https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2


ӘОЖ 372.8:004:004.032.6 Қолжазба құқығында


СУЛТАНОВА ТОТЫ АСАНОВНА


Кәсіптік лицейлерде информатика пәнін ақпараттық технология түрлерін пайдаланып оқытудың әдістемелік негіздері


6М011100 – Информатика мамандығы бойынша педогогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі алу үшін дайындалған диссертацияның


РЕФЕРАТЫ


Қызылорда, 2012


Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің «Информатика және ИОӘ» кафедрасында орындалды.


Ғылыми жетекші: физика – математика ғылымдарының

докторы А.Ж. Сейтмұратов


Ресми оппонент: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Б.А.Сайлыбаев


Қорғау өткізілді:

Диссертация 20_____жылы«______»____________сағат______________ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде қорғалды (120014, Қызылорда қаласы, Ы.Жахаев көшесі,6 оқу ғимараты,Физика-матеметика факультеті, №211 ауд.)


Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік

университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.


Мемлекеттік аттестаттау

комиссиясының хатшысы: Тұрғанбаева Ә.

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейтестілігі. Қазақстан Республикасының "Білім туралы” заңында, “2005-2010 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы” стратегиялық құжатында Білім беруді ақпараттандыру - мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асырудың маңызды механизмі ретінде бекітілген. Қазақстандағы саяси-әлеуметтік және экономикалық даму кәсіптік білім беру жүйесін жаңартуды, яғни бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатын кәсіби мамандар дайындауды талап етуде. Білім мазмұнының сапасын арттыру, сол сияқты қоғам дамуын айқындайтын негiзгi көрсеткiштердiң бiрi – оның ақпараттану кезеңiне өтуi болып табылады. Бүгінгі күні адамзаттың шығармашылық әрекетiнiң жемiсi – ақпаратты тиiмдi пайдалану арқылы ғана ғылыми-техникалық прогрестi одан әрі дамыту керек болатындығы белгілі болып отыр. Өйткені ол ақпараттық қоғам жағдайында экономика‚ техника‚ ғылым‚ саясат және жалпы қоғам дамуының шешушi күшiне айналуда. Қазiргi кезеңдегi білім беру үдерісіне жаңа ақпарттық технологияны кеңінен енгізудің, сонымен қатар оқушының ақпараттық мәдениетін дамытудың негiзгi ерекшелiгi оның қолданбалы бағыттылығын‚ пәнаралық байланыстарды сәйкестендіретін оқудың мазмұны мен мақсатын нақты көрсететін жолдарын iздестiру болып табылады.


Қазіргі кезеңде оқушыларға сапалы білім бермейінше, заман сұранысын қанағаттандырып, экономиканың дамуын қамтамасыз ете алмаймыз. Кәсіптік лицейлердің басты мақсаты – білімді, жаңа идеялармен қаруланған кәсіби мамандарды даярлау болып табылады. Бұл оқушының кәсіби, технологиялық дайындығы ғана емес, сонымен қатар оның білімінің жан-жақтылығы мен ақпараттық мәдениеті жоғары, яғни компьютерді еркін меңгеруі, интернет ресурстарын пайдалана білуі, оқытудағы жаңа компьютерлік технологияларды меңгеруі т. б. Білім беру үдерісінің осы мақсатына қол жеткізу үшін, дәстүрлі оқытудан оқытудың жаңа түріне – инновациялық оқытуға көшу қажеттілігі туындап отыр. Оқытудың бұл түрі оқушының бойындағы жеке қабілетін дамытып, оны әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тез бейімделетін тұлға ретінде көрсетеді. Кәсіптік лицейлерде білім беру сапасын одан әрі дамытуда осы бағыттарды іске асыруы керек. Білікті мамандарды тәрбиелеп шығару –кәсіптік білім саласының айрықша мақсаты болып табылады.

