girniy.ru |
1
Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер
Ресей империясында алғашқы және бірегей жалпы халық санағы 1897 жылдың ақпан айында (28 ақпан айының жаңа үлгісімен) жүргізілген. Оның негізіне сол кездегі ғылыми негіздері алынған, ал бағдарлама ұйымдастырушылық негізіне атақты ғалым әрі саяхатшы Семенов Тянь-Шаньскийдің жоспары алынған. Санақ бүкіл ел бойынша арнайы дайындалған бір бағдарлама және жалпы нұсқаулық бойынша дайындалып жүргізілген, және де жеке, тұрақты және заңды (тіркелген) жұртшылықты сол бір мерзімде (1897жыл 9 ақпан) есепке алған. Ол бағдарламаның негізі 14 сұрақтан құралған; жасы, жынысы, некелік жағдайы, адамдардың қоғамдық тобы, туылған жері, тіркелу орны, тұрақты (күнделікті) тұрғын орны, діні, ана тілі, білім деңгейі, шұғылданатын ісі, физикалық жетіспеушіліктер мен ойлау қабілеті төмен адамдар.
1897 жылдың бірінші жалпылама санақ мәліметтері мен жұмыс жасаудың қиындығы мынада болды; Ақмола облысының құрамынан Омбы уезі мен Омбы қаласын алу керек, Орал облысына Букеев ордасы кірді, Семей облысының құрамына Павлодар уезі, Сырдария облысынан Бішпек және Пржевальский уездін алу керек, Маңғышлақ уезіне Закаспийский облысы қосылған, Торғай облысы Қостанай және Ақтөбе уездерімен бірге алынуы керек еді. 1897 жылғы санақ этникалық, лингивистикалық жұртшылық санағы, бұл дегеніміз санақ негізіне тіл индентификациясы енгізілген. Украйндар, белорустар, еврейлер, мордвалардың бөлігі ана тілін орыс тілі деп (санақ мәліметтерінде «великорусский»), қырғыздар, татарлар, өзбектердің бөлігі ана тілін қазақ тілі деп (санақ мәліметтерінде «киргизский» немесе «киргиз-кайсацкий») көрсеткен. 1897 жылғы Ресей империясында жүргізілген санақ мәліметтері бойынша қазақ халқының саны 3745 мың. адам, ал Қазақстан шекарасында 1927 жылға 3392 мың. адам болды. Демогорф М.Б. Тәтімовтың ойынша 1897 жылғы санақ кезіндегі қазақ халқының саны 10%-ға, ал 1926 жылы 6%-ға аз көрсетілген. 1911 жылы қазақ халқының үлес салмағы 60%-ға дейін төмендеген, орыстар жалпы халық санының 19,6%-ын құраған. 1914 жылы қазақ халқының үлес салмағы 58,5%, ал орыстар 29,6% құраған. 1917 жылы Қазақстан бойынша қазақ халқы 4 млн. 980 мың. адамға жеткен (Семиреченск облысы бойынша 750 мың., Самарқанд облысы – 120 мың., Амудария және Сырдария облыстарында 1 млн.150 мың.). ССРО көлемінде 5 млн. 480 мың. қазақтар тұрған. М. Тынышпаевтың есебі бойынша, қазақтардың жалпы саныны 6 млн. адам болған. Бірінші жалпы кеңес жұртшылығының санағы 1920 жылдың 28 тамызында жүргізілді. Бұл санақ әскери коммунизм мен большевиктер террорының кезінде жүргізілген. Азамат соғысы аяқталмағандықтан, Қазақстанның барлық аймағы санаққа кірмеген. Жалпы халық санағымен бірге ауылшаруашылық санағы да жүргізілді.
