https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Терістаңбалы ауылдық округінің 2015 жылғы


әлеуметтік – экономикалық дамуының қортындылары туралы

тезисі


Терістаңбалы және Ұзынжал ауылдарының жалпы аумағы 26132 га жерді алып жатыр. Жалпы тұрғындар саны – 330 адам. Әр түрлі салада 62 адам жұмыс істейді. Зейнеткерлер саны 52 адам. Өндірістік мекемелер саны – шаруа қожалық – 16, бастауыш мектеп – 1, негізгі мектеп – 1 , фельдшерлік пункт – 2, сауда нүктелерінің саны – 2, қоғамдық тамақтандыру орны (кафе) – 1, наубайхана – 0, мәдениет үйі – 0, әкім аппараты – 1.

Терістаңбалы бастауыш мектебі Оқушылар саны 7, мектеп алды даярлық тобы мен шағын орталықтағы балалардың саны 10, мұғалімдердің саны 2, жұмысшылардың саны 5.

Ұзынжал негізгі мектебі Оқушылар саны - 32, мектеп алды даярлық тобы мен шағын орталықтағы балалардың саны - 17, мұғалімдердің саны - 14, жұмысшылардың саны - 6, (1 – 4 сынып, -22) (5 – 9 сынып )аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушы балалардан тегін ыстық тамақпен қамтылатындар саны - 12 ,

Фельдшерлік пункте 2 фельдшер жұмыс істейді.Туу көрсеткіштері - 5%, өлім көрсеткіштері – 2,1%, ісік ауруына шалдыққандар - 0%, қатерлі ісіктен өлім көрсеткіші - 0%, туберкулез ауруына шалдыққандар - 0%, туберкулез ауруына өлімі - 0%, қан ауруына шалдыққандар – 0,3%, жүрек – тамыр ауруларына шалдыққандар – 8 %.

Телефон және интернет байланысы бойынша ауыл телефон байланысын алатындар тұрғындар саны – 12, мекеме – ұжымдар – 3, интернет жүйесін пайдаланушылар саны – 2.

Қоғамдық құрылымдармен жұмыстар жүргізу бойынша округтің отбасылық мәселелерді қарау, мәдени іс – шараларды бекіту ең алдымен «Ақсақалдар» кеңесі, «Әйелдер» кеңесі, «Жастар» кеңесінің қатысуымен жүргізіледі.

Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қолдау бойынша 2015 жылғы қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздар саны (ай сайын 1 – 3 адамға дейін) – 4 адам, 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар – 14 бала, өтініш иесі – 6, атаулы әлеуметтік көмекті алушылар – 0 адам, материалдық көмек алғандар саны – 0 адам.



Шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша Дайрова Г., Сатыбалдинова К., Абаков М., Матайбаев С., (ірі қара мал ), Рахиянов Ж (ұсақ мал ) асырауға несиелерін алып жұмыстарын жүргізіп жатыр

Жергілікті салықты орындау бойынша

Мүлік салығы: жоспар – 16,0. орындалғаны - 16420 тг

Жер салығы: жоспар – 29,7. орындалғаны – 29,7 тг

Көлік салығы: жоспар – 76,0. орындалғаны – 330 тг,

Ауыл шаруашылығы бойыншаОкругте 16 шаруа қожалығы мал шаруасымен айналысады 2016 жылдың 01 қаңтарына мал басынын саны барлығы:

Ірі қара - 1985 бас, аналық – 868 бас;

Ұсақ мал – 6294 бас, аналық – 3470 бас;

Жылқы – 1143 бас, аналық – 529 бас;

Шаруа қожалықтар саны – 16,

ІРҚ – 1284 бас, ҰҚМ – 5121 бас;

Жылқы – 1021 бас.

Жеке қосалқы шаруашылығымен айналысатын аула саны – 41,

ІРҚ – 701 бас;

ҰҚМ – 1173 бас;

Жылқы – 122 бас;

Құс – 794 бас.

Екі айлық сенбілік және санитарлық тазалық бойынша Ауылымыздың тазалығына көркеуіне бірлігімізді, тірлігімізді көрсетіп, ауыл тұрғындары да ат салысып ең бірінші өз ауласынаң бастап қоқыстарды шығарды, ауласың гүлдендірді. Округке қарасты елді мекендерді көркейту,көғаландыру және санитарлық жағдайын жақсарту туралы сенбіліке белсенді азаматтар қатысты.

Иесіз ит – мысықтардың көздерін жою бойынша 27 ит – мысықтың көзі жойылды.

Қоғамдық, спорттық – мәдени шаралар бойынша ҚР барлық даталы мерекелері жоспарлы түрде салтанатпен іс – шаралар ұйымдастырылады.

2016 жылға жоспарланған жұмыстар Терістаңбалы Узынжал ауылдарында когалдандыру коріктендіру жұмыстарын жүргізу. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығында мал басын көбейтуді жоспарлап отырмыз.

Терістаңбалы ауылдық

округі әкімінің м.а. М.Сакенов