girniy.ru 1 2 3

Уәлиханов ауданының әкімі С.Ш.Тұралиновтың

«2011 жыл ішінде Уәлиханов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы»

есебі

Құрметті уәлихановтықтар!



Тағы да бір жыл тарих бетіне жазылды. 2011 жыл біз үшін жаңа жетістіктер жылы болып, баршамызға өрге басуымызға шабыт берді.

Өткен жыл үлкен саяси оқиғалармен ерекшеленді. Біздің үлкен жетістігіміз – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауда жеңіске жетуі.

VII қысқы Азия ойындары, IV Астаналық экономикалық форум, маусым айында өткен ШОС-тың мерейлі саммиті, Ислам форумы және де Ислам конференциясы ұйымы министрлерінің 38-ші Кеңесі біздің еліміз үшін айғақты да елеулі оқиғалар ретінде өшпес ізін қалдырды.

Ішкі саясаттың ең маңызды оқиғасы Республика Тәуелсіздігінің 20-жылдығына байланысты өткізілген іс-шаралар болды.

Тәуелсіздік жылдар ішінде біз ішкі және сыртқы саясат пен экономикада, әлеуметтік салада қомақты нәтижелерге жете алдық.

Ең бастысы – қазақстандықтарға лайықты өмір сүруге құқық беру. Бүгінгі күннің өзінде жалпы ішкі өнім 11 мың АҚШ долларынан артық болды, бұның өзі бірқатар еуропалық елдер көрсеткіштерінен асып отыр.

Нәтиже ретінде бүгінгі күні біздің еліміз әлемнің ең қуатты елдерінің 50-не еніп, тез дамып келе жатқан бірінші үш қатарлы әлем экономикаларына кірді.

Барлық қомақты табыстарымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тұлғасымен тікелей байланысты.

Қазақстанның көпұлтты халқы 2011 жылдың 3 сәуірінде кезекті президенттік сайлауында елімізді алға жетелеуді, Қазақстанның әрі қарай дамуы мен гүлденуін соған тапсырды.

2012 жылғы 15 қаңтарында қазақстандықтар Президентімізідің саясатын қолдай келе, «Нұр Отан» партиясына 80 пайыздан астам дауыстарын берді. Халқымыз тұрақтылық, қоғамдағы бірлік мен түсіністік, Елбасының нақты істері мен партияның бағдарламаларын бірауыздан қолдады.

Бүгінгі күні алдымыздағы ең басты міндетіміз – жетістіктерімізді нық ұстап, экономиканың барлық салаларын әрі қарай дамыту.

Қалыптасқан дәстүр бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын орындау аясында әдеттегідей атқарылған жұмыс туралы баяндай, тұрғындармен есептік кездесуден бастап отырмын.


Ағымдағы жылдың есептік кездесулері еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауымен тұспа-тұс келді.

27 қаңтардағы мемлекетіміз Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауы басқа Жолдаулардан ерекшеленіп отыр.

Жолдауда қазақстандық дамуының жаңа белестері айқындалды. Еліміздің алдында экономиканы нығайту және халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін жаңа міндеттер тұр.

Олардың орындалуы - жергілікті атқарушы органдар мен қоғамның үйлесімді жұмысына байланысты. Бізге ауқымды жұмыс істеу қажет, ең бірінші ауыл мен селодан бастау қажет.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша 2011 жыл біздің аудан үшін жемісті болды.

Мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттары Уәлиханов ауданының 2011-2015 жылдарда елді мекен аумағын дамыту Бағдарламасымен үйлестірілген.

Аудан әкімдігінің 2011 жылдың 9 ақпандағы №40 қаулысымен ауыл және селолық округі әкімдерінің атына түскен ұсыныс пен ескертулерді орындау жөнінде арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Одан 46 сұрақ бақылауға алынып, жүзеге асырылды. Аудандық газеттерде барлық деңгейдегі әкімдердің кездесуінде түскен сұрақтарды іске асыру бойынша 30 материал жарық көрді. 39 мәселе бойынша жекелеген түрде жауап берілді.


Аграрлық сектордың дамуы


Агроөнеркәсіп кешені - ауданымыздың экономикасының маңызды саласы. Оның үдемелі дамуы экспортты жаңарту мен халықты жұмыспен қамтуға негізгі басымдылықтарының бірі болып табылады.