1926 жылғы халық санағына дайындық кезеңіндегі басты жұмысы бұл санақ сызбалары мен қолданыс құралдарының дайындығы. Ең бірінші тапсырмалардың бірі бұл географиялық, схемалық, өзге де карталарды құрастыру және оларға елді-мекендерді енгізу болды. Ауылдардың әкімшілік шекараларын анықтау қиындық туғызды. Бұл мәселені шешу үшін Ленинград қаласындағы ірі мұрағаттың мәліметтері, жоғарғы геодезия басқармасының әскери-топографиялық бөлімінің және де Мәскеу қаласындағы хабарласу жолдары комиссариятының мұрағатының мәліметтері қолданылған. Картографиялау 1926 жылдың жазында ауылшаруашылық санағы кезінде және халық санағының жүргізілуі кезінде жүзеге асырылды. Қазақстанмен Бүкілодақтық халық санағының дайындық және оны жүргізу жоспары жалпы түрде 1925 жылдың қаңтар айында дайын болған. Ю.М. Иванованың «1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағынына дайындық жұмыстарын жүргізу туралы» баяндамасында жұмыстың 2 кезеңі жайында айтылған: 1) техникалық жұмыстардың атқарылуы, - оларды санақ комиссиясының тек қана штабтық статистикалық жұмысшылары атқарады; 2) бағдарламаны ойластыру, дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуы мен оларды орындау. Санақ 1926-1927 ж.ж. қатаң қыстың жағдайында жүргізілді. Жұмысқа статистиктер, мектеп және интернат мұғалімдері, халықтық жер комитетінің жұмысшылары, халықтық қаржы комитеті, халықтық ішкі істер комитетінің және жергілікті атқарушы комитеттерінің қызметкерлері тартылды. Қолдағы бар ауылдар мен қыстаулардың тізімі бойынша, кестелер, елді мекендердің схемалық карталары бойынша халық санағы басталған. «...орыс және өзге қазақ емес шаруашылықтарда халықтың бір жерге жиналуын болдырмау, ауыл-қыстауларды аралауды міндетті түрде жүргізу – қазақ халқына арналған». Халық санағын қалаларда және қалалық үлгідегі елді мекендерде 1926 жылдың 25 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланған, ауылдық жерлерде орыс және өзге тұрақты халықты – 1927 жылдың 3 ақпанына, көшпелі қазақтар үшін – 1927 жылдың 18 ақпанына, тіркелген жерлердегі қазақ халқын қоспағанда, ол жерлерде халық санағы 1927 жылдың 15 қаңтарында аяқталуы керек болған. Жалпы санақ қойылған мерзімде аяқталған. Қоғамдық санақ бағдарламаларының қоры қазақ шаруашылықтары жайындағы арнайы шығарылған жинақпен толықтырылды. Бұл қосымша жинақ бақылау парақшасы ретінде қолданылды және қазақ жұртшылығының толық есепке алынуына мүмкіншілік берді. 1926 жылғы халық санағы кеңейтілген бағдарлама бойынша жүргізілген. Жеке парақша, жанұя картасы және т.б. сұрақтар енген, қосымша жинақ қазақ шаруашылықтарына арналған көп түрлі сұрақтар бағдарламасынан құрылған, мұнда этнографиялық, әлеуметтік–экономикалық аспектілерді қамтыған. Санақ бағдарламасын құруда белгілі демогрофтар, экономистер, этногрофтар, статистиктер жұмыс жасаған.
