https://electroinfo.net

girniy.ru 1
Қазтұтынуодағы


Қарағанды экономикалық университеті


Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасы


«Азаматтық құқық»

пәні бойынша курстық жұмыстарды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар


ҚАРАҒАНДЫ – 2011 ж

Құрастырған:

ЭҚҚР кафедрасының з.ғ.м., оқытушы Қаржасова Г.Б.


Әдістемелік нұсқама басылымға кафедраның әдістемелік семинарымен ұсынылған.

№ 1 хаттама 25 тамыз 2011 ж.


Жалпы ережелер


Студенттердің өзіндік жұмыстар түрлерінің арасында курстық жұмысын жазу маңызды орын алады. Курстық жұмысты дайындау және жазу үдерісі студентке азаматтық қатынастарын азаматтық-құқықтық нормалары арқылы реттеуінде пайда болатын мәселелерді зерттеуде, құқықтық нормаларын зерделеуде өздік ғылыми және тәжірибелік тәсілдердің қалыптасуына мүмкіндік береді.Курстық жұмыс студенттің азаматтық құқық аясындағы білім деңгейі, тәжірибелік ахуалдарды шешуде нормалардың қолдануын білу жөнінде айтуға мүмкіндік беретін өздік шығармашылығы болып табылады. Курстық жұмысты орындаудың негізгі мақсаттары: азаматтық құқықтың нақты бір тақырыбы бойынша студенттің білімін терендету, теориялық және тәжірибелік материалдардың талдау әдістері мен дағдыларын тауып үйрену, өз ойларын дұрыс, айқын жазбаша түрде білдіру. Сонымен бірге, курстық жұмысты жазу тағы да басқа мақсаттарды көздейді: студенттің өздік жұмысына бақылау жүргізу, жоғары оқу орынның бағдарламасын орындау, емтиханмен бірге, болашақ маман дайындығын тексеру әдістерінің бірі болып саналады. Курстық жұмысын орындау барысында студент құқық әдебиетімен жұмыс істей алатынын, азаматтық құқық тиісті көздерінің нормаларын талдап, қорытындыларды дәлелдеуін, және, ең бастысы-таңдаған тақырыпты ашу, білуін көрсетуге тиісті.


1. Тақырыпты таңдау.

Курстық жұмысқа дайындық тақырыпты таңдаудан басталады. Азаматтық –құқық ғылымы мен тәжірибесінің рөлі ескеріліп, нарық экономика жағдайында болашақ заңгер мамандарға қойылатын жаңа талаптарға сай тақырып өзекті болуға тиісті.


Азаматтық құқық бойынша курстық жұмыстардың үлгі тізімі осы әдістемелік нұсқауларда қосымша берілген. (1 қосымша) Студент өзі де, тізімде көрсетілмеген тақырыпты таңдай алады, бірақ ол оқытушымен келісілген және осы оқу курстың шегінде болуға тиісті. Курстық жұмысты таңдағанда оның келешекте диплломдық жұмысында пайдалануы мүмкін болғаны жөн.


2. Әдебиетті таңдау

Студенттің әдебиетті зерделеуі және өздігінен жұмыс жоспарын жасау тақырып таңдаумен байланысты. Ең алдымен, тақырып мәселелерің (сұрақтарын) материал ең оңай түрде берілген оқу әдебиеті бойынша (оқулықтар, оқу құралдары және т.б.) зерделен, сонан соң нормативтік актілерді, арнайы құқық және экономикалық әдебиетті пайдалана отыра, тереңдете талдауға көшу керек. Әдебиет көздерін және заңнамалық актілерін пайдалану барысында конспект (қысқаша жазба) жасалады. Әдебиетті, азаматтық заңнаманы зерделей келе, студент курстық жұмысының жоспарын және қойылған сауалдарға жауаптардың мазмұнын ойластыруға тиісті.


3. Ақпарат дерек көздерін іріктеу және зерделеу


Студенттің әдебиетті зерделеуі және өздігінен жұмыс жоспарын жасауы тақырып таңдаумен байланысты. Ең алдымен, тақырып мәселелерін (сұрақтарын) жеңіл түрде берілген оқу әдебиеті бойынша (оқулықтар, оқу құралдары және т.б.) зерделеген жөн, сонан соң нормативтік актілерді, арнайы құқықтық және экономикалық әдебиеттерді пайдалана отыра, тереңдете талдауға көшу керек.

