girniy.ru   1 2 3

Ауданда шағын кәсіпкерліктің 545 субъектісі тіркелген, 1141 адам немесе тұрғындардың жалпы санынан 6,5%.

2011 жыл ішінде шағын кәсіпкерліктің 16 объектісі ашылды.

2011 жылда тауар өңдіру өнімі 1057,7 мың. теңгені құрды, 2010 жылдың деңгейінен 2,6 астам (2010 жыл – 379,6 млн.теңге).

2011 жылы 392 жұмыс орыны құрылды, оның ішіндегі 77 орын жеке кәсіпкерлікте, 20 өнеркәсіпте, 31 құрылыс пен 264 ауылшаруашылық секторында.

Орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінен салық пен түсімдер 153,2 млн. теңге түсті, 2010 жылдың деңгейінен 3 есе артық, жалпы салық және түсімдер 21% құрды.

Жалпы атап өтсек, ауданның бизнесі сауда қызметіне бағытталған, ал халыққа қызмет көрсететін нысандар толық деңгейде дами қоймаған. Ауданда сағат және тұрмыстық техника жөндеу шеберханалары, оргтехниканы жөндеу жөнінде шеберлерханалар жоқ. Құрылыс материлдары, тері мен жүн қабылдайтын нысандар өте аз.

Ет, көкөніс, құрылыс материалдарын сату жөнінде арнайы дүкендер санын көбейту керек.


Өнеркәсіп

Өндірістік өнім өндірудің көлемі 2011 жылы 102,5 млн. теңге болды, бұл 12,5% немесе 14,6 млн.тенгеге 2010 жылдың деңгейінен кем (2010 жыл – 117,1 млн.тенге, 2010 жылдың деңгейіне физикалық көлемінің индексы – 58,6 %. Ұн өндірудің 58,3% кемуі өнеркәсіптің физикалық көлемінің индексі азаюына әкеп соқты.

Ауданда тағамдық азық-түлік өндірумен 13 кәсіпорын айналысады, соның ішінде 2 – диірмен, 11 наубайхана.

2011 жылы күніне 16 тонна қуаттылығымен диірмен іске қосылды.

Азық-түлік өнімдерінің көлемі 54,3 млн. тенге болды, 18,1% нан өндіру артылды.

Бидайды үктіруге келісім шарттың жоқтығынан ұнның өндірілуі 58,3% кеміді немесе 7955 тоннаға.

Былтырғы жылдың үшінші тоқсанында «Жақсы Тұз Петропавл» ЖШС тұз өндіруді қолға алды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 27 млн.теңге, 9000 тонна тұз алынды ( 2010 жылы тұз өндірілмеген).

2012 жылы құрылыс тасының Қызылту кен орнында қиыршық тасты өндіру бойынша «Нефрит Кзылту» ЖШС-мен инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Жобаның құны 168 млн.теңгеден астам, зауыттың қуаты жылына 200 мың тонна қиыршық тасты өндіру.


Жаңа 50 жұмыс орны ашылатын болады, жалақы қоры 18 млн.теңге, жалақыдан бюджетке қосымша 2,6 млн.теңге салық түспекші, соның ішінде облыстық бюджетке 1,6 млн.теңге, аудандық бюджетке 1 млн.теңге.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерді несиелеу үшін жобаларды дайындау және іске қосу бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

2012 жылы «Ар» ЖШС-мен қуаттылығы 9 мың тонна, құны бір миллион доллардан астам элеватор құрылысы жүргізілетін болады.


Сумен қамту



Тұрғындарды таза ауыз сумен қамту мәселесі маңызды басымдылықтардың бірі. Елімізде 2011-2020 жылдарға арналған түбегейлі жаңа «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша жұмысы басталды.

Аудан тұрғындарына таза ауыз сумен қамту қызметімен «Мөлдір су» МКК айналысады.

Бүгінгі күні «Мөлдір су» МКК 16 елді мекенге, 35 мемлекеттік мекемеге, аудан кәсіпорындарына таза ауыз суды босату бойынша қызмет көрсетуде.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында суды есептегіш орнату арқылы орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне 243 тұрғын үй қосылды.

