girniy.ru   1 2 3

Білім


Білімнің дамуы оқытудың жоғары деңгейіне жету, материалдық-техникалық базасының нығайтылуына бағытталды.

2011 жылы білім саласының шығыстары аудан бойынша 1 млрд. 200 млн. теңге болды.

Аз қамтамасыз және көпбалалы отбасылардан кіретін 783 оқушы тегін тамақпен қамтылған. Бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 2011 жылы 13 млн 346 мың 186 теңге бөлінсе, 2012 жылға 17 млн 312 мың теңге ескерілді.

Білімнің мазмұнын жаңартылуына көп көңіл бөлінді. Жылдан жылға толықтырылып келе жатқан компьютерлік сыныптар 2010-2011 оқу жылында 1 компьютерге 8 оқушыдан келуіне мүмкіндік берді.

Осыдан басқа 2010 жылы республикалық бюджеттен қосымша 29 млн. теңгеге 3 мультимедиялық кабинеттер мен 3 биология кабинеті, жергілікті бюджеттен 3 млн. теңгеге 36 компьютерге қаржы бөлінді. 26 мектеп Интернетке толығымен шығуға мүмкіндікке ие, осы жүйеде жұмыс істеу үшін қаржы бөлу артылып келеді.

Мектептерде оқыту жоспарына сәйкес орта және жоғары сыныптар, бастауыш мектептер үшін электрондық оқулықтар бар. Бұның өзі аудан оқушылары үшін тиімді ақпаратты-білім аясын қалыптастыра отыра, оқу-тәрбие процесінің сапасын артуына мүмкіндік беріп отыр.

Ауданның 6 мектебі үшін жергілікті бюджет есебінен 6 электростанция мен 5 циркулярлы сорғыш сатып алынды.

Өткен жылы Қайрат орта мектебі үшін «Газель» автокөлігі мен білім бөліміне автобус сатып алынды. Бұның барлығы ауданда, облыста өткізілетін барлық шараға шалғай жатқан округтердің балалары қатысуы үшін тиімді болатыны анық.

«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында республикалық бюджет есебінен 4852,0 мың теңге бөлініп, 1 қыркүйектен 110 орын ашылды. Ауданда 2 балабақша және 23 шағын орталық жұмыс істеуде, мектеп жасына дейінгі оқу және тәрбиемен 950 бүлдіршін қамтылған, яғни 7,9 пайыздық тармаққа артылып, 68% құрады (2010 жылы - 60,1%).

2011-2012 оқу жылына мектеп жүйесінде 26 мептеп болса, соның 1 бастауыш, 6 негізгі, 19 орта.


Алғашқы кәсіби дайындықты 1 мемлекеттік кәсіптік лицей жүргізіп жатыр.

ҰБТ қорытыны бойынша орташа балл 83,8, бұл 2010 жылға қарағанда 3,8 тармаққа кем. 3 түлек мектепті «Алтын белгі», 4 түлек арнайы аттестатпен, 32 оқушы 100 және жоғары балдан иеленді.

Күрделі жөндеу жұмыстарына аудан бюджетінен 10767 мың теңге бөлінді, солардың ішінде Қондыбай орта мектебінің шатырының күрделі жөндеуіне 6000 мың теңге, Телжан мектебіне 2471 мың теңге, жылыту қазандығын орнату үшін 2296 мың теңге.

22 мектептің өртке қарсы шараларына облыстық бюджеттен 6259,0 мың теңге (автоматты өртке қарсы дабылды орнату, өрт сөндіргіш құралдарын сатып алу үшін).

2012 жылда білім нысандарын дамыту үшін 53309 мың теңге жобаланып отыр, солардың ішінде:

- Бидайық ОМ 2-ші корпусын қайта құру үшін 25000 мың теңге;

- Кішкенекөл №2 ОМ мен Бидайық ОМ 2 химия кабинетін ашу үшін 8194 мың теңге;

- Кішкенекөл № 2 ОМ бейне-бақылау аппаратурасын орнату үшін 299 мың теңге;

- ауданның 15 мектебіне циклон мен түтін сорғыштарын сатып алу үшін 11,663 мың теңге;

- Қаратерек пен Шағырсай мектептеріне өртке қарсы дабылдарды орнату үшін, өрт сөндіретін құралдарды сатып алу үшін, ағаш жабындылар қызметтеріне 500 мың теңге;

- Республикалық бюджеттен мүгедек балаларға дидактикалық құрал-жабдық, ойыншықтар, әдістемелік әдебиет, кеңсе тауарларын сатып алу үшін 1,800 мың теңге бөлінді;

- Қаратерек ОМ жылу жүйесінің күрделі жөндеуіне бюджеттің бос қалдықтарынан 7653 мың теңге бөлінуі жобаланып отыр.