Оқыту үдерісінде компьютерлік технология мен техниканы қолданудың негізгі педагогикалық-психологиялық мәселелерімен айналысқан ғалымдар, білім беруді ақпараттандыру саласында зерттеушілер И.И.Антипов, Е.Ы.Бидайбеков, К.М.Беркімбаев, С.С.Үсенов, Ж.А.Қараев, С.М.Кеңесбаев, Б.К.Тульбасова, Д.М.Жүсібалиева, К.З.Халикова А.А.Кузнецов, Э.И.Кузнецов, И.В.Роберт, В.М.Монахов, Г.К.Нұрғалиева, В.В.Гриншкун, А.П.Ершов, М.Г.Лапчик, Е.И.Машбиц, В.В.Рубцов, В.Ф.Шолохович және т.б. өз еңбектерінде орта және кәсіптік лицейлерде ақпараттық технология құралдарын қолданудың іс-тәжірибесі, танымдық әрекеттерді басқару үдерісі, кәсіптік лицейлер пәндерінің мазмұны, әдістері, құралдары, оқыту түрлері мен оның нәтижесін бақылау жаңа дидактикалық шарттарға негізделіп және жаңа құрылым, ұйымдастыру қызметі, орындалу нәтижесі, көп ізденуді қажет ету керектігін, педагогикалық-психологиялық сипаттамаларын нақтылап көрсетеді. Білім беруді ақпараттандыру мәселесін тиімді шешу, негізінен педагогикалық кадрлардың ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастырумен тікелей байланысты. Бүгінгі мұғалімнің ақпараттық мәдениеттілігі оның педагогикалық мәдениеттілігінің маңызды бір бөлігі болып табылады.

Білім берудегі мультимедиа – таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық аппараты – бағдарламалық құрал. Мультимедиалық бағдарламалық құралдары – интерактивті режимде әртүрлі типті ақпараттарды дайындау, өндеу, ұсыну, біріктіру секілді іс - әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін компьютердің бағдарламалық жабдықтары. Мультимедиалық бағдарламалардың негізгі атқаратын функцияларының бірі – басқаруды қамтамасыз ету. Яғни, қажетті ақпаратқа еш кедергісіз ауысу мүмкіндігінің болуы. Мультимедиалық өнімдер – мультимедиалық құралдар және арнайы бағдарламалық жабдықтар көмегімен дайындалған ақпарат.Мультимедиалық технология дегеніміз – адамның ақпаратты бір мезгілде бірнеше сезім мүшелерімен қабылдауын қамтамасыз ететін аппараттық және бағдарламалық құралдар жиынтығы. Ақпараттық технология ақпараттың көптүрлілігі мен түсініктілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ өндірістік, ғылыми, басқару, ұйымдастыру, білім беру, сияқты қызметтің түрлі салаларында ақпараттық мәдениетті қалыптастыра алады. Ақпараттандыру – әрбір адамның және заңды тұлғалардың ақпаратқа деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде ақпараттық қорларды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыру мен дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік –экономикалық және ғылыми-техникалық үдеріс. Ақпараттандыру - өндірісте ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану, ақпаратты өңдеу, сақтау және тарату, әсіресе білім беру жүйесінде қолдану болып табылады. Білім беруді ақпараттандыру сыртқы (еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының сұраныстарына) және ішкі қажеттіліктермен (оқу-тәрбие үдерісі сапасының артуымен) сипатталады. Білім беруді ақпараттандырудың ішкі қажеттіліктері білім беру саласына ақпараттық технологияны енгізудің мүмкіндіктерін анықтайтын педагогикалық ғылым мен тәжірибенің даму дәрежесімен байланысты болады.Білім берудi ақпараттандыру – бiлiм беру саласының теориясы мен практикасына жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту мен тәрбиелеудiң психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкiндiктерiн қолдану үдерісі. Білім беруді ақпараттандыру құралдары деп компьютерлік аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды, сонымен қоса, білім беруді ақпараттандыру мақсаттарына жету үшін пайдалынатын олардың мазмұндық толықтырмасын айтады.


Кәсіптік лицейлерде оқытудың жүйесіне сәйкес оқушының ақпараттық мәдениетін қалыптастыруды жетілдіру ақпараттық технологиялар түрлерін толығымен пайдаланылмауы және ақпараттық технологиялар негізінде оқушының ақпараттық мәдениетін жетілдіру қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін табу мақсатында оқушының ақпараттық технология түрлерін бүгінгі заман сұранысына сай қалыптастыру, зерттеу проблемасын айқындап, зерттеу тақырыбы “Кәсіптік лицейлерде информатика пәнін ақпараттық технология түрлерін пайдаланып оқытудың әдістемелік негіздері” деп анықталды.

