girniy.ru 1 2 ... 6 7




№ исх: 1275 от: 05.12.2014

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ


ҮКІМЕТІНІҢ


ҚАУЛЫСЫ



ПОСТАНОВЛЕНИЕ


ПРАВИТЕЛЬСТВА


РЕСПУБЛИКИ



КАЗАХСТАН




201 жылғы Астана, Үкімет Үйі от « » 201 года







данасы экз. №




Қазақстан Республикасының газ секторын дамытудың

2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының газ секторын дамытудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасы (бұдан әрi – Тұжырымдама) бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдары Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов




№ исх: 1275 от: 05.12.2014

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген


Қазақстан Республикасының газ секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы


Кіріспе


Қазіргі уақытта байқалып отырған әлемдік энергия жеткізгіштер нарығының құбылмалылығы жоғары жағдайларда көптеген мемлекеттер мен ірі трансұлттық мұнай-газ компаниялары өздерінің болашақ дамуының негізгі бағдарын жасау үшін әлемдік экономиканың көмірсутек ресурстарына қажеттіліктерінің жаһандық даму сценарийлеріне айтарлықтай көңіл бөлуде.

Қазақстанда Мемлекет басшысының басшылығымен «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты елді дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы әзірленді және табысты іске асырылуда, онда елді орнықты дамытудың маңызды басымдығының бірі ретінде экономика салаларының табыстылық, инвестиция қайтарымы және бәсекеге қабілеттілік қағидаттарында дамуындағы түгел қамтитын экономикалық прагматизм айқындалған, оның ішінде елдің газ ресурстарын және тұтастай газ саласын басқарудың ағымдағы жүйесін қайта қарауды тұспалдайды.

Осы Тұжырымдама 2030 жылға дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасының газ секторын кезең-кезеңімен реформалау және кешенді дамыту пайымы мен негізгі тәсілдерін айқындайды.

1. Газ секторын дамыту пайымы




1. Газ секторының ағымдағы жағдайын және даму үрдістерін талдау

Ресурстық база


Қазақстан Республикасының Қор жөніндегі мемлекеттік комиссиясы алынатын газ қорын – 3,9 трлн. м3, оның ішінде ілеспе газ – 2,6 трлн. м3 және табиғи (бос) газ – 1,3 трлн. м3 деңгейінде бекіткен.

Сонымен қатар салалық ақпараттың әлемдік танылған дереккөздерінің бірі – British Petroleum компаниясының деректері бойынша Қазақстандағы газ қоры 1,3 трлн. м3 құрайды, ол республикаға осы көрсеткіш бойынша әлемде

22-орынға және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі − ТМД) елдері арасында Ресей мен Түрікменстаннан кейін 3-орынға ие болуға мүмкіндік береді. Көрсеткіштердің мұндай сәйкессіздігі Қазақстан Республикасының газ қорларындағы ілеспе мұнай газының жоғары үлесіне, республика жуық арада халықаралық стандарттарға ауыстыруды жүзеге асыруды жоспарлап отырған қорларды есептеу әдістемелеріндегі айырмашылықтарға да байланысты.

Газдың бүкіл барланған қорының 98 % жуығы Қазақстанның батысында, бұл ретте 87 % – ірі мұнай-газ (Теңіз, Қашаған, Королевское, Жаңажол) және мұнай-газ конденсаты (Қарашығанақ, Имашев) кен орындарында шоғырланған.


1-сурет. Кен орындары бойынша алынатын газ қорын бөлу, %


Қарашығанақ

Теңіз

Имашев

Жаңажол

Қашаған

Басқа

13%


Дереккөз: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі


Қазақстан Республикасының ірі кен орындары көмірсетукті үлкен тереңдіктен (5 мың метрден астам) алудың күрделілігімен, газ құрамы көп құрамдауыштарының көп болуымен (салыстырмалы түрде метан үлесі аз) және құрамында күкірт сутекті қосылыстардың көп болуымен сипатталады. Кен тереңдігі үлкен емес және құрамындағы күкірт қосылыстары аз қолданыстағы газ кен орындары газ қорының көп болмауымен сипатталады және олардың жергілікті аумақты газдандыру үшін жергілікті маңызы бар.

