girniy.ru 1
Туристік қызмет көрсету шарты


Алматы каласы « » 20 ж.


«Khan-Turan Travel» ЖШС атынан жарғы негізіне және 14.11.2009 жылы № ТО-108 0134026 берген лицензия негізінде әрекет етуші директор Ахметова Мунирам Касымовна, әрі қарай «Орындаушы» деп аталып, бір тараптан, және , жеке куәлігінің нөмірі № жылдан әрі қарай «Тұтынушы» деп аталып, екінші тараптан, әрі қарай Тараптартар деп аталып, төмендегі келісімі ( Шарт) жасады:


1. Шарттың мәні

1. Орындаушы Тұтынушының тұтынуын оның саяхат жасау кезінде және осы саяхатпен байланысты, осы Шартта қарастырылған көлемде және талаптарды қанағаттандыру үшін қажетті туристік қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.

2. Орындаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі қолданыстағы « Namad Insurance» АҚ-мен 2014 жылдың 19 шелде № ОГПОТ 000534 туроператордың міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілігі шартына сәйкес сақтандырылған.

3. Тұтынушының отбасы туралы деректері:

4. Іске асырылатын туристік өнімге қатысты Тұтынушыға ұсынылатын ақпарат (саяхаттың бағдараласы мен маршрутының сипаттамасы, саяхаттың басталатын және аяқталатын күні және уақыты, тасымалдау бойынша қызметтер және басқалар), осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын № 1 Қосымшада көрсетілген.


2. Жүкті баратын жерге жеткізу шарттары және тұтынушының жүгін жеткізумен байланысты басқа шарттар


1. Тұтынушының жүгін баратын жеріне жеткізу жүкті жеткізу (тасымалдау) туралы Тасымалдаушының нормативтік актілері мен ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Осы шарт бойынша Тасымалдаушы болып Тұтынушыны және оның жүгін тасымалдау бойынша қызмет көрсететін тиісті субъект (авиакомпания және басқа да көлік ұйымдары) мойындалады. Тұтынушы мен Орындаушы жүкті тасымалдау кезінде оның сақталуына жауапкершілік Тасымалдаушыда болатынына келіседі.

2. Тұтынушы мен Орындаушы баратын жердегі жүктің сақталуына жауапкершілік Орындаушыда және туристерді орналастыратын жерлердің иесі болып табылатын тиісті субъектілерде (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжай үйлер, демалыс үйлері, пансионаттар және туристер тұруға және оларға қызмет көрсетуге пайдаланылатын ғимараттар мен имараттар) болатынына келіседі..


3. Тұтынушының жүгінің жоғалу, бүліну тәуекелі, осындай жүк Тұтынушының өзінде болғанда, соңғыда болады. Тұтынушы өзінің жүгіне мұқият қарауға міндеттенеді және оның жоғалуына, бүлінуіне ұрлануына және т.б. ықпал ететін жағдайларды жасамауға міндеттенеді.

4. Жүктің құрылымына сақтауға және тасымалдауға тыйым салынған заттар болғанда, сонымен қатар сақталуы мен тасымалдануына арнайы ережелер белгіленген заттар кіргенде Тұтынушы осындай заттарды өз бетінше сақтау, ие болу немесе өкімдік етуге жауапты болады.


3. Бағасы және оны төлеу тәртібі


1. Осы шарт бойынша қызмет көрсету құны теңгені құрайды.

2. Турдың құрамына кіретін қызметтерді алғанда, Орындаушы Тұтынушыға туристік ваучер береді (және/немесе туристік жолдама). Орындаушы Тұтынушының келісімінсіз қосымша ақылы қызметтер көрсетпейді. Тұтынушы ондай қызметтерге ақы төлеуден бас тарта алады, ал егер оларға ақы төленген болса, Орындаушы төленген соманың қайтарылуын қамтамасыз етеді.

3. Шартқа қол қойылғанда Тұтынушы тур үшін 100% төлемді төлеуге не Шарттың 3.1. тармағында көрсетілген құнның минимум 40% көлемін алдын ала төлеуіне құқылы болады.

