https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 8 9


МАЗМҰНЫ




КІРІСПЕ 8

1 ПРОГРАММАНЫ ДАЙЫНДАУ ОРТАСЫ 9

1.1 DELPHI ОРТАСЫН ІСКЕ ҚОСУ 9

1.2 ПРОЕКТ. ФОРМА. ҚАСИЕТТЕР. ҚАСИЕТТЕР ТЕРЕЗЕСІ 10

1.3 ОҚИҒАЛАР. ПРОГРАММАЛЫҚ КОД ТЕРЕЗЕСІ 12

1.4 ПРОГРАММА ҚҰРЫЛЫМЫ. НЕГІЗГІ МОДУЛЬ . МОДУЛЬ. ӘДІС 14

1.5 БЕРIЛГЕНДЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ. БҚ-МЕН ЖҰМЫС 17

1.6 DATABASE DESKTOP УТИЛИТАСЫ 18

2 ПРОГРАММА ФОРМАЛАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ 20

2.1 Негізгі форма 20

2.2 Мәліметтер енгізу формасы 23

ҚОРЫТЫНДЫ 7

5 Бизнес-жоспар бӨлімі 10

1.1.Аннотация 10

Кіммен жасалған: Торубаев Ғалымжан. 10

5.2 Резюме 10

Алгоритімді құруға кеткен шғындар 11

Техникалық құралдапға кеткен шығындар 11

Бағдарламаны енгізу шығыны 11

Эксплуатациялық шығын 11

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 16








КІРІСПЕ




Нарықтық экономика бағытымен дамып келе жатқанын әлем жұртшылығы мойындап отырған қазіргі Қазақстан қысқа мерзім ішінде әлемдік цивилиацияға қарқынды ұмтылыс жасады. Біздің қоғам өзінің дамуындағы жаңа саты – экономиканың үдемелі ғылыми-техникалық, инновациялық және инвестициялық дамуына және адам факторы әсерінің күшеюі жағдайына өтуде. Глобализациялау процестері әлемдік экономикаға сандық және сапалық өзгерістер алып келеді. Әлеуметтік-саяси құрылымды елдердің көпшілігіндегі экономика біркелкі нарықтық заңдар бойынша дамып келеді. Түрлі бағытардағы келісім мен интеграция дамып келеді.

Нарықтық экономикамен етене байланысты халықтың тұрмыс-тіршілігі көтеріліп келеді, соған байланысты қоғамымызда адам факторының, оның тіршілік қам-қарекетінің көп уақыт бөлуді талап ететіні байқалады. Яғни әрбір тұтынушы белгілі бір тауарды сатып алу үшін ұзақ күнді уақытын сарыптау оның ең алдымен жүйке жүйесіне, жаржылық жағдайына және жалпы жұмыстағы табысына кері әсерін тигізбей қоймайды. Мысалы, сапасы жоғары италяндық аяқ киім іздеген адам қаланың түкпір-түкпіріндегі дүкендер мен маркеттерді аралай жүріп, алдымен бір немесе бірнеше тәулік уақытын, сонан соң қаншама жүйкесін, сонымен қатар, біршама қаражатын сарыптап үлгереді. Нәтижесінде, ол өзі қалаған аяқ киімді тапса жарар, ал егер таппаса ше. Бұл кезде оның ден-саулығына үлкен нұқсан келуі мүмкін.


Ал, енді, осы жағдайда ол небары санаулы минуттардың ішінде тұтынушы анықтамалығынан өзіне қажетті италяндық аяқ киім жайлы барлық ақпаратты желіге қосылған компьютер көмегімен анықтап, әрі ден-саулығын, әрі «алтын» уақытын және қаражатын сақтап, оның үстіне сол үнемделген уақытты тағы да қомақты пайда табуға жұмсауына болар еді. Егер программа көмегімен қажетті тауар табылса, оны үйге жеткізіп беруге тапсырыс беруге, ал табылмаса, арнайы дүкендерге тапсырыс беруге де болатындығы айтпаса да түсінікті. Міне осы жағдайларды ескере келе, мен қазіргі күннің аса өзекті мәселелерінің бірін шешуге әрекеттендім.

Мен құрған программалық жабдық тауарлар мен сауда ұйымдарының мәлеметтерін қазірше қолдан ендіруге, қажетті тауар не маркет жайлы мәліметтерді имитация арқылы іздеп табуға, тапсырыс беруге, мәлеметтерді арнайы кесте арқылы көріп шығуға және мәліметер ағынының ішінен қандай да бір белгілері бойынша оларды топтастыруға және т. б. мүмкіндік береді.

Бағдарламаның қазірше Интернет желісін пайдалану мүмкіндіктері шектеулі болғанымен, сауда орталықтарында мәліметтерді ендіруге, сорттауға, ал тұтынушы компьютерінде қажетті ақпаратты іздеп табуына толық жарамды.


1 ПРОГРАММАНЫ ДАЙЫНДАУ ОРТАСЫ




1.1 DELPHI ОРТАСЫН ІСКЕ ҚОСУ



Microsoft Windows терезесі арқылы Delphi –ді іске қосу командасы:

Іске қосу – Программалар – Borland Delphi6  Delphi6

Экранда Delphi ортасының келесі үш терезесі көрінеді (2.1-сурет).





2.1-сурет. Delphi ортасы


  1. Delphi6-ның негізгі терезесі;

  2. Форма (Form1);

  3. Обьект инспекторы терезесі (Object Inspector).

Жалпы ортада программа құруға арналған төртінші, модуль терезесі де іске қосылады. (Unit 1. pas). Форма терезесінің астында орналасатын-дықтан, ол алғашқыда көрінбейді.


Delphi-дің негізгі терезесінің құрамына негізгі мәзір, аспаптар панелі және компоненттер политрасы енгізілген (2.2-сурет). Негізгі мәзір пунктеріне (ішкі мәзірлерге) Delphi-де жұмыс істеу командалары, аспаптар панеліне ішкі мәзірлерге енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған.



2.2-сурет. Негізгі мәзір, аспаптар панелі және компоненттер палитрасы



следующая страница >>