Денсаулық сақтау саласы

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған Жолдауында «Халық денсаулығы - Қазақстанның өзінің стратегиялық міндеттерін орындауында басты негізі» деп айтылғандай, денсаулық сақтау жүйесінің дамуы ерекше орында, оның қаржыландырылуына 441 млн. теңге бөлінді.

2010 жылмен салыстырғанда бала туу көрсеткіші 1000 халық санына 4,4% өсті, 16,5-тен 17,2-ге (293-тен 304 жағдайға).


Жалпы өлім-жітім құрылымында кәріліктен қайту - бірінші орында- 41,8%, қан қысымынан екінші орында -25%, 3 орында 15,8% өлім - жарақат пен уланудан.

Жалпы халық саны 120 адамға өсіп отыр. Жаңа туылғандар саны (304) қайтыс болғандардан (184) 120 адамға асады.

2011 жылда ана өлімі тіркелмеген. Сәби өлімі 9,39 тармақ бойынша өсіп, 1000 туылғанға 13,1 құрады (2011 жылда 1 жасқа дейін 4 сәби қайтты, 2010 жылда - 1).

Туберкулезбен ауру жағдайы 6,7% төмендеді, 84,3-тен 78,7-ге, 100 мың адам санына (15 тен 14 жағдай бойынша).

2011 жылы хирургия бөлімінде 22,3 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2012 жылда денсаулық саласы нысандарының күрделі жөндеуіне 48790 мың теңге бөлінеді, солардың ішінде: орталық аудандық аурухананың күрделі жөндеуіне 38772 мың теңге, терапия бөлімшесі, қабылдау бөлімшесі, дәріхана, ас блогы және шатырдың күрделі жөндеуі жүргізіледі, Қулыкөл ауруханасының күрделі жөндеуіне: есік, терезе блоктарын ауыстыру, электротехникалық жұмыстарына – 10018 мың теңге.


Мәдениет


Аудан бойынша мәдениет мекемелері 23 нысаннан тұрады: аудандық Мәдениет үйі, Қулыкөл ауылдық Мәдениет үйі, ауылдық 7 клуб, 14 мемлекеттік кітапхана, соның ішінде орталық аудандық кітапхана, балалар кітапханасы мен 12 ауылдық кітапхана.

Облыстық бюджетінің қаражат есебінен 6773 мың теңгеге аудандық Мәдениет үйінің шатыры күрделі жөндеуден өтті, Мәдениет үйіне су құбыры өткізілді. Ақбұлақ ауылдық клубына жаңа музыкалық аппаратура сатып алынды.

Облыстық бюджет есебінен Мәдениет үйінің төбе шатыры жөнделді, жұмсалған қаржы көлемі 6773 мың теңге.

Мәдениет үйінің материалды-техникалық жағдайы жақсара түсті. 2011 жылда мұнда сахна киімдері, музыкалық, свет аппаратуралары мен тағы да басқа керекті заттар жаңартылды.

Мәдениет үйінің материалдық-техникалық жабдықталуына 2556 мың теңге бағытталды.

2012 жылда аудандық Мәдениет үйінің көгалдандыру, жарықтандыру жұмыстарына 3500 мың. теңге бөлінуі жоспарланып отыр.



Спорт


Халық денсаулығының сақталуы спорттың дамуымен тығыз байланыста.

Ауданда балалар спорттық мектебі белсенді қызмет атқаруда, оқушылары облыстық және республикалық жарыстарда талай рет жүлделі орындарды иеленуде.

Жыл сайын қысқы, жазғы спорт түрлері бойынша спартакиадалар өткізіледі.