Келесі санақ 1937 жылдың қаңтар айында өткізілген. Бұл «атыс санағы» болған. Үлкен шығындар жасалып, маңызды ұйымдастырушылық жұмыстардың жүргендігіне қарамастан, санақ қорытындылары нәтижесіз болды, өйткені санақты ұйымдастырушылардың көп бөлігі ату жазасына ұшыраған. Бұл санақ, яғни оның бағдарламасы ал ең бастысы санақтың көңіл толтырмайтын қорытындылары Сталин мен оның қарамағындағыларды қанағаттандырмаған. Бұл санақтың мәліметтері өңделмеген және басылым беттеріне де шықпай мұрағаттарда қалған. Сондықтан тоталитарлы – репрессиялық өкіметтің қысымы жоғарылағандықтан жаңа санақты жүргізуге дайындықтар басталған, санақ алдыңғы екі бес жылдықтың табысты өткендігін дәлелдеуі керек еді, большевиктердің қуатты қаруы ретінде қызмет көрсетуі керек болған. 1937 жылы Бүкілодақтық бір күндік халық санағы өтті. Ол санақ 6 қаңтарда түнгі сағ 12-00 басталды. Бұл жалғыз бір күндік санақ болды. Бұл санақты 1932 жылы өткізу жоспарланған, одан кейін 1935 жылы өткізуге қалдырылған, нақты 1937 жылы өткізілген. 1932 жылы сынақ халық санағы Тула қаласында және бірқатар ауылдық аудандарда өткізілген. Санақты ұйымдастырып, оны өткізуге 1 млн. 250 мың. сұхбатшы жұмысқа тартылған. Жоғарыда айтылғандай санақты өткізуге бес жыл бойы дайындықтар жүргізілген. О.А. Квиткина, Л.С. Брандгендлер, М.В. Курман, И.А. Кровальдердің сіңірген еңбектерін атап өткен дұрыс. Санақ бюросын О.А. Квиткин басқарған, ол 1926 жылы табысты өткен санақтың ұйымдастырушылардың бірі, математик және медик (Сорбонн (Париж) университетін және МГУ медициналық факультетін аяқтаған). Болған санақты өткізу бойынша сұрақтарды Берлин қаласында зерттеген, неміс, француз және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. 1936 жылдың сәуір айынан бастап халық санағына белсенді дайындық жұмыстары жүргізіле бастады. ОК БКП (б) және ССРО ХКК халқына арналған арнайы үндеу таратылған, үндеуде санақтың халықшаруашылық мағынасы жайында айтылған және санаққа қатысу - әрбір адамның міндеті екендігі айтылған. Сонымен қатар, елде тотаритарлық құрылымның билігі байқалған. Идеологиялық тұжырымдамалар елеулі зиян тигізген: соцализм кезінде халық санының күрт өсуі байқалған, әлеуметтік қажеттіліктер жайындағы сұрақтарды қосу, дін, отбасылық жағдайы сұрақтар ашық сұрау түрінде жасалған. Мұндай сұрақтарға нақты жауап алу мүмкін емес болатын. Сұрақтардың сәтсіз қойылымы халықтың наразылығы мен қорқынышын тудырған. 1937 жылдың 2 қаңтарында И.А. Кроваль И.В. Сталин мен Молотовқа халық санағының ең алғашқы қорытындыларын хабарлаған (НКВД –нің арнай контингенті және әскер қатарындағылар бөлек тіркелген). Халықтың санақпен қамтылуы қанағаттанарлықтай еді. Халық санағының ұйымдастырушылық жоспары бойынша қайталап бақылау жұмыстары аяқталғаннан соң, бөлек шаруашылық кеңестеріндегі жұртшылықтың санақтан тыс қалмағандығын тағы да тексеру жүргізу үшін шаруашылық кеңестерінде санақ парақтарына жазылғандарды жеке-жеке аты-жөнімен салыстырған. Санақпен қамтылмаған халықтың саны 1 пайыздың бөлігін ғана құраған. Санақ ағымдағы тіркеудің халықтың санын асырып көрсететіндігін анықтаған, АХАЖ тіркеу жүйесі, туу мен өлімді тіркеу жүйесінде кемшіліктер барын көрсетті. Мәліметтердің толық болуын қамтамасыз ету үшін бұл санақ тұрақты және нақты халықты есепке алудың дұрыстығын көрсетті. Тұрғылықты жерлерінен 1-2 күнге жолға шығып кеткендер ғана санаққа алынбай қалған. Нұсқаулық нақты болмаған, анық нұсқауларсыз, сөздіктерді құру кезінде де біраз кемшіліктер болған. Бұл санаққа деген соңгы талаптар халықтың 1,3%-ның тіркелмегендігіне қатысты болған.