Әдебиетті, азаматтық іс жүргізу заңдылығын зерделей келе, студент курстық жұмысының жоспарын және қойылған сауалдарға жауаптардың мазмұнын ойластыруға тиісті.


4. Курстық жұмысты дайындауға ғылыми жетекшілік


Курстық жұмысты жазғанда жалпы әдістемелік нұсқаулармен бірге жетекшінің нұсқауларын да пайдалану қажет. Бұл талаптардың орындалуы міндетті.

Жеке бір сұрақтарды зерделеумен байланысты кедергілер туса, студент курстық жұмыстың жетекшісінен көмек сұрай алады.


Курстық жұмыс студенттің таңдаған тақырыбы бойынша өзіндік жұмысының қорытындысы (нәтижесі) болып табылады. Жұмыс толық, айқын жазылып, ең бастысы - онда қойылған сұрақтар толық ашылуы қажет. Сұрақтар таңдалып, жүйеленген және зерделенген материалды өз сөзімен жазылған түрде баяндалуға тиісті.


5. Курстық жұмыстың мазмұнына және ресімделуіне қойылатын негізгі талаптар


5.1. Курстық жұмыстың құрылымы.

Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері болып табылады:

- титул беті (Қосымша В, В1);

- мазмұны (Қосымша Г);

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды;

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі (Қосымша Д);

- қосымшалар.

Титул беті

Титул беті диплом жұмысының бірінші беті болып табылады және құжатты өңдеу және іздестіруге қажетті ақпарат көзі ретінде қызмет етеді.

Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:

- унивеситет атауы,

- курстық жұмыс орындалған кафедра атауы,

- курстық жұмыс орындалған пән атауы;

-«тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысының (жобаның) тақырыбының атауы,

- сол жағында - «орындаған» сөзі, қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі мен инициалдары,

- бір жол төмен «ғылыми жетекші» деп жазылады және оның тегі мен инициалдары, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және жетекшінің басқа регалилері көрсетіледі,

- қала, жыл.

Титул беті курыстық жұмыс беттерінің жалпы нөмірленуі кіреді. Титул бетте бет нөмірі қойылмайды.

Студенттердің курстық жұмыстарын жазуы кезінде оның әрбір бөлімінің келесі үлгідегі мазмұнын ұстанғаны дұрыс болады.

Мазмұны. Курстық жұмыстың (жобасының) мазмұнына Кіріспе, барлық бөлімдер, бөлімшелердің реттік нөмірлері мен атаулары, Қорытынды, Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардың атауы кіреді.


Кіріспе. Диплом жұмысы тақырыптарының өзектілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты белгіленіп, диплом жұмысының тақырыбын ашу үшін негізгі міндеттер тұжырымдалады.

Негізгі бөлім. Негізгі бөлім 2-3 тараулардан тұруы мүмкін. Оның ішінде бөлімдер өздері 2-3 параграфтардан тұруы мүмкін. Автор тарауларда берілген тақырыптың теоретикалық және практикалық аспектілерін ашып қарастырады, статистикалық және сандық құжаттар ұсынады, бұл ақпараттар негізделген және нақты болуы тиіс. Мәтін бойынша ақпарат көздеріне сілтеме болуы керек.

Қорытындыда, зерттеу нәтижесінде жасалған және ұсынылған теориялық және тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар жинақталады. Олар, әзірлемелердің мазмұны, маңыздылығы, негізділігі мен тиімділігі туралы толық түсінік беретіндей қысқа және анық та айқын болуы тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Аталған тізім «Қорытынды» бөлімнен кейін диплом жұмысының соңында келтіріледі (Қосымша Д).

Аталған тізімге, студент нақты игерген және курстық жұмыста қандай да бір шекте пайдаланған дерек көздері ғана енгізілуі тиіс.

Тізімде ақпарат көздері, курстық жұмыстың мәтінінде оларды пайдалану жалғастығы ретімен көрсетілуі тиіс.

Қосымшалар. Қосымшаларға негізгі бөлімде көрініс таппаған, курстық жүмысты орындаумен байланысты материалдар енгізіледі.

Курстық жұмыста қабылданған шешім, барлық деректердің дәлдігі мен объективтілігі үшін студент – курстық жұмыстың авторы жауапты болады.


5.2. Курстық жұмыстың мәтінін ресімдеу тәртібі

Жалпы талап.

Курстық жұмысы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал сақтай отырып, компьютер мен принтерді қолдана баспа әдісімен орындалуы тиіс. Шрифт-қалыпты, кегль 14, Times New Roman.

