақсатында бір мемлекеттен екінші мемлекетке орын ауыстыруын білдіреді.

Экономикалық себептерден басқа, халықаралық еңбектік көші-қон процесі саяси, этникалық, мәдени, жанұялық және өзге сипаттағы себептерге байланысты болады.

Жұмыс күшінің орын ауыстыруы барысындағы анықтаушы себептерге отанындағыдан көп пайда табу ынтасы және өз біліктілігін дұрыс қолдануға деген ұмтылыс жатады. Осыған байланысты жұмыс күшінің халықаралық қозғалысын шетелдегі төленетін кәсіби іс-әрекет ретінде анықтауға болады.

Әрбір территорияға қатысты халықтың орын ауыстыруы эмиграциялық және имиграциялық ағымдардан қалыптасты.

Эмиграция - шетелге кету, имиграция - шетелден кету.

Басқаша айтқанда, жұмыс күшінің халықаралық қозғлысы жалдамалы еңбек тұлғалардың экспорты мен импортын білдіреді.

Эмиграция мен имиграцияның айырмашылығы миграциялық сальдоны құрайды.

Жұмыс күшінің орын ауыстыру себептері экономикалық және экономикалық емес сипаттағы факторлардың ықпал етуімен байланысты. Экономикалық емес факторлар: саяси-құқықтық, ұлттық, діни, расалық, жанұялық.

Соңғы онжылдықты көші-қон процесін дамуына экологиялық білім беру, мәдениеттік, психологиялық және этникалық факторлар күрделі ықпал етуді бастады.

Экономикалық факторларға жататындар:

-елдердің экономикалық дамуының түрлі деңгейлері;

-ұлттық еңбк нарығының жағдайы;

-экономиканың құрылымдылық қайта құрылуы;

-ғылыми-техникалық прогрестің дамуы;


-капиталды сыртқа шығару.

Қазіргі уақытта әлемдік тәжірибеде жұмыс күші қозғалысы формаларының келесі жіктемесі қалыптасты: (бағыттары бойынша):

-дамушы және постсоциалистік елдерден өнеркәсіптік дамыған елдерге көшу;

-неркәсіптік дамыған елдер шегінен көшу;

- дамушы елдер арасында жұмыс күшінің қозғалысы;

-жоғары білікті жұмыс күшінің өнеркәсіптік дамыған елдерден дамушы елдерге көшуі.

Территориялық қамту бойынша:

-контингентаралық;

-контингент ішіндегі.

Мигранттардың біліктілік деңгейі бойынша:

-біліктілігі жоғары жұмыс күші;

-біліктілігі төмен жұмыс күші.

Уақыт бойынша:

-қайтарымсыз (тәртіп бойынша, континетаралық);

- уақыттық (тәртіп бойынша, контингент ішіндегі)

-маусымдық (табыс табуға жылсайынғы бару);

-маятниктік (өз елінің шекарасынан тыс жұмыс орнына күнделікті барып тұру).

Заңдылық дәрежесі бойынша:

-легалды;

-легалды емес.

Басқа елдерден мигранттарды тартудың негізгі орталықтарына келесі елдер мен аймақтар жатады: АҚШ, Канада, Австралия; Батыс Еуропа, Таяу және Орта Шығыстың мұнай өндіруші елдері, Азия-Тынық мұхит аймағы мен Латын Америкасының жаңа индустриялды елдері.



Донор-елдер үшін салдарлары

Позитивті (жағымды)

Негативті (жағымсыз)

- эмиграция ұлттық еңбек нарығындағы жағдайы жеңілдетеді, өйткені жұмыс күшінің экспорты шығынды еңбек ресурстарының қысымын азайтады

- эмиграция елдеру неғұрлым еңдекке қабілеттті жаста еңбек ресурстарының бөлігін жоғалтады, бұл олардың біртіндеп қартаюына әкеледі


- жұмыс күшінің экспорты – бұл донор ел үшін жаңа кәсіби дағдылары эмигрант-жұмыскерлерге ақысыз үйрету; олардың біліктілігін арттыру, жаңа технологияны игеру

- донор-елдер эмигранттарды жалпы білімге және кәсіби дайындаумен байланысты қаражаттарын жоғалтады

- жұмыс күшінің экспорты - өз жанұялары мен туыстарына көмектесуге шетел валюталық қаражаттарды мигранттардың жіберуі арқылы эмиграция еліне валюта келіп түсуінің маңызды көзі

- білікті кадрлардың кетуі, ғалымдардың елден шығуы елдің ғылыми-техникалық, жалпы-білімділік және мәдени потенциалының төмендеуіне әкеледі. Мысалы, Ресей өз ғалымдарының үштен бір бөлігі шетелде жұмыс істегендіктен жыл сайын 60 млрд.доллар жоғалтады екен