Уәлиханов ауданының тұрғындарын таза ауыз сумен қамту 89,3 %. 2011 жылы сумен қамту жүйесінің дамуына 33,6 млн.теңге жұмсалды, 324 тұрғыны бар Қаратал ауылында жер асты суларынан локальды ұңғыма пайдалануға берілді. Қауіпсіз таза ауыз сумен қамтамасыз етілген тұрғындар саны 14426 адам немесе халықтың жалпы санынан 89,3%.

Жалпы құны 1260275,2 мың теңгеге сумен қамтуға 4 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалды, бұлар келесі сутартқыштар: "Молодая Гвардия -Мортық" -373589,3 мың теңге, "Ақтүйесай - Өндіріс - Жұмысшы - Жамбыл" -724658,3 мың, «Есдәулет жер асты сулары кен орны - Ақбұлақ»-99318,2 мың теңге, Қайрат селосында локальды ұңғыма - 62711,4 мың теңге. Жобалау-сметалық құжаттамасының дайындалуына 25,1 млн.теңге жұмсалды, сумен қамту объектілерінің құрылысы аяқталған жағдайында таза ауыз сумен 5 елді мекендерде 1802 адам қамтылатын болады немесе халықтың 90 пайызы.



Тұрғын үй құрылысы



Тұрғын үй құрылысы дамуында тұрғындарды пәтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасатын болады.

2011 жыл ішінде құрылыс жұмыстарының көлемі алдын-ала статистикалық мәліметі бойынша 120,5 млн.теңгені құрады, бұл 237,7 млн.теңгеге кем (2010 жылы - 358,2 млн.теңге). Құрылыс жұмыстарының физикалық көлемінің индексі 37,6%. Төмендеуі бюджеттік қаржының есебінен құрылыс жұмысының көлемінің азаюынан болды.

2011 жылы тұрғын үй құрылысына бюджеттен 145,6 млн.теңге бөлінген, соның ішінде жалдама-коммуналдық тұрғын үй — 7 млн. теңге, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысына — 107,8 млн. теңге, осы бағдарлама аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жасауына— 30,8 млн. теңге.

Тұрғын үй тапсыру жоспары 14% орындалды, жоспар бойынша 2060 ш. метр болса, тапсырылғаны - 363 ш.метр. 2010 жылмен салыстырғанда тұрғын үйлерді пайдалануға беру 2 есе кем болды немесе 366 ш.метрге (2010 ж.- 729 ш.метр).

Кішкенекөл селосы С.Мәліков көшесінде құны 4,5 млн.теңгеге көше жүйесі жарықтандырылды. Еліміздің мемлекетттік нышандарының стеласы салынды.

Облыстық халық спорты ойындарының қарсаңында жол, қоршауларды жөндеу, шағын сәулетті композияциялардың құрылысы жүргізілді.

Мырзағұл ауылында халық өз қаржы есебінен Ұлы Отан соғысыа қатысушыларға арналған ескерткіш-стеланы орнатты.

Аудан орталығының мекемелері, дүкен, кеңселер жанында сәулетті де әсем безендірілген шағын архитектуралық композициялар пайда болды.

Тәуелсіздік мерекесі, 2012 жылды қарсы алу қарсаңында көптеген мекеме, кәсіпорын, дүкен, офистердің басшылары өздерінің ғимаратын бүгінгі күннің талабына сай безендіруге күш салды

2012 жылы жалпы көлемі 3783 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру белгіленуде, жоспарымыз - 2220 ш. метр. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылыстары аяқталуда, облыстық бюджет есебінен 28600 мың тенге ескерілуде, жалпы көлемі 1540 шаршы метрлі 22 тұрғын үй пайдалануға берілмек.


Сонымен қатар «Мөлдір су» МКК-мен көлемі 1090 ш.метр 12 пәтерлі тұрғын үй қайта құрылатын болады, жекелеген тұрғын үй құрылысы есебінен 1067 шаршы метрлі 7 тұрғын үй салынады.

