https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3
КІРІСПЕ



Қазақ жері өзінің бай тарихымен ерекшеленеді. Оның ұлттық тарихы аса ерте замандардан бастау алады. Ел мен жерді қорғау ең алдымен сол ел мен сол жердің тарихын білуден басталады. Ел мен жердің тарихын білу тарихта өткен қасиетті ата-бабалар әруағына тағзым етіп, олардың игілікті істерін еске алудан бастау алады. Ұлт тарихынан білімді болудың басты мақсаты-өткеннен тағылым алу. Осыған орай еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштері білу-біздің тарих алдындағы міндетіміз.

Әлемдегі әр ұлттың өз тарихында кие тұтатын мекендері бар. Ол жерлердің киелілігі сол халықтардың шығу ошағы немесе ұлттық мәдениетінің ошағы, елдіктің ошағы болуына байланысты болса керек. Қазақ халқының тарихында осындай жерлер өте көп. Алтай мен Жетісу, Ұлытау мен Қаратау, Еділ мен Жайық, Ертіс пен Сыр, Маңғыстау, Түркістан мен Отырар –міне, қазақтың төл бесігі болған киелі мекендер. Бұл аймақтардың өз ішінде және кішігірім киелі орындары бар. Мысалы, айтар болсақ, оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Арыстанбаб кесенесі, Қарашаш ана кесенесі, Гауһар ана зираты, Әли Қожа бейіті, шығыстағы Алтай ескерткіштері мен Жидебайдағы Абай мұражайы, Қарағандыдағы Беғазы кешені, Жамбыл облысындағы –Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Маңғыстау өңіріндегі Шопан-Ата жер асты мешіті және тағы басқа да тарихи-мәдени ескерткіштер туралы бұл бітіру жұмысында баяндалады.

Қазіргі кезде туризмнің өте қарқынды дамуына байланысты жоғарыда аталған тарихи-мәдени ескерткіштер арқылы біз елімізді дүниежүзіне таныта аламыз.

Осы құндылықтарымызды қорғау және оны қайта қалпына келтіріп отыру кезек күттірмейтін мәселердің бірі.


ҚОРЫТЫНДЫ


Қорыта келе, тарихи-мәдени ескерткіштердің Қазақстан тарихында алатын орны ерекше. Сол ескерткіштер арқылы өткенімізді зерттеп, тарихқа терең үңіле аламыз.

Осы тарихи-мәдени ескерткіштерді ғылыми негізде терең әрі дәйекті зерттеу, зерделеу сол арқылы өсіп келе жатқан ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу, сол өткен тұлғалардан үлгі - өнеге беру қазіргі қазақ мемлекетінің алдында тұрған бірден бір маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.


Алайда, олардың кейбіреулері мемлекеттік орындардың қорғауына алынбаған, тіпті біршамасы тоналған күйінде тұр. Бұл біздің өткен тарихымызды жоғалтуға алып келуі мүмкін. Сондықтан мемлекеттік мәдени мұра бағдарламасы аясында кезек күттірмейтін бірнеше мәселелер бар. Олар ескерткіштердің толық тізімін жасау, қорғау аймақтарын анықтау, белгілеу, мемлекеттік қорғауға алыну. Жойылу қаупі төнген археологиялық ескерткіштерді ғылыми тұрғыда зерреу жұмыстарын қолға алып, осы тұрғыда насихат жұмыстары кеңірек жүргізілуі керек.

Елбасымыздың 2005 жылғы Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауына сәйкестарихи-мәдени ескерткіштерді туризмнің ірі орталығына айналдыру керектігі, ондағы мәдени құндылықтарымызды қорғауға алынуы керектігі айтылған.

Осы тарихи ескерткіштерді көркейте отырып, көне ескерткіштері туристік жерлерге айналдырып, барынша отандық және шетелдік туристерге жағдай жасап, ескерткіштерді ел экономикасының көтерілуіне себебін тигізуіне мүмкіндік туғызуымыз керек. Бұл қазақ елін, жерін, тарихын бүкіл әлемге паш ете отырып, экономиканың көтерілуіне де өз үлесін қосады және Қазақстанның шетелдермен байланысын нығайта түседі.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Марғұлан А. Архитектурные памятники долины реки Кенгир. Вестник АНКазССР 1948 №4/119

2. Алпысбес М., Аршабек Т., Қасен Е., Кейкі Е. Көне Көктау, байрғы Баянаула Байтағының тарихы, Астана 2005

3. Көпейұлы М.Ж. Қазақ шежіресі. Алматы, 2003

4. Марғұлан А.Х. К изучению памятников романа Сарысу, Улытау. Вестник. АНКазССР Аламты, 1948 №2/55

5. Жолдасбеков М. Егемен Қазақстан. 2005 мамыр

6. Жолдасбеков М. Алтын арқалы асыл мұра. Егемен Қазақстан. 2005 мамыр

7. Мәдени мұра. Тарихи орналасқан ескерткіш – Алтын адам, Арыстан баб, Айша бибі кесенесі. Жас алаш, 2003 желтоқсан

8. Қазақстанның экономикалық географиясы. Оқулық 8 сынып

9. Туризм и образования. №2,  2003


10. Котляров Е.А. География отдыха и туризма. Москва, 1978/201

11. Ердавлетов С.Р. География туризма.

12. Егеменді Қазақстан, 2005 шілде

13. Марғұлан Ә.Х. Эпос - жыр туғызудағы тарихи мұралар//Халық мұғалімі, 1940, №4

14. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі//Жұлдыз, 1993 №12

15. Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. – Алматы, 1994 400 б

16. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы. 1,2,3,5,8

17. Ғұн тарихының жылнамасы. Көне қытай тілінен аударғандар. А.Мүтәліп, А.Жиылұлы. – Түркістан, 2004

18. Наукенұлы Б. Тарихтағы қазақ хандары // Қазақ тарихы, 2003

19. Сатпаев К.И. Доисторические памятники в Джезказганском районе // Народное хозяйство Қазақстана, 1941

20. Ө. Жәнібеков. Ақиқат журналы. №1, 2000

21. Садықов С. Тастағы тарихымызды іздейік. Қазақ елі, 2005

22. Самаев А. Семей. Семей 2004

23. Тұрабаев Ж. Оқты ата мазараты. Алматы, 2003

24. Тоқтабай А. Ескеркіштер – ел тарихы: тарихи ескерткіштерге рестобрация жасау мәселелері // Қазақ әдебиеті, 2003 мамыр

25. Тасмағанбетов И. Сәулет өнерінің асыл туындысы. Алматы, 2005

26. Шәймерденов К. Тарихи ескерткіштер рухани қазына байлықтары. Шымкент, 1981

<< предыдущая страница