https://electroinfo.net

girniy.ru 1
Ф КГМУ 4/3-04/01


ИП №6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007г.


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

№1 БАЛАЛАР АУРУЛАР КАФЕДРАСЫ


Дәріс


Тақырыбы: „Балалық шақтың ауруларын саралап жүргізу түсінігі“ ВОЗ бағдарламасының жалпы принциптері, ролі және бала өлімін азайту мақсатының мәні.


Педиатриядағы мейірбике ісі пәні бойынша

051101 Мейірбике ісі мамандығына арналған

3 курс

Уақыты (ұзақтығы): 50 мин.


Қарағанды 2009



Тақырыбы: „Балалық шақтың ауруларын саралап жүргізу түсінігі“ ВОЗ бағдарламасының жалпы принциптері, ролі және бала өлімін азайту мақсатының мәні.


Мақсаты: Балалық шақтың кезеңдері. Әр жастағы балалардың физикалық дамуы, оған әсер ететін факторлар. Баланың салмағы мен бойының өзгеру динамикасы. Балалардағы өлім мен ауруы төмендетудің ДДҰ мен ЮНИСЕФ бағдарламалары (БИЕӘ). Б алалық шақ кезеңдерінің ерекшеліктерін айту.




Дәрістің жоспары:

  1. Балалық шақ кезеңдері.

  2. Балалық шақ кезеңдерінде кездесетін аурулардың ерекшеліктері

  3. Себептері және патогенезі

  1. Клиникалық көрінісі

  2. Диагностика және ажырату диагностикасы

  3. Емдеу және алдын алу шаралары



Қазақстанда денсаулық сақтаудың даму кезендері.

Қазақстан жерінде алғашқы медициналық жәрдем көрсету мәселелері 1868 ж. Бастап ұйымдастырыла басталды. 1913 ж. 10000 адамға 0,3 дәрігер, 1,1 орта буынды қызметкері, 3 аурухана орны келетін. Әсіресе, қазақ халқына медициналық жәрдем көрсету жеткіліксіз еді. 60-80 мың адамға 1 дәрігер келетін, ал дәрігерлік теиімнің қамтитін жері 800 шақырымға дейін жететін. Ауыл тұрғындарына қызмет көрсету жүйесі – аралау арқылы, ал медициналық жәрдем – амбулаторияда жүргізілетін. Әйелдер мен балаларға қызмет көрсету тым нашар еді. Ана аймі 0,9-1,4% болатын. Бір жасқа дейінгі бала өлімі өте жоғары болды, 1000 туған сәбилердің 1/3-1/2 шетінейтін.


Педиатрия қызметі жоқ болатын, көмекті жалпы дайындығы бар дәрігер мен фельдшер көрсететін. Қазан революциясынан кейін ана мен бала денсаулығын жаңа құрылған үкімет қамқорлығына алды. 1919 жылы әскері Революция комитетінің Қырғыз аймағын басқару жөніндегі қаулысымен денсаулық сақтау бөлімі құрылды. Оны алғашқысында дәрігер О.М. Шишкина, сосын А.Н. Демченко басқаруы Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің алдында әйелдер мен балаларға медициналық жәрдемнің сапасын жоғарлату, олардың ауруғыштығын төмендету жөнінде үлкен мәселе тұр. Ана мен бала денсаулығына әсер ететін фактордың көптігінен, бұл проблеманы шешуге жан-жақтан ашал іздестіру қажет. Осы мәселелерді щещу үшін медициналық кадрлардың дайындық деңгейінің маңызы зор.

Педиатрия – ежелгі грек сөзі, «баланы емдеу» деп аударылады. Біздің эра­мызға дейінгі IV ғасырдың өзінде-ақ антик (көне) грек экономикасы мен мәдениетінің шарықтап дамыған кезінде өмір сүрген, атақты Косс мектебінен шыққан дәрігер Гиппократ өзінің “Бала табиғаты туралы”, “Нақыл сөздер”, “Эпидемия туралы” деген кітаптарында балалар ауруларының сипаттамасын береді, балаларды күту және тәрбиелеу туралы кеңестер ұсынады.

Соран Эффеский (б.э.д. II ғасыр, Рим империясы) өзінің шығармаларында жаңа туған және емшектегі балалардың тамақтануы, күтімі туралы үлкен мәліметтер береді. Ол кіндік кесу, бала киімі, баланы бөлеу, емшектен шығару, тіс жару туралы мәселелерге талдау жасайды.

