girniy.ru 1 ... 5 6 7 8 9 ... 20 21

Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. Ядролық қару, зақымдаушы факторлары

  2. Радиоактивтік ластану аймағы

  3. Ядролық зақым ошағы



Дәріс №7. Химиялық қауіпті нысандардағы төтенше жағдайлар


Жалпы сұрақтар

  1. Әсері күшті улы заттарға мінездеме.

  2. Химиялық қауіпті нысандағы авариялар.


Әсері күшті улы заттарға мінездеме. Мұндай нысандарға, бірінші кезекте, қорғаныстық, химиялық, мұнай өндейтін, целлюлозза – қағаз өңдіретін кәсіпорындар, тамақ өнеркәсібі және басқа бірқатар салалар жатады.

Қатты
әсер ететін химиялық заттар деп шаруашылық мақсатында қолданлатын және әртүрлі бұзылған немесе зақымданған технологиялық сыйымдылықтардан, қоймалардан және кұрылғылардың шығуы кезінде адамдардың жаппай зақымдануын тудыратын токсинді химиялық заттар аталады.

Өздерінің зақымдау құрамдарына қарай ҚӘУЗ (қатты әсер ететін улы заттар) бір текті емес.

Олардың негізгі топтастырушы белгісі ретінде адамның қатты улануы кезіндегі жиналатын ерекше синдромының белгісі көбіне жиі қолданылады. Осыған қарап шартты түрде, барлық ҚӘУЗ мынандай топтарға бөлінеді:

  • ерекше тұншықтырушы күші бар заттар (хлор, фосген, хлорпикрин);

  • ерекше жалпы уландырушы күші бар заттар (көміртек тотығы, ніл қышқылы және т.б);

  • тұншықтырушы және жалпы уландырушы күші бар заттар (акрилонитрил, күкіртті сутек, азот қышқылы және азот тотықтары, күкіртті ангидрит және т.б.);

  • нейротропты улар (күкірт көміртегі, тетаэтил-қорғасын, фосфор органикалық қоспасы);

  • тұншықтырушы және нейротропты күші бар заттар (аммиак, гептил, гидразин және т.б.);

  • метаболикалық улар (этилен тотығы, дихлорэтан және т.б.)

Химиялық қауіпті кәсіпорындардағы аварияның зақымдаушы факторларының таралу ауқымына қарай мынандай болып бөлінеді:


  • бір жердің шеңберінен аспайтын (жеке) – егер олар санитарлы-қорғанысты аймақ шекарасынан шықпаған болса;

  • жергілікті – олар жақын арадағы тұрғындық құрылыстың жекелеген учаскесін қамтиды;

  • аймақтық – халқы тығыз орналасқан қала, аудан, облыстағы көлемді ауданды алады

ҚӘУЗ – дің аудан немесе бүкіл елге ғаламдық таралуы екі талай.

Өрт қауіпті заттарды топтастыруға сәйкес жану мүмкіндігі
не қарай ҚӘУЗ – ді жанбайтын, ауыр жанатын, жанатын деп бөлуге болады. ҚӘУЗ – дің көп мөлшері оларды өндіретін немесе пайдаланатын кәсіпорындарда болады. Химиялық қауіпті кәсіпорындарда ҚӘУЗ негізгі шикізат, аралық, жанама және соңғы өнім болып, сондай – ақ ерітінді және өңдеу құралы болып табылады. Бұл заттардың қоры сақтау қоймаларында (70 – 80 % дейін), технологиялық аппаратураларда, транспорттық құралдарда (құбырлар, цистерналар және т.б.). Кең таралған ҚӘУЗ – ға хлор мен аммиак жатады. Өндірістің көлемі мен концентрациясы есебінен үлкен шамадағы ҚӘУЗ – дің жиналуы болады, бұл – айтарлықтай ықтимал қауіп төндіреді.

Қауіпті химиялық нысандағы - авария кезіндегі үлкен қауіпті әртүрлі токсинді заттардың төгілуі алып келеді. Авария салдарының ықтималды көлемі ҚХН – ның түріне, ҚӘУЗ – дің түріне, олардың құрамына, мөлшері мен сақтау мерзіміне, авария с
ипатына, ауа райы және т.б. байланысты болып келеді. Мұңдай авария кезіндегі басты зақымдаушы фактор болып химиялық зақымдану және ондаған километрге жетуі мүмкін аймақ тереңдігі жатады. Авария кезіндегі туындайтын бір ерекшелік уландырушы заттардың жоғарғы концентрациясы кезінде адамдардың қысқа уақыт ішінде зақымдану мүмкіңдігі болып табылады. ҚХН – ға авариялар жарылыстар және өрттермен қатар жүруі мүмкін.

