girniy.ru 1 2 ... 5 6

Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2105 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2009 жыл 11 қаңтар № 4-5 (25851); "Казахстанская правда" от 20.03.2010 г., № 66-68 (26127-26129); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 59, 514-құжат


      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу» бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                    К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2009 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 2105 қаулысымен    
бекiтiлген       

«Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдiктер мен
азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу» мемлекеттiк
қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты (бұдан әрi — стандарт) Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу бойынша мемлекеттiк қызмет (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) көрсету тәртiбiн айқындайды.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.

      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы, «Халықтың көшi-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы, «Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келiсiмдi бекiту туралы» 2001 жылғы 6 желтоқсандағы заңдарының, Қазақстан Республикасының «Шетелдiктердiң Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi» туралы 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136, «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiн бекiту туралы» 2000 жылғы 12 шiлдедегi № 1063, «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының өзара визасыз сапарлары туралы» 2005 жылғы 23 мамырдағы № 494 қаулыларының негiзiнде көрсетiледi.

      4. Мемлекеттiк қызметтi осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекен-жайлар бойынша Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары көшi-қон полициясының аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - көшi-қон полициясының бөлiмшелерi) көрсетедi.
      5. Мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны көшi-қон карточкасының «тiркеу» бағанында белгi қою болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет 16 жастан асқан Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетiледi. 16 жасқа толмаған адамдарға қатысты оларды алып жүретiн адамдардың көшi-қон карточкасына белгi қойылады.
      Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткен күнiнен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде уақытша тұратын жерi бойынша тiркелуге мiндеттi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде уақыт бойынша шектеулi мерзiмдер:
      1) мемлекеттiк қызмет бiр жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi;
      2) мемлекеттiк қызметтi ұсынуға қажеттi құжаттарды өткiзу кезiнде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты - 30 минут;
      3) мемлекеттiк қызметтi ұсынуға қажеттi құжаттарды өткiзу кезiнде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты — 30 минут;
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн болып табылады.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгiлерi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң (бұдан әрi - IIМ) интернет-ресурсында www.mvdkz, сондай-ақ көшi-қон полициясының бөлiмшелерiнде орналасқан ресми ақпарат көздерi мен стендiлерде орнатылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет көшi-қон полициясының бөлiмшелерiнде аптасына алты күн, жұмыс күндерi сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейiн, және сенбi күнi сағат 9-00-ден 13-00-ге дейiн ұсынылады. Қабылдау кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.

      11. Осы мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн көшi-қон полициясы бөлiмшелерiнiң үй-жайлары ғимараттың бiрiншi қабатында орналасады, дене бiтiмiнiң мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың кiруiне арналған пандусы бар iшкi iстер органдарының басқа бөлiмшелерiнен бөлек кiретiн есiгi болады. Күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттардың тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендiлермен жарақталады.


2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн шетелдiктi не азаматтығы жоқ адамды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалар, сондай-ақ осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетiлген санаттардың бiрiне жататын шетелдiктер:
      1) Қазақстан Республикасына келуге және болуға визасы бар шетелдiктiң не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын жарамды құжатты (осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетiлген елдердiң азаматтары үшiн виза талап етiлмейдi);
      2) мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң лауазымды адамдары беретiн шекарадан өткенi туралы белгiсi бар көшi-қон карточкасын;
      3) бланкiлерiн көшi-қон полициясы бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi беретiн тiркеу туралы өтiнiштi (осы заңды тұлғаның ресми бланкiлерiнде ресiмделетiн заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қоспағанда) ұсынады.
      Қазақстан Республикасында уақытша болуы алты айдан астам мерзiмдi құрайтын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар қосымша:
      1) бланкiлерi көшi-қон полициясының бөлiмшелерiнде, әдiлет органдарының халыққа қызмет көрсету орталықтары мен аумақтық бөлiмшелерiнде берiлетiн, толтырылған екi мекен-жайлық келу парағын;
      2) бланкiлерi көшi-қон полициясының бөлiмшелерiнде, әдiлет органдарының халыққа қызмет көрсету орталықтары мен аумақтық бөлiмшелерiнде берiлетiн келу парағына толтырылған статистикалық есепке алу талонын;
      3) 35х45мм мөлшердегi бiр фотосурет ұсынады.
      13. Көшi-қон полициясы бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi беретiн бланкiлер, сондай-ақ ПМ-нiң интернет-ресурсына www.mvd.kz орналастырылады.
      14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн өтiнiш берушi тiркеу орны бойынша көшi-қон полициясының бөлiмшелерiне жүгiнедi.

