girniy.ru 1
45 «Ақ Орда» мектеп – гимназиясы



Ертеңгілік


Тақырыбы: Шиелі бар сұлу Сырдың бойында


Сыныбы: 5 – 6


Өткізген: Ахметова С


2009-2010 оқу жылы

45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы

Тарих пәні мұғалімі С. Ахметова

Тақырыбы: «Шиелі бар сұлу сырдың бойында»


Көрнекілігі:

1) Интерактивті тақта

2) Шарлар

3) Қанатты сөздер

4) Ұлы адамдар суреті

Мақсаты: Оқушыларға сұлу сырдың бойындағы иранбақ саналатын киелі Шиелі - туған жеріміздің тарихы туралы мағлұматтар бере отырып елін, жерін қастерлей білуге, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға баулу. Киелі жерден шыққан ұлы адамдар жайында түсіндіру. Ұлтжанды сезім ұялаған, өз ойын көркем толық жеткізе алатын жеке тұлға етіп тәрбиелеу.


Барысы:


1- жүргізуші:

Қара досым, жер шарының картасын

Аралап көр, орман, тауын, баршасын

Шиелі бар сұлу сырдың бойында

Мен сенемін, солай қарай тартасың.

2- жүргізуші:

Кенелтіп кең өңірді мол табысқа

Өзгелер үлгі тұтып алған нұсқа

Қанатын әр жыл сайын кеңге жайған

Қашаннан Шиелінің орны басқа.

1- жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, киелі де қасиетті туған жеріміз шежірелі Шиеліге арналған «Шиелі бар сұлу сырдың бойында» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

2- жүргізуші:

Шиелі ауданына 80 жыл. Бұл бір аудан үшін аз уақыт емес. Өткен талай ұлы оқиғалардың куәсі болған кезеңдер мол болғаны - ақиқат. Әнге арқау болып, сан сазгердің сезімін толқытып, жыр жампоздарының жүрегін тербеген.


1- жүргізуші:

Сұлу сыр атырабы

Сыр бермей жатыр әлі

Не деген қасиетті

Түлеген топырағы

Шиелі ақындары

Диханы, батырлары

Ел даңқын жалғастырып

Жыр болып жатыр әлі

Сахнада әннен жыр төгетін

Молдахметова Нұрай «Шиелім» әні

2 - жүргізуші: Жыр жампоздарының жүрегін тербеткен бұл мекен 1928 қаланып, жеке отау тіккен, Шиелі жерінің арғы тарихы - жалпы сыр бойы тарихымен өзектесіп, бөле-жара қарауға болмайтын біртұтас тарих.

1- жүргізуші: Сахнаға Шиелі сырынан сыр шерту үшін 1 топ оқушыларды шақырамыз

1-оқушы

Жер бетінде бір мекен бар киелі.

Деп айтады ән менен жыр күй елі

Сұлу сырдың бойындағы иранбақ

Атың қандай сүйкімді еді Шиелі.

2-оқушы

Биікке ел көтерсе құламайды

Кім білмес сөзге жүйрік Бұдабайды

Айналып кеткен қазір аты аңызға

Есабыз, Оқшы ата, Асан қайғы

3-оқушы

Қарасаң Әбділдә ақын ол бір бастан

Өтпейді Шиеліге бір қонбастан

Сырласып Сыр бойының диқанымен

Кетеді жазып өзі бір-бір дастан.

2- жүргізуші:

Нақ солар бар шындықты кесіп айтқан.

Айеке, Бала би мен Досбол датқа деп - Шиелі жерінен небір сөз дүлдүлдері шықкан. Ендеше кезекті Бұдабай ақынның айтысына берсек.

Бұдабай мен Қарлығаш айтысы

Орындайтындар: Әшімқызы Ғ 5 «А»

Қыдырбеков С 6 «Ә»

1-жүргізуші:

Шиелі ғажап ертеңі

Сүйеміз туған өлкені

Тағдырлар толы тарихтың

Сан жылдар сырын шертеді.

«Киелі мекен - Шиелі екен»

Орындайтын: Алтынбекова Айсәуле.

2 - жүргізуші:

Шығар еді тұлға қайдан, нар қайдан

Ел болмаса мәртебесі марқайған


Шиелінің ән-жыры мен думаны

Басталады Иманжүсіп, Нартайдан

Әнге кезек береміз «Маржаны Сырдың Шиелім» әні

Орындайтын: Нұрллаева Гүлназ

1-жүргізуші:

Көгілдір аспан, кең дала

Көркемдік сенен өтер ме

Көрсем де әсем сан қала

Шиелім, саған жетер ме

Ортаға 1 топ оқушыларды шақырамыз

1. Ғалым Кеңесбек

2. Азамат Өміртай

3. Асылхан Әмет

4. Ғайни Әшімқызы

5. Гүлбақыт

6. Нұрай Молдахметова

2- жүргізуші:

Саз саңлағы Әсет Бейсеуов пен сыр сырбазы Дүйсенбі Смайыловтың «Жанымдай жақсы көретін Маржаны Сырдың Шиелім» әніне арқау болған Шиелінің бүгінгі шыққан биігі үлкен. Шиелінің төлқұжаты және ауданымыздағы жаңалықтармен Аружан мен Гаухар таныстырсын.

1-жүргізуші:

Шиеліні көрем десең халайық

Ақын Нартай ауылына барайық

Кез-келген бір домбыраның пернесін

Басып көрші, күй ойнасын ғажайып.

2- жүргізуші:

Аудан өзінің 80 жылдық тарихында еңбек пен ерліктің, ынтымақ пен бірліктің ұлы куәсіндей талай жеңістерге қол жеткізді.

1- жүргізуші:

Шиелі тарлан саясаткер, даңғайыр дихан, зерделі ғалым, жезтаңдай әнші мен арқалы ақын тәрбиелеуде белгілі орын алатындығы дәлел.

2- жүргізуші: Осымен «Шиелі бар сұлу сырдың бойында» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.

Қорытынды: Сыр бойының иранбағы саналатын Шиелі сонау бастауын 1928 жылы қалады. Содан бері қаншама тарихи оқиғаның куәсі бола білді. Келешек және бүгінгі ұрпақ үшін қаншама тірліктер жасалды. Бұл жердің киелігі сонша қаншама ақын - жыраулар, би-шешендер, ғалымдардың, атақты адамдардың отаны. Ендеше маржанды Сыр жерін, киелі Шиелі жерін қорғайық қадірлейік ағайын. Шиелі тарихы-терең тарих. Шиелі халқына алдағы жылдары да сәттілік домағай табысты жыл болып, біздер жүрек тербететін, көңілді кернейтін іс-шаралар мен кештерді өткізуден жалықпай жүре берейік.