girniy.ru 1
ЖОО ректорларына, ғылыми және тәжірибеден өтуші қызметкерлерге



Ақпараттық хат


1. Қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық-атқару құқығы, қылмыстық іс жүргізу және құқық қорғау органдары мәселелері бойынша отандық және шетел ғалымдарының, сондай-ақ тәжірибеден өтушілер еңбектерінің библиографиясы дайындалуда.

Библиографияға 1991-2009 жылдар арасында жарық көрген еңбектер енгізіледі. Басылым жоғары заң оқу орындарының, оның ішінде ҚазҰУ-дың заң факультетінің оқу жоспарына бағытталған ғылыми қызметкерлеріне және тәжірибеден өтуші заңгерлерге арналатын болады. Анықтама ғылыми қызметкерлер мен тәжірибеден өтуші заңгерлерге қылмыстық-құқықтық көзқарастарды қалыптастыруда, қылмыстық-құқықтық тәуекелділіктерді бағалауда көмекші құрал бола алады, сондай-ақ студенттер семинарлар мен тәжірибелік жұмыстарға дайындалуда, реферат, бақылау, курстық және диплом жұмыстарын жазуда, қылмыстық құқық бойынша кандидаттық минимум тапсыруда және кандидаттық, докторлық диссертациялар жазуда қолдана алады.

Сіздерден көрсетілген кезеңде (1991-2009жж.) жарық көрген еңбектеріңіз туралы тізім үлгісіндегі ақпараттарды ұсынуыңызды сұраймыз.

2. Сондай-ақ, «Қазақстан заңгерлері» («Юристы Казахстана») атты мамандандырылған кітап басып шығару жоспарлануда.

Мына салалар бойынша:


  1. Ғылымда

  2. Тәжірибеде


  3. Әкімшілік-мемлекеттік қызметте

  4. Саяси қызметте

  5. Құқық қорғау және сот органдарында

Қазіргі уақытта осы жинақтың жазылуы үшін мәліметтер жиналуда. Мәліметтеріңізді толық ғылыми-шығармашылық және тәжірибелік биография түрінде ұсынуларыңызды сұраймыз.

Мәліметтер жинауды төмендегідей құрамдағы қызметтік топ жүзеге асырады:
  1. Қызметтік топтың жетекшісі: з.ғ.д., профессор Алауханов Е.О.
    Ұялы тел.: 87011118828, e-mail:doctor.u@mail.ru, Esbergen@kaznu.kz


  2. З.ғ.д., профессор Жансараева Р.Е. 87772867777

  3. З.ғ.д., профессор Рустемова Г.Р. 87011118828

  4. З.ғ.к., доцент Нұрмұханбет Д.Ы. 87017398149, e-mail: 888.kz@mail.ru

  5. Аға оқытушы Рысқалиев Д.У. 87011470807

  6. Аға оқытушы Байсалов А.Ж. 87017662681, e-mail: aimana_m@mail.ru

  7. Аға оқытушы Маликова Ш.Б. 87017887876

  8. Аға оқытушы Алимкулов Е.Т. 87017140181

  9. Қызметтік топтың хатшысы Нұғыманова Б.А. 87011888354, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті, № 417 бөлме, тел.: 470246 (ішкі: 1242).