      Көшi-қон полициясы бөлiмшесiнiң қызметкерi тiркеу туралы өтiнiштi қабылдайды және тiркеудi көшi-қон карточкасында ресiмдейдi, есепке алу карточкасын толтыру журналына тiркеу туралы деректердi енгiзедi және тiркеу туралы көшi-қон карточкасына белгi қояды.

      15. Көшi-қон полициясы бөлiмшесiнiң қызметкерi барлық құжаттарды алғаннан кейiн бiрден көшi-қон карточкасына тиiстi белгi қояды, ол оны ресiмдеген қызметкердiң қолымен және көшi-қон полициясы бөлiмшесiнiң мөрiмен расталады.
      Визалық мөрмен және лауазымды адамның қолымен расталған туристiк топтарды тiркеу туралы мөртаңба ұжымдық тiзiмдердiң келесi жағына басылады.
      16. Көшi-қон полициясы бөлiмшесiнiң қызметкерлерi көшi-қон карточкасына тiркеу туралы белгi қойылғаннан кейiн дереу тiркеу мәселесi бойынша қабылданған шешiм туралы өтiнiш берушiге хабарлайды.
      17. Осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттарды толық көлемде тапсырмау шетелдiкке, азаматтығы жоқ адамға мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн негiз болып табылады.

3. Жұмыс iстеу қағидаттары

      18. Көшi-қон полициясы бөлiмшелерiнiң қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышты орындау кезiндегi заңдылықты, Iшкi iстер органдары қызметкерiнiң ар-намыс кодексiн сақтауға негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Көшi-қон полициясы бөлiмшелерiнiң жұмыс нәтижелерi осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      20. Мемлекеттiк органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы мен қол жетiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң нысаналы мақсатын арнайы құрылған жұмыс топтары жыл сайын бекiтедi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. Көшi-қон полициясы қызметкерлерiнiң iс-әрекеттерiне осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген қалалық, аудандық iшкi iстер басқармаларының (бөлiмдерiнiң), iшкi iстер департаменттерiнiң, IIМ-нiң Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары тұрған басшылығына заңнамада белгiленген тәртiппен шағымдануға болады.

      22. Шағымдар жазбаша түрде почта, электрондық почта арқылы не iшкi iстер органдарының кеңселерi арқылы қолма-қол жұмыс күндерi сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, сағат 9-00-ден бастап 18-00-ге дейiн, сондай-ақ сенбiде сағат 9-00-ден бастап 13-00-ге дейiн қабылданады.

      23. Түскен шағым iшкi iстер органдарының кеңсесiнде тiркеледi және заңнамада белгiленген тәртiппен қаралады.
      Шағымдарды қарау нәтижелерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде почта арқылы не электрондық почта арқылы хабарланады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Ұсынылатын мемлекеттiк қызметке жауапты көшi-қон полициясы бөлiмшелерi басшыларының мекен-жайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген.
      25. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Тәуелсiздiк даңғылы, 1, IIМ-нiң интернет-ресурсында: www.mvd.kz қабылдау бөлмесiнiң телефоны (7172)71-40-75.

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2009 жылғы 14 желтоқсандағы 
№ 2105 қаулысымен бекiтiлген
мемлекеттiк қызмет    
көрсету стандартына   
1-қосымша        

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.06.19 N 620 Қаулысымен.