Курстық жұмыстың мәтінін, қағаз бетінің келесі мөлшерлерін сақтай отырып басу керек: оң жағы – 10мм, жоғары жағы - 20мм, сол жағы – 30мм және төменгі жағы – 25мм.


Әрбір тарауды жаңа беттен бастау керек. Параграфтар мен тармақтардың мәтінін, жеткілікті орын болған жағдайда, аяқталмаған беттің бос бөлігіне басуға болады.

Тараулардың, параграф пен тармақтардың атаулары арасындағы ара-қашықтық мәтіннен бір жолға шегінуді құрауы тиіс: параграф (тармақ) атауы мен мәтін арасындағы ара-қашықтық мәтіннен екі жолды құрауы тиіс; алдындағы параграф (тармақ) мәтінінің соңы мен келесі параграф (тармақ) атауы арасындағы ара-қашықтық мәтіннен екі жолға шегінуді құрауы керек.

Басылған мәтіннің және иллюстрациялар, кестелердің ресімделу, ЭЕМБ - дан басып шығарылу сапасы айқын қайталану талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

Курстық жұмысты орындау кезінде бүкіл мәтін бойынша біркелкі тығыздық пен бейнелердің анық көріну талабын сақтау қажет.

Курстық жұмыстың құрылымы

Курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Кіріспе», тараулардың атауы, «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» диплом жұмысының құрылымдық элементтерінің бас тақырыптары болып табылады және Мазмұнында, сол сияқты абзацтан басталған диплом жұмысының мәтінінде бас әріптермен жазылады.

Жұмыстың негізгі бөлімін тарауларға, параграфтарға бөлу көзделеді.

Тараулар, параграфтар және тармақтар тақырыптарға ие болуы тиіс. Тақырыптар тараулардың, параграфтардың және тармақтардың мазмұнын анық және қысқа көрсетуі тиіс.

Параграфтардың және тармақтардың атауын, астын сызбай, соңына нүкте қоймай, шегініс жасап абзацтан бас әріптермен басу керек.

Курстық жұмыстың беттерін нөмірлеу

Курстық жұмыстың беттерін, курстық жұмыстың бүкіл мәтіні бойынша қатар нөмерленуін сақтай отырып, араб цифрларымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмірі парақтың төменгі бөлігінің ортасына нүктесіз қойылады.

Титул беті, курстыұ жұмысқа тапсырма, Мазмұны, Кіріспенің бірінші бетін беттердің жалпы нөмірленуіне кіргізеді. Титул бетіне, курстық жүмыста Тапсырмада, Мазмұнында беттердің нөмірі қойылмайды. «3» цифры Кіріспенің екінші бетіне қойылады.


Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар мен кестелер курстық жұмыс беттерінің жалпы нөмерленуіне кіреді (немесе Қосымшаға шығарылады).

Тараулар мен параграфтарды нөмірлеу

Курстық жұмыстың тараулары шегініс жасап абзацпен жазылады және нүктесіз араб цифрларымен белгіленеді, бүкіл жұмыс шегінде реттік нөмірлері болуы тиіс. Параграфтардың әрбір тараулар шегінде нөмірлері болуы қажет. Параграф нөмірі, нүктемен бөлінген, тараулардың және параграфтың нөмірлерінен тұрады. Параграф нөмірінің соңынан нүкте қойылмайды. Тараулар мен параграфтар бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін.

Иллюстрациялар және кестелер

Иллюстрацияларды (сызбалар, карталар, графиктер, кескіндер, компьютермен басып шығарылған беттер, диаграммалар, түсірілген суреттер) курстық жұмыста, олар жайында алғаш айтылған мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру көзделеді.

Иллюстрациялар мен кестелер компьютермен орындалған және түрлі түсті болуы мүмкін. Жұмыста барлық иллюстрацияларға және кестелерге сілтеме жасау қажет.

Иллюстрацияларды және кестелерді жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырмай араб цифрларымен нөмірлеу көзделеді.

Пайдаланылған әдебиеттер және сілтемелер тізімі

Дерек көздері туралы мәліметті курстық жұмыстың мәтініндегі дерек көздеріне сілтемелер жасаудың реті бойынша орналастыру керек және абзацтан кейін араб сандарымен нүктесіз нөмірленеді.

Тұтас құжатқа немесе оның бөлімдеріне және қосымшаға сілтеме жасау көзделеді.

