https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3


Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қаржы - экономикалық факультеті


Қаржы кафедрасы


5В050600 «Экономика» мамандығының студенттеріне арналған

«Қаржы нарығы және делдалдары»

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)


Павлодар


Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus)

бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38


БЕКІТЕМІН

ҚЭФ деканы

_____________Т.Я. Эрназаров

«____»______________20 ж


Құрастырушы: : аға оқытушы Кулембаева А.С _______________


Қаржы кафедрасы


5В050600 «Экономика» мамандығының сырттай оқу нысанындағы

студенттеріне арналған «Қаржы нарығы және делдалдары»


пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)


Бағдарлама 20__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.


Кафедра отырысында ұсынылған 20_ж. «___»____________№_____ хаттама.


Кафедра меңгерушісі ______________Н.С. Кафтункина

20__ ж. «____» _______

Қаржы-экономикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20_ж. «_____»____________№____ хаттама



ОӘК төрағасы ________________А. Б. Темірғалиева

20_ ж. «_____»___________


КЕЛІСІЛДІ

Экономика және менеджмент кафедрасының меңгерушісі________

С.К. Кунязова 20__ ж. «____» _______


1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары


Кафедрадағы қабылдау сағаттары кеңес беру кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Кафедраның телефоны 67-36-43, ішкі 172, 511 аудиториясы.


2 Пән туралы мәліметтер



«Экономика» мамандығының студенттері үшін «Қаржы нарығы және делдалдары» пәні таңдау бойынша пән болып табылады.

Қаржы нарығы және оның кәсіби қатысушылары ішкі және сыртқы инвесторлардың тартылған қаражаттгарын экономиканың жоғары табысты және болашағы бар салаларына инвестициялауға мүмкіндік береді және экономиканың халықаралық қоғамдастықтарға бірігуіне әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, заңдық реттеу, ақпараттың ашықтылығы, дивидентгік саясат және басқа да сапалық көрсеткіштері дамып келе жатқан қаржы нарығының жалпы стандартқа сәйкес келуі керек.


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Базалық білім

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлығы

Дәріс

практика

Зертханалық


студиялық

жеке

барлығы

СОӨЖ

ОКБ негізінде


3

-

6

6






















4

3

12

6

6










117

9

Емтихан

ЖКБ

негізінде


2

-

6

6






















3

3

12

6


6










117

9

Емтихан


4 Пәннің мақсаты және міндеттері


«Қаржы нарығы және делдалдары» пәнi — қазiргi қаржы нарықтарындағы әртүрлi қаржы институттарының қызмет етуiмен ерекшеленедi. Қазiргi кезеңде Қазақстан экономикасының дамуында қаржы институттары өте маңызды роль атқарады. Қаржы нарығындағы бiлiктi мамандардың жетiспеушiлiгi Республикадағы қаржы нарығының әсiресе, қор нарығының дамымауының бір мәселесi болып табылады. Ішкi қаржы ресурстарының жетiспеушiлiгi өндiрiстiк сфераға капитал құю Қазақстанның өтпелi экономика кезеңiнде ең үлкен мәселелердiң бiрi болып саналады.

Пәннің міндеті

Көрсетiлген мақсаттарды негiзге ала отырып, «Қаржы нарығы және делдалдары» курсының мiндеттерiне:

- қаржы нарығы мен делдалдар курсын функционалды тұрғыдан теориялық аспектiлерiмен оқыту;

- Қазақстан Республикасының территориясында қаржы делдалдарының қызметтерiн талдаудан өткiзу;

- Қазақстан қаржы нарығының дамуында негiзгi мәселелердi анықтау;

- әртүрi қаржы институттарын және олардың ұсынатын қызметтерiн баға белгiлеу әдiстерiн, оларды басқару стильдерiн, iшкi және халықаралық қаржы нарықтарындағы қызмет ету стратегияларын оқу;

- әртүрлi елдердiң қаржы институттарының қызметтерiн оку;

- Қазақстандағы қаржы нарықтарының қызмет етуiнің ерекшелiктерiн қарастыру;

- қаржы делдалдарын, қаржы нарықтарындағы кәсiби қатысушылардың қызметiн оқу және талдау;

- қаржы институттарының қызметiнде (делдалдар) мүмкiн болатын тәуекелдердi бағалау және олардың залалдарын төмендету жолдарын анықтау.


