https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3 ... 6 7

6-тарау. Тиекті, реттегіш, сақтандырғыш арматура


42. Қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін СКСГ газ құбырлары мен қоймалары тиекті және реттегіш арматурамен, сақтандырғыш құрылғыларымен, қорғау, автоматизациялау, бұғаттағыш және өлшегіш құралдарымен жабдықталады.

43. Тиекті және реттегіш арматуралардың, сақтандырғыш құрылғылардың, қорғау, автоматизациялау, бұғаттағыш, өлшегіш құралдарының саны мен орнатылу орындары осы Талапты және газ құбырлары мен газ жабдықтарына (техникалық құрылғыларға) қауіпсіз қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз етуді ескере отырып жобалық ұйыммен қарастырылады.

44. СКСГ газды қолдану қондырғылары табиғи газды отын ретінде пайдалану кезінде қарастырылатын технологиялық қорғау, бұғаттау және сигнал беру жүйесімен жабдықталады.

45. Климаттық шарттар мен газдың жұмыс қысымын ескере отырып болаттан жасалған тиектік арматура қолданылады.

46. Сақтандырғыш тиектік қақпақтардың конструкциясы мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес келеді, СКСГ төзімділігін, беріктілігін қамтамасыз етеді және герметикалығы бойынша «А» класынан төмен болып табылады; тиектік арматураның конструкциясы мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес келеді, СКСГ төзімділігін, беріктілігін қамтамасыз етеді және герметикалығы бойынша «В» класынан төмен болып табылады.


7-тарау. СКСГ пайдаланатын объектілерді салу, құрылыс - монтаж жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру және бақылау


47. ГТС, ГТБ, АГҚС, резервуарлық және топтық баллонды қондырғыларды салу, қайта салу, техникалық қайта жабдықтау жоба бойынша құрылыс нормалары мен талаптардың, осы Талапты, келісілген қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орналастыру және қауіпсіз пайдалану талаптарын, белгіленген тәртіпте берілген нормативтік құжаттарды ескере отырып жүргізіледі.

48. Бекітілген және келісілген жобалық құжаттамалар СКСГ салуды, қайта салуды, техникалық қайта жабдықтауды бастар алдында, сонымен қатар белгіленген жағдайларда өнеркәсіп қауіпсіздігінің декларациясы мен өнеркәсіп қауіпсіздігі сараптамасының қорытындысы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынылады.


49. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының қорытындысы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен қарастырылады және бекітіледі.

50. Құрылысын салу барысында құрылысын салудың жобалық құжаттамасымен қарастырылған құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу технологиясын сақтау, техникалық шешімдерді орындау қамтамасыз етіледі.

51. СКСГ объектілерін салу, кеңейту, қайта салу, техникалық қайта жабдықтау, тарату және жою процесінде жобалық құжаттарды әзірлеген ұйымдар белгіленген тәртіп бойынша авторлық бақылау жүргізеді.

52. Газ құбырларын салу кезінде туындаған өзгерістер жобаға енгізіледі, газ тарату ұйымымен және уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісіледі.

53. СКСГ объектілерін салуды бастар алдында құрылысты техникалық бақылау ұйымдастырылады.

54. Құрылыстың басталғандығы туралы құрылыс-монтаж ұйымы кемінде 10 күн бұрын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін хабардар етеді.

55. Тоқсанға құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің жоспарын ұсыну кезінде құрылыстың басталғандығы туралы хабарламаның мерзімі 5 күнге дейін қысқартылады.

56. Құрылыс жұмыстары басталар алдында газ құбыры трассасын бөлу, жобаға сәйкес СКСГ резервуарларын орналастыру, белгіленген тәртіпте актіні рәсімдеу және жұмыс жүргізу журналында жазба жасай жүргізіледі.

57. Жер асты жұмыстарын жүргізу кезінде жобамен белгіленген траншеяның тереңдігі мен СКСГ қоймаларын орналастыру орындары, газ құбырлары мен резервуарларына арналған жерлерді дайындау қамтамасыз етіледі.

Көрсетілген жұмыстардың орындалуы актімен ресімделеді.

58. Орларды құммен көму, резервуарларды орналастыру құмды алдын ала себелеумен және жұмыс жүргізу жобасына сәйкес тығыздау коэффицентімен жерді тығыздаумен жүргізіледі.

59. Қолданыстағы газ тарату желілерін қорғау талаптарына, тарату және тұтыну жүйесінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес сыртқы газ құбырлары трассасының бойына айыратын белгілер орнатылады.