Медицина сонымен қатар педиатрияны дамытуда Орта Азия ғалымдары маңызды орын алды. Орта ғасырдың ірі дәрігері және отағы Ибн Сина бірнеше белгілі еуропалық тілдерге аударылған және 500 жылдан артық еуропалық университеттер мен Шығыс араб елдерінің медицина мектептернде оқу нұсқаулары ретінде қолданылған, өз атын мәңгілік еткен «Дәрігерлік ғылымының ережелерін» жазды. «Дәрігерлік ғылымының ережелерінің» ерекше бөлімдері ауру және сау баланың тәрбиесіне арналған, ауруларды бақылау негіздері келтірілген және тамақтану, ұйқы тәртібі, гигиена, дене жаттығулары туралы кеңестер берілген.


Клиникалық педиатрия Москва мектебінің ірі педиатры Нии Федорофич Филатовтың (1847-1902) атымен байланысты. Оның ақыл-ойы, дәрігерлік ойлау қабілеті, байқағыштығы дарынды шәкірттерді қасына жинады. Н.Ф. Филатов бірінші болып, жаңа және клиникалық симптомдарды қызылшамен ауырғанда ауыз қуысның және ернінің шырышты қабығының кебек тәрізді қабыршықтануын, қызамықпен ауырғандағы жүрек зақымдануын және жаңа ауруларды сипаттап жазды. Ол жазған «Балалар ауруы семиотикасы мен диагностикасы», «Балалардың жұқпалы аурулары лекциялар», «Балалар ауруының қысқаша оқулығы» және басқа оқулықтары мен нұсқаулары балалар дәрігерлерінің көптеген ұрпақтарына күнделікті қолданылатын кітабына айналды.


БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҚ КЕЗЕНДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ.

Бала организміне негізгі бір заңдылықпен ұдайы жүріп отыратын, өсу және даму құбылысы тән болып келеді. Бала туылғаннан кейін жасына байланысты тиісті кезеңдерден өтеді.

Күнделікті жұмыста қолдану үшін, барлық балалық шақ төмендегідей болып бөлінетін, Н.П. Гундобин ұсынған жоба ыңғайлы болып келеді.

А. Құрсақ ішінде (жатыр ішінде) даму кезеңі 2 сатыдан тұрады:

Эмбриондық даму сатысы (алғашқы 2-3 ай).

Плацентарлық даму сатысы (3 айдан туғанға дейін).

Құрсақ іші (ұрықтық) кезеңі жыныстық клеткалар қосылған мерзімнен бастап орта есеппен 270 кунге созылады. Бірақ күнделікті жұмыста 280 күн (9 ай 9 кун) деп есептелінеді. Есеп соңғы келген етек кірінің бірінші күнінен бастап есептелінеді.

Қазіргі кеззде құрсақ іші (ұрықтық) дамуды бірнеше кезеңге бөледі:

Герминальды немесе өзіндік ұрықтық кезең. Ұрықтық клеткалардың ұрықтанған кезінен бастап пайда болған бластоциттің жатырды кілегей қабығына имплантацияланумен аяқталады. Бір апта бойы жүреді.

Имплантация кезеңі. Ұзақтығы 40 сағат, демек 2 тәулікке созылады. Кейде бұл екі кезең қосылып кетеді, үйткені бұлардың медико-биологиялық маңызы өте зор. Бұл уақытта ұрықтанған клеткалардың 50-70 проценттей дамымай қалады, ал тератогенді (организммен мүшелелердің іштен туа болатын кемтіктерінің пайда болуына әсерін тигізетін факторлар) факторлар, әсіресе күштілер тобына жататындар, ұрықтың өміріне қатар туғызатын птологияға душар етеді (аплазия және гипплазия), немесе хромосомдық абберациясына, ия гендер мутациясына байланысты ауыр кемістіктер (ақаулар) пайда болуына әкеліп соқтырады.


Эмбрионалды (ұрықтық) кезең – ұзақтығы 5-6 аптаға созылады. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі болашақ баланың барлық ішкі мүшелерінің пайда болуы және олардың дамуы (органогенез) болып табылады. Сондықтан тератогендік факторлардың (ішкі және сыртқы) әсері ауыр және диспластикалық (кері даму) кемістіктердің пайда болуына әкеліп соқтырады. Құрсақ ішінде дамудың 3-7 апта арлығындағы мерзім ең қауіпті кезең болып табылады. Баланың ерекшеліктерін зерттеу және оны қорғауға бағытталған жұмыстарды осы кезеңнен бастау керек.

