girniy.ru |
1
Қазақтың салт-дәстүрлерін білесің бе?
Көрнекілік:
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Аудиторияны даярлау. 2. Командалармен танысу. 3. Әділ қазылар алқасымен таныстыру. Кіріспе бөлім: Күй ойнап тұрады. 1 жүргізуші: - Құрметті қонақтар! Сіздер бүгінгі «Сен қазақтың салт-дәстүрлерін білесің бе?» атты ойын-сайысына келіп отырсыздар. 2 жүргізуші: - Туылған соң адам боп, Білімсізден жаман жоқ. Ел дәстүрін білмесең, Жұрт айтады надан деп. Ата-бабам ардақты, Жамандыққа Бармапты. Ардақ тұтып үлкенді, Ата жолын жалғапты. 1 жүргізуші: - Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениеті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. салт-дәстүрлі ел – мықты, әрі түбі берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. 2 жүргізуші: - Ал енді бүгінгі сайысқа қатысатын командаларды қошеметтеп, құрметтеп ортаға шақырайық. (командалар шығады, 3 команданы таныстырады) 1 – «Жігер» командасы, 2 – «Намыс» командасы, 3 – «Қыран» командасы. Қошеметтеп, құрметтеп қол соғайық. 1 жүргізуші: - Қазақ халқының дәстүрлерін қалай жақсы білетіндерін байқаймыз. Оны біз конкурс, викторина, сайыс ретінде өткіземіз. Ал бастайық. 2 жүргізуші: - 1- конкурс: «Кім жылдам» викторинасы. Бұл конкурста командалар қойылған сұрақтарға тез жауап беру керек. Жауабы дайын команда жалаушаны көтеріп, жауап береді.
1 жүргізуші: - Жарайсыңдар! Енді келесі конкурс – «Сөздің көркі - мақал» деп аталады. Мақал-мәтелдер сайысы. Қай команда ең көп мақал-мәтелдерді айтса, сол команда жеңіске жетеді. 2 жүргізуші: - Келесі конкурс – «Поэзия минуттары». Бұл конкурста командалар ән айтады, мәнерлеп өлең оқиды. 1 жүргізуші: - Қазақ халқының салт-дәстүрлері: бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер, тұрмыстық салт-дәстүрлер, әлеуметтік салт-дәстүрлер болып үшке бөлінеді. 2 жүргізуші: - Шілдехана – жаңа туған нәресте құрметіне жасалған той. Қуанышты хабар жеткізуші «Сүйінші! Сүйінші» деп келеді. 1 жүргізуші: - Бесікке салу – халқымыз үшін елеулі дәстүр. Тағы да осындай сияқты салт-дәстүрлер көп. 2 жүргізуші: - Енді біздің сайыскерлеріміз салт-дәстүрлерді қалай білетіндерін байқаймыз. 1 жүргізуші: - Төртінші конкурсқа кезек келді – «Салт-дәстүрді көрсету». Командалар ортаға шығып, салт-дәстүрді көрсету керек. (1 – «Тұсау кесер», 2-«Бесікке салу», 3-«Қыз ұзату»). Командаларға дайындалуға біраз уақыт берейік, музыкалық үзіліс. Ән орындалады. 2 жүргізуші: - Ал енді ойын – сайысын өткізейік. Командалар «Арқан тартыс» ойынына қатысады.
|