Зерттеу нысаны: кәсіптік лицейлерде ақпараттық технология түрлерін білім беру үдерісі пайдаланып оқытуды қамтамасыз ету.

Зерттеу мақсаты: кәсіптік лицейлерде оқушыларды ақпараттық технологияны қолдануға қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері және информатика пәнін ақпараттық технология түрлерін пайдаланып оқытуды әдістемесін теориялық тұрғыдан негіздеп, оны қолдану.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер кәсіптік лицейлер оқушылардың ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары мен әдістемелік жүйесі анықталса, онда оқушының ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастыру жоғары дәрежеде болады, өйткені оқыту барысында оқушының ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың әдістері мен жолдары анықталып, оны жүзеге асыруға толықтай мүмкіндік болады.

Зерттеудің міндеттері:

1. Білім беру үдерісінде жаңа ақпараттық – коммуникациялық технология қолдану, оқыту әдістері мен оқу жоспарына ғылыми талдау жүргізу негізінде информатиканы оқыту қызметін анықтау.

2. Оқытуда білім беру үдерісінде оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау.

3. Кәсіптік лицейлерде информатика пәнін ақпараттық технология түрлерін пайдаланып оқыту әдістемесін негіздеп, оның тиімділігін анықтау.


Зерттеудің жетекші идеясы: Кәсіптік лицейдің білім беру үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу және кәсіби маманың білім дәрежесі жоғары, сапалы мамандар даярлауға жағдай жасайды.

Зерттеулердің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:


  • Кәсіптік лицейлерде информатика пәнін ақпараттық технология түрлерін пайдаланып оқыту әдістемесінің теориялық негіздері жетілдірілді, зерттеу тақырыбы бойынша оның кезеңдері, деңгейлері ұсынылды, білім беру үдерісінде оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері анықтама беріледі.

  • “білім беру үдерісінде оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру” ұғымы нақтыланды;

  • ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың жүйесі мен білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негізі жасалды;

  • оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруды кәсіптік лицейлерде білім беру үдерісінде жүзеге асырудың педагогикалық шарттары анықталып, құрылымдық моделі жасалынды.

Зерттеудің практикалық құндылығы: Ақпараттық технологияны қолдану арқылы информатика пәнінің білім беру стандарттарына сай оқу жоспарлары, мультимедиялық, виртуалдық сабақтардың жоспар үлгісі жасақталды;

Зерттеу базасы. Қызылорда облысының білім басқармасы №6 кәсіптік лицейнің оқу материалдық базасы,

Қорғауға зерттеу төмендегі қорытындылары ұсынылады:

- “білім беру үдерісінде оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру” ұғымы, мәні мен мазмұндық сипаты;

- ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың жүйесі мен білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негізі;

- кәсіптік лицейлердің оқушыларына ақпараттық мәдениетін білім беру үдерісінде қалыптастырудың педагогикалық шарттары мен моделі, оның өлшемдері, көрсеткіштері;

- кәсіптік лицейлерде білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар,

информатика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялар және информатика пәнін ақпараттық технология түрлерін пайдаланып оқытудың әдістемелік негіздері қарастырылды.

Диссертацияның құрылымы:

Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты, нысаны анықталады, зерттеу міндеттері мен болжамы, құрылымы, әдіснамалық негізі, басты идеясы, ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу әдістері көрсетіледі, қорғауға ұсынылған қағидалар баяндалады.

Оқушыларды ақпараттық технологияны қолдануға қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде білім беру үдерісінде кәсіптік лицейлерде оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері, қазіргі жағдайы қарастырылып, ақпараттық мәдениеттің мәні мен мағынасы айқындалды, соның негізінде оны қалыптастырудың педагогикалық қағидалары мен шарттары анықталды және құрылымдық моделі жасалып, оның өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері берілді.

Кәсіптік лицейлерде информатика пәнін ақпараттық технология түрлерін пайдаланып оқытудың әдістемелік негіздері атты екінші бөлімде білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар, информатика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялар, кәсіптік лицейлерде информатика пәнін ақпараттық технология түрлерін пайдаланып оқытудың әдістемелік негіздері қолданылып оның практикалық мәні көрсетілді.