4. Тұтынушы Орындаушыға турдың құнының төлемін Шартқа қол қойылғаннан бастап 3 күн ішінде толық көлемде жүргізеді. Шарттың осы тармағы бұзылған жағдайда, Орындаушы Шарт бойынша қызмет көрсету үшін төлемнің коммерциялық бағамын өзгертуге құқылы болады. Тұтынушы төлеуге тиісті турдың құнын туризм жөніндегі менеджер анықтайды. Егер менеджер бағаны көрсеткен кезде қателік жіберген жағдайда, Орындаушының ресми жарияланған прайс-парақтарындағы көрсетілген баға дұрыс баға болып есептеледі.

5. Орындаушы ауысымдағы көлік тарифтерінің, авиациялық отынның бағасының, консулдық (елшілік) жинаулардың, салықтардың, отель бағаларының тұрақтылығына кепілдік бере алмайды. Тарифтер көтерілгенде Орындаушы Шарт бойынша қызметтер құнын, жол жүруге 5 күн қалғанға дейін кешіктірмей Тұтынушыға ол туралы ескертіп барып өзгертуге құқылы. Тұтынушы қосымша ақы төлеуден бас тартқан жағдайда, осы шарт бойынша Орындаушының Тұтынушыдан алынған сомасы турды ресімдеу бойынша Орындаушының нақты шығарған шығындарын ұстап қалып қайтарылады. Осы жағдайда турдың бұрынғы брондалуын растауға төлем бойынша міндеттердің орындалмауына байланысты кепілдік берілмейді.



4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері


1. Саяхатқа дайындалғанда, оны жасағанда, транзитті қоса алғанда Тұтынушының құқықтары:

- өзінің жеке қауіпсіздігі немесе мүлкіне қол сұғылған жағдайда консулдыққа, дипломатиялық, басқа мемлекеттік, сонымен қатар туристік өкілдіктерге өтініш жасауға;

- уақытша баратын елінің (жердің) ережелері туралы, сонымен қатар уақытша болған елден (жерден) кету және онда болу ережелерін, уақытша болатын елдің (жердің) заңнамаларының ерекшеліктері туралы, жергілікті халықтың салттары туралы, діни салттары, табиғат ескерткіштері, тарихы, мәдениеті мен айрықша қорғаудағы басқа да туристік көрсету нысандары, қоршаған ортасының жағдайы туралы қажетті және нақты ақпаратты білуге;

- еркін қозғалуға, уақытша болатын елдің (жердің) шектеулі шараларын ескере отырып, туристік ресурстарға еркін қол жеткізуге;

- туристік қызмет көрсету шартының талаптары орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Орындаушыдан, шығындар мен рухани зияндық келтіргені үшін өтем алуға;

- Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған талаптарда және тәртіпте Орындаушы Шартты орындамаған және тиісті түрде орындамаған жағдайда Шартты бұзуға;

- Шартты орындаудан бас тартқаны туралы хабарламаға дейін көрсеткен қызметі үшін нақты кеткен шығындарын Орындаушыға төлеген жағдайда, Саяхат басталғанға дейін Шартты орындаудан бас тартуға;

- жазып берілген сақтандыру полисіне сәйкес жедел медициналық көмек алуға;

- Қазақстан Республикасы мемлекеттік өкімет органдарының шетелдік туристерге құқықтық және басқалай көмек түрлерін алуына жәрдем беруіне;

- қолдағы бар байланыс құралдарына еш кедергісіз қол жеткізуге.


2. Тұтынушының міндеттері:

- уақытында және толық көлемде Орындаушыға құжаттарды беру және өзі туралы саяхатты ұйымдастыру үшін қажетті нақты шын мәліметтерді хабарлау, сондай-ақ Орындаушы қызметін осы Шартта белгіленген тәртіпте толық көлемде төлеу;


- уақытша болатын елдің (жердің) заңнамасын сақтау;

- уақытша болатын елдің (жердің) қоршаған ортасын сақтау, табиғат ескерткіштеріне, тарихына және мәдениетіне қамқорлықпен қарау;

- уақытша болатын елге (орынға) кіру және онда болу, сондай-ақ уақытша болатын елден (жерден) кету және транзитпен өту елдерінің ережелерін сақтау;

- саяхат кезінде өз басының қауіпсіздігін сақтау;

- турситердің қауіпсіздік талаптарынан тұратын Турист Жадынамасындағы айтылған талаптармен танысу және оларды сөзсіз орындау және Тұтынушы саяхатты жүзеге асырғанда өзін ұстаудың басқа ережелерін сақтау. Жадынамадағы көрсетілген шарттармен Тұтынушы келіспеген жағдайда, осы Шарт жасалмаған болып саналады және Орындаушы үшін ешқандай міндеттер жүктемейді. Көрсетілген жадынамамен Тұтынушының келіспеуі осы Шартты орындаудан бас тарту болып саналады және 5.4. тармағында қарастырылған залалдарға әкеледі;