Болат Смағұлов «Солтүстік Қазақстан барысы» жарысында қазақша-күрестен бірінші орынды иемденді.

Уәлихановтықтардың өмірінде облыстық «Ақ бидай - 2011» ауылдық ойындарының біздің ауданда өткізілуі айғақты оқиға болғаны анық.

Өзінің Жолдауында Елбасы дене тәрбиесі мен спортпен айналысу үшін спорттық ғимараттардың бәрін де қолжетімді болуы жөнінде сөз қозғады. Ағымдағы жылы балалар мен жасөспірмдердің спорттық дене тәрбиесі клубы ашылатын болады.

ауылдық округтердің әкімдеріне тренажерларды орнату, стадиондар мен спорттық алаңдарды жөндеу, корт құрылысын әрі қарай жалғастыру мәселелеріне назар аудару қажет.


Құқық қорғауды қамтамасыз ету


Еліміздің Президенті Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында сот және құқық қорғау жүйесінің жаңғыртуына аса назар аударуда.

Аудан бойынша 2011 жылдың 12 айы ішіндегі оперативтік жағдайдың талдауына келе тұра, ауданда криминогендік жағдай тұрақты түрде қалып отырғанын айту керек.

Өткен жыл ішінде салыстыра отырсақ, қылмысты ашу 85,9%, былтыр (98,1%), 12,2 % кеміді.

2011-2013 жылдарға арналған СҚО құқық бұзушылықты алдын-алу аумақтық Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес полицияның учаскелік инспекторлары, кәмелетке жасы толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар және жергілікті атқарушы органдарының өкілдерімен бірлескен түрде маскүнемдіктің, құқық бұзушылықтың және отбасылық-тұрмыстық қақтығыстары негізінде жасалатын қылмыстың алдын-алу бойынша, сонымен қатар жайсыз отбасыларды толығымен анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде.


Ішкі істер бөліміне құқық тәртібі, құқық бұзушылықты алдын- алу бойынша әлі де ауқымды жұмыс жасау қажет, әсіресе аудандық орталығында.


Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету


Патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәндік және рухани дамуы, заңға мойынұсынушылық Елбасы Н.Назарбаевтың елімізде өткізіп жатқан саясатының маңызды қорытындылары болп табылады.

Аудан әкімдігінің қызметі Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді насихаттау негізінде ішкі саяси тұрақтылық, келісім, үкіметтің беделін нығайтуға бағытталып отыр.

Жастар саясатын жүзеге асыру аясында қоғамдық-саяси шаралар, акциялар, фестивальдер өткізілді.

Аудан жастарының «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» акциясы бойынша жұмысы облыс деңгейінде жақсылар қатарына енді.

Еліміздің Тәуелсіздігінің 20-жылдығын дайындау және мерекелеу аясында өткізілген барлық шаралар өшпес ізін қалдырды.

Бұл жетістіктер – еңбегіміз бен мақсаттылығымыздың жемісі. Осының бәрі де жаңа жетістіктерге жетелейтініне сенімдімін.

Өзінің Жолдауында еліміздің Президенті Н.Назарбаев айтқандай: «Біз барлық күшімізді Отанымыздың игілігі үшін біріктіруге тиіспіз.

Біздің алдымызда үлкен жұмыс күтіп тұр. Барша қазақстандықтарды белгіленген барлық міндеттерге қол жеткізу жөніндегі жұмыстарға аса белсенді қатысуға шақырамын!».

Әрқайсысымыз өзінің жұмысында, қызметінде барынша пайда әкелуі тиіс. Сонда жалпы жеңісіміз баршаға аян болады.

Ауданымыздың географиялық жағынан оңтайлы орналасуы, минералдық және шикізаттық ресурстарының молшылығы, ең бастысы – еңбекті қастерлейтін, өз жерін сүйетін халқы бары, бұның бәрі де болашаққа нық сеніммен қарауға мүмкіндік береді.

***

Ауданымыздың әлеуметтік-экокомикалық жағдайының негізгі қорытындылары баяндалды. Жергілікті атқарушы органдарымен еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауында, «Қазақстан – 2030» Стратегиясында және де басқа да бағдарламалық құжаттарда айқындалған міндеттерді орындау бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

<< предыдущая страница