Біздің ауданымызда ауылшаруашылық бағытта 963823 гектарлы жер болса, оның ішінде 298722 гектар жыртылған, яғни жалпы көлемнен 31%, жайылым 539804 немесе 56 пайыз, тыңайған жерлер көлемі 71372 гектар жалпы көлемнен 7 пайыз.

Аудан аумағында 30 ЖШС, 150 шаруашылық және фермерлік қожалықтар, бір элеватор, бір астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Онда екі мыңға жуық адам қамтылған.


Жылдарды ала отырып, динамикасына қарасақ, 2009 жылмен салыстырғанда ауылшаруашылық жер көлемі 2010 жылы 105469 гектарға артылды, ал 2011 жылы 128907 гектарға асып тұр. Егістік жер көлемі 43476 гектарға артылды. Аталған жер көлемі жер қорын қайта бөлу мен тыңайған жерлерді игеру есебінен ауыл шаруашылығы айналымына енгізіліп отыр.


Өсімдік шаруашылығы


2011 жылы 242,3 мың гектарлы жер көлемінде 15,0ц. өнімділігімен астықтың жиналуы 342,9 мың тонна болды.

Көктемгі-егістік жұмыстарынан бастап күздік науқанды қоса, ауылшаруашылығы жұмысының барлық түрлері уақытында және сапалы түрде атқарылды.

Себудің химиялық өңдеу жұмыстары 252,6 мың гектарлы көлемде өткізілді, бұл 2010 жылдың деңгейінен 71,5 мың га артық ( 2010 ж. – 181,1 мың га).

Облысымыздың астық қабылдау нысандары мен элеваторына 155,9 мың тонна астық тапсырылды. Одан III кластық бидай 149,2 мың тонна немесе жалпы көлемнің 95,7 %.

Мал азығын дайындау барысында мал шаруашылығымен айналысатын барлық ауылшаруашылық құрылымдар мен ауданымыздың тұрғындары шөп және жем түрімен қамтамасыз етілді. Дайындалған шөптің көлемі 31,000 мың тоннадан асады, сабан 12000 тонна (жоспар бойынша шөп -31000, сабан - 8000 тонна). Жоспардағы 45000 тоннаның орнына жиналған жемдік астықтың көлемі 70000 тонна.

2012 жылдың егініне тұқымның қажетті мөлшері құйылды, яғни 29000 тонна немесе 100%. Тексерілген 18872 тоннадан бүгінгі күнге бірінші сұрыпты тұқым 1200 болса, қазір 5600, екінші - 11,771, бұрын 11520. Бірінші мен екінші сұрыпты тұқым көлемі бүгінге 18767 тонна немесе 99,4%, 2010 жылдың деңгейімен салыстырса, 6047 тоннаға әлде 32% артық болды.

Егістікке барлығы 101,6 мың гектарлы жер көлемі дайындалды, 2010 жылы 84,1 мың гектар болған (одан сүрі жер -15,4 мың га, сүдігер - 86,2 мың га.)

134,7 мың гектарлы жер көлемінде (56%) егістік жұмыстар бүгінгі күнгі жаңа замануи импорттық техника қамтылды. Ауданда осындай жоғары өнімділігімен 68 агрегат жұмыс істейді (2010 жылы 67).


Егін орағы науқанына 330 астық жинауға комбайндар қатысты, одан 68-і жоғары өнімді комбайндар. Осындай астық жинаушы техниканың пайдалануы, егін орағы жұмысының кешенді әдісін қолдану, егін орағының жоғары түрде ұйымдастырылуы аудан диқаншыларына уақытында және де сапалы түрде 2011 жылдың егін орағын аяқтауға мүмкіндік берді.

Ауылшаруашылығы тауар өндірушілері былтырғы 2011 жылы 392 млн.теңгеге жалақы және 38 млн.теңге көлемінде жер үлестері үшін дивиденттерін төледі.

Сонымен бірге 6500 тонна картоп, 660 тонна көкөніс жиналды.

Аудан тұрғындары азық-түлік тағамдарының негізгі түрлерімен толығымен қамтамасыз етілген.

