girniy.ru 1 2 ... 18 19



Қызмет сатып алу туралы шарты


______


Талдықорған қ. « » ________ 2012ж.

Бір тараптан 04.06.2012ж. № 93-12 бас сенімхат негізінде әрекет етуші, «Қазпочта» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры А.Қаженов атынан, әрі қарай Тапсырыс беруші деп аталатын «Қазпочта» АҚ, және ______________________ атынан директоры _____________________ Жарғы негізінде әрекет етуші, әрі қарай немесе Жеткізуші деп аталатын екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар», ал жеке-жеке «Тарап» деп аталып, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры АҚ және дауыс беруші акцияның (қатыс үлесінің) елу және одан артық пайызы «Самұрық-Қазына» АҚ-на тікелей не жанама қатысты меншік құқығындағы немесе сенімді басқару ұйымдарының тауарларды, жұмыс пен қызметтерді сатып алу Ережесінің» 97-т. және қызметтерін баға ұсыныстарын сұрау әдісімен сатып алу жөнінде 2012 жылы _______________ өткізілген қорытындылары туралы хаттама негізінде осы қызметтерді сатып алу туралы шартына (бұдан әрі – Шарт) қол қойды және төмендегілер туралы келісімге келді:


Төменде көрсетілген жайттар осы Шартты түсіндіреді:

«Шарт» - Тапсырыс беруші мен Орындаушы арасында жасалған, жазбаша түрде жазылған, Тараптармен барлық қосымшалары мен толықтыруларына қол қойылған, сонымен қатар Шартта көрсетілген сілтемелеріне барлық құжаттары бар, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілеріне сәйкес Тапсырыс беруші мен Орындаушы арасында жасалған азаматтық-құқықтық акт;

«Қызметтің жалпы құны» Тапсырыс берушімен Шарт шеңберіндегі шарттық міндеттерін толық орындағаны үшін Орындаушыға төленуі тиіс соманы білдіреді;

«Қызметтер» - заттай нәтижесі жоқ, Тапсырыс берушінің мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталған әрекет;


1. Шарттың мәні

1.1 Шарттың №1 қосымшасында көрсетілген Орындаушы өрт дабылдамасы, өрт-күзету дабылдамасы мен бейне бақылауға, автоматты түрде газ сөндіру қызмет көрсетуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші қызмет көрсетуге тапсырыс береді және ақы төлейді.



2. Орындаушының кепілдемесі

2.1 Орындауші кепілдік береді:

2.1.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ететін және мекемелік құқы бар заңды тұлға болып табылады;

2.1.2. Осы Шарт бойынша келісімге отыруға және міндеттерді орындауға қажетті барлық рәсімдерді сақтауға және орындауға өкілетті толық құқы бар;

2.1.3. Осы Шартқа қол қойылғанға дейін осы Шарттың талаптарын орындауға немесе шартқа отыруға тыйым салатын, шектейтін, Орындаушыға міндетті болып табылатын қандай да бір ұйымдастыру құжаттарының ережесі немесе әрекет ететін заңнамалық актілер жоқ.


3. Қызметтердің жалпы құны мен есептесу

3.1. Қызмет көрсетумен байланысты барлық алымдар Шарт бойынша қызмет көрсетудің жалпы құны ____
теңге ҚҚС-сыз.

«
3.2. Шарттың 3.1.т. көрсетілген Қызметтің жалпы құны арттыруға жатпайды, бірақ осы Шарт бойынша нақты көрсетілген қызметке кемуі мүмкін.

3.3. Көрсетілген шот-фактура негізінде Тараптармен қызмет көрсету актісіне қол қойған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жергілікті үлес тауарларының мазмұны бойынша Тапсырыс берушіге ақпарат береді және Тапсырыс беруші Орындаушының нақты көрсетілген қызметіне сай банк шотына аудару жолымен төлейді.

3.4. Тапсырыс берушінің банктік шотынан ақшаның есептен шығарылған күні төлем міндеттерін орындау күні болып табылады.