Неофеталды немесе эмбриофеталды кезен. Ұзақтығы 2 аптаға созылады. Бұл кезеңде плацента (баланың жолдасы – баланың орны) құрылады да, көптеген мүшелердің (орталық жүйке жүйесінен басқасының) толық құралып болуымен сай келеді. Бұл кезең өте маңызды мезгіл болып келеді, өйткені плацентаның дұрысқұрылуы, демек плацентарлық қан айналымның дұрыс болуы, болашақ іштегі нәрестенің, сайып келгенде болашақ баланың, қарқынды өсуіне тікелей әсерін тигізеді.

Фетальді кезең. Ұзақтылығы 9 аптадан туғанға дейін есептелінеді. Бұл кезең 2 кезеңшеге бөлінед:

А) Ерте фетальді кезеңше (9 аптадан 28 аптаның соңына дейін),

Б) Кеш неонатальды (нәрестелі) кезең - өмірінің 8-ші күнінен бастап 28 күнге (1 айға) созылады.

Жаңа туған кезеңде балада өкпемен тыныс пайда болып, құрсақ іші гемодинамикалық жолдарының жабылуына (артериялық өзектің және сопақша тесіктің) және өкпе тамырларында қан айналымының артуына және энергия алмасуымен терморегуляцияның өзгеруіне байланысты кішкентай қан айналу шеңбері жұмыс жасай бастайды. Бұл кезеңге барлық жүйелер мен мүшелердің, әсіресе орталық жүйке жүйесінің, толық жетіспеушілігі сай болып келеді. Бұл кезеңнің ерекшелігіне, шекаралық жағдай деп аталатын, патологиямен шектесіп, көптеген әрекеттік өзгерістер жатады. Жаңа туған нәрестеде кейбір жүйелермен мүшелердің ақаулары, туылу құбылысының, құрсақ ішінде тұншығу (асфиксия) әсерлерінің белгілері, миға қан құйылу, сал (паралич) және салдану (парез), нәрестенің гемолитикалық ауруы, токсоплазмоз, ұшпа, грипп; жас нәрестелер қарсы күресе алмайтын, кіндік қалдығының қабынуына, сепсис ауруына жиі шалдығуына ықпалын тигізеді.


Емшек жасындағы бала (сәбилік кезең) 1-ші ай сонынан 12-ға дейін есептелінеді. Бұл кезеңге салмағының дамуының, зат алмасуының қарқынының тездігі ерекше тән болып келеді. Мысалы, өмірінің 1-ші жылының соңында туылғандағы дене салмағы үш есе көбейеді. Ал дене ұзындығы 50% (25 см) артады. Бұл кезеңде орталық жүйке жүйесі жетііліп, қолының координациялық қимылдары пайда болып, отыру, еңбектеу, аяғын басып тұру, ал кейбір балаларда жүру, сөйлей бастау мүмкіншілігі пайда болады.

Емшек жасындағы балалар 2-3 айлығында, анасымен трансплацентарлы берілетін пассивті (енжарлы) иммунитетін жоғалтады, ал өзінің иммунитет жүйесінің құралуы негізінде баяу. Осыған орай емшек жасындағы балалар жиі ауырғыш болып келеді. Бұл жаста балаларда ішек-қарынның жолдарының аурулары(диспепсия, дизентерия және т.б.), рахит, спазмофилия, әртүрлі диатездер, қоректенудің және ас қорытудың созылмалы бұзылуы, тыныс мүшелерінің аурулары жиі кездеседі. Балалардың жедел жұқпалы аурулары (қызылша, көкжөтел) сирек байқалады, бірақ олардың барысы көбіне жергілікті белгілер шамалы білінеді де, жалпы белгілер басым болып келеді. Созылмалы аурулардан, соңғы уақытта сирек кездесетін болғанмен, сифилис (мерез) және туберкулездің іштен туа болған түрлері кездесуі мүмкін. Емшек жасындағы балаларда туберкулезбен инфекциялану, туберкулезбен ауруға айналуы мүмкін.


Сүт тістері кезеңі – 1 жастан 6-7 жас аралығы.

А) Мектеп жасына дейінгі жас алдындағы (үлкен ясли жасындағы кезең). 1-ден 3 жасқа дейін созылады.

Практикалық жағдайда 3 жасқа дейінгі балалар ерте жастағы балалар болып есептелінеді.

Б) Мектеп жасына дейінгі кезең. 4-тен 7 жасқа дейін.