Ауылшаруашылық өнеркәсібіндегі оңтайлы алға басушылық қайта өңдеу саласы өнімінің артылыуының негізгі факторы болды.

«Узбай» шаруа қожалығы Кішкенекөл селосында диірмен орнатты, жұмыс өнімділігі күніне 16 тонна. Ұнды халыққа 1800 теңгеден, ал кебекті килограмы 30 теңгеден сатып отыр.

2012 жылы өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыру, өнімділікті арттыру, жерді ұтымды пайдалану мақсатымен мемлекеттік органдардың басшылары мен ауданымыздың ауылшаруашылығы құрылымдары басшыларына келесі іс-шараларды өткізу қажет:


1. Егістік көлем құрылымын қалпына келтіру, яғни жемдік азық, майлы дақылдар, картоп және көкөніс үшін жер көлемін арттыру.

Осыған орай «Аслан» ШФҚ-мен Бидайық ауылдық округінде Талдысай көлінің жағасында суғарудың импорттық технологиясы мен техникасын пайдалануымен 70 гектарда картоп, 10 гектарда сәбіз өсіру бойынша инновациялық жобаны енгізу арқылы жұмыс жүргізілуде. Су көлемі 2000000 куб.метрден артық. Алынатын құрал-жабдық «Гримми» фирмасы, жабдықтаушы «Агротех» фирмасы. Осы жобаның жалпы құны 157000000 теңге.

2. Қабілетсіз ауылшаруашылық құрылымдарын анықтап, оларды біріктіру арқылы ірілендеру шараларын жүргізу. Осы жылы 26 мың гектар жері 10 шаруашылықпен жұмыс жүргізу көзделіп отыр.

3. Ауылшаруашылығы техникасын жаңарту бойынша жұмысты жалғастыру қажет, әсіресе жеке ШҚ мен ЖШС. Талдау көрсеткендей, ауданда 10 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан 11 ЖШС пен 102 шаруа қожалықтары бар. Осы уақыт ішінде олар бірде-бір техника жоғары өнім шығаратын импорттық техника сатып алған емес.



Мал шаруашылығы


Ауданда мал шаруашылығын тиімді түрде дамыту, ауыл шаруашылық бағыттағы малдың басы мен мал шаруашылығы өнімдерін арттыруға мүмкіндік беретін барлық қажетті ресурстық және табиғи-климаттық жағдай бар.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтары бойынша ауданда ірі қара малдың басы 18645 болса, одан жеке аулада 18081 және де ЖШС пен шаруа қожалықтарында 564 бас. Аудан бойынша барлық малдың сәйкестендіруі өткізілді.

Өткен екі жыл салыстырғанда шаруашылықтарда мал басының өсуі 130,2 пайыз болды.

Ел басының берген тапсырмасына сәйкес ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру мен 2011-2012 жылдарға арналған СҚО мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын орындалуын бұл сала бағытталған.

Осының нәтижесінде ауылшаруашылық құрылымдарында мал басының саны 3979 бас болды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 2,7 есе артық.

Облыста жүзеге асырылып жатқан ет тұқымды малды сатып алу жөніндегі бағдарламаға 13 шаруашылық қатысып, нетижесінде 333 ірі қара мал, 83 жылқы және 28 қой сатып алынды.

Бұл мақсатқа 38 млн. несиелік ресурстар игерілді. Технология, ветеринарлық шаралардың барлық кешені қамтамасыз етілетін малдың барлық түрлерін өсіру бойынша ірі базалық шарушылықтарды құру жөнінде тиісті шаралар жүргізілді.

Жобалық қуаты 500 аналық мал басына арналған «Жолдаспай-Агро» шаруа қожалығы 130 мал басына 2012 жылы белгіленген жер учаскесінде ферма құрылысы басталады.

Қой шаруашылығын дамыту бойынша 2560 басы бар 4 ірі фермерлік шаруашылық құрылса, жылқы шаруашылығында 837 мал басы бар 5 ауыл шаруашылық кәсіпорыны құрылды.

Ірі қара малдың сәйкестендірілуі жүргізілді, жоспардың 22629 мал басы толығымен сәйкестендіріліп, бюджетке қайтарылған қаржының көлемі 1млн.775 мың теңге.