2000 – 2012 жылдар ішінде газ қорының өсімі Қазақстан бойынша
126,6 млрд. м3, ал көрсетілген кезең ішінде газды жинақтап өндіру
342,2 млрд. м3 (қабатқа қайта жіберілген шикі газдың көлемін ескере отырып) құрады. Осылайша, республиканың газ бойынша минералдық-шикізаттық базасының орнын толтыру 38 % аспайтын жеткіліксіз деңгейде.

2-сурет. Газ өндіру және оның қорының өсімі арақатынасының серпіні, млрд. м3



Өндіру көлемі

Қорлардың өсімі


Дереккөз: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі


Әлемнің бұрыннан келе жатқан мұнай-газ өндіруші аудандарының бірі болып табылатын, Қазақстанда көмірсутектің іске асырылмаған қомақты болжамды ресурстары да бар. Мысалы, республикадағы дәстүрлі (табиғи және ілеспе) газдың болжамды ресурстары 6 – 8 трлн. м3 деңгейінде бағаланады. Бірінші кезекте, бұл Каспий теңізі акваториясының, оның ішінде оның Каспий маңы, Бұзашы және Оңтүстік Маңғышлақ аймақтарының қазақстандық секторына жатады.

Жаңа маңызды ашылымдардың жоғары ықтималдығы Каспий маңы ойысының құрлықтағы бөлігінде және Арал теңізінің айдынында сақталады. Сонымен қатар басқа тұнба бассейндерде дәлелденген де, дәлелденбеген де өнеркәсіптік мұнай-газы бар мұнай мен газдың жаңа кен орындарын ашу ықтималдығы да сақталады. Барланған қорлармен жиынтықта бұл болжамды бағалаулар бүгінгі күні әлемнің мұнай-газ өндіруші елдерінің арасында маңызды орын алатын Қазақстанның едәуір әлеуеті бар екендігін куәландырады.

Көмір қабаттарының метаны. Газдың дәстүрлі ресурстарынан басқа, Қазақстанның көмір қабаты метанын барлау және өндіру бөлігінде едәуір әлеуеті бар. Қазақстанның көмір кен орындары метанының болжамды ресурстары 7 трлн. м3 дейін, ал Қарағанды көмір бассейнінің метан ресурстары тек 1500 метрге дейінгі тереңдігінің өзінде 490,47 млрд. м3 құрайды. Бұл ретте Қарағанды бассейні газының құрамындағы метан 80-нен 98 %-ға дейін құрайды, оны дәстүрлі табиғи газға толық балама ретінде пайдалануға болады.

Өз кезегінде, Екібастұз көмір бассейні метан қоры тұрғысынан жеткіліксіз зерделеген, алайда аудан бірлігіне шаққанда көмірдің шоғырлану және газ ресурстарының тығыздығы бойынша бірегей болып табылады. Көмірдің қалған кен орындары бойынша метан қоры туралы жеткілікті ақпарат жоқ.


Көмір қабатының метанын өндіру дәстүрлі кен орындарындағы өндірумен салыстырғанда едәуір қымбат процесс болып табылады және энергетикалық тиімділігі аз көрсеткіштермен сипатталады1. Егер құмдақтағы газ қабат қысымының есебінен жер бетіне еркін шығатын болса, көмір кендерінде қабатты гидрожарудың және кейіннен суды тартып алудың қымбат тұратын технологиялары арқылы оның жылжуы үшін арна жасау қажет. Осыған байланысты көмір қабатының метанын өндіру, бірінші кезекте, дәстүрлі газдың жетіспеушілігі немесе қорының сарқылуы байқалатын елдерде белсенді түрде дамуда.

Сонымен қатар Қазақстан жағдайында көмір қабатының метанын өндіру технологиясы бірқатар жағдайларда (бірінші кезекте Қазақстан Республикасының солтүстік өңірлерін газдандыру үшін) экономикалық жағынан тартымды болуы мүмкін, ол тиісті зерттеулерді жүргізу қажеттігіне және анағұрлым зерделенген Қарағанды көмір бассейнінде өндіру бойынша пилоттық жобаны іске асыруға байланысты.

Көмірді газдандыру. Қазақстан көмірдің ірі қоры бар елдердің ондығына кіреді, олар British Petroleum-нің деректері бойынша шамамен 33,6 млрд. тонна құрайды2. Бұл ретте олардың қомақты үлесін сапасының төмендігінен және қоршаған ортаға әсер ету деңгейінің жоғары болуынан энергетикада іс жүзінде пайдаланылмайтын күлі мен күкірті көп көмір құрайды.