Сонымен бірге 2 811 мың теңгеге электр жүйесі құрылысын жүргізу жоспарлануда, соның ішінде: Островский қиылысы, Кішкенекөл с. – 3133 мың теңге, Южный қиылысы– 4178 мың теңге, Ақтүйесай селосында – 3000 мың теңге, Қулыкөл ауылын жарықтандыру-1500,0 мың және Қайрат селосы-1100,0 мың теңге. Көшелерді жарықтандыру құрылысын жүргізуге ЖСҚ дайындауға 800 мың теңге ескерілген.

Кішкенекөл селосында құны 4,5 млн. теңгеге С.Мәліков көшесі жарықтандырылды.


Ауданның көлік-коммуникациялық кешенін дамыту


2011 жылы аудандық бюджеттен инфрақұрылымды дамытуына, жолдарды жөндеу мен ұсталуына 7,8 млн.теңге бөлінген, соның ішінде Кішкенекөл селосының көше-жол жүйесінің ұсталуы мен жөндеуіне 4,8 млн.теңге болса, аудандық маңыздағы жолдардың ұсталуына 3 млн.теңге.

Жылыту маусымына дайындық барысында 3 қазандық жөнделді, 80 әлеуметтік,мәдени, тұрмыстық нысан дайындалды, соның ішінде 26 мектеп, 7 денсаулық сақтау саласының нысаны, 18 басқару органдары.

Ағымдағы жылы мәдениет және білім нысандарына толығымен 100% көмірмен қамтамасыз етілген. Жылыту маусымына 10261 тонна көмір дайындалды.

Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатымен санитарлық тазалау, абаттандыру мен елді мекендерді көгалдандыру жағынан ауқымды жұмыстар атқарылды.

Атап өту қажет, үлкен жұмыс аудан орталығында өткізілді. Жеңіс және Оқушылар саябақтары қалпына келтірілді, сонымен бірге орталық алаңның жанындағы да саябақ тазартылды.

Ақтүйесай, Бидайық, Телжан ауылдық округтерінің тұрғындары абаттандыру бойынша атқарған жұмыстарын атап ләзім.

2011 жыл ішінде 541 телефон орнатылды. Ақбұлақ, Қарашілік, Қулыкөл, Молодая Гвардия ауылдарында ескірген және де пайдалануға жатпайтын АТСКа станциялары сандық сымсыз байланысқа (СДМА) көшірілді, бұның өзі абонеттерге байланыстың қосымша қызметін пайдалануға және де жылдамдығы еселеу интернетке қосылуға мүмкіндік беріп отыр.


Ауданның елді мекендерін абаттандыру, санитарлық тазалау, көгалдандыру бойынша жұмыс осы жылы да өз жалғасын табады. Ескі қиратылған ғимараттар мен қондырғылардың қалдығын шығаруға қаржы ескерілген. Әр ауылдық округте тұрғындардың демалуына жағдай жасау мақсатымен жаңа архитектуралық композициялар, орындықтары, ойын алаңдары бар, жарықтандырылған саябақтар мен бақтар салу көзделіп отыр.


Тұрғындарды әлеуметтік қорғау


Экономиканы дамыту бойынша барлық бағдарламалар халқымыздың әл-ауқатын дамытуына бағытталған.

Сондықтан Елбасы әлеуметтік жаңартуға аса көңіл аударылуда. Оның тапсырмасымен осы салада маңызды мемлекеттік бағдарламалар бекітілді, ол біздің ауданда да жүзеге асырылуда.

Бірінші мезетте Президентіміздің Жолдауында айқындалған жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясына қатысты.

2011 жылы тұрғындарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша бағдарламалық шарамен 1552 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды немесе бағдарламалық жоспардың 119 % (жоспар - 1298), соның ішінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 220 адам.

447 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған, жыл ішінде 459 жаңа орын ашылды немесе жоспарлы тапсырма 102% орындалды.

Жыл басынан бері отбасыда бірде-бір жұмыс істейтіні жоқтары қатарынан 104 адам орналастырылды, ал тұрғындардың мақсаттық тобынан 475 адам.