Аудан ветеринарлық кадрлармен жабдықталған, 11 селолық округтерде 11 ветеринарлық дәрігер, 9 дәрігер-лицензиат жұмыс істейді.


Ірі қара малды санын өндіру бағдарламасы бойынша 11236 бас сиырды шағылыстыру жоспарлануда, соның ішінде қолдан ұрықтандыру 1533 бас. 17 қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс істеді.

Соңғы жылдар ішінде былтырғы жылы бірінші рет сүт пен жүнді қабылдау ұйымдастырылды.


Мал шаруашылығын дамыту мақсатында 2012 жылы келесі жұмыстарды атқару қажет:

1. Ауданның ауылшаруашылығы құрылымдарындағы мал басын арттыру;

2. Асыл тұқымды малдың үлесін арттыру мақсатында ірі қара мал, қой мен жылқы санын көбейтуге бір-бір тұқымдық ферма ұйымдастыру;

- қолдан ұрықтандыру пункттерінің жұмысын жақсарту;

- басқа облыстардың тұқымдық шаруашылықтарында сатып алынған асыл тұқымды аталық малдың санын арттыру;

3. 4 ауылдық округте екі реттік инфекциядан сауықтыруға бағытталған ветеринарлы-алдын алу жұмыстарын аяқтау;

4. Ветеринарлық-санитарлық тұрғыдағы нысандарың құрылысын жалғастыру және дұрыс пайдалануын қолға алу;

Мал шаруашылығы өнімдерін жәрмеңкелерде өткізілуі үлкен септігін тигізеді. Аудан Астана қаласындағы облысымыздың мәдениет күндеріне қатысып, 3 млн.069 мың теңгеге пайда түсірді.

Петропавл қаласындағы ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің алтауына қатыстып, 2 млн.689 мың теңгеге әртүрлі өнім сатылды.

Жыл басынан бері Кішкенекөл селосында 14 млн. 522 мың теңгеге әртүрлі өнімдер сатылып, барлығы 41 жәрмеңке ұйымдастырылды.

Жыл басынан облыстық және аудандық жәрмеңкелерде 20 млн. теңгеге өнімдері сатылды. Барлық жәрмеңкелерде аудан мектеп, шаруашылық пен тұрғындардың жеке аулаларынан өнімнің сатылуын жүзеге асырды.

«Дипломмен- ауылға»


Ауылдық елді мекендерге «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге және тұруға ниет білдірген денсаулық сақтау, білім, мәдениет пен спорт, әлеуметтік қамсыздандыру саласының мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылып отыр.

Былтырғы жылы 6879,6 мың теңгеге бюджеттік несие 65 маманға төленді. Ал соңғы үш жыл ішінде 124 жас маманға 12387,69 мың теңге берілді. Жоғарыда аталған салалардың 18 маманы 23482,4 мың теңгеге пәтер ала алды.

Инвестициялар, аудан бюджеті


Барлық мәселелердің шешілуі негізінен аудан бюджеті мен оның орындалуынан байланысты.

Ауданның жергілікті атқарушы органдары, салық, қаржылық, экономикалық қызметтерімен бюджеттің кіріс бөлігін толтыру, олардың субвенциялауын азайту және салықтық әкімшіліктеу бойынша жұмыс атқарылды.

Атқарылған жұмыстың тиімділігінің көрсеткіші ретінде 2011 жылдың қорытындылары бойынша ауданның өз кірісінің нақтыланған жоспары 21975,9 мың теңгеге орындауы болды. Ауданның бюджетіне 206027,2 мың теңге есебінде өз кірісіміз жиналды, 2010 жылдың деңгейінен 48,044 млн. теңгеге немесе 30,4 % артық.

Жергілікті бюджеттің 2011 жылдың түсім жоспары 106,7% орындалды, атап айтқанда жоспардың 362414,3 мың теңгесіне 386590,7 мың түсті, артық орындалғаны - 24176,4 мың теңге. Соның ішінде:

облыстық бюджет 101,2% орындалды, яғни жоспардың 178363 мың теңгесіне түскені 180563,5 мың, асыра орындауы – 2200,5 мың;

аудандық бюджет – 111,9% орындалды, одан асыра орындалғаны 21975,9 мың, яғни жоспардың 184051,3 мың теңгеге түскені – 206027,2 мың теңге.