Стандарттар және техникалық шарттарға сілтеме жасау кезінде олардың белгіленуі ғана көрсетіледі, бұл ретте пайдаланылған дерек көздері тізімінде стандарт толық сипатталған жағдайда олардың бекітілген жылын көрсетпеуге рұқсат етіледі.

Пайдаланылған дерек көздеріне сілтемелер квадратты жақшаға алынады. Мысалы, [2, 17б.].

Газеттердегі ақпараттарды пайдалану кезінде квадрат жақшаларда дерек көзінің нөмірін ғана көрсетуге болады, мысалы, [7].


Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде нормативтік актілерді қолданған кезде актінің толық атауын, қабылданған күнін және номірін көрсету керек.

Қосымша

Қосымшалар осы курстық жұмыстың жалғасы ретінде келесі парақтарына рәсімделеді.

Жұмыс мәтінінде барлық қосымшаға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.

Әрбір қосымша жаңа беттен басталып, «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс және ол курстық жұмыс жазылған тілге сәйкес белгіленеді, мысалы, (қосымшасы А).


6. Курстық жұмыстың түпкілікті нұсқасын ресімдеу


Курстық жұмыс түпкілікті нұсқасында компьютерде басылған болуы тиіс.

Иллюстрацияларымен курстық жұмысының көлемі, оған тіркелген қосымшаларды есептемегенде, қағаздың стандартты парағының 20-30 бетін құрауы тиіс.

Мәтінде абзацтар анық бөліп көрсетілуі тиіс. Абзацтағы шегініс 1см құрауы тиіс.

Курстық жұмыстың жетекшісі ол туралы пікір дайындайды, онда объективті (оң немесе теріс) баға береді, атап айтқанда:


  • жұмыстың рәсімделуге сәйкестілігі;

  • студентпен қажетті нормативтік актілерге және арнайы

әдебиеттерге зерттеу жүргізілгендігі;

  • жұмыс тақырыбының ашылғандығы;

  • оң жақтары және кемшіліктері.


7. Курстық жұмысты қорғау


Курстық жұмысты қорғау құрамында кемінде 3 мүшесі бар комиссиямен жүзеге асырылады. Комиссия құрамына кіреді: курстық жұмыстың жетекшісі және курстық жұмыстарды қорғауды қабылдауға құқығы бар оқытушылар тізіміне кафедра меңгерушісі өкімімен енгізілген кафедра оқытушылары. Курстық жұмысты қорғау көпбалды әріптік жүйесі бойынша бағаланады.


ҚОСЫМША А


«Азаматтық құқық» пәні бойынша курстық жұмыстардың тақырыптары:
  1. Азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік қатынастардың түсінігі және түрлері


  2. Жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық-құқықтық реттеу пәні ретінде

  3. Азаматтық заңнаманың түсінігі мен жүйесі

  4. Азаматтардың құқық қабілеттілігі және іс-әрекетке қабілеттілігі

  5. Жеке кәсіпкерлердің құқықтық жағдайы

  6. Заңды тұлғаның түсінігі және мәні

  7. Заңды тұлғалардың түрлері

  8. Шаруашылық серіктестердің түсінігі мен түрлері

  9. Акционерлік қоғам заңды тұлға ретінде

  10. Заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру және жою

  11. Мем лекет азаматтық құқық субъектісі ретінде

  12. Азаматтық құқықтағы заң фактілерінің түсінігі мен түрлері

  13. Мәмілелер түсінігі мен түрлері

  14. Заттар-азаматтық құқықтың объектісі ретінде

  15. Құнды қағаздар – азаматтық құқық объектісі ретінде

  16. Азаматтық құқықтығы өкілдік

  17. Азаматтық құқықтағы мерзім түсінігі мен түрлері

  18. Азаматтық құқықтағы келісім: теория жәнетәжірибе мәселелері

  19. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі мен шарттары

  20. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету

  21. Азаматтық құқықтағы залалдар түсінігі мен мазмұны

  22. Меншік құқығының түсінігі және мазмұны

  23. Азаматтық құқықтағы заттық (мүліктік) құқықтар

  24. Меншік құқығын қорғаудың мүліктік –құқықтық тәсілдері

  25. Ортақ меншік құқығының түсінігі мен түрлері

  26. Шарттардың түсінігі мен түрлері

  27. Жылжымайтын мүліктің азаматтық – құқықтық режимі, (тәртібі)

  28. Кәсіпкерлердің құқықтық жағдайы

  29. Коммерциялық ұйымдардың банкроттығы

  30. Заңнама құнды қағаздар жөнінде

  31. Азаматтық құқықтағы мәмілелердің түсініктері мен тірлері

  32. Азаматтық құқықтағы жауапкершіліктің түсініктері мен түрлері
  33. Азаматтық құқықтарды қорғау және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік


  34. Коммерциялық емес заңды тұлғалар – олардың құқықтық жағдайы

  35. Талап мерзімі және оның азаматтық – құқықтық маңызы

  36. Коммерциялық заңды тұлғалар олардың құқықтық жағдайы

  37. Мүліктік, заттық құқықтардың түсінігі мен түрлері

  38. Пайда алушының мүдделеріндегі басқа адамның мүлігін басқару құқығы

  39. Азаматтық құқықтағы құқықтық мирасқорлық

  40. Шаруашылық серіктестер меншігінің құқығы

  41. Коммерциялық емес ұйымдардың меншік құқығы

  42. Мемлекеттік меншік құқығы

  43. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке меншік құқығы

  44. Ортақ үлестік меншік құқығы

  45. Кепілгерлік, кепілдік міндеттеменің орындауын қамтамасыз ету тәсілдері ретінде

  46. Шарттын мазмұны

  47. Шартты жасау, өзгерту, және тоқтату тәртібі

  48. Міндеттемелердің түсінігі және түрлері

  49. Міндеттеме түсінігі, оның жақтары, міндеттемеде тұлғаларды ауыстыру

  50. Жарамсыз мәмілелер

  51. Азаматтық құқық қатынастары

  52. Сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушының құқықтарын қорғау

  53. Бөлшек сатып алу-сату сауда шартын құқықтық реттеу

  54. ҚР экономикалық – құқықтық қайта құрудағы жеткізілім шарты

  55. Ауыл шаруашылық өндірушілерінің өнімдерін өткізу тәсілдері және олардың құқықтық қамтамасыз етуі

  56. Ауыл тұтыну кооперативті келісімшарты жасасуын іске асыруда

  57. Электрмен қамтамасыз ету шартын құқықтық реттеу ерекшеліктері

  58. ҚР заңнамасы бойынша кәсіпорынды сату меншіктен айырудың ерекше нысаны ретінде

  59. Сыйға тарту шарты- мүліктің басқа тұлғаға өтеусіз көшуі

  60. Рента шарты – ҚР азаматтық құқығындағы шарттың жаңа түрі

  61. Кәсіпкерлік қызметтің міндеттеме жүйесіндегі мүлікті жолға алу шарты

  62. Тұрғын үй жалдау шартын құқықтық қамтамасыз ету

  63. Лизинг қатынастары оларды құқықтық реттеу


  64. Заңнама ҚР нарықтық қатынастар жағдайларындағы мердігерлік жөнінде

  65. Құрылыс мердігерлігі – кәсіпкерлік шарт

  66. Тұрмыстық мердігерлік шартын құқықтық реттеу

  67. Мердігерлік-жобалау, іздестіру ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар ретінде

  68. Тасымалдау қатынастарын реттеу: теория және тәжірибе мәселелері

  69. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау

  70. Теміржол көлігімен жүк тасымалдауды құқықтық реттеу

  71. Заем, ҚР заңнамасы бойынша оны құқықтық реттеу

  72. Факторингтік қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктері

  73. Есептесу міндеттемелерін құқықтық реттеу

  74. Банк салымынын шарты

  75. Банк қызметі –қазіргі замаңғы кәсіпкерлік шарт

  76. Шаруашылық жүргізуші қызметіндегі банк шотының шарты

  77. Сақтандыру шартын құқықтық реттеу

  78. ҚР сақтандыру жөніндегі заңнаманы жетілдіру

  79. Сақтандыру қатынастары қазіргі кезеңдегі оларды құқықтық реттеу

  80. Сақтау шартын құқықтық реттеу

  81. Тауар қоймасындағы сақтау шартының ерекшеліктері

  82. Тапсырма-заң қызметін (көмегін)көрсету тәсілі

  83. Комисмия шартын құқықтық реттеу

  84. Мүлікті сенімгерлікпен басқару-азаматтық құқықтағы қатынастардың жаңа түрі

  85. Мемлекеттік қызметшінің мүлігін сенімгерлікпен басқару

  86. ҚР франчайзингі дамуының құқықтық тұрғылары

  87. Конкурстық міндеттемелер, оларды құқықтық реттеу

  88. Тендерді конкурстық міндеттемелер түрі ретінде өткізудің құқықтық қамтамасыз етуі

