girniy.ru 1

Павлодар облысы әкімдігінің

2014 жылғы 6 мамыр

№ 150/5 қаулысымен

бекітілді


«Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер


1. «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі–мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру (бұдан әрі - ақпарат) болып табылады.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау


1. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 192 қаулысымен бекітілген «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш болып табылады;

2. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде өтініштің қабылдалған күні, қабылдаған адамның тегі, аты-жөні көрсетілген талон беріледі - 20 (жиырма) минуттан аспайды.

Бас маман ұсынылған өтінішті тексереді, кіріс құжаттары журналында тіркейді, ақпаратты дайындайды – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.


Басшы ақпаратқа қол қояды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

Бас маман ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының өзі келгенде (немесе сенімхат бойынша өкілге немесе заңды өкіліне) береді немесе көрсетілетін қызметті алушының өтінішінде көрсетілген мекенжайға поштамен жібереді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

3. Рәсімнің нәтижесі ақпаратты беру болып табылады.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау


1. Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

бас маман;

басшы;

2. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің  1-қосымшасында (кесте) және 2-қосымшасында (блок-сызба) келтірілген.


4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау


Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану ескерілмеген.



«Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует,

туризм объектілері және туристік қызметті

жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша


Әкімшілік іс-қимылдың реттілігі мен өзара әрекеттерін cипаттау


1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының №)

1


2

3

4

2

Атауы

Бас маман

Бас маман

Басшы

Бас маман

3

Іс-қимылдың (үдерістің, операцияның, рәсімінің) атауы және олардың сипаттамасы

Ұсынылған өтінішті қабылдау және тексеру. Кіріс құжаттар журналында тіркеу.

Өтінішті қарау

Құжаттарды қарау

Ақпарат беру

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)

Талон беру

Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат дайындау және беру

Ақпаратқа қол қою

Ақпарат беру

5

Орындалу мерзімдері

20 минут ішінде

2 жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні ішінде

1 жұмыс күні ішінде





«Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует,

туризм объектілері және туристік қызметті

жүзеге асыратын тұлғалар туралы

ақпарат беру» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

Әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық реттілігі

арасындағы өзара байланысты көрсететін блок-сызба




2. Бас маман туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат дайындайды

(2 жұмыс күні ішінде)

4. Бас маман

ақпаратты береді

(1 жұмыс күні ішінде)




1. Бас маман ұсынылған өтінішті қабылдайды және тексереді. Кіріс құжаттар журналында тіркейді.

(20 минут ішінде)


Көрсетілетін қызметті алушы