Қорытындыда диссертациялық жұмыстың нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

Қосымшада Қызылорда облысының білім басқармасы №6 кәсіптік лицей оқу жылындағы «информатика» пәні бойынша дамытушылық-тақырыптық жоспары көрсетілген.Сонымен қатар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде откен «Білім саласындағы инновациялық ақпараттық – педагогикалық технологиялар» Жаңашыл педагогтардың 3-ші өңіраралық форумына қатысып, алғыс хатпен марапатталдым. Онда «Кәсіптік лицейлерде ақпараттық коммуникациялық құрылғылар түрлерін пайдаланудың мүмкіндіктері» атты мақалам жарық көрді.


Диссертацияның көлемі. Диссертация кіріспеден, үш тараудан қорытындыдан, ғылыми әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан, 5-суреттен, 2 - кестеден, көлемі 100 - беттен тұрады.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үдеріс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары. Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі жаңа ақпараттық оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Білім беруді ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесі мынадай зерттеу бағыттарынан тұрады:


  • қазіргі ақпараттық қоғам мен ғаламдық коммуникация жағдайында оқушы тұлғасын дамыту міндеттеріне сәйкес оқытудың ұйымдық түрлері мен әдістерін, білім беру мазмұнын таңдаудың әдіснамасы мен стратегиясын жетілдіру;

  • оқушының ақыл-ой әлеуетін дамытуды, оқу ақпаратын жинау, өндеу, сақтау, беру, өндіру ісіндегі әртүрлі дербес әрекет түрлерін жүзеге асыра білуді қалыптастыру бойынша оқу әрекетін қамтамасыз ететін педагогикалық технологияны, оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;

  • бірлескен ақпараттық желілер мен ғаламдық коммуникациялар базасында жұмыс істейтін «виртуалдық» білім беру мекемелерін дүниеге әкелу, коммуникацияға қол жететін ашық білім беру жүйелерінің таратылған ақпараттық ресурстарының әлеуетін пайдалану;

  • оқу- тәрбие ісін ақпараттық - әдістемелік қамтамасыз ету үрдісін және оқу орнын (оқу орындары жүйесін) ұйымдық басқаруды автоматтандыру негізінде білім беру жүйесін басқару механизмдерін жетілдіру, ғылыми – педагогикалық ақпараттық мәліметтер базалары мен банктерін, ақпараттық-әдістемелік материалдарды,коммуникациялық желілерді пайдалану;
  • есептеу техникасы, ақпараттандыру және коммуникация құралдарын білім беру саласында тиімді әрі қауіпсіз қолданудың педагогикалық- эргоноикалық шарттарын анықтау;


  • оқушының ақыл-ой қуатының деңгейін белгілеудің, оның білімі мен жетістігін бақылау және бағалаудың компьютерлік тестілеуші, диагностикалаушы әдістемелерін жасап пайдалану.

Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық кәсіптік лицейлерде қолданылады.

Кәсіптік лицейлердегі ақпараттандырылған кәсіптік білімдер ақпараттық ресурстың қомақты саны жинақталуы тек қана қажетті жұмыс пен нақты оқу орындарына ғана емес, сонымен бірге барлық білім жүйесіне пайдалы. Электронды оқулықтар, көмекші құралдар, компьютерлік тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар, педагогикалық программалық шаралар бұларды оқытушылар өздері құрады және пайдаланады. Сонымен бірге оқытудың ақпараттық технологиясында қолданылатын бағдарламаны қамтамасыз етуді бірнеше категорияға бөлуге болады:

·  Оқытатын, бақылайтын және үйрететін жүйелер;

·  Ақпарат іздеу жүйесі;

·  Модельдеу бағдарламалары, микромирлер;

·  Танымдық сипаттағы инструменттік құралдар;

·  Әмбебап сипаттағы инструменттік құралдар;

·  Коммуникацияны қамтамасыз етуге арналған инструменттік құралдар.

Модельдеу бағдарламалары мен микромирлер – бұл ерекше аз мамандандырылған бағдарламалар, оларды компьютерде арнайы қолдану және оның кейбір мәселелерін зерттеуге тура келеді.

Инструменттік құралдар деп – жаңа электрондық ресурстар жасауды қамтамасыз ететін бағдарламаларды атайды:

·  әр түрлі форматты файлдар;

·  мәліметтер қоры;

·  бағдарламалық модульдер;

·  жекелеген бағдарламалар мен бағдарламалар жиыны.