5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар


Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:


  • қаржы нарығындағы кәсiби қатысушылар алдында сыртқы және iшкi инвесторлар арқылы экономиканың басында және жоғары табысты салаларына уақытша бос ақша құралдары мен капиталды тарту арқылы экономиканы халықаралық қауымдастықта бiрiктiру (интеграциялау) мүмкiншiлiктерiн орындау жөнінде түсініктері болуы;

  • қаржылық делдалдықтың мәні туралы;

  • қаржылық нарықтың жеке сегментерінің қызметтері мен бағыттарын;

  • негізгі қаржылық институттарды және олар ұсынатын қызметтер мен қызметтер түрін, баға қалыптастыру әдістерін, басқару стилін, халықаралық және ішкі нарықтардың тиімді қызмет ету стратегияларын меңгеру;

  • қаржылық нарық құралдарының мүмкіндіктері мен бағыттарын білуі;

  • ҚР қаржылық нарықтардың қалыптасуы мен қызмет ету ерекшеліктері туралы;

  • ҚР қаржылық нарықтардың құрылуы мен дамуы туралы;

  • ҚР қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықтарды реттеу мен бақылау жүйесінің құрылуы мен дамуы туралы;

  • әлемдік қаржылық нарықтардың негізгі қызметтері туралы;

  • икемді болуы;

  • қаржылық нарықтың мамандандырылған қатысушылары мен қаржылық делдалдардың қызметін анализдеу;

  • қаржылық нарықтардың қазіргі жағдайына анализ жасау;

  • шаруашылық қызметте басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде қаржылық нарық құралдарының мүмкіндіктерін пайдалану туралы практикалық машықтарды иемденуі қажет



6 Пререквизиттер.

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет:


7 Постректвизиттрер

Пәннің постреквизиті:

- құнды қағаздар нарығы


8 Тақырыптық жоспар


5В050600 «Эконмика» мамандығының сырттай орта кәсіби білім негізінде 2011 ж.т., сырттай жоғары кәсіби білім негізінде 2011 ж.т.




р/с

Тақырыптардың атауы

Сағаттың саны

Дәріс

Тәж

СӨЖ

1 бөлім Қаржы нарығының теориялық негізі мен оның құрылымы










1

Қаржы нарығының инфрақұрылымы мен құрамдас элементтері

1

1

6

2

Ақша нарығы және оның қаржылық құралдары

1

1

6

3

Депозит нарық және оның қаржылық құралдары

1

1

5

4

Несие нарығының мәні және оның маңызы

1

1

5

5


Валюта нарығы және валюталық операциялар

1

1

5

6

Бағалы қағаздар нарығы, оның қызметі және құрылымы

1

1

5

7

Сақтандыру нарығы және оның Қазақстан Республикасында дамуы

1




5

8

Зейнетақы нарығы

1




5

2 бөлім Қаржы нарығындағы қаржылық делдалдардың қызметі










9

Қаржы делдалдығы және қаржы делдалдары

1




5

10

Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі

1




5

11

Зейнетақы қорларындағы қаржы институттары

1




5

12

Инвестициялық компаниялар мен қорлары


1




5

13

Сақтандыру ұйымдары мен қорлары







5

14

Мамандырылған қаржылық- несиелік институттар







5

15

Қор биржасы қызметі және құрамы







5

3 бөлім Қаржы нарығын реттеу










16

Қазақстандағы қаржы нарығын құқықтық реттеу негіздері







5

17

Қаржы нарығын қадғалау және реттеу бойынша. Агентіктің қызметі







5

18

Өзін - өзі реттеу ұйымдары







5

4 бөлім Әлемдік қаржы нарығы

19


Әлемдік қаржы нарығының құрылуы және дамуы







5

20

Әлемдік валюта нарығы







5

21

Халықаралық бағалы қағаздар нарығы







5

22

Шет елдердің зейнетақы жүйесі







5

23

Әлемдік несие нарығы







5

БАРЛЫҒЫ:

12

6

117


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы


«Қаржы нарығы және делдалдары» курсы дүниежүзілік қаржы нарықтарының және осы нарықтың инфрақүрылымын құрайтын институттардың қызмет етуі бойынша сұрақтарды анықтау мақсатында жасаауы. Курсты меңгеру арқылы студенттерге Қазақстанның қаржы нарықтарында болып жатқан процестерді және оның жалпы экономикалық дамуындағы рөлін түсіндіруге көмектеседі.