2010 жылмен салыстырғанда жергілікті бюджетке түсімдер 30,2% артылды немесе 89,7 миллион теңгеге, соның ішінде аудан бюджетінің өз кірістері 48,0 млн. теңгеге, ал облыстық бюджетке 41,6 млн.теңгеге артық.

2011 жылдың ішінде жергілікті бюджеттің кіріс бөлігі 53,9 млн. теңгеге нақтыланды, бұл 2010 жылдың нақтыланған қаржының көлемінен 1,8 есе артық (2010 ж. – 30,2 млн.теңге), соның ішінде аудандық бюджет 30,2 млн.теңге, облыстық бюджет - 25,8 млн.теңге.

Сонымен бірге ауылдық округтердің әкімдері салықтық базасын ұлғайту, салықтың жергілікті түрлері бойынша жұмысты жандандыруға белсенді түрде араласу қажет.


Ағымдағы жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты инвестициялар тартылды.

2011 жылы ауданның негізгі капиталына инвестиция көлемі 1 216,3 млн. теңге болды, яғни 2010 жылға қарағанда 25,8 % артық.

Негізгі капиталға инвестицияның салалық құрылымында ең көп үлес салмағы ауыл шаруашылығына тиюде – 62,6%, 761,9 млн.теңге бағытталды, 2010 жылдың деңгейіне қарағанда 15,9% артылды, өнеркәсіп – 22,4% - 272,8 млн.тенге, сонда 116,3 есе өсті.

Өмірлік іс-әрекет пен ауданның дамуын қамтамасыз етуіне 5,9 миллиард теңге жұмсалды.

Қомақты қаржы, яғни 4,2 млрд. теңге әлде 71,2% мемлекеттік бюджеттен ұсынылды, ауданның бір тұрғынына шаққанда 238,7 мың теңге болды, одан әлеуметтік салаға 2,8 млрд.теңге жіберілді, соның ішінде білім -1 млрд 3 млн.тенге, денсаулық сақтау - 441 млн.тенге, тұрғындарды әлеуметтік қорғауына республикалық бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақыларды қоса 994 млн.тенге, мәдениетті дамуына 65 миллион теңге.

Айлық жалақы, зейнет және жәрдемақылар төлемінде мемлекетіміздің әлеуметтік қолдауын ерекше атап өту қажет. Аудан бойынша 2011 жыл ішінде айлық жалақы, зейнет және жәрдемақылар есебінде 3162 млн.тенге төленді, одан 2451 млн.тенге немесе 77,5% бюджеттік қаржы. 710 млн.тенге немесе 22,5% экономиканың нақты секторының кәсіпорындары төледі.

Жыл сайын бюджеттен төленетін төлемақы көлемі артылып отыр, 2011 жылы бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы мен зейнетақы 30 пайызға, ағымдағы жылы әлеуметттк төлемдер 9 пайызға артылды.

Мемлекетіміз экономиканың нақты секторының кәсіпорындарына қомақты көмек көрсетуде, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жеңілдікті салық салумен қатар (салықтың 7 түрі бойынша бюджетке 70% төлемдер азайтылды) субсидиялар төленуде және де төмен пайыздық мөлшерлеме бойынша несиелер ұсынылуда.

2011 жыл ішінде экономиканың нақты секторының кәсіпорындарына қаражаттандыру арқылы 356,4 млн.тенгеге өндірістік шығындар өтелді, одан 254,4 млн. тенге көлеміндегі субсидиялар ауылшаруашылық құрылымдарына төленді, 102 млн.тенге аудан тұрғындары үшін су құнын арзандатуына бағытталды.


Осының нәтижесінде ауыл шаруашылық құрылымдарының 15% материалдық шығындары өтелсе, су тұтынушыларға су құны 90%, яғни 350 теңгеден 40 тенгеге дейін азайтылды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 15 қарызгер 29,3 млн.тенге көлемінде несие алды, шағын кәсіпкерліктің 4 субъектісінде қызмет түрі кеңейетін болады.

Ауданда жаңа объектілер құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 212,8 млн.теңге берілді.


Шағын және орта бизнестің дамуы


Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, көбінесе, кәсіпкерліктің дамуымен қалыптасады.



следующая страница >>