- осы Шартқа қол қойылған сәтте тиісті сақтандыру компаниясымен маршрутта болған уақытта медициналық сақтандыру шартын жасау;

- кететін әуежайға тіркелуге уақытында келу (халықаралық рейстерге тіркеу авиабилеттегі көрсетілген ұшу уақытына дейін 3 сағат бұрын басталады);

Әуе кемесінің бортында болғанда, қауіпсіз ұшуды қамтамасыз ету мақсатында Тұтынушы экипаждың (бортжолсеріктердің) талаптарын орындауға міндетті.

Уақытша болатын елге (жерге) саяхат жасауды көздеген Тұтынушы халықаралық медико-санитарлық ережелерге сәйкес профилактикадан өтуге міндетті. Басқа міндеттер - уақытша болатын елдің (жердің) заңнамасымен анықталады.

3. Орындаушы Шартты орындаудан, ол Тұтынушының кінәсінен болған жағдайдан басқа жағдайларда, тек Шартты бұзумен келтірілген залалдарды тапсырыс берушіге толығымен өтеген жағдайда ғана бас тартуға құқылы болады.


3
. Орындаушының міндеттері:

- осы Шарт бойынша тиісті түрде, сапалы және мерзімінде қызмет көрсету;

- Тұтынушыға туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсететін нақты үшінші тұлғалар туралы анық ақпарат беру, сондай-ақ тікелей турлар және олардың құны туралы, турларды ұйымдастыру және өткізу туралы шарттары туралы, шығу құжаттарын ресімдеу тәртіптері мен мерзімдері туралы ақпарат беру;

- Тұтынушыға туристің қауіпсіздік шараларынан тұратын туристің Жадынамасын қол қойғызып алып, және турист саяхатты жүзеге асырғанда өзін-өзі ұстаудың басқа ережелерімен таныстыру және оларды беру;

- Тұтынушыға саяқат жасау үшін қажетті құжаттарды ресімдеуде жәрдем беру (авиабилеттер, туристік ваучерлер, сақтандыру полистері және т.б.), қосымша қызметтердің құнын Орындаушы анықтайды;

- Тұтынушының баратын жерге (баратын елдегі әуежай-отель-әуежай трансфері) шығарып салуды, күтіп алуды, жөнелтуді қамтамасыз ету;

- көліктің кез келген түрінде жолаушыларды тасымалдағанда, Тұтынушыға жөнелту және баратын жердің аттары, жолаушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері көрсетілген, жеке немесе топтық (туристік топқа қызмет көрсеткенде) тасымалдау билетін (билет) беру;

Саяхат басталғанға дейін үш күнде Тұтынушыға уақытша болатын елге (жерге) барудың, одан шығудың және онда болудың ережелері туралы, ол елдің заңнамаларының ерекшеліктері туралы, жергілікті халықтың салттары туралы, діни салттары, табиғат ескерткіштері, тарихы, мәдениеті мен айрықша қорғаудағы басқа да туристік көрсету нысандары, қоршаған ортасының жағдайы туралы қажетті және анық ақпараттан тұратын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтерді, сондай-ақ саяхат жасағанда кездесуі мүмкін қауіптер туралы жазбаша түрде мағлұмат береді және Тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын ала ескерту шараларын жүзеге асырады;

- Саяхат кезінде Тұтынушының төтенше жағдайға тап болғаны туралы туристік қызмет саласындағы уәкілетті органға және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ Тұтынушының отбасына осы хабар туралы өздері болған сәттен бастап немесе білуі тиіс сәттен бастап тез арада хабарлайды. Егер төтенше жағдай шетелдік туристермен Қазақстан Республикасының аумағында болса немесе Қазақстан Республикасының азаматтары-туристермен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде болса, Орындаушы дипломатиялық қызмет органдарына да хабарлайды.


- Тұтынушы Қызмет көрсету бағдарламасының орындалуына қанағаттанбағанда, одан наразылық өтініш алады және оны берілген күнінен бастап 30-күндік мерзімде қарайды;

5. Айрықша жағдайларда турға кіретін қызметтерді соған тең қызметтерге алмастыруға құқылы болады.

