girniy.ru 1
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ БАСТАУЫШ ҰЙЫМДАРЫ МЕН ФИЛИАЛДАРЫ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯЛАРЫ ТУРАЛЫ


Е Р Е Ж Е


  1. Жалпы ережелер



1.1. Кәсіподақтың бастауыш ұйымдары мен филиалдарының тексеру комиссиялары сол ұйымның сайланбалы органдарымен қатар бір уақытта жиналыстарда, конференцияларда бір мерзімге сайланады. Тексеру комиссиясының сандық құрамы мен дауыс беру түрін жиналыс, конференция анықтайды.

1.2. Тексеру комиссиялары қызметтерін заң құжаттарына, Кәсіподақ Жарғысына, осы Ережеге сай Кәсіподақ Тексеру-бақылау комиссиясымен қарым-қатынаста жүргізеді, және оның шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.


2. Қызметтің мазмұны


2.1. Тексеру комиссиялары тиісті кәсіподақ органдарының қаражат-шаруашылық қызметін тексереді және құжаттарына ревизия жасайды.


Комиссия мыналарды тексереді:


-
Кәсіподақ Жарғысының орындалуы, съездердің, конференциялардың, жиналыстардың, бастауыш ұйымдар мен филиалдардың сайланбалы органдарының, сондай-ақ кәсіподақтың жоғарғы органдарының шешімдерінің орындалуын;

- кәсіподақ бюджеті мен сметасының орындалуы, ақшалай қаражаттың тиімді пайдалануын;

- мүшелік жарналардың, шаруашылық жұмыстардан табылған пайда және басқа түсімдердің толық және уақытылы түсуін;

- жоғарғы кәсіподақ органдарына мүшелік жарналардың толық және уақытылы түсуін;

- Кәсіподақ мүліктері, ақшалай қаражаттары мен материалдық құндылықтарының сақталуын, жасалған шығындардың заңдылығы мен тиімділігін, қаражат тәртібінің сақталуын;

- қаржы мен бағалы мүліктерді санақтауда, бухгалтерлік есептің дұрыстығын, финанс және статистикалық деректердің нақтылығын;

-іс жүргізу, түскен хаттар мен өтініштердің қаралуын, кәсіподаққа мүшелікке қабылдау тәртібінің сақталуын, кәсіподақ мүшелерін санақтау мен олардың құжаттарының сақталуын.


3.Тексеру комиссиясының өкілеттігі,

құқықтары мен міндеттері



3.1. Тесеру комиссияларының мүшелері жиналыс және конференция жұмыстарына, Кәсіподақтың бастауыш ұйымдар мен филиалдардың сайланбалы органдарының мәжілістеріне кеңестік дауыспен қатыса алады.


3.2. Тесеру комиссиясының құқықтары:


- тексерілетін кәсіподақ органдарынан және оның қарамағындағы ұйымдарынан қажет деген нақты бухгалтерлік және басқа құжаттарды ала алады;

- ақшалай қаражат пен бағалы мүліктердің бар және сақтаулы екендігін тексеру;

- банк мекемелерінен ағымдағы шотта бар ақша, ұйымдардан, мекемелерден, кәсіпорындардан тексеруші органдармен есептесу туралы қажетті мәліметтер мен анықтамалар алу;

- тексерілетін кәсіподақ органдарының басшыларынан, материалды жауапкер адамдардан аңықталған қаражат тәртібін бұзу, жетіспеушілік туралы жазбаша және ауызша түсініктеме алу;

- тексеру жұмысын атқару үшін кәсіподақ белсенділері арасынан экономист, қаражат және есептеу мамандарын шақыру;

- қажет жағдайларда тексеру жұмыстарына тексерілуші органның есебінен арнаулы мамандарды шақыруға.


4. Тексеру комиссиясының жұмыс тәртібі


4.1. Тексеру комиссиялары жұмысын өздері бекіткен жылдық жоспар бойынша атқарады, тексеру жұмыстары мен мәжілістерінің өткізілу мерзімі мен жиілігін анықтайды. Тексеру қажетіне қарай, бірақ кем дегенде жылына бір рет өткізіледі. Қажет болса жоспардан тыс тексеру жүргізе алады.

4.2. Тексеру комиссияларының мәжілістері, мүшелерінің жартысынан артығы қатысса, құқықты болып саналады. Комиссия мәжілісіне хаттама толтырылып, тексеру құжаттары тексерушілер және тексерілуші органның басшысы қол қойған актімен реттеледі.

Шешім ашық дауыспен, мәжіліске қатысып отырған мүшелерінің жартысынан артығы дауыс берсе, қабылданды деп саналады.

4.3. Тексерілуші кәсіподақ органы тесеру комиссиясының қатысуымен бір айдың ішінде тексеру материалдарын қарап, көрсетілген кемшіліктерді жою шаралырын іске асырады. Осы туралы өз шешімін тексеру комиссиясын мәлімдендіреді.



4.4. Көрсетілген кемшіліктер түзелмей, тексерілуші орган тексеру комиссиясының нұсқауларын орындамаған жағдайда тексеру комиссиясы тиісті шара қолдану үшін барлық құжаттарды жоғарғы тұрған кәсіподақ органына жолдайды.


4.5. Тексеру комиссияларының жұмысын қаржыландыру тиісті кәсіподақ ұйымының есебінен атқарылады.


Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау

қызметкерлері Кәсіподағының

2014 жылғы 10 желтоқсандағы XI съезінде

бекітілді