Химиялық авариялардың саны транспорттық оқиғалардың салдарынан көбейіп келеді. Бүгінгі таңда сұйытылған хлордың, тұзды және күкіртті қышқылын темір жол арқылы тасымалдау көлемі артып отыр.


Ерекше қауіпті жоғарғы токсинді заттармен су көздерінің зақымдалуы тудырып отыр. Ағатын канализация
суының төгілуі үлкен қауіп тудырады. Олардың улылығы ҚӘУЗ қалдықтарына қарағанда анағұрлым төмен, өздерінің көлемі мен жиілігіне қарай олар үлкен зиян келтіруге қабілетті. Әдетте канализациялық қалдықтар адамдардың қысқа мерзімде зақымдануына алып келмейді, бірақ мутацияны тездетіп және адамның имундық жүйесін әлсіретуге қабілетті.

Адамзат пен қоршаған табиғи ортаға үлкен қауіпті төгілген мұнай мен мұнай өнімдері төндіреді. Төгілген мұнай өнімдерінің жұқа қабаты одан ауаның өтуіне кедергі жасайды. Егер мұнай өнімдерімен зақымданған қабат көп мөлшерде болса, онда оның астындағы бүкіл тіршілік өлімге душар болады. Сондықтан зақымданған аумақты залалсыздандыру жұмыстарын кешіктірмей жүргізу талап етіледі.

Табиғаттағы экологиялық тепе – теңдіктің бұзылуын алып келетін өндірістік қалдықтар және басқа да улы заттармен ауаның, судың және топырақтың ластануы мен улануының қауіпі кем емес.

Химиялық авария – қауіпті химиялық заттардың шығуы немесе төгілуімен қатар жүретін, адамдардың өлімін немесе зақымдануын, азық – түліктің, тағамдық шикізаттың және ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, немесе қоршаған табиғи ортаның химиялық зақымдануын туғызуға мумкіндігі бар химиялық қауіпті нысандағы авария.

Химиялық зақымдану - белгілі бір уақыт ішінде адамдарға, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп тудыратын, қауіпті химиялық заттардың қоршаған табиғи ортада концентрация немесе мөлшер түрінде таралуы.

Қауіпті химиялық заттар – адамға тікелей немесе жанама әсері ауыр немесе созылмалы ауру туғызатын немесе олардың өліміне алып келетін химиялық зат.

Қауіпті химиялық заттың шыгарылуы – герметикалау кезінде техникалық құрылғылардан, қауіпті химиялық заттардың немесе өнімнің сақтайтын немесе тасымалдайтын сыйымдылықтардан химиялық авария тудыруы мүмкін мөлшерде қысқа мерзім ішінде шығуы.


Қауіпті химиялық заттардың төгілуі – герметикалау кезінде техникалық құрылғылардан, қауіпті химиялық заттардың немесе өнімнің сақтайтын немесе тасымалдайтын сыйымдылықтардан химиялық авария тудыруы мүмкін мөлшерде төгілуі.

Қауіпті химиялық нысан – қауіпті химиялық заттарды сақтайтын, өндіретін, пайдаланатын немесе тасымалдайтын нысан, ондағы авария немесе қирау кезінде адамдардың өлімі немесе ауылшаруашылық малдарының, өсімдіктердің, сондай – ақ қоршаған табиғи ортаның химиялық зақымдануы мүмкін.

Химиялық зақымдану аймағы – белгілі уақыт ішінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп тудыратын мөлшерде немесе концентрацияда қауіпті химиялық заттар жайылған немесе алып келінген аймақ.


Химиялық қауіпті нысандағы авариялар. Қатты әсер ететін улы заттар – бұл химиялық зат немесе қоспалар, олар қоршаған ортаға төгілген не болмаса шашылған кезде, адамдардың не жануарлардың жаппай зақымдануына, сонымен қатар ауаның, құмның, судың, өсімдіктердің және әр түрлі объектілердің зақымдануы.

Химияландырудың қарқындылығы шаруашылық қызметте ҚӘУЗ қолданудың кеңінен тарауына жағдай жасады. Соған сәйкес, көптеген шаруашылық объектілері, ең алдымен өнеркәсіп кәсіпорындары химия­лық қауіпті болып табылады.

Химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) болып авария немесе қирау кезінде халықтың, жануарлар мен өсімдіктердің жаппай зақымдануы мүмкін объектілер ұғынылады. Улы заттардың ірі қорына химиялық өндіріс орындары, целлюлоза – қағаз, мұнай өндейтін және мұнай хи­миялық кәсіпорындары, қара және түсті металургиялар, жер тыңайтқышын шығаратын кәсіпорындар жатады. ҚӘУЗ – дің айтарлықтай қоры сондай – ақ тамақ объектілерінде, ет – сүт өнеркәсібінде, азық – түлік базаларында, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықта шоғырланған. ХҚО – ге ҚӘУЗ санатына негізгі шикізат, екі ортадағы және негізгі өнім, жанама өнім сондай – ақ өңдеулердің еріткіші және құралы жатады. Бұл заттардың қоры базистік және негізгі қоймаларда, технологиялық аппаратураларда, көлік құралдарында (құбыр өткізгіштер, цистерналар) болады.