60. Өнеркәсіптік топтық баллонды қондырғыларды биіктігі кемінде 15 см тіректерге орнатылған табиғи желдеткіші бар жанбайтын материалдардан жасалған жабылатын шкафтарда орналастырылады.

61. Резервуарлық қондырғылардың биіктігі кемінде 1,6 м тіректерге орнатылған жанбайтын материалдардан жасалған желденетін қоршауы болады.

Резервуарларды орнату кезінде конденсат, су және буланбаған қалдықтарды жинақтағыш жағына қарай кемінде 2 % еңісті қарастырады.

Конденсатжинақтағышының төменгі резервуарды құрастырғышының үстінде буланбаған қалдықтардың түзілуіне және оның жойылуына кедергі келтіретін шығыңқы жерлері болмайды.

62. Газ құбырларының еңісін сыртқы газ құбырлары үшін конденсат жинақтағыштарына қарай кемінде 5 % қарастырады.

Конденсаттыжинақтағыштардың сыйымдылығы 1 м 3 газдың сағаттық тұтыну есебіне кемінде 4 л болуы қарастырылады.

63. Арматура мен резервуарлық қондырғылардың ООП зақымданудан және атмосфералық әсер етуден жабылатын қаптамалармен қорғайды.

64. Жылу бергіш ретінде ыстық су немесе судың буы қарастырылатын буға айналдырғыш қондырғылар жылу бергіш температурасының төмендеуіне жол бермейтін белгі бергішпен жабдықталады.

65. Газ құбырлары мен резервуарларды, топтық баллонды қондырғыларды салуды, монтаждау мен жөндеуді жүргізетін ұйымдар белгіленген тәртіпте жұмыстың жүргізілуін, сонымен қатар зертханаларды бақылауды қамтамасыз етеді.

66. Бақылауға:

1) персоналдың жұмыс жүргізуге рұқсатының болуын;

2) дәнекерлеу технологиясы жұмысына рұқсатының болуын;

3) дәнекерлеу және бақылау жабдықтарында, аппаратураларында, аспаптар мен құралдарда жұмыс жүргізуге рұқсатының болуын;

4) материалдардың сапасы (болаттан және полиэтиленнен жасалған құбырлар, оқшаулағыш жабындылар, дәнекерлеу, сонымен қатар ақауды түсіруге арналаған материалдар);

5) газ құбырлары мен СКСГ резервуарларына арналған жерлердің орындарын;


6) СКСГ резервуарларды куәландырудың дер кезінде болуын;

7) дәнекерленген қоспаларды операциялық (көзбен көру және өлшеу) бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыруды;

8) бұзу және бұзбау (радиографикалық, ультрадыбыстық) әдістерімен дәнекерленген қоспалардың сапасын бақылауды, оқшауланған жапқыштарды бақылауды;

9) ақаулықтарды түзетулерді бақылауды ұйымдастыруды тексеру кіреді.

67. Құбырларды, газ құбырлары, резервуарлар бөлшектерін, арматураларды, оқшаулағыш материалдарды қабылдау кезіндегі бақылау жұмыстарын белгіленген тәртіпте аттестатталған, зертхана мамандары жүргізеді.

68. Радиографикалық және (немесе) ультрадыбыстық бақылау әдісімен барлық қысым көлемі 100 %, болаттан және полиэтиленнен жасалған СКСГ газ құбырлары, дәнекерлеуі аяқталған сыртқы және ішкі учаскелерінің тоғысқан жерлері тексеріледі.

Әр дәнекерлеушімен дәнекерленген, болаттан жасалған қоспалардың радиографикалық түсірмелерін бақылау 20 % көлемдегі радиографикалық түсірмелерді автоматты түрде расшифровка жасайтын аппаратты-бағдарламалық кешенде жүргізіледі.

Барлық қысымдағы диаметрі кемінде 50 мм, қысымы 0,005 МПа дейінгі диаметрі 50 мм СКСГ сыртқы және ішкі газ құбырлары бақыланбайды.

69. Барлық категориялы сыртқы газ құбырлары мен резервуарлары ауа қысымымен герметикалығына сыналады.

Газ құбырларын, резервуарлық және топтық қондырғыларды монтаждағаннан кейін сынауды тапсырыс берушінің техникалық бақылау органы мен газды тарату ұйымының өкілдерінің қатысуымен құрылыс-монтаж ұйымы жүргізеді.

Сынаулардың қорытындылары хаттамамен және құрылыстық паспортында жазбамен рәсімделеді.

Газ құбырлары мен газ арматураларының элементтері, оларды дайындау кезінде өндіруші-зауытта бақылайтын техникалық қызметпен сыналады.