Сонымен қатар, аталған көмірлер негізгі өнімі синтетикалық (генераторлық) газ деп аталатын тұншықтырғыш газ бен сутектің қоспасы болып табылатын жерасты немесе жерүсті газдандыру әдістерін пайдалану үшін жарамды болып табылады. Бұл газды электр және жылу энергиясын өндіру үшін, сондай-ақ кейіннен синтетикалық мұнай өнімдерін шығару үшін пайдалануға болады.

Көмірді газдандырудың екі технологиясы да, әсіресе, электр энергиясын өндіру үшін газды пайдалану жағдайында экономикалық жағынан тартымдылығының төмендігімен сипатталатынын атап өту керек. Сонымен қатар көмірсутегі шикізаты кен орындарының одан әрі сарқылуы күтілетінін ескерсек, көмірді газдандыру технологиясы болашақта мұнай өнімдерін кейіннен синтездеу схемасын іске асыру кезінде экономикалық жағынан тиімді болуы мүмкін.


Өз кезегінде, осы Тұжырымдаманы іске асыру кезеңінде Қазақстан бұл технологияларды тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану және ғылыми зерттеулер жүргізу шеңберінде қолдануы керек.

Қатпарлы газ. Қазақстанда қатпарлы газ бойынша арнайы зерттеулер жүргізілмеген, осыған байланысты геологиялық және алынатын қорлардың болуы туралы деректер жоқ. Одан басқа, қатпарлы газды өнеркәсіптік өндіруді бастағаннан кейін де тиісті кен орнының қоры бойынша дәйекті ақпарат алу мүмкін емес.

Қатпарлы тас жыныстардан газ өндіру көптеген ұңғымаларды бұрғылау және қабаттарды гидрожару арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ тиімділігінің төмендігімен сипатталады және дәстүрлі газ ресурсы жетіспегенде дамытылады. Осылайша, бұл кезеңде Қазақстанда қатпарлы газ бойынша жұмыстар оның қорының перспективасын зерделеумен шектеледі.

Биогаз. Биогазды шығарудың негізі мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының органикалық қалдықтарын, сондай-ақ тұрмыстық қалдықтарды метандық ашыту технологиясы болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанда жанар газ бен басқа химиялық қосылыстарды, оның ішінде тыңайтқыштарды метандық ашыту әдісімен шығару технологиясы іс жүзінде жоқ3.

Алайда, республиканың осы саладағы әлеуеті зор. Мысалы, Қазақстан Республикасында ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасына сәйкес елде 2020 жылға қарай шамамен 1,1 млн. мал басын бордақылау жоспарлануда, ол жылына 95 млн. м3 деңгейінде биогаз шығаруды қамтамасыз ете алады. Одан басқа, Қазақстанда 22 тоннадан астам тұрмыстық қалдық жинақталған, оны кәдеге жаратқанда жылына шамамен 180 млн. м3 биогаз шығаруға болады.

Ағымдағы жағдайларда биогазды шығарудың тиімділігі төмен, алайда мемлекет парниктік газдардың шығарындыларын азайту, мал шаруашылығы қалдықтарын кәдеге жарату, қалалардың экологиясын жақсарту, қоқыс полигондарында өрттер мен түтіндеудің жолын кесу мен басқа да оң нәтижелердің әсері арқылы қарастыруға тиіс.

Өндіру және пайдалану

Қазақстанда газ өндіру 2013 жылдың қорытындысы бойынша
42,3 млрд. м3 құрады, ол алдыңғы жылғы көрсеткіштен 5,4 % жоғары. Қазақстан Республикасында негізгі газ өндіретін компаниялар:


  1. Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. – 17,5 млрд. м3;

  2. «Теңізшевройл» ЖШС – 14,6 млрд. м3;

  3. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ – 3,5 млрд. м3;

  4. «Жайықмұнай» ЖШС – 1,5 млрд. м3 болып табылады.

Осылайша, бар-жоғы екі компания, атап айтқанда, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг және «Теңізшевройл» ЖШС елде газдың 76 % − ын өндіреді.


3-сурет. Жер қойнауын пайдаланушылар бойынша газ өндіру көлемін бөлу, %


Қарашығанақ

Басқа

«Теңізшевройл» ЖШС

«Жайықмұнай» ЖШС

4 %

«СНПС-

Ақтөбемұнайгаз» АҚ



следующая страница >>