  89. Зиян келтіруден міндеттемелердің пайда болу негіздері

  90. Азаматтардың денсаулығына келтірілетін зиянның орнын толтыру жөніндегі азаматтық-құқықтық нормалар оның құқықтарын қорғау кепілі
  91. Азаматтардың өміріне келтірілген зия үшін жауапкершілік


  92. Кәмлетке толмаған, іс-әрекетке қабілетсіз тұлғалармен жасалған зиян үшін жауапкершілік

  93. Қатерлі қауіп көзі келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша міндеттемелердің ерекшеліктері

  94. Негізсіз баю салдарынан болатын міндеттемелер

  95. Моральдық зиянның өтемін төлету азаматтық-құқықтық институты

  96. Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізудегі шарттық қатынастар

  97. ҚР азаматтық заңнамасы бойынша шығармашылық қызметті құқықтық реттеу

  98. Зияткерлік меншік құқығы жүйесіндегі авторлық құқық

  99. Авторлық құқықты қорғау

100.Өнеркәсіп меншігі объектілерін патенттік қорғау

101.Слекциялық жетістіктерге қорғау құжатын алу ерекшеліктері

102.Интегралды шағын сызбалар тұрнаттамаларын құқықтық қорғау

103. Ашылмаған ақпаратты заңсыз қолданудан қорғауға құқық

104. Азаматтық айналымға қатысушылардың тауарлар мен қызметтердің жекеленуін құқықтық қамтамасыз ету

105. Тауар белгісі және оны құқықтық қорғау шарттары

106. Патент- зиятерлік шығармашылық қызмет объектісінің қорғау құжаты

107. Зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқық берудің құқықтық қамтамасыз етуі

108. Мұрагерлік –ҚР азаматтық заңнамасы бойынша

109. Өсиет бойынша мұрагерлік-меншік құқығын іске асыру тәсілі ретінде

110. Мұрагерлік құқықтарын қорғау ҚР азаматтық құқығында

111. ҚР мұрагерлік жөнінде заңнаманы дамыту


ҚОСЫМША Б


Экономикалық қатынастарды құқықтық

реттеу кафедрасының меңгерушісі

з.ғ.к., профессор Весельская Н.Р.

Ю-21к тобының студенті

Ахметова М.А.


Өтініш


Сізден «Азаматтық құқы» пәні бойынша «Сатып алу – сату шарты кәсіпкерлік шарты» атты курстық жұмыстың тақырыбын бекітуіңізді сұраймын.

Қолы


Күні


ҚОСЫМША В


Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті


Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: «Азаматтық құқық»

Тақырыбы: «Сатып алу – сату шарты кәсіпкерлік шарты»


Орындаған:

Ю-21к тобының студенті Ахметова М.А.


Ғылыми жетекші:

з..ғ.к., аға оқытушы Сопыханова А.Б.


Қарағанды 2010


ҚОСЫМША В -1


Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті


Астана қаласының қашықтықтан оқыту орталығы


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: «Азаматтық құқық»

Тақырыбы: «Сатып алу – сату шарты кәсіпкерлік шарты»


Орындаған:

Ю-21к тобының студенті Ахметова М.А.


Ғылыми жетекші:

з..ғ.к., аға оқытушы Сопыханова А.Б.


Қарағанды 2010


ҚОСЫМША Г


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ.........................................................................................................3


1 . САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ.....................4

1.1 Сатып алу –сату шартын реттейтін түсініктер мен нормалар............4

1.2 Сатып алу –сату шартының элементтері............................................12


2 . САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ..............................16

2.1 Сатушының міндеттері.........................................................................16

2.2 Сатып алушының міндеттері...............................................................22


3 . САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ...............................23

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................28



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................30


ҚОСЫМША Д


Қолданған әдебиеттер тізімі


  1. “Қазақстан Республикасының Конституциясы” (1995 жылғы 30 тамызда қабылданған, 1998 жылғы 7 қазанда ҚР Конституциялық заңымен енгізілген өзгерістері және толықтыруларымен), (соңғы өзгерістер 2007ж 21 мамыр ҚР заңымен енгізілді).

  2. “Лицензиялау туралы” ҚР Заңы. 1995ж 17 сәуір (соңғы өзгерістер 11.01.07. № 214 ІІІ 18.11.2009.ҚР заңымен енгізілді).

  3. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы. А., №135-1, 2006. (соңғы өзгерістер 27.12.2009 ҚР заңымен енгізілді).

