https://electroinfo.net

girniy.ru 1


2010 жылғы ақпандағы

Қазақстан Республикасындағы инфляция деңгейі

2010 жылғы қаңтарда тұтыну бағасының индексі өткен аймен салыстырғанда 100,9% құрады, оның ішінде: азық-түлік тауарларының баға индексі – 101,3%, азық-түлік емес тауарларының бағасы – 100,4% және ақылы қызметтер – 100,7%.

2010 жылдың ақпандағы инфляция деңгейі

өткен айға қарағанда %-бен



Ағымдағы жылдың ақпанында 2009 жылдың желтоқсанына қарағанда азық-түлік тауарларында жемістер мен көкіністер – 4,4%, сүт – 2.3%, мал майы – 1,9% бағасында едәуір өсуі байқалды. Бидай ұны – 0,6%, күріш – 1,1%, нан – 0,3%, жарма мен макароны 0,2% бағасында төмендеуі орын алды.

Азық-түлік емес тауарлары тобында едәуір деңгейде дәрі-дәрмектер – 1,4%-ға, дизельдік отын – 0,6%-ға, киім және аяқ киім – 0,4%-ға, үй тұрмысына қажетті заттар – 0,3%-ға қымбаттаған. Бензин 0,1%-ға арзандаған.

Ақылы қызметтер құрамында суық су – 9,7%, электр энергиясы – 2,3%, ыстық су – 1,1%, қонақ үй қызметі – 1,1% бағасы едәуір деңгейде өскен. Сонымен қатар, пәтерді жалғау 0,3%-ға, суық су және канализация – 0,2% бағасы едәуір деңгейде төмендеді.

2010 жылғы ақпандағы инфляция деңгейі

және ТБИ-ды құрайтын бағаның өсуі

өткен жылдың желтоқсанына қарағанда пайызбен




2010 жылғы ақпанда инфляция деңгейінің орташажылдық көрсеткіші өткен 2009 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 7,4%-ды құрады және 1,3 пайыздық көрсеткішке төмендеді.

Азық-түлік тауарларының бағасы 4,3%-ға жоғарылады (2009 жылдың сәйкес кезеңінде 9,0%), азық-түлік емес тауарлары – 8,7% (5,2%) және ақылы қызметтер – 10,3% (11,8%).

Тұтыну тауарлары мен қызметтерге баға өзгеруі,


өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен, өсуі




Өңірлік бөлігінде 2010 жылғы ақпанда 2009 жылдың желтоқсанына қарағанда инфляцияның едәуір деңгейі көтерілген көрсеткіші Ақмола (103,3%), Атырау (103,1%), Павлодар (103,3%), Ақтөбе (102,6%) және Жамбыл (102,5%) облыстарында қалыптасты.