ССРО аумағындағы қазақ халқының саны 1937 жылға, мынадай 2 862 458, оның ішінде РСФСР – 292 099, ҚазССР – 2 181 520, УзССР – 287 214, Түркімен ССР – 60 035, Тәжік ССР – 12 396, Қырғыз ССР – 25 541. ҚазХШЕБ (халықшаруашылығы есебі басқармасы) тығырыққа тірелді. Себебі Қазақстанның 20-шы жылдардың аяғындағы жалпы халық санының күрт азаюының себебін ашаршылықты атамай көрсетуі қажет еді. Ағымдағы тіркеу бұл жылдары өте нашар жүргізілген еді, соған қарамастан ҚазХШЕБ орталыққа келесі халық санының өсу динамикасын көрсеткен. Қазақстан халқының динамикасы(1930-1936ж.ж.) мың. адам
Халық санының азаюы ҚазХШЕБ ССРО көшіп кеткен халықтың үлкен санымен түсіндірген (қайтып келгендерді есептен шығарылуымен және шығарылмауымен қоса). Сонда, қайтқандардың есептен шығарылуымен халықтың азаюы 1,3 млн. адам, ал қайтып оралғандырды есепке алғандағы сальдо шамамен 2 млн. адам санына жеткен. 1939 жылдың 17 қаңтарында ССРО да тағы бір халық санағы өткізілді. 1939 жылғы «тексеру» бағдарламасы 16 тармақтан құралған. Санақ керекті қорытындыларды берген жоқ, оның қорытындыларына «жөндеулер енгізіліп», сонымен қатар тұрғындардың санын ұлғайтқан. 1939 жылғы санақтың мақсаты партия және үкіметтің бұйрығымен берілгенді есептеу болған. Статистика осы қойылған шартпен орындап шығатындығына ешкімде күмән болған жоқ. Қала жұртшылығының күрт өсуіне дәлелдеу үшін бірқатар елді мекендердің мәртебесі өзгертілген: жүздеген поселкілер қала атағын алған. Қорытындыда керекті цифрларды алуға мүмкіндік туды. Сөйтіп бұл кездегі тұрғындардың саны 1926 жылмен салыстырғанда екі есеге көбейгендігін көрсетті. Қамаудағы адамдарды санаққа алу бөлек мәселе болатын. Халықтың тығыздығының бір шаршы метрге бір адамнан келетін облыстардың, бір сәтте халқы тығыз қоныстанған облыстар болып шығуына жол берілмеуі керек болған. Сондықтан қамауда отырған адамдарға арналған санақ парақтары (1939 жылы шамамен 3 млн. дана болған) бүкіл елдің территориясы бойынша азғана мөлшерлермен біркелкі таратылған . Дегенмен, талпыныстарға қарамастан 1939 жылғы халық санағының қорытындылары 1937 жылда алынған қорытындыларды жоққа шығарған жоқ. Санақты ұйымдастырушылар өздеріне дейіңгілердің қайғылы тағдырын кешетіндіктерін сезгеннен соң, шұғыл түрде санаққа алынбаған азаматтарды іздей бастады. Үй жайы жоқ адамдарды ұстап, санаққа алған және де қатынауға қиын жерлерге арнайы экспедициялар ұйымдастырған.
Бірақ, бұл мәліметтер ұзақ уақыт бойы ССРО мұрағаттарының қорларында сақталған. Олардың жаңадан өңделуі 1959 жылы басталған. Дегенмен, этностар жайлы мәліметтер мардымсыз түрде болған. 1937-1939 жылдары репрессияға ұшыраған кәсіби мамандардың жоқтығы білініп тұрды. 1959 жылдың қаңтарында соғыстан кейінгі бірінші халық санағы жүргізілді. Бұл санақтың мәліметтерінде сталинизмдік идеология көрінісін тапты. Сонымен қатар 1939-1959 жылғы қайталап есепке алудың мәліметтері басылым беттеріне шығарылып, зерттеушілердің қолдануына ыңғайлы болды. Осы кезеңде ғылым әлеміне жаңа демографтар буыны енді. Демография 20-жылдардан кейін алғаш рет қайтадан қоғамдық ғылымдардың құрамына енгізілді.
1970 жылы қаңтарда бүкілодақтық халық санағы жүргізілді, бұл санақтың ұйымдастырушылық-методологиялық және баспа жұмыстары бойынша да алдыңғы жүргізілген санақтардан басым болды және оның қорытындылары 1926 жылғы халық санағының деңгейне жетті. 1970 жылғы халық санағының мәліметтері халықтық 25%-нан сұхбат жүргізу нәтижесінде алынған, бұл мәліметтер сол уақытта жоғары салыстырмалыққа ие болды. 