  4. “Жылжитын мүліктерге кепілді тіркеу туралы” ҚР Заңы. 30.06.98.

  5. Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» 21.01.1997.Заңы. №67-1. (соңғы өзгерістер 17.07.2009. ҚР заңымен енгізілді).

  6. “Акционерлі қоғамдар туралы” ҚР Заңы. 21.01.97.

  7. “Валюталық реттеу және валютаны бақылау туралы” ҚР Заңы. 2005ж 13 маусым.

  8. ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңы 10.12.2008. (соңғы өзгерістер 19.12.2009. ҚР заңымен енгізілді).

  9. Қ.Р «Сақтандыру қызметі туралы» заңы. 18.12.2000. №126.

  10. «Өзара сақтандыру туралы» ҚР Заңы. 05.07. 2006ж №163.

  11. «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңы 05.07.2000.

  12. ҚР «Теміржол көлігі туралы» Заңы 08.12.2001. 266-11

  13. “ Төлемдер мен ақша айналымы туралы” ҚР Заңы. 29.06.98.

  14. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі. 20.06.2003. №442. (соңғы өзгерістер 20.03.2010. ҚР заңымен енгізілді).

  15. „Бағалы қағаздар рыногы туралы“ 2003ж 2 шілдедегі ҚР заңы.

  16. “Вексель айналымы туралы” ҚР Заңы. 28.12.97. (соңғы өзгерістер 2003ж 9 шілдедегі ҚР заңымен енгізілді)
  17. Ұлттық Банк туралы” ҚР заңы 30.03.95. (соңғы өзгерістер 28.08.2009. ҚР заңымен енгізілді.


  18. «Қазақстан Республикасында банктер және банк қызметі туралы» 31.08.1995. №244. (соңғы өзгерістер 27.12.2009 ҚР заңымен енгізілді.

  19. 1998 жылдың 17 желтоқсанындағы «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (№ 276-ІІ 24.12.2001 жылғы; № 13-ІІІ 20.12.2004 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен).

  20. Кешендік кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы Қазақстан Республикасының Заңы, 2002. 24 маусым // «Юрист» базасы. № 330.

  21. «Кредиттик серіктестік туралы» ҚР заңы 28.03.2003ж.

  22. «Шағын кредиттик серіктестік туралы» ҚР заңы 06.03.2003ж.

  23. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) 27.12.1994ж. (15.01.2001ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), (соңғы өзгерістермен толықтырулар 2007ж 12 қаңтар ҚР заңымен енгізілді, 10.12.2008ж №101–IV, 20.01.2010).

  24. ҚР Азаматтық Кодексі (ерекше бөлімі) Алматы 01.08.1999 ж. (соңғы өзгерістермен толықтырулар 2010ж 20 қаңтар ҚР заңымен енгізілді).

  25. Қазақстан Республикасының Патент Заңы. 16.07.99 ж. қабылданған. // Егемен Қазақстан. – 1999 ж. – 10, 11 тамыз (бастапқы редакциясы). 09.07.2004 ж., 22.11.2005 ж., 02.03.2007 ж. 10.07.2009ж №179-IV өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

  26. Қазақстан Республикасының "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңы. // Егемен Қазақстан. – 1996 ж. – 19 маусым (бастапқы редакциясы). 09.07.2004 ж., 22.11.2005 ж., 27.07.2007 ж. 10.07.2009ж №179-IV өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

  27. Қазақстан Республикасының «Интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау туралы» 2001 ж. 29 маусымдағы Заңы. // Егемен Қазақстан. – 1999. – 7 шілде (бастапқы редакциясы). 09.07.2004 ж., 22.11.2005 ж. №90-ІІІ өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
  28. Тусіпбекова Л. «Кәсіпкерлік - экономиканы дамытудың күші» 26.02.2010ж Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен Астана қаласындағы І-плененарлық Кәсіпкерлердің президентік отырыс кеңесі. Егемен Қазақстан: 27.02.2010ж. №46.


  29. Жылжымайтын мүлікке құқықты және олармен жасалатын мәселелерді мемлекеттік тіркеу туралы Заңы 2007ж 26 шілде.

  30. Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңы. 05.05.2003 ж.

  31. Қазақстан Республикасьшың «Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңы. 11.06.2003 ж.

  32. ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы 21.07.07. №303-111

  33. Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан саяси экономикалық әлеуметтік жедел жанару жолында” 18. 02. 05.

  34. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсанында» 2. 03. 06.

  35. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің атағына кіру стратегиясы» Астана 2006ж 1 наурыз.