70. Газ құбырларын сынауды дәнекерлеу және оқшаулау жұмыстарын, арматура мен ЭХЗ құрылғыларын орнатқаннан кейін жүргізеді.

Сынау қысымына есептелмеген арматураны, жабдықтар мен аспаптарды монтаждауды сынау жұмыстары аяқталғаннан кейін жүргізеді. Сынау уақыты кезінде олардың орнына катушканы немесе қақпақшаны орнатады.


Енгізуші газ құбырларын тарататын газ құбырынан бөлек салу кезінде, оларды ғимараттар мен құрылыстардың алдында орнатылған сөндіргіш құрылғыларға дейінгі учаскелерде сынайды.

71. Сұйытылған көмірсутекті газдарды тасымалдайтын газ құбырлары табиғи газдарды тарату және тұтыну жүйелерін сынау талаптары бойынша пневматикалық (гидравликалық) қысыммен герметикалығына сыналады.

Қысымы 0,6 жоғары 1,6 МПа дейінгі сыртқы газ құбырлары оқшаулау жабындысының түріне қарамастан 2,0 МПа қысымы - 24 сағат көлеміне жетеді.

Өнеркәсіптік өндірістердің, қазандықтар мен басқа ішкі газ құбырларының 1,2 жоғары 1,6 МПа дейінгі жұмыс қысымы 1,25 – 1 сағат көлеміне жетеді.

Герметикалығына жүргізілген сынаудың қорытындылары нақтылық класы 0,6 манометр бойынша газ құбырында қысымның анық төмендеуі байқалмаған кезде, ал нақтылық класы 0,15 және сұйықтық манометрі бойынша 0,4, егер қысымның төмендеуі шкаланы бөлетіннен аспаса дұрыс деп есептелінеді.

72. СКСГ сұйықтық және булық фазалардың оралған резервуарлары қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнатуға және қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптарға сәйкес сыналады.

73. Газбен қамтамасыз ету жүйелерінің салынған, қайта салынған немесе күрделі жөнделген объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның құрамына қатысуға уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өздерінің өкілдерін тағайындайды.

74. Тапсырыс беруші кемінде 5 күн бұрын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін күн, уақыты мен орны туралы хабардар етеді.

75. Қабылдау комиссиясы жобалық, орындалатын құжаттарды, жердегі және жер үстіндегі газды тарату желілерін, ішкі газды тұтану жүйесін, СКСГ объектілерінің технологиялық, қосалқы жүйелерінің осы Талапқа және жобаға сәйкес келуін, ашық жұмыстарға, сонымен қатар резервуарларды орнатуға актілер мен техникалық құрылғыларды өнеркәсіпте пайдалануға рұқсаттың болуын тексереді.

76. Комиссияға құрылыстың сапасын тексеру үшін, қайта сынауларды жүргізу үшін жер асты газ құбырының қандайда бір учаскесін ашуын талап ету құқығы беріледі.


Сонымен қатар қабылдау комиссиясына қосымша:

1) СКСГ объектілерін қауіпсіз пайдалануға бақылау жүргізетін тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;

2) газ қызметі туралы талап немесе газ құбырлары мен газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу тәжірибесі бар ұйыммен жасалған келісім;

3) басшылардың, мамандардың осы Талапты, нормативтік құжаттарды білу деңгейін тексеру және жұмысшылармен жүргізілген нұсқау хаттамалары;

4) осы Талаппен қарастырылған технологиялық регламенттер мен технологиялық кестелер;

5) (болаттан жасалған жер асты газ құбырлары мен резервуарлары үшін) электрохимиялық қорғаудың тиімділігін тексеру актісі;

6) өнеркәсіптік түтін шығаратын және желдеткіш жүйелердің техникалық жағдайын тексеру актісі;

7) найзағайдан қорғауды тексеру актісі;

8) газдалғандық туралы сигнал бергіштердің, бұғаттағыштар мен қауіпсіздік автоматикасының іске қосылуын тексеру актісі;

9) жабдықтарды кешенді сыннан өткізу және іске қосу үшін реттеу жұмыстарына қабылдау актісін, олардың орындалу кестесін;

10) апатты жою және газды тарату ұйымының АЕҚ, (АҚҚ, АҚҚ) мен кәсіби апаттық құтқару құрылымдарының әртүрлі мақсаттағы қызметтерінің өзара әрекеттесу жоспары ұсынылады.

77. Электрохимиялық қорғаумен қамтамасыз етілмеген газ құбырлары мен резервуарларын пайдалануға қабылдауға рұқсат етілмейді.

78. 6 ай ішінде пайдалануға берілмеген комиссиямен қабылданған СКСГ объектісінің герметикалығы қайта сыналады.