4. Қызмет көрсету шарттары мен мерзімі

4.1. Қызметтер Орындаушымен тиесілі және сапалы көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі шартқа қол қойылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күнді құрайды.

4.2.Орындаушының көрсеткен Қызметтерінің сапасына кінәрат болмаған жағдайда, Тараптардың уәкілетті өкілдерімен қол қойылып, көрсетілген Қызметтері қызмет көрсету Актісімен рәсімделеді. Тапсырыс берушінің көрсетілген Қызметтерге ескертуі (әрі қарай-ақау) болған жағдайда, Орындаушының ақауды жойғанға дейін қызмет көрсету Актісіне қол қоймауына құқылы. Қызметтердегі ақауларды жою мерзімі Тапсырыс берушімен белгіленеді.


4.3.Көрсетілген қызметтер Актісіне Тапсырыс беруші Қызметті қабылдаған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде қол қояды. Тапсырыс берушімен көрсетілген Қызмет сапасына кінә тағылған жағдайда, қызмет көрсету Актісіне қол қоюға қарастырылған мерзім ішінде қол қоюдан жазбаша уәждемелі бас тартуды ұсынуға міндетті. Тапсырыс беруші жағынан қызмет көрсету актісіне басшы немесе оны ауыстырушы түлға қол қояды.


5. Тараптардың міндеттері мен құқықтары

5.1. Тапсырыс беруші құқылы:

5.1.1. Орындаушыдан Шарт талаптарын тиесілі орындауды талап етуге;

5.1.2. Осы Шарт бойынша Орындаушы міндеттері бұзылған жағдайда осы Шартты бұзуға;

5.1.3. Орындаушымен тауарлардың жергілікті үлес мазмұн бөлшегі бойынша күмәнді ақпарат берілген жағдайда шығынды талап етуге және Шартты біржақты бұзуға;

5.2. Тапсырыс беруші міндетті:

5.2.1. Шарт талаптарына сәйкес көрсетілетін Қызметтерді қабылдауға;

5.2.2. Шарттың 3.3.т. сәйкес көрсетілген Қызметтерге төлем төлеуге;

5.2.3. Шартта қарастырылған басқа да міндеттерді орындауға.

5.3Орындаушы құқылы:

5.3.1. Тапсырыс берушіден Шарт талаптарының тиесілі орындалуын талап етуге;

5.3.2. Тапсырыс берушінің келісімімен Қызметтерді алдын ала орындауға.

5.4. Орындаушы міндетті:

5.4.1. Қызметтерді Шарттың 4.1.т. қарастырылған мерзімде көрсетуге;

5.4.2. Шартта қарастырылған басқа да міндеттерді орындауға.

5.4.3. Орындаушы осы Шарт бойынша орындалатын қызметтің жергілікті үлес мазмұны (Шарттың № 2 қосымшасында белгіленген нұсқа бойынша) бойынша ақпаратты Тапсырыс берушіге осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбеліқ күн ішінде ұсынады.

5.4.4. Орындаушы қызметтерінің жергілікті үлес мазмұны келесі ақпараттарды құрайды: Орындаушымен Шарттың орындалуына тікелей және қосалқы мердігерлерлік шартқа отыру арқылы сатып алатын отандық өндірушілердің тауар құнының пайыздық мазмұны; Орындаушымен жалдап алынған, Шарт құнынан, тікелей және қосалқы мердігерлерлік шартқа отыру арқылы жеке тұлға-резиденттердің еңбегін төлеу.



6. Шарт құжаттамасы

6.1. Шарт талаптарын орындауға Орындаушымен қатыстырылған қызметкерден, Тапсырыс берушімен немесе оның атынан ұсынылған тұлғалардан басқа Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарт мазмұнын немесе оның ережесін, сонымен қатар техникалық құжаттары мен ақпараттарды басқа біреуге ашпауға міндетті. Көрсетілген ақпарат қызметкерге шарт міндеттерін орындауға қаншалықты қажетті шамада құпия ұсынылуы тиіс.

6.2. Орындаушы Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шартты жүзеге асыру мақсатынан басқа, қандай да құжаттарды немесе ақпараттарды пайдаланбауы тиіс.

