girniy.ru 1

Банк салымы шарттарын жасау кезіндегі қаржылық

қызмет көрсетуді тұтынушылар үшін

қысқаша жадынама



«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау банк операцияларына қатысты болып есептеледі және көрсетілген бапқа қатысты уәкілетті орган лицензия беруі тиіс болады.


Мұндайда Заңға сәйкес жеке тұлғалардан депозиттерді қабылдауды депозиттерді міндетті қабылдау жүйесінің қатысушылары болып табылатын банктер ғана, сондай-ақ қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес уәкілетті орган берген лицензия негізінде жүзеге асыратын почтаның Ұлттық Операторы жүргізуге құқылы.

Осы жағдайда мыналарды білу қажет:

1. Депозиттерді тартуға уәкілетті орган берген лицензиясы бар екінші деңгейдегі банкті (бұдан әрі - Банк) таңдауы керек.

2. Банктің директорлар кеңесі бекіткен операцияларды жүргізудің жалпы талаптары туралы ережемен (бұдан әрі – Ереже) танысуы қажет.

Операцияларды жүргізудің жалпы талаптары туралы ереже мыналарды анықтауы қажет:

а) қабылданатын депозиттер мен ұсынылатын кредиттердің белгіленген сомасы мен мерзімі;

б) депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы мөлшермесінің белгілі бір шегі;

в) депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы төлеу шарттары;

г) банк қабылдаған қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

д) банк операцияларын жүргізу мөлшерлемелері мен тарифтер;

е) банктің және оның клиентінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершіліктері;

ж) банктің директорлар кеңесі операцияларды жүргізудің жалпы талаптарына енгізілуі қажет деп санайтын талаптар мен шектеулер, өзге де шарттар.

Сөйтіп, қабылданатын депозиттер мен сыйақы мөлшерлемесінің сомалар шегінің, мерзімінің мөлшерімен, сыйақы төлеу шарттарымен Операцияларды жүргізудің жалпы талаптары туралы ережеде танысуға болады.

3. Салым талаптарымен мұқият танысу керек.

Әдеттегідей, салым талаптары салым түрін (мерзімді, талап етілгенге дейін) салым сомасын, мерзімін, сыйақы мөлшерлемесін, мерзімді ұзарту мүмкіндігін, салымды толтыру мүмкіндігін, капиталдандыру және т.б енгізеді. Шартты автоматты түрде (клиенттің сұратуынсыз) пролангациялаған (ұзартқан) кездегі сыйақы мөлшерлемесінің өзгеру ретіне айрықша назар аудару қажет. Бұл жағдайларда Банк ережелерінде сыйақы мөлшерлемесін қомақты түрде төмендетуді көздейді тіпті одан бас тартуға дейін барады.


4. Банктер клиенттерінен әр түрлі депозитті тарту, кеңес беру, құжаттарды қараумен байланысты, түрлі шоттар ашу, жүргізу және т.б., ілеспе қызмет көрсеткендері үшін жиі төлем алып отырады, бұл шын мәніндегі сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін жиі бұрмалайды және клиенттерді әуреге салады.

Осыған байланысты 01.04.2006ж. бастап депозиттерді тарту кезінде банктің түрлі төлемдеріне байланысты клиенттің барлық шығыстарын енгізетін жылдық сенімді салыстырмалы сыйақы мөлшерлемесін, оның ішінде шарт бойынша ашып көрсету банктің міндетіне енгізілді және бұл банкке түрлі банктердің сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшерлерін әділ бағалауға және салыстыруға мүмкіндік береді.

Шарт жасалғанға дейін бірнеше Банктердің осындай депозиттерін тарту талаптарымен танысқан тиімді, кеңесу кезінде Банктерден сыйақы мөлшерлемесінің тиімді сенімді салыстырмалы мөлшерін сұрату керек. Басқа теңдей талап жағдайында мейлінше тиімді сенімді салыстырмалы сыйақы мөлшерлемесі бар депозит ең көп кіріс алып келеді.

5. Оң шешім қабылданған жағдайда Банкпен банк салымы шартын жасауға болады. Егер шартқа екі бірдей тарап қол қойған болса, онда шарт тараптардың өзара келісімі бойынша жасалған деп саналады.

6. Шарттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін міндетті түрде Банкке барып, банк қандай жаңа тиімді сыйақы мөлшерлемесін ұсынатындығын зерделей отырып, жаңа шарт жасау не одан бас тарту немесе шарттың мерзімін ұзарту арқылы толығымен қайтарып алу туралы шешім қабылдау керек.

Сонымен қатар, қажет ақпаратты немесе шартта көзделген мерзімде сыйақыны алу мақсатында, сондай-ақ жинақ кітапшасына сыйақыны капиталдандыру жағдайы үшін Банкке жиі-жиі барып тұр керек.

7. Жыл сайын банк салымы шарты жасалған банкті бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің www.afn.kz. веб-сайтында жарияланып отырған қаржылық есепті және өзге ақпаратты бақылап отыру жолымен Банктің қаржылық тұрақтылығын қадағалап отыру керек.

8. Депозитор Банк салымдарының шарты бойынша даулы жағдайлар туындаған кезде Банктің орналасқан мекен-жайы бойынша Банкке, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне немесе сотқа жазбаша нысанда өтініш беруге құқылы.