1-ден 3 жасқа дейінгі кезең ас қорыту жүйесінің, қозғалысқа икемділігінің, сөйлеудің және сана-сезімінің жетіле түсуімен сипатталады. Бұл кезенде балалар өте қозғалғыш, білуге құмар болып келеді, қоршаған ортамен белсенді түрде танысып отырады. Бұл кезенде гигиеналық тәрбиеде жіберген қателіктердің орның толтыру және күн режиміне тәрбиесі өте маңызды, өйткені бұл жастағы балалар сыртқы ортаның ықпалына жоғары сезімталдық білдіреді. Бұл кезенде балалар қызылша, көк жөтел, жел шөшегі, вирусты гепатит, дизентерия және т.б. аурулармен жиі ауыратын болып келеді.


Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала организмі нығая түседі, бұлшық ет жүйесі дамып қатаяды, қанқасының дамуы жалғаса береді.

Мектеп жасына дейінгі кезеңнің соңын ала сүт тістері алмаса бастайды. Бұл жастағы балалар білуге құмар, бірақ тәжірибесі аз, үлкендердің бақылауы аз әсер ететін болғандықтан жиі жарақаттар алып тұрады. Бұл кезенде өткен кезеңге қарағанда даму құбылысы әлсірейді. Біртіндеп балалар организмінің барлық қызметі жетіледі, бірақ дегенменде қызметінің жеңіл бұзылу мүмкіншілігі сақталып қала береді. Жекелеген мүшелердің ауруларына жалпы (диффузиялық) реакциямен жауап беруге бейімділігі азая бастайды. Айналасындағы адамдармен жиі қатынасатын болғандықтан бұл жастағы балалар жұқпалы ауруларымен жиі науқастанады. Бірақ бұл жастағы балаларда балалар жұқпалы ауруларының барысы жеңіл болып келеді де, ауыр асқынулары сирек кездеседі. Туберкулезбен ауру жиілігі артып, эндокриндік жүйесінің бұзылу белгілері байқалады.

Балалық шақтың келесі кезеңі мектеп жасындағы балалар. Бұл кезең екіге бөлінеді: кіші мектеп және үлкен мектеп жасы кезеңдері.

Кіші мектеп жасы кезеңі. 7-ден 11 жасқа дейін созылады. Көптеген жүйелер мен мүшелер дамып, толық жетіледі. Сүйек жүйесі толық дамып жетіледі, бұлшық ет жедел дамып, толықсып қатая түседі. Бұл кезең ақыл ойының, жазу ұсақ қимыл координацияларының тез дамуымен сипатталады. Бала қажетті еңбек икемділіктерін игереді.

Бұл кезеңде жұқпалы аурулардың маңызы зор, бірақ олар сирек кездеседі және олардың барысы жеңіл болып келеді. Ревматизммен бұл жастағы балалар жиі ауырады. Туберкулез ерте немесе созылмалы түрінде болуы мүмкін.

Үлкен мектеп жасы кезеңі – 12-ден 18-ге дейін созылады. Эндокрин жүйесінің қайта құрылуымен, жыңыс, қалқанша бездердің, гипофиздің қызметінің арта түсуімен сипатталады.

Сондықтан балалармен жас өспірімдердің осы бездердің жұмыс тепе-теңдңгң бұзылып, эндокринді жүйесінің бұзылыстары пайда болуы мүмкін. Жыңысын жетілу мерзімі балалар жыңысына және жеке ерекшеліктеріне байланысты болады. Бұл кезең қыз балалар үшін жыныстық дамудың жетілу кезеңі болса, ер балалар үшін жыныстық дамудың басы ғана.


Бұл психологиялық дамудың, азаматшылық, адамгершілік, әдет-ғурып, мінез-қулық, жігер-қайраты деген ұғымдар қалыптасатын ең қиын кезең болып есептеледі. Бұл жастағы балаларда жыныс және дене дамуының бұзылыстары жиі кездеседі.


Көрнекті құралдар: кестелер, слайдтар, аурулар.


Әдебиет:

Хабижанов Б.Х. Хамзин С.Х. Балалар аурулары. Алматы, Білім, 1997.

Хабижанов Б.Х. Хамзин С.Х. Педиатрия. Алматы, Білім, 2005.

Имамбаева Т.М. Балалар пропедевтикасы. Алматы, 1996.

Б.Т. Тусіпқалиев., А.У. Исмағұлова. Балалар аурулары. Ақтөбе. 1993.

Детские болезни. /под ред. А.Ф. Тур. М., Медицина., 1985., с. 608.

Шәжімова Г.Э., Шабдарова С.К. Дадамбаев Е.Т. Имамбаев Т.М. Балалар аурулары пропедевтикасы. Алматы; 1995.

Аскамбаева Г.К. Мустафина К.А. Балалар аурулары пропедевтикасы. Шымкент. 2000.


Қортынды сұрақтар


  1. ИБВДВ немен байланысты?

  2. Науқас баланың диагностикалық