ҚӘУЗ сақтауға арналған жер бетіндегі сұйық қоймалар топпен орналасады немесе жеке тұра алады. Сұйық қоймалардағы әрбір топта немесе үлкен жеке қоймаларда периметрі бойынша бекітулі опырылымдар немесе оқшаулағыш қабырғалар (тұғыр сирек қойылады) орнатылады. Олар төгілетін ҚӘУЗ – ді жергілікті шағын участкеде ұстап тұруға мүмкіндік береді, яғни булану алаңын қысқартады.

ХҚО базистік және негізгі қоймаға жіберер алдында ҚӘУЗ - ді уақытша сақтау үшін, тұрғын және коғамдық ғимараттардан 300 м қашықтықта орналасқан тұйықтағы тежіржол қоймалары қолданылады. ҚӘУ3 – ді темір жол қоймаларында сақтау, ереже бойынша, арнайы цистерналарда жүзеге асырылады. Сақтау мерзімі 2-3 тәуліктен аспау керек. Алайда, мұндай қоймаларда сақталған ҚӘУЗ – дің рұқсат етліген мөлшері белгіленбейді, ол уақытша қойма ретінде пайдаланылатын темір жол станциясындағы цистернаға бақылаусыз, ретсіз жинала береді.

Темір жол көлігі ҚӘУЗ тасымалдаудың негізгі әдісі болып табыла­ды. Сонымен қатар, 40т – дан – 60т дейінгі сиымдылықтағы ҚӘУЗ тасымалдау үшін әр түрлі 0,1 -0,8м3 дейінгі сиымдылықтағы контейнерлер және 0,016-0, І5м3 сиымдылықтағы баллондар пайдаланылады.

ҚӘУЗ тасымалдаудың кең таралған әдісі – құбыр өткізгіштік әдіс бо­лып табылады. Алайда көп жағдайларда ол шағын ғана қашықтықта (цех пен қойма арасында) қолданылады.

Автомобильді көлікпен ҚӘУЗ 2 – 6т жүк көтергіш цистерналармен тасымалданады.

Аварияның нәтижесінен қоймалардың, цистерналардың, технологиялық сиымдылықтардың және құбыр өткізгішзердің зақымдануы және қирауы ҚӘУЗ – дің ауаға тарауына, содан кейін сол аймақтың зақымдануына алып келеді. Желдің бағыты бойынша қозғалған ҚӘУЗ бұлты он шақты километр тереңдікке дейін зақымданған аймаққа орныға отырып, ол қорғанбаған адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің зақымдану қаупін тудырады. Зақымданған аймақ дегеніміз – ҚӘУЗ – дің зақымдаушы әсері байқалатын аймақ, ал аймақтың терендігі дегеніміз – зақымдалған аймақ көзінен аймақ шекарасына дейінгі сиымдылықтың, коммуникацияның зақымдануы немесе қирауы болып табылатын арақашықтығы.


ҚӘУЗ төгілуімен байланысты авариялардың жалпы ерекшелігі -құрылымның жоғары жылдамдығы және ҚӘУЗ бұлтының зақымдаушы әрекеті, ол адамдарды қорғау және зақымдау көзін жою бойынша кешіктірмей шара қабылдауды талап етеді. Бұл міндеттердің жедел шешімі тек қана алдымен өзі қамтитын аймақтың тереңдігі мен аумағын кіргізетін зақымдану аймағының масштабы көрсеткішінің дер кезінде және анық болжамының нәтижесінен табылады.


Химиялық қауіпті заттардың организмге әсері бойынша жіктеу


Топ

саны

Организмге әсерінің сипаты

Заттардың атаулары

1

Тұншықтырғыш әрекеті басым заттар

Хлор, фосген, хлорпикрин

2

Жалпы улағыш әрекеті басым заттар

Көміртек тотығы, цианды сутек, қышқыл және т.б.

3


Тұншықтырғыш және жалпы улағыш әрекетіне ие

заттар

Акрилонитрил, күкіртсутек, азот қышқылы және азот оксиді, күкіртті ангидрид және т.б.

4

Нейтропты улар

Күкіртті көміртек, тетраэтил -қорғасын, фосфор органикалық қосылыстар

5


Тұншықтырғыш және нейтропты әрекетке ие

Аммиак, гептил, гидразин және т.б.

6

Метаболиялық улар

jЭтилен окисі, дихлорэтан және т.б.


Химиялық зақымдану ошағына сипаттама

Химиялық зақымдану ошағының мөлшері химиялық қауіпті заттың төгілу көлеміне, төгілу сипатына (еркін, түбіне немесе үйілу), метеожағдайға, заттардың уландырғышына және адамдардың қорғану дәрежесіне байланысты.