Р/с


Iшкi iстер департаменттерi

Заңды мекен-жайы

Интернет-ресурсы

Iшкi iстер департаменттерi хатшылығының телефондары

Лицензия-рұқсат беру жүйесi бөлiмшелерiнiң телефондары

1.

Астана қаласының Iшкi iстер департаментi

Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 19

www.ast.dvd.mvd.kz

71-61-98,
71-61-99

71-61-70,
71-60-18,
71-63-66

1)

«Алматы» ауданының iшкi iстер басқармасы


Астана қаласы, Жансүгiров көшесi, 2




71-68-63

71-67-37

2)

«Сарыарқа» ауданының iшкi iстер басқармасы

Астана қаласы, Есенберлин көшесi, 1




71-66-32

71-66-46

3)

«Есiл» ауданының iшкi iстер басқармасы

Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 21




79-88-02,
79-88-10

79-88-02

2.

Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi

Көкшетау қаласы, Горький көшесi, 35

www.akmdvd.online.kz

29-11-24,
29-11-25

25-00-35

1)

Көкшетау қаласының iшкi iстер басқармасы

Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 121




25-78-05,
29-96-79

23-03-49

2)

Степногор қаласының iшкi iстер бөлiмi

Степногор қаласы, 5-шағын аудан, 49




5-82-02

5-82-02

3)

Ақкөл ауданының iшкi iстер бөлiмi


Ақкөл қаласы, Октябрь көшесi, 2




2-10-02

2-10-02

4)

Аршалы ауданының iшкi iстер бөлiмi

Аршалы ауылы, Тәшенов көшесi, 47




2-17-44

2-17-44

5)

Астрахань ауданының iшкi iстер бөлiмi

Астрахань ауылы, Байтұрсынов көшесi, 16




2-13-02

2-13-02

6)

Атбасар ауданының iшкi iстер бөлiмi

Атбасар қаласы, Урицкий көшесi, 38




4-37-40

4-37-40

7)

Бұланды ауданының iшкi iстер бөлiмi

Макинск қаласы, Сейфуллин көшесi, 135




2-10-02

2-10-02

8)

Егiндiкөл ауданының iшкi iстер бөлiмi

Егiндiкөл ауылы, Бейбiтшiлiк көшесi, 8




2-14-85

2-14-85

9)

Еңбекшiлдер ауданының iшкi iстер бөлiмi

Степняк қаласы, Ленин көшесi, 79




2-30-40

2-30-40

10)

Ерейментау ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ерейментау қаласы, Бөгенбай көшесi, 79




3-32-68

3-32-68

11)

Есiл ауданының iшкi iстер бөлiмi

Есiл қаласы, Әуезов көшесi, 63




2-12-02

2-12-02

12)

Жақсы ауданының iшкi iстер бөлiмi

Жақсы ауылы, Тұрлыбаев көшесi, 34




2-12-89

2-12-89

13)

Жарқайың ауданының iшкi iстер бөлiмi

Державинск қаласы, Захаров көшесi, 33




9-63-33

9-63-33

14)

Зерендi ауданының iшкi iстер бөлiмi

Зереңдi ауылы, Iлиясов көшесi, 42




3-44-02

3-44-02

15)

Қорғалжын ауданының iшкi iстер бөлiмi

Қорғалжын ауылы, Болғанбаев көшесi, 8




2-14-35

2-14-35


16)

Сандықтау ауданының iшкi iстер бөлiмi

Балкашино ауылы, Абай көшесi, 101




5-00-02

5-00-02

17)

Целиноград ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ақмол ауылы




92-4-18

92-4-18

18)

Шортанды ауданының iшкi iстер бөлiмi

Шортаңды ауылы, Советская көшесi, 21




2-75-02

2-75-02

19)

Бурабай ауданының iшкi iстер бөлiмi

Щучье қаласы, Коммунистическая көшесi, 33




4-27-27,
4-43-65

4-43-65

3.