6.3. Орындаушы Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз Шарт бойынша өз міндеттерін не толық, не жарым-жартылай басқа біреуге бермеуі тиіс.

6.4. Тараптардың қол қоюынсыз жазбаша өзгертулерден басқа, Шарт құжаттамасына өзгертулер мен ауытқулар (Орындаушымен ұсынылатын техникалық ерекшеліктер, әдісі мен қызмет көрсету орны т.б.) рұқсат етілмейді.


7. Бақылау

7.1. Тапсырыс беруші мен өкілдері қызмет көрсету Актісіне қол қойғанға дейін, қызметтің ерекшелігіне сәйкестігін растау мақсатында қызметтің орындалуына бақылау жүргізуіне болады. Тапсырыс берушінің бақылау жүргізуімен байланысты шығындарды Жеткізуші өтейді.

7.2. Бақылау Қызмет көрсету орнында жүргізіледі.

7.3.Егер жүргізілген бақылау қорытындысы ерекшеліктеріне сай келмеген жағдайда, Тапсырыс беруші Қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы, ал Орындаушы Қызмет көрсетуді сапалы да тиесілі деңгейде қайтадан орындауға немесе Тапсырыс берушінің талабы бойынша ақшаны қайтарады.


8. Көрсетілген қызметтің кепілі

8.1. Тапсырыс беруші көрсетілген Қызметтерге ақау табылуына байланысты шағымдары туралы 10 (он) күнтізбеліқ күн ішінде жазбаша түрде Орындашыны хабардар етеді.

8.2. ОрындаушыТапсырыс берушіден осы іспеттес хабарлама алған соң, Тапсырыс берушімен тағайындалған мерзім ішінде, Тапсырыс берушіден еш шығын шығармай көрсетілген Қызметтер ақауын жоюы керек.


8.3. Егер Орындаушы хабарламаны ала отырып, Тапсырыс берушінің тағайындаған мерзімі ішінде ақауды жоймаса, Тапсырыс беруші Жеткізуші есебінен ақауды жоюға шаралар қолдануға құқылы.


9. Тараптардың жауапкершілігі

9.1. Осы Шарт бойынша Тараптар өз міндеттерін орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

9.2. Шарттың 4.1.т. қарастырылған Қызмет көрсету мерзімін Жеткізуші бұзған жағдайда, Тапсырыс беруші Орындашымен Шарт бойынша көрсетілетін Қызметтің әр өткен мерзіміне 0,1 % мөлшерінде үстемақы талап етуге құқылы.

9.3. Тапсырушымен белгіленген ақауды жою мерзімін Орындаушы бұзған жағдайда, Тапсырыс беруші Орындаушыдан Шарт бойынша көрсетілетін Қызметтің әр өткен мерзіміне 0,1 % мөлшерінде үстемақы талап етуге құқылы.

9.4. Шарттың 3.3.т. қарастырылған Тапсырыс берушімен көрсетілген Қызметтің төлемі бұзылған жағдайда, Тапсырыс беруші Орындаушының талабы бойынша өткен сомалардан 0,1 % мөлшерінде үстемақы төлеуге жауапты болады және ол төлемге жататын соманың 5% аспауы тиіс.

9.5. Егер Орындаушы Тапсырыс берушімен немесе Шартпен қарастырылған осы Шарттың 5.4.3.т. сәйкес ақпараттарды уақтылы ұсынбаған жағдайда, Тапсырыс беруші көрсетілген Қызметтерге төлем жүргізбеуге құқылы.

9.6. Егер осы Шарттың № 2 Қосымшасында қарастырылған қазақстандық мазмұн пайызы нұсқада көрсетілгеннен төмен болған жағдайда, Тапсырыс беруші Жеткізушіден 5% (бес пайыз) мөлшерінде айыппұл төлеуді, сонымен қатар Шарттың жалпы сомасынан 0,1% әр орындалмаған қазақстандық мазмұнның 1% талап етуге немесе Шартты бұзуға құқылы.

9.7.Тараптармен айыппұлдың төленуі Шарт міндеттерін орындаудан босатпайды.

