girniy.ru 1



P61b









Баспасөз хабарламасы





20.01.04




Өнеркәсіп өнімін өндіруші-кәсіпорындардың бағалары 2003 жылы 5,9%-ға өсті

2003 жылдың желтоқсанында 2002 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда өндірістік сипаттағы қызметтерді есепке ала отырып, өнеркәсіп өнімін өндіруші-кәсіпорындардың бағалары 5,9%-ға өсті, өндірілген өнім бағасы – 6,4%-ға, ал өндірістік сипаттағы қызметтер бағасы – 0,6%-ға өсті. Өткен жылы бағаның ең көп өсуі өңдеу өнеркәсібінде – 10%, кен өндіру өнеркәсібінде – 2,7%, ал электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлуде - 3% тіркелген.

Өнеркәсіптегі бағаның серпіні көп жағынан бұрынғысынша олардың энергия ресурстарына және металл илегіне өзгеруіне байланысты. Энергия ресурстарының бағалары мен тарифтері тұтастай алғанда 2003 жылы 1,4%-ға өсті немесе 2002 жылғыдан 14,5 пайыздық пунктке аз болды. Табиғи газ бір жылда – 5,3%-ға, газ конденсаты – 4,2%-ға, жылу энергиясы – 3,3%-ға, электр энергиясы – 2,3%-ға, мұнай және оны қайта өңдеу өнімдері – 1,1%-дан қымбаттады, тек көмір ғана 2%-ға арзандады. Өндірушілер бағасының қозғалысы мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне бірқалыпты болмады. Сонымен, дизель отыны 3,6%-ға өссе, бензин – 0,3%-ға төмендеді, ал мазут 2002 жылдың желтоқсанындағы деңгейде қалды.

Өңдеу саласындағы баға деңгейіне өткен жылы металл өнімінің қымбаттауы анықтаушы ықпал тигізді. Металлургия өнеркәсібінде баға 16,7%-ға, қара металлургияда – 22,5%-ға, түсті металлургияда – 13,4%-ға өсті, бұл олардың осы сала өніміне дәл осылай өзгеруіне байланысты болды. Ферроқорытпалар 22,3%-ға, мыс – 20,9%-ға, мырыш – 19,2%-ға, алтын – 15,5%, қорғасын – 12,2%-ға, күміс – 7,8%-ға, өңделмеген алюминий – 3,5%-ға қымбаттады.


Республикада өндірілген азық-түлік тауарларының бағасы 2002 жылы 1,9%-ға төмендегеннен кейін, 2003 жылы ауыл шаруашылық шикізатының қымбаттауына байланысты 8%-ға өсті. Әлемдік және ішкі рыноктардағы астық бағасының өсуі оны қайта өңдеу өнімдері бағасының – 35,2%-ға, қара ұн бағасының - 39%-ға, бидай ұны бағасының – 36,2%-ға, нан бағасының – 7,7%-ға, макарон өнімдері бағасының – 5,5%-ға өсуіне ықпал етті. Бағаның едәуір өсуі, сондай-ақ, құс етіне байқалды – 8,8%, бұл астық пен құрама жемнің – 4,3%-ға қымбаттауына байланысты болды. Сол кезде олардың қантқа – 13,6%, ірі қара мал етіне – 2,8% және шайға – 1,4% төмендегені тіркелді.


Н. Кривко