girniy.ru 1
Төлемдерді өңдеу, дербес шоттарды есепке алу және бақылау бөлімі туралы


ЕРЕЖЕ


1.Жалпы ережелер


1. Төлемдерді өңдеу, дербес шоттарды есепке алу және бақылау бөлімі Астана қаласы бойынша Салық департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады;

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, бұйрықтарды, тапсырмаларды, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің тапсырмаларын, Астана қ. бойынша Салық департаменті туралы Ережені, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Бөлім өз қызметін салық басқармасының басқа да құрылымдық бөлімшелерімен өзара байланыста жүзеге асырады.


1. Негізгі міндеттер


Төлемдерді өңдеу, дербес шоттарды есепке алу және бақылау бөлімінің егізгі міндеттері мыналар:


  • Салықтар мен басқа да бюджеттік міндетті төлемдердің түсімін есепке алуды бақылау;

  • салықтар мен басқа да бюджеттік міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың түсімі, есепке алынуы, қайтарылуы бойынша есепке алу мен есеп тапсыруды сапалы, уақтылы және дұрыс жүргізу мақсатында өнімді басқару;

  • дербес шоттар мен есепке алу формалары бойынша салық төлеушілердің құқығын қорғау мақсатында әдістемелік сүйемелдеу мен салық органдарының қызметін реттеу;

  • салықтар мен басқа да бюджеттік міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша салық төлеушілерге арналған электронды қызметтердің енгізілуі мен кеңейтілуі;

  • қызметтер сапасын арттыру мақсатында төлемдерді қабылдау уақытын қысқартып, ықшамдау.



2. Бөлім функциялары


Бөлім өзіне жүктелген тапсырмаларға сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады:

  • қазынашылық органдардан бюджетке түсім түсу, соның ішінде мәліметтерден ауытқу табылған кезде қазынашылық органдармен қызметтік өтеу жасау, бюджеттік топтастыру кодтары шеңберінде жинақтық ақпар жасау туралы ҚР ИНИС-ке жеткізілетін жинақтық ақпарат импортын күнделікті бақылау;


  • ЗТМО-дан міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар түсу импортын күнделікті бақылау,

  • Астана қ. бойынша 1-Н кеңейтілген статистикалық есебінің жасалуын, бюджеттен қайтарылған жән қайтаруға жататтын ҚҚС сомалары, артық төленген сомалар, тізімделген және сатылған мүлік сомалары бойынша ҚР ИНИС-те аудандық деңгейде қалыптастырылған мәліметтерді бақылауды қамтамасыз етеді;

  • ҚР ИНИС-інің анықталмаған төлемдер базсына енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша төлемдердің аймақтық салық бөлімшелерімен уақтылы өңделуін бақылау;

  • бюджеттік түсімдерді есепке алуды әрі ҚР ИНИС-іне импортталған түсімдермен және қазынашылық формаларымен элекронды төлемдік құжаттарды салыстырып тексеруді жүргізеді;

  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитетімен бюджеттік түсімдер, есепке алынатын сомалар мен қайтарымдар бойынша салыстырып тексеруді жүзеге асырады;

  • есепке алу формаларының өзектілігі мен салық төлеушілердің дербес шоттарын жүргізу бойынша бақылау жүргізу;

  • Астана қ. Салық департаменті құрылымдық бөлімшелерінің ИНИС-індегі операциялық күннің уақтылы жабылу мониторингі;

  • Салық департаменті құрылымдық бөлімшелерінің есепке алу, салық және басқа да міндетті бюджеттік төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша есептілік мәселелері бойынша жүргізілетін тақырыптық тексерістерге қатысу;

  • аудандық салық басқармаларындағы қате есепке алынған, анықталмаған салықтар және басқа да міндетті бюджеттік төлемдер бойынша есепке алуды бақылау; аудандық салық басқармаларындағы артық төленген салық сомалары мен басқа да міндетті бюджеттік төлемдер бойынша есепке алынған сомалар мен қайтарымдарды есепке алуды бақылау;
  • Бірыңғай бюджеттік топтастыру кодтары бойынша салықтар және басқа да міндетті бюджеттік төлемдер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;


  • Басқарма құзіреттілігі шеңберіндегі сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу (семинарлар, кеңестер, Форумдарға қатысу, бұқарлық ақпараттық құралдарға шығу);

  • Басқарма құзіреттілігі шеңберінде ақпараттық жүйелер бойынша жұмыс топтарына қатысады;

  • Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша басқа да міндеттер мен функциялар.



3. Бөлім құқықтары мен міндеттері


Бөлім өз функцияларын орындау үшін мынадай құқықтарды пайдаланады:

  • Астана қ. бойынша Департамент басқармалары мен аудандық басқармалардан белгіленген тәртіпте құжаттар, анықтамалар, есептемелер және басқа материалдар сұрату;

  • орталық және жергілікті атқарушы органдармен белгіленген тәртіпте хат алмасу жүргізу;

  • уәкілетті органдармен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету.



4. Бөлім жұмысын ұйымдастыру


Бөлімді департамент Бастық қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Бөлім бастығы басқарады. Бөлім бастығы Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты, ол белгіленген тәртіпте бекітілген лауазымдық нұсқаулықпен және біліктілік талаптарымен сәйкес функционалдық қызеттерді белгілейді.

Өз құзіреттілігіндегі мәселелер бойынша Бөлім атынан жөнелтілетін құжаттарға Бөлім бастығының қолы қойылады.


Бөлім бастығы:


  • бөлім жұмыскерлерінің функционалды міндеттері мен олардың өзара жұмыс жүргізуін белгілейді;

  • бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындау мен қызметтен босату, марапаттау мен тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар дайындап, оны Комитет басшылығы алдына тартады,

  • Бастық пен оның орынбасарлары жүктеген басқа да функцияларды атқарады.


Бас маман:

  • өзіне берілген құқықтар мен қызметтік міндеттерге сәйкес өкілеттілікті жүзеге асыру;

  • еңбек тәртібі мен атқарушы тәртіпті сақтау;

  • мемлекеттік құпиялар мен басқа да заңмен скақталатын құпияларды сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” және “Сыбайлас жемқорлық туралы” Заңдарымен белгіленген өзге де міндеттерді орындау.