- еліне кайту барысында мигранттар өздерімен олардың ақшалай аударымдар сомасын құрайтын материалдық құндылықтар мен жинақтарды әкеледі

- халықтың ұлттық құрылымы өзгереді, еңбекке қабілетті халықтың, жас жұмыскерлер мен мамандардың шетелге кетуіне байланысты демографиялық жағдай нашарлайды

- донор-елдер олардың азаматтарын шетелде жұмысқа орналастырумен айналысатын делдал-фирмалардан мемлекеттік бюджетке салықтар алады




Реципиент-елдер үшін салдарлары

Позитивті (жағымды)

Негативті (жағымсыз)

- жоғары білікті шетел жұмыскерлерінің ағыны ұлттық экономикадағы құрылымдық, салалық және өзге де өзгерістерді жеңілдетеді

- шетел жұмыскерлерін ұзақ пайдаланғанда экономикалық тұтас салалары (қызмет көрсету саласы, сауда-саттық, құрылыс) олардың еңбегіне тәуелді болады. Бұл ұлттық еңбек нарығындағы жағдайды нашарлатады, жұмыссыздықты көбейтеді


- имигранттар ұлтты жаңартады, себебі әдетте жастар келеді, яғни неғұрлым еңбекке қабілетті халық бөлігі

- ұлттық жұмысшы күшіне баға төмендейді, шетел жұмыскерлерінің еңбек нарығында ұсыныс артады

- қабылдайтын елдер донор-елдердегі мамандар мен жұмыскерлерді оқыту мен дайындауға салынған шығындардан үнемдейді

- қабылдаушы ел халқы мен иммигранттар арасында байланыс нашарлайды, қоғамда әлеуметтік жағдай төмендейді

- иммигранттар ішкі нарық сыйымдылығын кеңейтеді, тауарлар мен қызметтерге сұраныс жоғары, өндірістің өсімін ынталандырады

- имигранттар жаңа өмірлік жағдайлар мен еңбек іс-әрекетіне ұзақта ауыр бейімделеді

- жұмыс күшінің импорты шетел жұмыскерлеріне төмен жалақы төлеуге байланысты өндіріс шығындары төмендегендіктен қабылдаушы ел тауарының бәсекеқабілеттілігінің жоғарылауына ықпал етеді




- банк шоттарына сақталатын иммигранттардың уақытша бос ақша қаражаттары қабылдаушы ел экономикасын қаржыландыру ушін қолданылуы мүмкін




- иммигранттар өнеркәсіптік дамыған Батыс Еуропа елдерінде демографиялық жағдайды жақсартады




- шетел жұмыскерлері дағдарыстар мен жұмыссыздық жағдайында амортизатор рөлінде болады





2. Миграциялық процесті халықаралық реттеу.


Халықаралық деңгейде жұмысшылардың миграция процестерін қадағалауға бағытталған бірнеше ұйымдар құрылған:

1.Халықаралық Еңбек ұйымы (ХЕҰ) 1919 жылы құрылды, ал 1946 жылы ХЕҰ БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесіне айналды.


Оның міндеттері:

- еңбек етушілер үшін әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге ықпал ету, олардың еңбек ету мен өмір шарттарын жақсартуға бағытталған халықаралық саясат пен бағдарламаларды өндеу;

- халықаралық еңбек стандарттарын өндеу;

- жұмыссыздықпен күрес;

- әлеуметтік сақтану мәселелерін реттеу.


Оның құрылымы:

- Халықаралық еңбек конференциясы - заң қызметтерін орындайтын ХЕҰ жоғарғы органы;

- ХЕҰ түрлі комитеттері мен комиссияларының жұмысын басқаратын әкімшілік кеңес;

- Халықаралық еңбек бюросы - ақпараттық және кеңес беру органы.

2. Миграция бойынша халықаралық ұйым
(МХҰ). Босқындар істері бойынша халықаралық ұйым (БХҰ) ретінде 1949 жылы қалыптасқан, кейіннен оның өкілеттілігі кеңейтіліп, 1989 жылдан бастап оның атауы өзгерілді. МХҰ-ға 81 мемлекет кіреді (46 тұрақты мүше және 35 - қадағалаушылар). Бұл ұйымда миграциялық ағынды реттеу саласындағы ұзақ мерзімді бағдарламаларды өндеу жүзеге асырылады.

3.БҰҰ-да босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссар басқармасы босқындарды қорғау, ұзақ мерзімді шешімдерді жүзеге асыру мәселелерімен айналысады.

4.Миграцияны тұрақты қадағалау жүйесі (МТҚЖ) Ұлттық имиграциялық басқарма іс-әрекетін қадағалайды.