Мұндай құралдар пәндік-бағытта болуы мүмкін, сол секілді нақты міндеттер ерекшелігі мен қолдану саласына тәуелді болмауы да мүмкін.Білім үрдісінде қолдануға негізделетін бағдарламалық құралдарда сақталатын негізгі талаптар – бұл жеңілдік пен табиғилық, оқушының оқу материалымен жеңіл танысуына мүмкіндік жасау. Бағдарламаларға сай келетін талаптар мен сипаттамаларды HCI (ағылшын тілінде “Human – Computer Interface” – «Интерфейс-адам-компьютер») аббревиатурасымен белгілеу қабылданған. Бұл сөзбе-сөз аударуды «адаммен сұхбаттасуға арналған компьютерлік бағдарламалар» деп түсінуге болады.


Білімді ақпараттандыру жағдайында болып жатқан кемшіліктерге қарамастан, оны «ақпараттық көтеріліс» деп атауға болады, өйткені қол жетерлік табыстар мыналар:

·  ақпаратты ұсынудың жаңа формасы. Қызықты, жанды немесе алдын ала жазылған мультимедиалық ақпарат тек текстен емес, графикалық бейнелерден, анимациядан, дыбыстан және видеоүзінділерден құралып, Internet желісі арқылы беріледі немесе басқа телекоммуникациялық құралдар арқылы компакт-дискілерге жазылады;

·  жаңа кітапханалар. Интеллектуальдық ресурстар көлемі және табыстары өседі. Internet злектрондық кітапхана каталогтарымен бірігіп, жер қашықтығы мен уақыт айырмашылығына қарамастан, зор ақпараттар көлемін жинауға қол жеткізеді. Әрине, мұндай кітапханалар онда сақталатын ақпараттарға толық жол аша бермейді;

·  оқу сабақтарының жаңа формалары. Оқушылар мен оқытушылардың виртуальды семинарлар және лабораториялар режімінде бірігіп жұмыс жасауы, сонымен бірге жаңа синхрондық мүмкіндік пайда болды. Бірқатар оқушылар үшін мұндай жұмыс формалары анағұрлым ыңғайлы, өйткені дәстүрлі оқытуға қарағанда, оларға өз мүмкіндіктеріне қарай, өздеріне қолайлы графикпен жұмыс жасау және артық ескертулермен кездеспей отырып ашу қызықты;

·  білімнің жаңа құрылымы. Бүгінгі күні білім жүйесіне жаңа құрылым беру үшін телекоммуникация жүйелерімен толықтырылуы қажет, сонымен қатар білім үрдісіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізуде жоғары біліктілікке ие мамандар керек.

Көбінесе АТ оқыту бағдарламалары оған барынша мол қол жеткізуге мақсатталған және оқыту сапасына аса анық емес талаптар қояды. Мұндай бағдарламаның білім сапасын жетілдіруі үшін орындауы міндетті талаптар қатарын құрастыруға болады:

·  сапасы мен мүмкіндігі жоғары білім кеңістігін құру, кәдімгі оқу орындары ұсынатын мүмкіндіктерден жоғары білім ортасын жасау;

·  Internet желісінде әмбебап компьютерлік кітапхана құру, кез келген уақытта қолданушыға қол жеткізерлік және кәдімгі кітапханаға көлемді ақпарат беруі тиіс;


·  желі бойынша педагогтармен қарым-қатынас ұйымдастыру;

·  оқытушының да, оқушының да білімін компьютермен тексеру жүйесін жасау.

Төмендегідей базалық шарттар сақталған жағдайда сапалы білімге қол жеткізуге болады:

·  қымбат тұратын технологиялар мен бағдарлама өнімдерін қолдану;

·  іштей және АТ оқыту түрлерін  біріктіру;

·  қажетті ақпараттық ресурстарды табуды жеңілдететін толық каталогтар жасау. Қазіргі таңда әрбір оқытушы өзінің ізденімпаздық іс-әрекеті арқылы сабақ өткізу формалары мен тәсілдерін күнделікті сабаққа қолданылуына толық мүмкіншілігі бар. Сабақ өткізуде аса көңіл бөлетін мәселелер:

-        Сабақтың мазмұны;

-        Оны өткізу тәсілдері мен әдістерін таңдау;

-        Сабақтың нәтижелігі.

Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу мен үйрету жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешудің бірден-бір жолы болып табылады.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады.Ол үшін оқытушы өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның қиындық дәрежесі оқушылардың оқу мүмкіншілігіне жауап беретіндей болуы тиіс.Өз бетімен жұмыстар мақсатына қарай:
1.    оқыту;
2.    жаттықтыру;
3.    бекіту;
4.    қайталау;
5.    дамыту;
6.    шығармашылық, яғни іздену мақсатында;

7.    бақылау мақсатында өткізіледі.

Жалпы, сабақ мақсатының орындалуы мұғалімнің талмай ізденуіне, жауапкершілігіне байланысты. Ал информатика пәннің мұғалімі үшін, алгоритмдеу негіздерін оқытуда жазба жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін жетік меңгерудің маңызы зор. Өйткені мұндай жұмыстар оқушылардың ой-өрісінің жан-жақты дамуын қадағалайтын бақылау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады [68,77].

        Қазіргі кезде информатика пәнінен өткізілетін жазба жұмыстарының неғұрлым жиі қолданылып жүрген мынадай түрлері бар:
§       диктант;

§       өзіндік және бақылау жұмыстары;


§       тестік тапсырмалар;

§       әртүрлі тақырыпқа берілген есептермен жұмыс және т.б.

Жазбаша жұмыстардың мәтінінде олардың барлығына ортақ үйретушілік, бағыттаушылық, тексерушілік, тәрбиелік сияқты дидактикалық функциялардың орындалуымен қатар, әр жазбаша жұмыстың өз мақсаты болады.
      а) диктанттың негізгі мақсаты – оқушының білімін болжау, білімдегі олқылықтардың алдын алу.

      ә) Өзіндік жұмыстардың негізгі мақсаты - өткен материалдарды қайталап, бекіту; жалпылау, жүйелеу; келесі кезеңдегі оқу материалын зерделеуге көшу мүмкіндігінанықтау.
      б) Бақылау жұмысы – алған білімді тексеру және есепке алудың ең маңызды құрамдас бөлігі. Бақылау жұмыстарын оқушылар толығымен өз беттеріншеорындауытиіс.
      в) Тестік тапсырмаларды жүргізу процесінде оқушы орындалған амалдардың дұрыстары мен бұрыстары сандық есепке алынады. Мұнда дұрыс жауаптар санының берілген сұрақтар мен тапсырмалардың жалпы санына қатынасымен анықталатын оқытудың нақты стандартталған нәтижесі беріледі. Бұл әдіс оқушы білімін объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Әр түрлі тапқырлыққа берілген тапсырмаларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл тапсырмалар оқушылардың әр түрлі мәтінді есептер шығаруда, есептің шартын құра білуге, бір есептің бірнеше шешімін табуға жетелейді.

Дәріс өткізу әдістемесі келесі түрде өткізілуі мүмкін. Дәріс материалын PowerPoint презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамында кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында оқытушы тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектерді көрсете алады және өзгертеді. Дәрістің соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Сонымен «Актив экран» бағдармалық-техникалық кешенін қолдану барысында оқушыға дәрістің мәтінін жазу қажет емес екендігі анықталады.


 Практикалық сабақты өткізу әдістемесі келесі түрде болуы мүмкін. Оқытушы алдын ала дайындаған дәрісті немесе алдыңғы өткен сабақты қайталауға және оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың басында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Оқушыны жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады. Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген оқытушы мен оқушының орындаған іс-әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.

Семинарды өткізу әдістемесі бағдарламалық - техникалық кешенді қолданып келесі түрде жүргізуге болады. Семинар сабағы белгілі бір тақырып бойынша әңгімелесу немесе дискуссия формасында өткізіледі. Оқытушы алдын ала тақырыпты және қарастырылатын сұрақтар бойынша презентациялық материалдар дайындайды. Слайдтарға талқылау қажет етілетін негізгі сұрақтарды және сабақта белсенділікпен қызуғышылықты тудыратын семинар тақырыбын түгелдей ашуға қажет ақпараттық объекттерді кірістіреді. Оқытушы сабақ барысын интерактивтік тақта арқылы басқарып отырады. Сонымен қатар семинар сұрақтарын ұжымдық топтық игеру үшін оқушылар графикалық ақпаратты қолданады.Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу матералдарды – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Активті экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.


ҚОРЫТЫНДЫ



следующая страница >>