Химиялық зақымдану аймағы химиялық зақымдану ошағын құрайтын бөлім болып табылады. Ол зақымданған ауа бұлтының алғашқы және қайталама таралу масштабымен сипатталады. Химиялық зақымдануы мүмкін аймақты және іс жүзіндегі химиялық зақымдану аймағын ажыратады.

Алғашқы бұлттар тек қысыммен ҚӘУЗ құрайтын газгольдерлер және сиымдылықтар қираған (зақымданған) кезде ғана пайда болады. Ол аз уақыттағы әрекеті кезінде өлтіретін дозаның бірнеше ретімен артатын жоғары концентрациялармен сипатталады. Улы заттардан құралған бұлт ауаның тығыздығын арттыратын тығыздықпен жарым – жартылай алқаптарды, ойпаттарды, тұрғын үй ғимараттарын және т.б. жайлайды.

Қайталама бұлтының зақымдау әрекетінің алғашқымен салыстырғандағы ерекшелігі ондағы ҚӘУЗ бұлтының концентрациясы бір – екі ретке төмен. Қайталама бұлт әрекетінің жалғасуы булану көзінің уақытымен және жел бағытының тұрақты сақталу уақытымен анықталады. Өз кезе­гінде заттың булану жылдамдығы оның физикалық қасиетіне (молекулалы масса, булану температурасы кезіндегі қаныққан бу қысымы) төгілу алаңына және желдің жылдамдығына байланысты.

Химиялық зақымдану ошағы ХҚО химиялық аварияның нәтижесінде қалай пайда болса, өрт кезінде де солай пайда болады. Мұндай жағдайда термиялық ыдыраулары улы газдар бөлетін, күрделі химиялық қосылыстар (хлор, аммиак, азот окистерін, күкіртті ангидридтер және т.б.) пайда болатын ірі қоймаларда болған өрт аса үлкен қауіп тудырады.


Атмосфераға улы газдардың бөлінуі синтетикалық әрлеуіш материалдардың жануы кезінде де болады, мұны құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ескерген жөн. Қолда бар ҚӘУЗ және олардың концентрациясы әртүрлі қорғаныс құралдарын және құтқарушыны жабдықтау қажеттілігін анықтайды.


Химиялық зақымдану ошағындағы іс – әрекет.Атмосфераға немесе жергілікті жерге ҚӘУЗ жайылғанын байқағаннан бастап:


  • қауіпті аймақта болуы мүмкін барлық адамдарға тез арада хабарлау;

  • қажет болған жағдайда ҚӘУЗ бұлтының буы қозғалып бара жатқан аймаққа тап болдырмау есебімен оларды жедел көшіру жүргізіледі;

  • көмекті қажет ететін зардап шеккендерді сонымен қатар құрылыс қирандыларының немесе ғимарат бөлшектерінің астында қалып қалғандарды іздеуді ұйымдастыру қажет;

  • қандай да бір себеппен қауіпті аймақтан шыға алмайтын барлық тұлғалар қажетті ЖҚҚ камтамасыз етілулері керек;

  • ҚӘУЗ – дің одан ары төгілуін тоқтату үшін зақымданған участкелер өшіріледі, бекіткіш құрылғылар жабылады;

  • зақымданған сиымдылықтың төңірегіне, егер солай істеу қажет болса, топырақ үйінділері жасалады немесе шұңқырлар қазылады;

  • жағдайды болжау және ҚӘУЗ буымен зақымданған ауаның қозғалыс бағытын анықтау мақсатында үздіксіз метеорологиялық бақылау жасауға ерекше көңіл аударылады.

ҚӘУЗ зақымданған аймақта химиялық барлау ұйымдастырылады. Ол объектідегі ЖҚҚ тарта отырып, химиялық барлау аспаптарымен қамта­масыз етілген, зақымданған ошақты тексеруден бастайды және оған ҚӘУЗ – дың қаншалықты бар екендігі мен олардың ауадағы концентрациясын және топырақ сынамасының сұрыпталуын анықтау кіреді.

Зақымданған ошақта химиялық барлау жүргізу кезінде, ҚӘУЗ бары әрбір ғимараттарда 20-30 м кейін, үлкен ғимараттарда 10-15 м кейін аныкқталады. ҚӘУ3 жиналуы мүмкін участкелерге (жер төле ғимараттарына, нашар желдетілетін жерлерге) ерекше көңіл аударылады. Ауаның сынамасын ҚӘУ3 анықталған жерлерден, ҚӘУЗ сынамасын сұйық түрде олардың тамған жерлерінен алады. Авария болған объекті аумағынан топырақтың сынамасы алынады.



<< предыдущая страница   следующая страница >>