girniy.ru 1


Қазақстан: Деректер Таратудың Арнайы Стандарты (ДТАС)

Метадеректер

Жаңарту күні: 2006 Наурыз


ДТАС деректерінің санаты: Сыйақы ставкаларының статистикасы


Байланысатын тұлға: Ирина Анатольевна Моисеева

Лауазымы: Зерттеу және статистика департаменті Статистика басқармасының Бастығы

Мекен жайы: Қазақстан, Алматы, Көктем-3, 21 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Телефоны: 3272 704984

Факсы: 3272 704930

e-mail: imoiseeva@nationalbank.kz



Қамтуы, дүркінділігі және уақытылылығы


Қамтудың ерекшеліктері


Келесі деректерге таратылады:

  1. Мемлекттік бағалы қағаздардың жылдық кірістілігі: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді және индекстелген қазнашылық міндеттемелердің

  2. ҚҰБ-нің ставкалары: қайта қаржыландыру ставкасы, овернайт ставкасы және кері РЕПО операциялары бойынша ставка.

  3. Банкаралық нарықтың қысқа мерзімді ставкалары (кредиттік және депозиттік).

  4. Коммерциялық банктердің теңгеде және АҚШ долларында берген (айда) кредиттері (мезгілі бойынша және жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар бойынша, салалар мен кредит беру объектілеріне бойынша, ипотекалық кредит беру бойынша, шағын бизнес бойынша және тұтыну мақсатына берілген кредиттер бойынша нақтыланған) бойынша орташа өлшемді ставкалары; және коммерциялық банктердің, валюта түрлері бойынша (теңге және АҚШ доллары), депозиттердің түрлері бойынша (сұранымды және мерзімдік), салымшылардың түрлері бойынша (жеке және заңды тұлғалар) және мерзімдері бойынша нақтыланған депозиттері (айда) бойынша орташа өлшемді ставкалары.


Ақша-несие саясатының құралдары бойынша белгіленімдердің деңгейі:


  1. қайта қаржыландыру ставкасы

  2. овернайт ставкасы

  3. кері РЕПО операциялары бойынша ставкалар



Дүркінділігі


Ресми қайта қаржыландыру ставкасын Ұлттық Банк ақша нарығының жалпы жағдайына, заемдар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляцияның мен инфляциялық үміт ету деңгейіне байланысты белгілейді.


Күн сайынғы: овернайт және кері РЕПО операциялары бойынша ресми ставкалар, мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша ставкалар;


Ай сайынғы: коммерциялық банктердің клиенттерге берген кредиттері бойынша және коммерциялық банктердің клиенттерден тартқан депозиттері бойынша ставкалар; банкаралық нарықтың қысқа мерзімді ставкалары.



Уақытылылығы

Күн сайынғы ставкалар үшін қолданылмайды.

Ай сайынғы ставкалар үшін: кредит пен депозит бойынша – 30-шы күні.


Жұртшылықтың пайдалануы

Басылымдардың күнтізбегін алдын ала тарату

Күн сайынғы деректер күнбе-күн беріледі.

Барлық мүдделі жақтар үшін бір уақытта жариялау

Деректер ҚҰБ-нің веб-сайтында таратылады және айлық «Статистикалық бюллетеньде» жарияланады.

Толықтығы

Ресми статистиканың, жеке респонденттердің құпиялылығын есепке алғандағы, тапсыру мерзімдері мен жинау шарттары

Ақша-несие статистикасы Қазақстан Республикасының «Ұлттық Банкі туралы» Заңының 8-ші және 61-ші бабтарына және Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңының 54-ші бабына сәйкес жүргізіледі, ол заңдар «екінші деңгейдегі банктер Қазақстанның Ұлттық Банкінің сұрауы бойынша, өз құзыреті шегінде бағытталған өзінің қаражаттары туралы ақпараттың қайсысында, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс қаражаттары туралы да, тартылған депозиттері мен берген кредиттерінің мөлшері, жасалған және жасалып жатқан банк операциялары және басқа да мәліметтерді, банк құпиясын құрайтын мәліметтерді қоса, беруге міндетті».