9.8.Қызмет көрсету мерзімінің орындалуы Орындаушымен бұзылған айыппұл сомасы Шарт бойынша төлемді іске асыру кезінде Тапсырыс берушімен ұсталады.


10. Дүлей күш жағдайы /форс-мажор/

10.1 Дүлей күштер, соғыс қимылдары, азаматтық тәртіпсіздіктер, Тауар өндіруші елдерінде, Тапсырыс беруші/Жеткізуші, Тауардың транзитпен өтетін елдерінде, тыйым салынатын, экспорт/импорт т.б. Тараптардың әсер ете алмайтын жағдайлар кезінде, осы Шарт бойынша міндеттерін толық немесе ішін-ара орындамаған жағдайда,Тараптар шығынның орнын толтыру жауапкершілігінен босатылады.


10.2. Дүлей күш жағдайлар кез болған жөнінде Тараптар екінші жақты жазбаша түрде басталғаннан кейінгі 5 (бес) күн ішінде хабардар етуге міндетті. Хабарлама дүлей күш жағдайының тууы дерегі мен Тараптардың міндеттерді орындамауы арасындағы себеп-тергеуге байланысты мазмұн құрауы керек. Соған байланысты хабарламаға дүлей күштің туу дерегін растайтын өкілетті органдармен берілген құжат қоса тігіледі. Дүлей күш жағдайы туралы уақытылы берілмеген хабарлама тиесілі Тарапты Шарт бойынша міндеттерді толық немесе жарым-жартылау орындаудан босатпайды. Міндеттерді орындауға әсер еткен дүлей күш әрекеті тоқтағаны туралы екінші Тарапты жазбаша хабарлауға міндетті.

10.3. Дүлей күш жағдайы туындаған жағдайда, Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттерін орындау мерзімі дүлей күштің әсер ету мерзіміне сай ұзартылады.

10.4. Дүлей күштің әсер етуі 2 (екі) айдан асқан жағдайда Тараптардың әрқайсысы Шарттың бұзылуына дейін 5 (бес) жұмыс күнінде жазбаша хабарлау арқылы міндетті түрде өзара есеп айырысып, Шартты бұзуға құқылы.

11. Шарттың бұзылуы

11.1. Орындаушы банкротқа ұшыраған немесе төлеу қабілеті болмаған жағдайда Тапсырыс беруші кез келген сәтте Орындаушыға жазбаша хабарлама жіберу арқылы Шартты бұза алады. Шарттың бұзылуы дереу жүзеге асырылады, Тапсырыс беруші Жеткізушіге ешқандай қаржылық міндетті өтемейді.

11.2. Тапсырыс беруші Шарттың алдағы орындалуы мақсатсыз болған жағдайда кез келген уақытта Орындаушыны жазбаша хабарлау арқылы Шартты бұза алады. Хабарламада жойылған шарттық міндеттер көлемі және Шартты бұзу күні ескертіледі.

11.3. Шарттың 11.1. және 11.2. т. Көрсетілген негіз бойынша Шартты бұзу кезінде, Орындаушыі Шарт бұзылған күні көрсетілген нақты Қызметтерге төлем талап етуге құқылы.

11.4.Шарт талаптары бұзылғаны үшін Тапсырыс беруші Орындаушыға міндеттерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жіберу арқылы Шартты толық немесе жартылай бұзуға құқылы:

11.4.1. егер Орындаушы Шартта қарастырылған мерзімде Қызмет көрсете алмаған жағдайда, немесе осы Шарттың ұзартылған мерзімі аралығында;


11.4.2. егер Орындаушы Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігіне көрсетілген сапасы мен сипаттамасына сәйкес Қызмет көрсетпесе;

11.4.3. егер Орындаушы Шарт бойынша өз міндеттерін орындай алмаса;

11.4.4. Шартты орындаудан/ шартты бұзуға бір жақты тәртіпте бас тартуға және қызметтерге қазақстандық мазмұн үлесі бойынша Тапсырыс берушімен дұрыс ақпарат берілмеген жағдайда келтірілген залалдардың орнын толтыруды талап етуге.