5. Тараптардың жауапкершілігі

1. Тараптар осы шартпен қабылданған міндеттемелердің орындалмағаны, не тиісті түрде орындалмағаны үшін, кінәсі (ойы немесе мұқият болмауы) бар болғанда, жауапкершілікте болады. Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны, не тиісті түрде орындалмағаны үшін кінәсінің болмауы ҚР заңнамасына сәйкес міндеттемелерді бұзған тараппен дәлелденеді.

2. Тұтынушы Орындаушыға берген мәліметтерінің дұрыстығы үшін жауапкершілікте болады. Шындыққа жанаспайтын мәліметтерді берген жағдайда, не бұрмаланған, толық емес мәліметтер бергенде, не осындай мәліметтерді уақытында бермегенде Орындаушы Тұтынушының осындай әрекеттерінің нәтижесінде болған негативті салдарларға жауапкершілікті мойнына алмайды. Атап айтқанда, визаны ресімдеуді талап етпейтін, алыс шетел еліне кіргенде, шетелдік төлқұжаттың мерзімі болған елден кеткен уақыттан бастап кемінде 6 ай болуы тиіс, сондай-ақ шекаралық қызмет кәмелетке толмаған балалардың шығуы үшін қажетті ілеспе құжаттарды беруі тиіс.

3. Шарттың талаптарына басқа елге келгенде не жүру маршруты бойынша туристік қызмет сапасы мен (немесе) көлемі сәйкес келмегенде, Орындаушы шарттың талаптарының тиісті түрде орындалмағаны үшін жауапкершілікте болады.

4. Егер заңнамалық актілермен немесе өтелетін қызмет көрсету Шартымен басқаша жағдай қарастырылмаса, Тұтынушының кінәсі бойынша туындаған жағдайға байланысты, Шартты орындау мүмкін болмаған жағдайда, қызмет толық төленуге тиіс.

5. Орындаушы жолаушыларды көліктің кез келген түрімен тасымалдағанда, Тұтынушыға жөнелту және баратын жерінің аттары, жолаушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері көрсетілген жеке немесе топтық (туристік топқа қызмет көрсеткенде) тасымалдау құжатын (билетін) беруге міндетті.


6. Өлшеуге берілмеген жүкті тасымалдау және сақтау үшін жауапкершілік Тұтынушыға жүктеледі. Егер Орындаушы билет, жүк түбіршегін немесе тасымалдауға алынған жүкке жүк құжатын берсе, бірақ олар қате ресімделген немесе жоғалған болса, немесе оларды қандай да бір басқа себептермен көрсету мүмкін болмаса, Тасымалдау шарты күшінде қалады.

7. Орындаушы Тұтынушы саяхатта болған кездегі адамның күші жетпейтін әрекеттердің салдарынан көрген залалдары үшін жауапкершілікте болмайды.

8. Әрбір тарап Шартты жасағанда ескерілген жағдайлардың маңызды түрде өзгеруімен байланысты Шартты өзгертуді немесе бұзуды талап етуге құқылы болады. Жағдайлардың маңызды өзгерістеріне жататындар:

1) саяхаттаудың талаптараның нашарлауы, саяхат мерзімінің өзгеруі;

2) көлік тарифтерінің күтпеген жерден өсуі;

3) қолданыстағы салықтар мен жинаулардың және бюджетке төлейтін басқа да міндетті төлемдердің жаңа мөлшерлемесінің енгізілуі немесе өсуі;

4) тараптардың келісімі бойынша анықталған басқа да негіздемелер.

9. осы Шартта қарастырылмаған тараптардың жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасы аумағындағы қолданыстағы азаматтық заңнамалар нормаларымен сәйкес қолданылады.

10. БАЭ, Сейшеллге, Маврикий, Мальдивалар, Шенген одағы елдеріне, Кариб бассейні елдеріне турпакетті ресемдегенде және брондағанда, төлем міндетті түрде 100% көлемде төленеді. Тапсырыс берілген турдан бас тартқан жағдайда, Тұтынушы Орындаушыға турпакет құнынан 100% айыппұл төлейді.

11. Тұтынушы тапсырыс берілген авиабилеттен және (немесе) турпакеттен бас тартқан жағдайда, берілген шотқа сәйкес, Тұтынушы Орындаушыға мынандай көлемде айыппұл төлейді:


Реттік №

Чартерлі авиарейске тапсырыс берілген авиабилеттен Туристің бас тарту сәті


Ақшалай ұсталымның көлемі

1.