Қазақстан Республикасының «Ұлттық Банкі туралы» Заңының 8-ші бабына сәйкес Ұлттық Банктің міндетінің бірі Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын және өз балансын құрастыру және ұдайы жариялау болып табылады, ал 67-ші бап бойынша ҚҰБ, өзге ақпараттармен қатар, Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметі жайлы жылдық есебін және жылдық шоғырландырылған қаржылық есеп беруді жариялауға тиісті.


Респондентер туралы ақпараттың құпиялылығын Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңының 54-ші бабы белгілейді: «Ұлттық Банктің қызметкерлеріне осы баптың 2-ші және 2-1 тармақтарында белгіленген өздерінің құқығы барысында алған мәліметтерді жария еткені немесе үшінші тұлғаларға бергені үшін Қазақстан Республикасының заң актілерінде ескерілген тәртіпке сәйкес жауапкершілік жүктеледі».

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (2001ж. қаңтар) 383-ші бабы жеке институционалды бірліктер туралы ақпаратты, бұл институционалдық бірліктердің алдын ала келісімінсіз, үшінші тұлғаларға жария еткен үшін ақшалай айыппұлдарды қарастырады.


Ақша-несие статистикасын жинау мәселелерін реттейтін заңдар мен заң ережелерінің мәтіндері Интернет торындағы ҚҰБ-нің беттерінде орналастырылған.


Үкіметтің деректерді жарияланғанға дейін пайдалана алуын сәйкестендіру

ҚҰБ-нен тыс пайдаланушылар ресми басылымға дейін деректерді пайдалана алмайды.

Әдістемелердегі қайта қаралулар және негізгі өзгерістерді алдын ала ескерту жайлы ақпараттармен қамтамасыз ету

Жарияланатын деректер түпкілікті, шамалы өзгерістердің болуы ықтимал. Әдістемедегі барлық негізгі өзгерістер енгізілгенге дейін алдын-ала беріледі.

Сапасы

Статистиканы дайындауда пайдаланатын әдістеме мен көздер бойынша құжаттарды тарату


Сыйақы ставкалары статистикасының әдістемесі қысқаша түсініктеме түрінде айлық «ҚҰБ-нің Статистикалық бюллетені» басылымында жарияланады.


Статистикалық кросс-тексерулерді қолдайтын және өзгерістердің кепілдігін қамтамасыз ететін әдістеме мен көздер бойынша құжаттарды тарату


ҚҰБ-нің веб-сайтында (http://www.nationalbank.kz) қайта қаржыландыру ставкасы, банкаралық нарықтағы ставкалар, мемлекттік бағалы қағаздар бойынша кірістілік, кері РЕПО операциялары бойынша ставкалар, ҚҰБ-дегі депозиттер (оның ішінде овернайт) бойынша ставкалар орналастырылады.


Статистикалық Бюллетеньде айлық деректер:

  1. соңға 5 жылдағы ресми ставкалар бойынша, қайта қаржыландыру ставкасын, овернайт ставкасын, кері РЕПО операциялары бойынша ставкаларын есепке ала,

  2. соңғы 5-6 жылдарда банкаралық нарықтағы кредиттер мен депозиттер бойынша ставкалар әр-түрлі мерзімдері бойынша,

  3. соңға 4-6 жылдарда коммерциялық банктер клиенттерінің кредиттері мен депозиттері бойынша,

  4. соңғы 5 жылдарда мемлекеттік бағалы қағаздардың кірістілігі әр-түрлі айналыс мерзімдері бойынша жарияланады.


«ҚҰБ-нің Жылдық есебінде» клиенттердің депозиттері бойынша ставкалар графикалық түрде жарияланады.




Тарату нысандары:


Баспасөзде







( ) басылымға арналған хабарлар





( ) апталық


(х) айлық бюллетень

( ) тоқсандық

(х) басқалар
















Электрондық







(x) жарнамалардың электрондық тақтасы немесе елдің деректер базасы

( ) дискеттер

( )компакт-диск

( ) басқалар



Тарату нысандары:


Айлық басылымдар: Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ҚҰБ статистикалық бюллетені.


Басқалар: Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі "Жылдық есеп".


Электрондық түрі

(http://www.nationalbank.kz/)


/home/server/kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/13/12889/12889.doc February 6, 2016 (23:02 a2/p2)