79. Сораптарды, компрессорлар мен каруселді агрегаттарды сынау бос жүрісте және салмақпен паспорттық мәліметтер мен өндірушінің пайдалану жөніндегі нұсқауының талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.

Сынау қорытындылары актімен рәсімделеді.

80. Сұйытылған газға арналған резервуарлар, сепараторлар, қысыммен жұмыс істейтін үрлейтін сыйымдылықтар мен басқа да ыдыстар техникалық куәландіруден өтеді.


Буландырғыштар мен газ құю колонкалары газ құбырлары сияқты сыналады.


8-тарау. Пайдалануға қабылдау және іске қосуды реттеу жұмыстары


81. Құрылыс, қайта салу, техникалық қайта жарақтау жұмыстары аяқталғаннан, күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін газ құбырлары мен СКСГ объектілерінің жабдықтарын пайдалануға қабылдау уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілінің қатысуымен осы Талапқа сәйкес жүргізіледі.

82. СКСГ жабдықтарын, газ құбырларын, құрылыстарын күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін қабылдау уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімен инспектордың қатысуынсыз жүзеге асырылады.

83. Монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін резервуарлар, газ құбырлары мен жабдықтарын іске қосуды реттеу жұмыстарын жүргізуден бұрын құрылыс-монтаж ұйымымен:

1) резервуарлар – қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың орналастырылуы мен қауіпсіз пайдалануына қойылатын талаптар бойынша;

2) газ құбырлары мен жабдықтар – құрылыс нормалары мен талаптары, осы Талап бойынша сыналады.

Сынаулар актімен ресімделеді.

84. Газ құбырларын, ГТС, ГТБ, АГҚС газ жабдықтарын, резервуарлық қондырғыларды қабылдау сынаулары іске қосуды реттеу ұйымымен жүргізіледі.

85. Қабылдау сынауларын бастар алдында оны жүргізетін ұйым:

1) бақылайтын тұлғаны тағайындайды және технологиялық жабдықтарға, газ құбырларына, автоматизация құралдарына, санитарлық-техникалық және желдеткіш жүйелерге, электр жабдықтарға қызмет көрсететін және жөндеу жұмыстарын жүргізетін персоналды жинақтайды;

2) жұмыс орындарында газ құбырлары мен жабдықтардың сызба үлгілерін іледі;

3) технологиялық регламенттерді, лауазымдық және өндірістік нұсқауларды, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кестелерін, аварияларды шектеу және жою жоспарларын бекітеді, өрт сөндіру командаларымен, жедел медициналық қызметімен, газды тарататын ұйымдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді;

4) нормативтік талаптарға сәйкес өрт сөндіру құралдарын қамтамасыз етеді;

5) жобалық (орындаушылық) және пайдаланатын құжаттарды, желдеткіш жүйелердің, электр жабдықтарының, қауіпсіздік автоматикасы құралдарының тиімділігін тексеру актілерін әзірлейді.

86. Іске қосуды реттеу жұмыстарын жүргізу кезінде СКСГ объектісінде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

1) газ шығу қаупі бар жұмыстардың орындалуын, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың техникалық жағдайы мен қауіпсіз пайдалануын, электршаруашылығы мен желдеткіш жабдықтарын бақылайтын тұлғалар тағайындалады;

2) қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар тіркеледі, оларды техникалық куәландыру және пайдалануға рұқсат алу жұмыстары жүргізіледі;

3) орындаушы-техникалық құжаттар рәсімделеді, іске қосуды реттеу жұмыстарын жүргізу және жабдықты кешенді сынау актісіне қол қойылады;

4) технологиялық сызба нұсқаға сәйкес сорғыштарға, компрессорларға, булағыштарға, резервуарларға, толтыру және құю колонкаларға, электр қозғатқыштарға, желдеткіштерге, тиек және сақтандырғыш арматуралары мен басқа да техникалық құрылғыларға нөмірлер қойылады;

5) газ құбырларындағы газ қозғалысының бағыты, ал тиек арматурасының маховиктерінде ашу және жабу кезінде айналу бағыты көрсетіледі;

6) белгіленген тәртіпте бекітілген жобаға және қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес жайлардың жарылыс шығуы бойынша өрт шығу қауіптілігі мен классының белгілері салынады;

7) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы жұмысшылардың дайындығы мен аттестациядан өтуін қамтамасыз етеді, осы Талапты және басқа да нормативтік құқықтық актілер мен техникалық құжаттарды білу деңгейін тексереді.