Тур басталғанша 30-дан 20 күнтізбелік күнге дейін

Авиабилет құнынан 50 %

2.

Тур басталғанша 20-дан 15 күнтізбелік күнге дейін

Авиабилет құнынан 70 %

3.

Тур басталғанша 15 күнтізбелік күнен аз қалса

Авиабилет құнынан 100 %




Реттік №

Тапсырыс берілген турданТуристің бас тарту сәті (чартерлі және тұрақты рейстермен авиатасымалдау)

Ақшалай ұсталымның көлемі

1.

Тур басталғанша 30-дан 20 күнтізбелік күнге дейін

Авиабилет құнынан 30 %

2.

Тур басталғанша 20-дан 15 күнтізбелік күнге дейін

Авиабилет құнынан 50 %

3.

Тур басталғанша 15 күнтізбелік күннен аз қалса

Авиабилет құнынан 100 %

12. «Жоғарғы ауысымға» келетін жол жүру уақытында тапсырыс берілген авиабилеттен және (немесе) турпакеттен Тұтынушы бас тартқан жағдайда, соңғысы Орындаушыға турпакет құнынан 100 % айыппұл төлейді. «Жоғарғы ауысым» деген түсінік болып: Жаңа жылдық мерекелер, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз, мамыр мерекелері, оқушылардың күздік каникулдары және с.с. саналады. Тұтынушының тапсырыс берілген турдан бас тарту сәті болып оның осындай бас тарту туралы Орындаушыға жазбаша ескерткен күні саналады. Турдың басталған сәті болып баратын жерге жөнелтілген (ұшырылған) күн саналады. Тұтынушы тапсырыс берілген тұрақты рейс авиабилетінен бас тартқан жағдайда, Авиатасымалдаушының Ережесіне сәйкес айыппұл шарасы қолданылады.


13. Орындаушының Тұтынушының алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі, соңғысы кәсіби қызметті жүзеге асырған кезде, Туроператордың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру Шартына сәйкес, Сақтандыру ұйымының ақшалай қаражаты есебінен жабылады. Тұтынушының құқықтары мен заңды мүддесін қорғау бойынша осы шара Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының нормаларын орындау мақсатында орнатылады.

14. Орындаушы осы Шартты орындаудан, Тұтынушының кінәсі бойынша болған жағдайдан басқа жағдайда, тек Шартты бұзумен болған залалдарды Тұтынушыға толық төлеген жағдайда ғана бас тартуға құқылы болады.

15. Тұтынушының кінәсі бойынша, оның құқық бұзушылық әрекеттерді жасауы салдарынан туындаған депортация жағдайында, соңғысы Орындаушыға келтірген залалдарды толық көлемде өтеуге міндетті.

16. Тұтынушы болатын елдегі туристік қызмет көрсетулерге (тұру, трансфер, экскурсия және т.б.) ақыны өз бетінше төлеген жағдайда, Орындаушы жауапкершілікте болмайды.

17. Орындаушы Туроператордың бақылау аясынан тыс мынандай себептер бойынша болған турды кері қайтару, кейінге қалдыру немесе өзгерту үшін жауапкершілікте болмайды: апат жағдайлары, әскери іс-қимыл қаупі, көтерілістер, экономикалық сипаттағы тәртіпсіздік, ереуілдер, лаңкестік актілер, ұшақтардың техникалық бұзылуы және зақымдалуы, әуежайлардың жабылуы, баратын елдегі мемлекеттік органдардың әрекеттері, заңнаманың өзгеруі.

18. Орындаушы Тұтынушыны және оның жүгін тасымалдаумен (тасумен) байланысты (рейстің кері қайтарылуы, көлік құралын берудің кешігуі, маршрутты амалсыздан өзгерту және т.б.) міндеттемелер бойынша Тұтынушы үшін жауапкершілікте болмайды.

19. Орындаушы баратын жерге (баратын елге) кіру үшін қажетті тиісті визаны бермеу және/немесе беруді кешіктіру үшін, егер осы жағдайлар Орындаушыға байланысты емес жағдайлармен туындаған болса, жауапкершілікте болмайды.