10 Курс компоненттері


10.1 Дәріс сабақтарының мазмұны


1 тақырып. Қаржы нарығының инфрақұрылымы мен құрамдас элементтері

Қаржы нарығының дамуы мен құрылуы. Әртүрлі экономистермен «Қаржы нарығы» түсінігінің трактовкасы.


Қаржы нарығының маңыздылығы. Экономиканың дамуындағы каржы нарығының ролі. Қаржы нарығының функциялары. Реттеу функциясы. Коммерциялық функциясы. Баға белгілеу фунциясы. Ақпараттық функциясы. Бөлу функциясы. Қаржылық тәуекелдерді сақтандыру функциясы.

Қаржы нарығы құрылымының түсінігі. Қаржы нарығының институционалдық құрылымы. Қаржы нарығына қатысушылар. Қаржы нарығының сегменттері.

Қазақстанның қаржы нарығы және оның құрамдас элементтері. ҚР-дағы қаржы нарығының жіктелімдік ерекшеліктері. Қазақстан қаржы нарығының институционалдық құрылымы. Қазақстан қаржы нарығындағы айналыста қолданып жатқан қаржы құралдарына тәуелді ҚР-ның қаржы нарығының жіктелімдері.


2 тақырып. Ақша нарығы және оның қаржы құралдары

Ақша нарығының түсінігі. Ақша нарығының мағынасы мен мәні. Экономикадағы ақша нарығының рөлі. Ақша нарығының функциясы. Ақша нарығының құрылымы.

Ақша нарығының қаржылық құралдары. Қазақстан Республикасының банкноттары және олардың айналыс ерекшеліктері. Қолма-қол ақшалар және ақша функциясы.

Вексель түсінігі. Вексель түрлері. Вексельдік операциялар. Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналыстар. Банктік акцептер.

Чек түсінігі. Чек түрлері. Қазақстан Республикасының территориясындағы чекпен есеп айырысу. Төлем карточкаларымен тікелей жүргізілетін операциялардың түрлері.

Ақша нарығының төлем құралы. Қолма-қол ақшамен және қолма-қолсыз ақшамен төлемдер жүргізу. Шаруашылық субъектілер арасындағы есеп айырысудың ролі және төлемдік міндеттемелер.

Шаруашылық субъектілер арасындағы есеп айырысудың ролі және төлемдік міндеттемелердің міндеттемелері.

Аккредитивтер және оның түрлері. Құжатты және құжатты емес аккредитивтер. Қамтамасыздырылған және қамтамасыздырылмаған аккредитивтер.


3 тақырып. Депозит нарық және оның қаржылық құралдары

Депозит нарығының мәні. Депозит нарығының мағынасы мен рөлі. Депозит нарығының функциясы. Депозит нарығының құрылымы. Қазақстан Республикасы депозит нарығы инфрақұрылымының ерекшеліктері.


Депозит, коммерциялық банктердің ресурстық базасы. Депозит түсінігі және оның ролі. Депозиттердің типтері. Талап еткенге дейінгі депозиттер. Талап еткенге дейінгі депозиттік шоттардың ерекшеліктері. АТS-шотына орналастыру. Контокорренттік шот. Овердрафт пен ағымдағы шот. Коммерциялық банктердің чектік депозиттермен жұмыс жасауы. Ноу-шоттың ерекшеліктері. Жинақ депозиттерінің ерекшеліктері. Жинақ кітапшаларындағы шот ерекшеліктері. Жинақ салымы жағдайындағы көшірмеге шот. Ақша нарығының депозиттік шоты. Жедел жинақ салымы және оның Қазақстан Республикасында қалыптасу ерекшеліктері. Коммерциялқ банктердің салымдары. Банктік емес қаржылық-несиелік мекемелердің салымдары және олардың мақсаттары. Депозиттік сертификаттың маңызы және оның қаржы нарығындағы айналысының қажеттілігі. Депозиттік сертификаттардың жіктелімі. Айналымды және айналымсыз депозиттік сертификаттар.