Алматы қаласының Iшкi iстер департаментi

Алматы қаласы, Масанчи көшесi, 57а

www.almaty.police.kz

254-41-55,
254-42-24

254-47-81,
254-42-17,
254-42-15,
254-47-97,
254-40-83

1)

Алатау ауданының iшкi iстер басқармасы

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесi, 78




298-54-85

298-54-88


2)

Алмалы ауданының iшкi iстер басқармасы

Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесi, 109




254-46-29

254-46-22

3)

Әуезов ауданының iшкi iстер басқармасы

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесi, 76




298-53-53

221-09-86

4)

Бостандық ауданының iшкi iстер басқармасы

Алматы қаласы, Радостовец көшесi, 205




254-47-34

395-05-43

5)

Жетiсу ауданының iшкi iстер басқармасы

Алматы қаласы, Райымбек көшесi, 158 а




279-96-88

233-69-18

6)

Медеу ауданының iшкi iстер басқармасы

Алматы қаласы, Зенков көшесi, 37




254-48-18

254-48-15

7)

Түрiксiб ауданының iшкi iстер басқармасы

Алматы қаласы, Рихард Зорге көшесi, 14




298-54-09

298-54-45

4.


Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi

Ақтөбе, Ағайынды Жұбановтар көшесi, 271

www.aktobepolice.kz

51-27-55,
93-03-03

52-02-09,
93-01-07

1)

Ақтөбе қаласының iшкi iстер басқармасы

Ақтөбе қаласы, Әйтеке би көшесi, 21




21-23-38,
40-41-08

97-08-77,
97-08-70

2)

Әйтеке би ауданының iшкi iстер бөлiмi

Комсомол ауылы, Ардагер көшесi, 7




2-14-29

2-17-75

3)

Алға ауданының iшкi iстер бөлiмi

Алға қаласы, Мұхамбетов көшесi, 28




3-11-02

3-37-02

4)

Байғанин ауданының iшкi iстер бөлiмi

Байғанин ауылы, Советтер көшесi, 15




22-1-74

22-6-82

5)

Ырғыз ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ырғыз ауылы, Ленин көшесi, 14




2-12-27

2-12-03

6)

Қарғалы ауданының iшкi iстер бөлiмi


Бадамша ауылы, Пацаев көшесi, 9




23-6-31

22-8-57

7)

Мәртөк ауданының iшкi iстер бөлiмi

Мәртөк ауылы, Ленин көшесi, 45




2-14-04

2-14-90

8)

Мұғалжар ауданының iшкi iстер бөлiмi

Қандыағаш қаласы, Жамбыл көшесi, 74а




3-66-08

3-61-38

9)

Темiр ауданының iшкi iстер бөлiмi

Шұбарқұдық ауылы, Желтоқсан көшесi, 1




2-23-60

2-32-02

10)

Ойыл ауданының iшкi iстер бөлiмi

Ойыл ауылы, Қойшығұлов көшесi, 42




2-18-98

2-17-17

11)

Қобда ауданының iшкi iстер бөлiмi

Қобда ауылы, Астана көшесi, 97




2-16-92

2-16-95

12)

Хромтау ауданының iшкi iстер бөлiмi

Хромтау қаласы, Абай даңғылы, 10




2-12-37

2-16-24

13)

Шалқар ауданының iшкi iстер бөлiмi

Шалқар қаласы, Есет Көтiбарұлы көшесi, 88




2-14-61

2-14-63

5.

Алматы облысының Iшкi iстер департаментi

Талдықорған қаласы, Жансүгiров көшесi, 91/95

www.jetisu-police.kz

60-02-11,
60-01-54

60-01-15,
60-01-08

1)

Талдықорған қаласының iшкi iстер басқармасы

Талдықорған қаласы, Абай көшесi, 249




60-86-04

24-42-00

2)

Еңбекшiқазақ ауданының iшкi iстер басқармасы

Есiк қаласы, Тоқатаев көшесi, 105




4-48-89

4-48-89



следующая страница >>