12.Құпиялылық

12.1. Тиісті шарт бойынша міндеттемелерді орындау кезінде қажетті құпиялылық режимін қамтамасыз ету үшін тараптар барлық шаралар қолдануға міндетті. Осы Шарттың құпия ақпараты шығын туғызатын немесе Тараптардың кез келгенінің беделіне әсер ететін қол жетімді ақпараттардың жариялануы болып табылады.

12.2. Құпия ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген жағдайларда ғана жарияланады.


13. Дауды шешу тәртібі

13.1. Тиісті шарт бойынша бірлесіп міндеттерді орындау процессінде тараптар арасында пайда болған алауыздық даулар келіссөз немесе шағым жіберу арқылы шешіледі.

13.2. Шағымды қарау мерзімі шағым келіп түскен күннен бастап, 14 (он төрт) күнтізбеліқ күнді құрайды.

13.3. Тараптар келісімге келмеген жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіпте шешіледі.


14. Шартқа өзгеріс пен толықтырулар енгізу

14.1. Осы Шартқа өзгерістер төмендегі жағдайларда рұқсат етіледі:

14.1.1 Егер шартты орындау үдерісінде ұқсас қызметтердің сатып алу құны төмендету жағына өзгерсе, көрсетілетін қызметтерге бағаның төмендетілуіне тараптардың өзара келісімі бойынша және соған сәйкес сатып алу туралы шарт соммасы бойынша;

14.1.2 сатып алу туралы отырған шартта көрсетілген қызметтер бірлігіне бағаның өзгертілмеу талабына, шартты орындау мерзімінің өзгерісіне сәйкес, көрсетілетін қызметтер көлеміне сұраныстың жоғарылауы немесе төмендеуіне байланысты сатып алу туралы шарт соммасының жоғарылауы немесе төмендеуіне. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы отырған шарттағы мұндай өзгерістер, сатып алу жоспарында осы қызметтерді сатып алуға қарастырылған сомма көлемінде рұқсат етіледі.


14.1.3 егер қызметтерді сатып алу туралы жасасқан шартты орындау үдерісінде жеткізуші қызметтерді сатып алу шарт мәні болып табылатын көрсетілетін қызметтер шарты және (немесе) техникалық мінездемелері немесе мерзімдері және (немесе) одан да жақсы сапалы қызметтер бірлігіне бағаның өзгертілмеуі шарты жағдайында ұсыныс жасаған жағдайда;

14.1.4 Форс-мажор туындауына байланысты.

14.2. осы Шарттың 10.1. бөлімінде қарастырылмаған басқа негіздерде, жеткізуші таңдауына негіз болып табылатын өткізілетін сатып алу және/немесе ұсыныс шарты мазмұнын өзгертуге алып келетін сатып алу туралы осы шартқа өзгерістер енгізуге рұқсат етілмейді.

14.3. Шартқа өзгертулер мен толықтырулар тиісті деңгейде рәсімделген және Тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолы қойылған жағдайда әрекет етеді.


15. Қорытынды

15.1. Шартта қарастырылмаған мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

15.2 Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етеді. Шартқа қол қойылған күн Тараптардың қойылған қолының астындағы ең соңғы күн болып табылады.

15.3. Тиісті шарт бірдей заңды күші бар 2 (екі) данада, тараптардың әрқайсына (1) бір данадан мемлекеттік және орыс тілінде жасалған. Шарт мәтінінің әр түрлі оқылуы барысында Тараптар Шарттың орыс тіліндегі нұсқасын басшылыққа алады.

15.5. Шартқа сәйкес Тараптардың бір-біріне жіберетін кез келген хабарламалары кейін түпнұсқасы жіберілуімен хат, жеделхат, телекс, немесе факс арқылы жіберіледі. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енуі көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді.

15.7. Тараптар Шарт әрекет ететін уақытта деректемелерінің өзгерісі туралы бір-бірін хабардар етуі міндетті.

15.8. Тараптар қайта құрылған жағдайда, Шарт бойынша құқықтары мен міндеттері тоқтатылмай, құқықтық мұрагерінің орындауына жатады.



следующая страница >>