Жергілікті еңбек нарығы мұқтаждығын ескере келе, кәсіптік оқу мен қайта оқуға әртүрлі мамандықтар бойынша 47 жұмыссыз жіберілді. Олардың оқуына жергілікті бюджет қаржысынан 2,6 млн.теңге жұмсалды.

Ауданның 8 ауылдық округінде тұрғындардың мақсаттық тобынан 52 адам жұмысқа орналасып, 46 әлеуметтік жұмыс орны құрылды. Аудан бюджетінде ескерілген 4,9 млн.теңге көлеміндегі қаржы толығымен игерілді.

Ауданның 2 кәсіпорны бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз» республикалық конкурсына қатысты («Агрофирма Кзылту Нан» ЖШС «Жылдың әлеуметтік жобасы» номинациясы және «Темирбекова Р.М.» ЖК «Әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында). Облыстық «Парыз» байқауында «Ең жақсы әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында «Агрофирма Кзылту Нан» ЖШС-і 1 орынды иеленді.


Өкілетті органда тіркелген жұмыссыздардың саны 2011 жылы 50 адамға қысқарды. 2011 жылдың басына олардың саны 115 болса, жыл аяғында 65 жұмыссыз болды.

Ресми жұмыссыздықтың деңгейі тұрғындардың экономикалық белсенді (11930 адам) тобына 0,4 пайыздық тармаққа кеміді, жыл басындағы 0,9 % жыл аяғына 0,5 % дейін түсті.

Жалпы жұмыссыздықтың саны жыл басындағы 800 адамнан жылдың аяғында 499 адамға азайды. Жалпы жұмыссыздықтың деңгейі тұрғындардың экономикалық белсенді топтарына қарай 6,4%-дан 4,2 % дейін кеміді.

Жыл ішінде «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу» қоры арқылы 8 отбасы кәсіпкерлік қызметін дамыту үшін жалпы 800,0 мың теңге көлемінде шағын несие ала алды (нан-тоқаш бұйымдарын жасау жөнінде шағын наубайхана ашу, косметикалық тауарларды сату жөніндегі дүкен, шаштараз ашу, киім тігу жөніндегі шағын ателье).

Қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес 765 аз қамтамасыз етілген азаматқа (199 отбасы) жалпы көлемі 9,761 млн.теңгеге төлем жүргізілді.

Аудан бойынша аз қамтылған азаматтардың саны 703-тен 273 адамға дейін немесе 430 адамға азайды. Тұрғындардың жалпы санына кедейшіліктің деңгейі 1,5%, бұл 2011 жылдың басындағы көрсеткіштен (3,9%) 2,4 пайыздық тармаққа кем.

Облыстық бюджет қаржысы есебінен 4 және одан артық нәресте туылған отбасыға әлеуметтік көмек төлеміне 35,804 млн.теңге бөлінген, кәмелетке жасы толмаған әр балаға 160 АЕК есебінде.

2010 жылдың 1 қыркүйегі мен 2012 жылдың 1 қаңтары аралығында 47 отбасында 4 және одан да аса бала туылды.

2011 жылы 148 кәмелетке жастары толмаған баласы бар 35 отбасыға жалпы көлемі 35,804 млн.теңгеге көмек тағайындалып, толығымен төленді.

2012 жылы 1032 жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналастыруға көмек көрсетілетін болады, одан тұрақты жұмыс орындарына 778 адамға, яғни жалпы жұмысқа орналастырудан 75,4%.

Тұрғындардың мақсатты топтарына енетін азаматтардан 280 адам жұмысқа орналасады және де бірде-бір жұмыскері жоқ отбасылардан 98 адам.


Жалпы айтқанда аудан бойынша кедейшілік шегінен төмен тұратын азаматтардың санын азайту жоспарлануда – 273 адамнан 223 адамға дейін. Бұл ретте кедейшілік деңгейі 1,5 % -дан 1,3 % кемитін болады.

Облыстық «Ұрпақтар қоры» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғасады.

Облыстық бюджет есебінен 48 кәмелетке жасы толмаған балаларға әлеуметтік көмекке 12,4 млн.теңге көлемінде қаржы бөлінген.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру жергілікті атқарушы органдары жұмысының басымдылық бағытының бірі болып табылады.