Депозит нағыныдағы баға белгілеу. Қазақстан депозит нарығындағы ставкалар. Депозит ставкаларының өзгеруіне әсер ететін факторлар.

Жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру жүйелері. Қазақстан Республикасындағы депозит нарығының даму мәселелері.


4 тақырып. Несие нарығының мәні және оның маңызы

Қаржы нарығы жүйесіндегі несие нарығының орны. Несие нарығының мәні. Несие нарығының функциясы. Қазақстан несие нарығының құрылымы. Ұдайы өндірістік процесс кезіндегі несиенің рөлі. Несие мен ақшаның өзара байланысы. Несиенің құрылымы. Несие беру сызбасы. Несиенің жіктелімдері. Қазақстан Республикасындағы дамыған несиенің түрлері. Тұтыну несие және оның мақсаты. Өндірістік несие. Ауыл шаруашылық несиесі. Шағын және орта бизнесті несиелеу. Ипотекалық несие. Қазақмстандағы ипотекалық несиелеудің даму ерекшеліктері. ҚР ипотекалық компаниясы, оның Қазақстан Республикасындағы несие нарығындағы ролі. Мемлекеттік несие. Коммерциялык несие. Халықаралық несие.

Қазақстан Республикасындағы несие нарығының жағдайы. Қазақстан Республикасы несие нарығының құралдары және олардың ерекшеліктері.


Несие нарығындағы баға белгілеу. Несие бойынша банктік пайыздар. Қазақстан Республикасындағы несие берудің ерекшеліктері. Қазақстан Республикасындағы несие нарығының даму мәселелері.


5 тақырып. Валюта нарығы және валюталық операциялар

Валюта нарығының түсінігі. Валюта нарығының функциялары. Валюта нарығы: түрлері және оның дамуындағы негізгі кезендер. Валюта нарығының дамуы. Валюта нарығының құрылымы.

Валюта нарығына қатысушылар. Валюта нарығының қаржылық құралдары. Валюта түсінігі. Ұлттық және шетелдік валюта. Резервтік валюта түсінігі. Еркін айырбасталаьын, ішінара айырбасталатын және айырбасталмайтын (жабық) валюта түсінігі.

Валюталық бағам түсінігі. Валюта бағамына әсер ететін факторлар. Қалқымалы валюта бағамы. Валюталық девальвация және ревальвация түсінігі.

Валютаның биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары. Биржадан тыс нарықтағы валютаны сату және сатып алу мәмілелері. Валюталық бағам және валюталық операция. Валютаға сұраныс пен ұсыныс. Валюта бағасына әсер етуші факторлар. Валютаға баға белгілеу және баға белгілеудің түрлері. Валюталық мәмілелер және оның түрлері. Жедел мәмілелер. Кассалық мәмілелер. Айырбас операциялары. Форвардтық валюталық операциялар. Шетел валютасының айырбасталуы (свопы). Валюталық опциондар.

Қазақстан Республикасындағы валюталық саясаттар мен реттеулер. Валюталық реттеудің әдістері мен түрлері. Қазақстандағы валюталық реттеудің негізгі бағыттары. Жаhандандыру жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат. Қазақстандағы валюталық режимді либерализациялау.


6 тақырып. Бағалы қағаздар нарығы, оның қызметі және құрылымы

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының құрылуы. Жекешелендіру экономиканың қайта құрылу процессі. Шағын жекешелендірулер. Жаппай жекешелендірулер. Жекелеген жобалар бойынша жекешелендірулер. Ауыл гаруашылығын жекешелендіру.

Бағалы қагаздар нарығының түсінігі және оның құрылымы мен түрлері. Бағалы қағаздар нарығының маңыздылығы. Бағалы қағаздар нарығының функциялары. Бағалы қағаздар нарығының жалпы нарықтық функциясы. Бағалы қағаздар нарығының ерешелік функциялары.


Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымы. Бағалы қағаздар нарығының құрамдас бөлігі. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары. Эмитенттер. Инвесторлар. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар.

Бағалы қағаздар нарығының құралы. Бағалы қағаз түсінігі. Бағалы қағаздардың түрлері. Негізгі бағалы қағаздар. Туынды бағалы қағаздар. Бағалы қағаздардың жіктелімі.

Акция түсінігі және түрлері. Қазақстан Республикасындағы акциялар нарығы және оның даму мәселелері. Облигация түсінігі. Облигация түрлері. Қазақстан Республикасындағы облигацияның айналыс ерекшеліктері. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағалы қағаздары. МЕККАМ, МЕОКАМ, МЕАКАМ, МЕУЖКАМ, МЕИКАМ, МЕКАВМ маңыздылықтары және міндеттері. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің ноталарының маңыздылықтары мен міндеттері.

Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы. Бағалы қағаздардағы баға белгілеу. Бағалы қағаздардың номиналды бағамы түсінігі. Қазақстандағы қайталамалы бағалы қағаздар нарығы. Қазақстан Республикасындағы қайталамалы қағаздар нарығының даму мәселелері.


7 тақырып. Сақтандыру нарығы және оның Қазақстан Республикасында дамуы

Сақтандыру нарығын дамытудың негізгі аспектілері. Сақтандыру нарығының түсінігі. Сақтандыру нарығының функциялары. Қазақстан сақтандыру нарығының құрылымы.

Сақтандыру нарығының қаржылық құралдары. Сақтандырудың экономикалық мәні. Сақтандырудың түрлері. Қазақстан Республикасындағы міндетті сақтандырулары. Ерікті сақтандырулар. Өмірді сақтандыру. Азаматтық-құқықтық міндеттемелік сақтандыру. Көлікті сақтандыру. Медициналық сақтандыру. Сақтандырудың жіктелімі. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қызмет ету ерекшеліктері.

Сақтандыру марапаттаулары мен сақтандыру жарналарының түсінігі.

Сақтандыру нарығының қатысушылары. Сақтандыру нарығын реттеулер. Сақтандыру нарығының құралдары. Қазақстандағы сақтандыру нарығының дамуы. Қазақстанда сақтандыру нарығын құқықтық қамтамасыз ету. Сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы.


Сақтандыру өнімдеріне баға белгілеу. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының даму мәселелері.


8 тақырып. Зейнетақы нарығы

Қаржы нарығы жүйесіндегі зейнетақы нарығының орны. Зейнетақы нарығының маңызы. Зейнетақы нарығының функциялары. Қазақстан зейнетақы нарығының құрылымы.

Зейнетақы нарығының қатысушылары. Зейнетақы жүйесінің түрлері. Ынтымақтастық зейнетақы жүйесі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі. ҚР-дағы зейнетақы жүйесін жетілдіру. Қазақстанда зейнетақы жүйесін реформалау. ҚР-да зейнетақы жүйесін құқықтық қамтамасыз ету.

Зейнетақы нарығындағы баға белгілеу. Қазақстан Республикасында зейнтақы нарығының жетілдірудің ерекшеліктері.


2 бөлім. Қаржы нарығындағы қаржылық делдалдардың қызметі


9 тақырып. Қаржы делдалдығы және қаржы делдалдары

Қаржы делдалдығының түсінігі. Қаржы нарығындағы қаржылық делдалдықтың ролі. Тікелей және жанама қаржыландырудағы қаржылық делдалдықтың басымдылықтары.

Қаржы делдалдарының түрлері. Қаржылық делдалдықтың функциялары. Қаржы делдалдарының нарықтағы ролі. Қаржы делдалдарының операциялары.

Депозит түріндегі қаржы институттары. Депозиттік емес түрдегі қаржылық институттар. Банктік институттар және олардың міндеттері. Коммерциялық банктер және несие ұйымдары. Зейнетақы қорлары. Инвестициялық компаниялар және қорлар. Сақтандыру ұйымдары. Басқа да қаржылық делдалдар.