20. Орындаушы Тұтынушының шетелдік төлқұжатты немесе шығу визасын алмауы үшін, егер оларды беруден бас тарту ҚР ІІД органдарындағы немесе елшіліктегі (консулдықтағы) Тұтынушы туралы жағымсыз ақпараттың бар болуымен, сонымен қатар визаны беру туралы мерзімнің дипломатиялық өкілеттіктердің өтініштерді қарауының ресми жарияланған мерзіміне қайшы ұзартылғаны үшін жауапкершілікте болмайды.


21. Орындаушы Тұтынушының басқа фирмаларда, не барған елінің аумағында тапсырыс берген қосымша қызметінің сапасы үшін жауапкершілікте болмайды. Тұтынушының бастамашылығы бойынша сұраныста болмаған жоспарлы қызметтер өтелмейді. Тұтынушы өзінің кінәсі бойынша топтан қалып қойғанда, осымен байланысты шыққан барлық шығындар оның өзінің есебінен болады.

22. Егер Тұтынушының барған елде білмегендіктен және қасақана жасаған әрекеттері қабылдаған тарапқа залал келтірсе, соңғысы Тұтынушыдан оны толық көлемде өтеуді талап етуге құқылы болады.

23. Егер Тұтынушы әуе кемесінің бортында болған кезде, жолаушыларға және экипаж мүшелеріне қолайсыз жағдай туғызатын, жан-жағындағылар үшін жағымсыз әрекеттер жасайтын болса, және экипаждың бірінші талаптарын орындамаса, онда осындай әрекеттер ұшуға қауіп туғызған ретінде бағаланады. Бұл жағдайда экипаж Тұтынушыны әуе кемесінің бортынан түсіру үшін жоспардан тыс қонуға дейінгі алдын алу шараларын қолдануға құқылы болады, онда жоспардан тыс қону бойынша және осы шығыннан туындаған басқа зардаптардың шығындарын Тұтынушы төлейді.

6. Қорытынды ережелер.

1. Осы Шартқа енгізілетін барлық толықтырулар мен өзгертулер жазбаша жасалуы тиіс және екі тарап та қолдарын қоюлары тиіс.

2. Осы Шарт заңды күші бірдей орыс және мемлекеттік тілдерде екі данада жасалды.

3. Осы Шарт күшіне оған қол қойылған сәттен бастап кіреді және тараптардың қабылдаған міндеттемелерін орындағанға дейін әрекет етеді. Міндетті талап болып табылатын осы Шарттың әр бетіне Тараптар қолдарын қояды.

4. Осы Шартқа мынандай құжаттар қоса беріледі:

1) турист жадынамасы;

2) туристік жолдама (немесе ваучер);

3) төлем туралы түбіршек;

4) авиабилет;

5) сақтандыру полисі;

6) іске асырылатын туристік өнімге қатысты Тұтынушыға ұсынылатын ақпараттан тұратын №1 Қосымша.


7. Дауларды шешу


1. Осы Шарттан туындайтын барлық келіспеушіліктер мен даулар келіссөздер жолымен шешіледі. Компромисске қол жеткізілмеген жағдайда, даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

2. Тұтынушыда осы Шартта белгіленген ұсынылған туристік өнімге қатысы ескертулер пайда болған жағдайда, Тұтынушы Орындаушыға наразылықтарды жазбаша нысанда және қабылдаған тараптың куәландырған, келген жерде Тұтынушының наразылығы туындаған себептерді жоюдың мүмкін еместігі туралы берген қарарымен қоса, саяхаттан келгеннен кейін 30 күннен кешіктірмей беруге міндетті.


8, Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері


Туроператор:

Турист:


Қазақстан Республикасы

Алматы қаласы,

Абай даңғылы, 68/70

СТН 600400607372

Е/ш 691070558,

«Еуразиялык банк» АҚ

Алматы қаласындағы филиалы 6

e-mail: khanturan@mail.ru

Тел.: (7272) 37533544

Директор


__________________

Ахметова М.К.

М.О.




(Қолы)

Уақыты __________________





Ұсынылатын қызметтердің тізімі мен сапасы


Жол жүретін уақыты:

Визалық қызмет көрсету :

Туристер саны:

Ел :

Қала:


Отельде болу мерзімі бастап,

Трансфер:

Ел:

Қала:


Отель Санаты Нөмірдің тұрпаты Тағамы


Авиа ұшу:


Жегілікті уақыт

Турист __________________ Туроператор__________________