  36. Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Астана 2007 жылғы 28 ақпан.

Қосымша әдебиеттер

  1. С.А. Ынтымаков Азаматтық құқық. Ерекше бөлім, Практикум. Алматы 2004ж

  2. Ғ.А. Жайлин. Азаматтық құқық. Ерекше бөлім: І, ІІ том Оқулық. Алматы 2004ж.

  3. Г.И. Төлеуғалиев Азаматтық құқық. Ерекше бөлім, І том Оқулық. Алматы 1999ж.

  4. Хамзин У.М. Азаматтық құқықы. Шарттың түрлер. Қарағанды-2006ж

  5. Пономарева В.П. Азаматтық құқық. Ерекше бөлім Оқу құралы. Қарағанды 2005ж.

  6. Пономарева В.П. Право интеллектуальной собственности. Учебно-практическое пособие, КЭУК, 2008.

  7. Суханов Е.А. учебник Гражданское право в 2-х томах М.Бек 1993 г.

  8. Умбетова К.Е., Боранбаева А.Е. Оқу құрал: Кәсіперлік құқық бойынша сызбалар альбомы. Қарағанды: 2009.

  9. Басин Ю.Г. Гражданское право, учебник, т.2, КазГЮА 2003.

  10. Умбетова К.Е. Оқу құрал: Қазақстан Республикасының сақтандыру құқығы. Қарағанды:2009.

  11. Сергеев А.П. “Патентное право” М. 1994 г.
  12. Қорабаев Д.А. Мұрагерлик құқықтық қатынасатар. //Предприниматель и право. 2009, №21-22.


  13. Закиров А. Мұрагерлік мәселелерінің алдың алу //Заң-Заман. 2009, №10.

  14. Н.Нұрғалиева Лизинг-мүлікті келісім шарттың ең басты түрі Юридическая газета 20.01.2008.

  15. Батырбаев Н.М. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Түркістан, 2008.

  16. Гражданское право Ч.3 / Под ред. Сергеева А.П., Толстого Ю.К. М., Праспект, 2002.

  17. Гражданское право Ч.2 / Под ред. Калдпиной А.Г., Масляева А.И.- М., Юрист, 1999.

  18. Гражданский Кодекс Республики Казахстан (Особенная часть) Комментарий./ Отв.ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин.-Алматы, Жеті жарғы, 2000.

  19. Гражданское законодательство: Статьи, комментарий, практика / Под ред. А.Г. Диденко, 1996-2005.

  20. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Астана 2008 жылғы 7 ақпан.

  21. Мемлекеттік сатып алу туралы ҚР Заңы 21.07.07.

  22. Орталық Қазақстан «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» 07.03.2009. ҚР Президенті Н.Ә. Назазбаевтың халыққа жолдауы №34-35 (20 620).

  23. 2009-2011 жылдарға арналған Қарғанды обл. әкімімен кәсіподақтардың бірлестіктері, облыс кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері қауымдастықтары арасындағы облыстық келісім //Орталық Қазақстан.-2009.-№62.-3 б.

  24. Аманшиева Д. М. Нарықтық қатынастар жағдайындағы кәсіпорынның кадрлық саясатының ерекшеліктері //Транзитная экономика. - №1.-52-62 б.

  25. Сәбден, О Экономика таңдамалы еңбектер.Шағын кәсіпкерлікті басқару [Мәтін] = Малое предпринимательство. Т.8 / О Сәбден. - Алматы : ҚР БҒМ ҒК ЭИ, 2009. - 348 б. - 1280.00 т

  26. Сәбден, О Шағын бизнес негіздері [Мәтін] : оқу құралы / О.Сәбден, А. Тұрғынбаева. - Астана : Фолиант , 2008. - 176 б. - 559.00



  1. Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік [Текст] = Малое предпринимательство в Казахстане : статистикалық жинақ. - Астана : Қазақстан Республикасы статистика агенттігі, 2008. - 88 б. - б/ц


  2. Зенин, И. А. Предпринимательское право [Текст] : учебник для вузов / И. А. Зенин. - 2-е изд.,перераб.и доп. - М. : Юрайт, Высшее образование, 2009. - 736 с. - 3873.00 т.

  3. Хозяйственное (предпринимательское) право [Текст] [Текст] : учебник для вузов / ред.: Булатецкий Ю.Е., Машкин Н.А. - М. : НОРМА, 2007. - 752 с. - 2121.00 р.

  4. Предпринимательское (хозяйственное право): учебн