10 тақырып. Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі

Банк түсінігі. Қаржы нарығының инфрақұрылымындағы банктердің рөлі. Эмиссиялық және эмиссиялық емес банктер.

Орталық банктердің маңызы. Қаржы нарығы жүйесіндегі коммерциялық банктердің орны. Қаржы нарығы жүйесіндегі орталық банктердің ролі. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің делдалдық операциялары. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі үкісеттің қаржылық агент ретіндегі функциясы. Мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырудағы алғашқы диллерлік функциясы.


Коммерциялық банктердің маңызы. Коммерциялық банктердің қаржы нарығы жүйесіндегі ролі.

Коммерциялық банктердің негізгі функциялары. Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары. Коммерциялық банктердің депозиттерді тартуы. Коммерциялық банктердің депозиттік емес операциялары. РЕПО операциясы.

Коммерциялық банктердің несиелік операциялары. Банктердің инвестициялық және несиелік стратегиялары. Банктердің несиелік саясаты.

Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктер эмитенттер мен инвесторлар. Банктердің инвестициялық портфелінің құрылымы. Инвестициялық банктер, олардың әртүрлі елдердегі қызметін реттеудің тәжірибесі.

Коммерциялық банктердің брокер-дилерлік қызметі.

Банктердің кастодиандық қызметі.

Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен операциялары. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру. Бағалы қағаздар бойынша табыстылық.


11 тақырып. Зейнетақы қорларындағы қаржы институттары

Зейнетақы нарығының иңфрақұрылымы. Қазақстан Республикасының зейнетақы нарығындағы негізгі институттар.

Зейнетақы қоры түсінігі. Зейнетақы қорын құру және жою тәртібі. Зейнтақы қорының негізгі функциялары. Ұлттық зейнетақы қорының міндеттері мен құқықтары. Ұлттық зейнетақы қорының қызметінің негізгі қағидалары. Зейнетақы қорларының операциялары. Зейнетақы қорларының түрі. Ашық және корпоративтік зейнетақы қорлары, және олардың Қазақстан Республикасының зейнетақы нарығындағы ерекше қызмет атқарулары. Шетелдік қатысушылармен зейнетақы қорлары.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құру және жою тәртібі (ООИУПА). Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы зейнетақы нарығындағы қызметтері.

Зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялар. Банк-кастодиандар. Қазақстан Республикасы зейнетақы нарығындағы банк-кастодиандардың ролі. Қазақстан Республикасы зейнетақы нарығындағы банк-кастодиандардың қызметі.


Зейнетақы қорларының қауымдастығы: құрылуы және қызметтері. Зейнетақыны төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың Қазақстан Республикасы зейнетақы нарығындағы ролі.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары мен міндеттері. Жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметтерінің негізгі қағидалары. Зейнетақы қорларының операциялары. Зейнетақы активтерін басқару компаниясының қызметі. Банк-кастодиандардың қызметі.


12 тақырып. Инвестициялық компаниялар мен қорлары

Инвестициялық компаниялар және қорлардың қалыптасуы. Инвестициялық қорлардың түсінігі. Инвестициялық қорлардың қызметінің өзіне тән ерекшелігі. Инвестициялық қорларды құру және жою тәртібі. Қазақстан Республикасында инвестициялық қорлардың қызметтерін жүргізудің қағидалары. Қазақстан Республикасында инвестициялық қорлардың операциялары.

Инвестициялық қорлардың типтері. Бағалы қағаздар нарығындағы инвестициялық қорлардың жіктелімі. Инвестициялық процестегі инвестициялық компаниялардың рөлі. Пай инвестициялық қорлары. Пай инвестициялық қор қызметтерін жүргізудің ерекшеліктері. Акционерлік инвестициялық қор. Акционерлік инвестициялық қор қызметтерін жүргізудің ерекшеліктері. Өзара инвестициялық қорлар. Өзара инвестициялық қор қызметтерін жүргізудің ерекшеліктері. Инвестициялық компания. Инвестициялық компания қызметтерін жүргізудің ерекшеліктері.

Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлардың даму мәселелері.


10.2 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны



следующая страница >>