1970 жылғы халық санағы 15-20 қаңтар аралығында 8 күн бойы жүргізілді. Салыстыру жұмыстарын қамтамасыз ету үшін Бүкілодақтық халық санағы 1939 және 1959 жылдардағы халық санақтары сияқты қаңтар айының орта шенінде жүргізілді. Халық тұратын жерінде, ең болмағанда уақытша тұрғын жерлерінде санаққа алынды, бірақ бұрынғыдай жұмыс немесе қызмет атқару орындарында есепке алынған жоқ. Санақ парақтарын арнайы іріктеліп дайындалған сұхбатшылар халық тұратындай немесе тұрғын үйлердегі, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерді аралап бақылау тәртібі бойынша толтырды. Санақ парақтарына әр бір ғимараттағы нақты халық 14-нен 15-ші қаңтарға қараған түні сағат 12-00 ден бастап есепке алынған. Тұрақты тұратын халықтың санына уақытша кеткендер де есепке алынған болатын. 1970 жылғы халық санағы бағдарламасы барлық халыққа арналған 11 сұрақтан және халықтың 25%-ы сұхбатталған тағы 7 сұрақтан тұратын. Санақ парақтары сұхбатшылардың халықпен сұхбат жүргізу арқылы толтырылған. Халық санағы аяқталғаннан кейін 1970 жылдың 24 мен 29 қаңтар аралығында 6 күн бойы санақтың дұрыстығын тексеру мақсатында іріктеп бақылау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарды нұсқаушы-бақылаушылар сұхбатшылармен біріге отырып жүргізді. Қайталап бақылау мен қалалық жерлердегі әрбір есептік учаскедегі тұрғын ғимараттарының 50%-ы қамтылды, ал ауылдық жерде есепші учаскелердің 50%-ы қамтылған. Қайталап бақылау нәтижесінде халақтың 0,2%-ы сұхбатшылармен есепке алынбағандығы анықталды, ал бүкіл халықты тексеру кезіндегі көрсеткіш 0,25%-ды құраған. Халық санағының қорытындысын өңдеу мен дайындау кезінде әкімшілік – территориялық қайта жаңартулар да ескерілген, мысалы, Торғай облысындағы да, Қазақ пен Өзбек ССР араларындағы шекараларының ішінара жаңартулары да ескерілген.
ССРО аумағында 5 298 818 қазақ халқы, соның ішінде РСФСР – 477 820, Өзбек ССР – 476 310, Қазақ ССР – 4 234 166, Қырғыз ССР – 21 998, Тәжік ССР – 8 306, Түркімен ССР-да – 65191 халық тұрақтаған. 1970 жылдың халық санағының бағдарламасындағы адамдардың ұлты мен ана тілі бойынша сұрақтары былай тұжырымдалған: «Ұлты. Шетелдіктер қосымша азаматтылығын көрсетіуі керек» және «Ана тілі. Сонымен қоса ССРО елдерінің қайсысының тілдерін еркін меңгерген». Халық санағының нұсқаулықтарының талаптары бойынша ұлты жайындағы сұрақтарға сұхбатшылар «сұраққа алынушының атаған ұлтын » және ана тілі жайындағы сұраққа «сұраққа алынушының өзі ана тілім деп есептейтін тілді ғана» жазулары керек. Және де ана тілімен қатар ССРО елдерінің ішіндегі тілдер де жазылған (еркін меңгеріп, сол тілде сөйлей алған жағдайда). Балаларының ұлтын анықтау қиындық тудыратын отбасыларда анасының ұлты жазылатын болған, бұл тәсіл 1939,1959 және 1970 жылғы санақтарда да қолданылған. 1979 жылы 17 қаңтарда кезекті Бүкілодақтық халық санағы жүргізілді. Халық 17-24 қаңтар аралығында 8 күн бойы жұмыс немесе қызмет атқару орындары бойынша емес, тұрғылықты тұратын жерлері бойынша санаққа алынған. Сұхбатшылар сұхбат жүргізуді 16-нан 17-ші қаңтарға қараған түнінің сағ 12-00-ден бастаған. Тұрақты тұрғындар санына уақытша болмаған адамдар да есепке алынған. Санақ бағдарламасы 16 сұрақтан тұрған, оның 11 сұрағына жауаптар бірыңғай санақтан алынған, ал қалған 5 сұраққа жауапты тұрақты халықтың - 25% нан алынған (іріктеп алынған санақ). Санақ кезінде және одан кейін де деректердің дұрыстығы мен толықтылығын қамтамасыз ету үшін қайталап бақылау шаралары жүргізілген: қайталап бақылау бланкілері құрылған, санаққа алынғаны жөнінде анықтамалар беру және қайталап бақылаулар жүргізілген. 1979 жылғы санақ бағдарламасындағы жасы мен туған жылы және толған жасы жайындағы сұрақтардың құрылымы анықталған. Жаппай халық санағына мынадай сұрақтар қосылған: үй иесіне деген сүйек қатынасы, халықтың категориясы (тұрақты немесе нақты), жынысы, жасы, некелік жағдайы, ұлты, ана тілі, ССРО халықтарының тілдерін еркін меңгергендігі, білімі, күн көріс көзі. Іріктелген санаққа қосымша жұмысы мен шұғылданатын ісі бойынша сұрақтар енгізілген. |