https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Тарбағатай ауданының


2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық

даму қортындылары туралы ақпарат


Өнеркәсіп саласы бойынша 2015 жылдың қыркүйек айында 1377,6 млн теңгенің өнімі шығарылып, өсу қарқыны 104,2 пайыз болды.

Бөлшек тауар айналымы. Ауданда бөлшек тауар айналымы бойынша тоқсан сайын есеп беретін 4 кәсіпорын тіркелген Бөлшек тауар айналымының салыстырмалы бағада 3363,4 млн теңгені құрап, өсу қарқыны 114,4 % болды.

Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген жалпы өнім көлемі 14919,6 млн теңгені құрап, табиғи индекс көлемі 103,4 % болды.

Есепті мерзім ішінде барлық өндірілген ет тірі салмақта 12346,2 тоннаны, сауылған сүт 65386,1 тоннаны, алынған жұмыртқа 3019,4 мың. дананы құрап, ет өндіру 102,0 пайызға, сүт өндіру 6,2 пайызға, жұмыртқа өндіру 4,3 пайызға орындалды.

Шаруашылықтың барлық санаттарында мал басы мен құс санының өсу қарқыны қамтамасыз етіліп, Ірі қара саны 121415 мың басқа (1,9%), қой-ешкі 371053 мың басқа (кемуі 7,8%), жылқы – 24854 мың басқа (өсім 8,3%), құс – 29,4 мың басқа (өсім 1,2%) жеткізілді.

Шағын бизнес субъектілері бойынша ауданда шағын бизнестің 65 кәсіпорыны тіркелді. Оның ішінде белсенді жұмыс істейтін 46 кәсіпорын тіркеліп, былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 115,0 пайызға орындалды.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 2166,3 млн теңгені құрап, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 77,8 пайызды құрап, нақты көлем индексі 75,9 пайыз болды.

Оның ішінде экономиканың нақты секторына жеке меншік қаражат есебінен тартылған инвестиция көлемі 1214,9 млн теңгеге немесе өсу қарқыны 104,0 пайызға орындалды.

Тұрғын үйді пайдалануға енгізу көрсеткіші бойынша 9 айда 4077 шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға беріліп, 2014 жылмен салыстырғанда 113,0 пайызға орындалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1268,2 млн теңгеге орындалып, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда (2500,4 млн теңге) 58,3 пайызға кем орындалды.


Мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер 648,1 млн. теңгені құрап, болжам (639,6 млн. теңге) немесе 101,3 % орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны – 105,3 % құрады

Меншікті кірістер бойынша аудан бюджетінің болжамы 345,5 млн теңгеге немесе 100,8 % орындалды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша.

Есепті мерзім ішінде 606 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда (586 бала) 20 балаға көбейді.

Былтырғы жылмен салыстырғанда қайтыс болу көрсеткіші 5 адамға азайып, қайтыс болғандар саны 215 адам болды.

Ауданда туберкулезбен алғаш ауырған 14 адам тіркеліп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 73,6 % болды.

Әлеуметтік қорғау саласында 9 айда ресми тіркелген жұмыссыздар саны 190 адамды құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30 адамға көбейген.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар – 205 адамға немесе 30,4 пайызға (471-676), балалар жәрдемақысын алушылар – 306 балаға немесе 4,7 пайызға азайған (6294-6600).

Мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамту бойынша 21 бала бақша 40 шағын орталық жұмыс істейді. Онда аудандағы мектеп жасына дейінгі 1-6 жас аралығында тіркелген 2771 бала 100 пайыз қамтылып, былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 100,3 % артқан.

Қылмыстылық.

Есепті мерзім ішінде 196 қылмыс тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда тіркелген қылмыс саны 56 бірлікке көбейсе, қылмыстың ашылуы 100 пайызды құрады.