Бірінші бағыт – «Өз ісімен шұғылданушы, жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген тұрғындарды оқыту және жұмысқа орналасуға көмек көрсету» бойынша облыстың оқу орындарына әртүрлі мамандық бойынша 57 адам жіберілген болатын ( жоспардың 100%), соның ішінде кәсіби дайындыққа 31 адам, 12 - кадрларды қайта дайындау және 14 – біліктілікті арттыруға.

«Селода кәсіпкерлікті дамытуға көмек» екінші бағыты бойынша біздің аудан үшін 23,0 млн.теңге көлемінде қаржы бөлінген, одан кәсіпкерліктің негіздерін үйретуіне 1,0 млн.теңге және несие алушылардың жетіспеген инфрақұрылымын өткізуіне 1,3 млн.теңге.

Кәсіпкерліктің негізін оқыту Бағдарламасын 23 қатысушы аяқтап,тиісті сертификат алды.

Несиелік комитет тарапынан біздің аудан бойынша 29,3 млн.теңгеге жеңілдетілген несие алуға 15 өтінім өз қолдауын тапты, бұның өзі бізге бөлінген қаржының 127,4 %. 2011 жылдың 28 желтоқсанына несие толық көлемде алынды, яғни 29,3 млн. теңге.

Несиелік ресурстарды алуымен Бағдарламаға қатысушы 10 әлеуетті қатысушылар қосалқы шаруашылықтарын кеңейтуге, мал басын сатып алуға мүмкіндік алды.

Бидайық ауылында жұмыс істеп жатқан шағын наубайхана, компьютер мен оргтехниканы жөндеу орны, жұмсақ және корпустық жиһазды жинау, типографиялық қызметтерді кеңейту, Кішкенекөл селосында стоматологиялық қызмет көрсету өз қызметтерін нығайтып, жалғастыратын болады.


Бизнестің дамуымен экономика саласында жаңа 23 жұмыс орны ашылады, соның ішінде мал шаруашылығын дамыту саласы бойынша -14, халыққа қызмет көрсету саласында – 9.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының үшінші бағыты - «Еңбек ресурстарының шұғылдығын арттыру» бойынша қызметтерді жабдықтаушы Петропавл қаласының «Нұрсұлтан - құрылыс» ЖШС Кішкенекөл селосында 22 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.

Ауылдық округтердің әкімдіктерімен (Қулыкөл, Қаратерек) бірлесе отыра, аз қамтамасыз етілген, жұмыссыз азаматтардан төмен экономикалық әлеуетімен елді мекендерден (а.Береке, с.Малкара) оларды көшіру бойынша өтініш жинастырылуда .

Бүгінгі күнге үйлердің құрылысы толық көлемде

жүргізілуде. Болжаммен ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында нысандарды тапсыру жоспарлануда.

Ағымдағы жылы кәсіптік оқуға 15 адам жіберілетін болады, соның ішінде кәсіби дайындыққа 5, кадрларды қайта дайындауға 8, біліктілікті жоғарылату 2.

Ауданның жұмыс берушілерінде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін (50 – 50 бағдарламасы) 49,0 мың теңге көлемінде орташа айлық жалақысымен 25 әлеуметтік жұмыс орнын құру жоспарлануда, бюджеттен қарастырылған қаржы көлемі 24,5 мың теңге. Осы бағдарлама бойынша бөлінген қаржының жалпы көлемі 6296,0 мың теңге болып отыр.

Ағымдағы жылы әртүрлі меншік нысанындағы ауданның мекемелері мен кәсіпорындарында жастар тәжірибесі ұйымдастырылады. Жастар тәжірибесімен жоғары және орта арнаулы оқу орындарын тәмамдаған 51 түлек қамтитын болады, бір жас маманның еңбек жалақысы - 27,8 мың. Осы бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған қаржы көлемі - 9478,0 мың теңге.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша қатысушылар саны 40 адам, несиенің максималды көлемі 3,0 млн. теңге, біздің ауданымызға бөлінген несиелер қаржысы - 60,0 млн. теңге.



<< предыдущая страница   следующая страница >>