87. Іске қосуды реттеу жұмыстарын жүргізу және резервуарларды сұйытылған газбен толтырар алдында жабдықтарды кешенді сынау үшін қабылдау қамтамасыз етіледі, апатқа және өртке қарсы қорғаудың автоматты құралдары қолданылады.

Іске қосуды реттеу жұмыстарын жүргізу кезінде СКСГ объектілерінде газ құбырларын газбен үрлеу алдында резервуарлар мен газ жабдықтарына ауамен немесе сағат көлеміндегі қысымы 0,3 МПа инертті газбен бақылаулық қысым беру жүргізіледі.


Герметикалығына жүргізілген сынаудың қорытындылары нақтылық класы 0,6 манометр бойынша газ құбырында қысымның анық төмендеуі байқалмаған кезде, ал нақтылық класы 0,15 және сұйықтық манометрі бойынша 0,4, егер қысымның төмендеуі шкаланы бөлетіннен аспаса дұрыс деп есептелінеді.

88. Технологиялық жабықтағы іске қосуды реттеу жұмыстары жұмыстың жобалық режімінде бос жүріс және салмақ түсіру арқылы жүргізіледі.

89. Бақылаулық қысым беру кезінде барлық дәнекерленіп тоғысқан жерлер, кесілген және фланцтік қоспалар, сальниктік тығыздағыштар сабындау арқылы немесе жоғары әсерлі аспаптармен тексеріледі.

Кері температура жағдайында сабынды эмульсия оның қатуына жол бермейтін концентрациядағы спиртпен араластырылады.

90. СКСГ объектілерін пайдалануға енгізу жөніндегі іске қосуды реттеу жұмыстары кезінде:

1) жабдықтарды, арматуралар мен аспаптарды сырттай тексеру;

2) өрт сөндіру және өрт шығу қаупі бар жайлардағы желдету құралдарын жұмыс істеуін тексеру;

3) жарылу қаупі бар газ концентрациясының тұрақты сигнал бергіштерінің жұмысын тексеру;

4) резервуарларды, газқұбырларын, жабдықтарды оттегінің 1 % артық түзілмеуіне дейін булы фазалы сұйытылған газбен немесе инертті газбен үрлеу;

5) бақылау-өлшеу аспаптары мен деңгейді өлшегіштердің жұмысын тексеру;

6) сақтау базаларының резервуарларына сұйытылған газды құю;

7) барлық компрессорлардың, булағыштар мен сорғыштардың жұмыс істеулерін сынау;

8) баллондарды толтыру, газ баллонды автокөліктерді толтыру, газды тұтынушыларға беру;

9) 72 сағат ішінде технологиялық режімдердің жұмыс істеулері жүзеге асырылады.

91. Жабдықтың жұмыс істеуінде анықталған және жойылмайтын ақаулықтар актіде көрсетіледі.

Ақаулықтарды жою және іске қосуды реттеу жұмыстарын жалғастыру комиссиямен қарастырылады.

92. Іске қосуды реттеу жұмыстары кезінде технологиялық операциялар жүргізіледі, өндірістік нұсқаулар нақтыланады және толықтырылады.


93. Іске қосуды реттеу жұмыстарын бастар алдында пайдаланатын персонал жұмыс орындарында іске қосуды реттеу жұмыстарының басшысынан қауіпсіздік шаралары туралы нұсқау алады.

94. СКСГ объектілеріндегі іске қосуды реттеу жұмыстары кезінде, олардың қауіпсіз жүргізілуіне іске қосуды реттеу бригадасының басшысы жауапты болады.

Барлық жұмыстар соның нұсқауы бойынша орындалады.

95. Кешенді сынау өткізу кезінде технологиялық жабдықтың қалпын бақылау және дер кезінде ақаулықтар мен газдың кеміп қалуы бойынша шара қолдану үшін қызмет көрсететін персонал қатарынан кезекшілік ұйымдастырылады.

96. Станция персоналы оқытылады, ықтимал ақаулықтар мен оларды жою тәсілдері бойынша нұсқау алады, қажетті сызбанұсқалармен және нұсқаулармен, қорғау және өрт сөндіру құраларымен, арнайы киімдермен, қажетті құрал-саймандармен, аспаптармен және жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

97. Жабдықты 72-сағат ішінде кешенді сынағаннан және технологиялық операцияларды орындағаннан кейін іске қосуды реттеу жұмыстары аяқталған болып есептеледі, объект іске қосуды реттеу бригадасының басшысымен тиісті актіні ресімдеу арқылы қабылдау комиссиясына тапсырылады.

98. Объектіні пайдалануға беру мемлекеттік (қабылдау) комиссиясы актіге қол қойғаннан кейін жүзеге асырылады.



<< предыдущая страница   следующая страница >>