girniy.ru   1 2 3 4 ... 13 14

Қолданылған әдебиеттер:


    1. «Музыка әлемі» №4 (12) 2005, №6 (9) 2007.

    2. Музыкалық әдістеме 5-сынып бойынша, 1997, Атамұра баспасы.

    3. Ән-күй сапары А.Қ. Жұбанов. Алматы 1976.

    4. Музыка. А. Жайымов, Б. Ысқақов, Ж. Еңсепов, Ж. Сәрсенбенов.

Алматы. Атамұра. 2000. 5-сынып.

    1. Р.Қ. Дүйсембинова «Музыкалық білім беру педогогикасы».- Талдықорған, 2006 ж.

    2. Таубалдиева.Ж.Ш «Мектептегі музыкаға тәрбиелеу әдістемесі».- Алматы, 2002 ж.

    3. Мектептегі «Музыка» пәнінің оқушыларына арналған методикалық нұсқау. А.Байментаева.- Алматы, 1985 ж.

    4. Ғизатов.Б «Мектептегі музыка сабағы. Музыка сауаты, ән үйрету, музыка тыңдау». Методикалық көмекші құрал.- Алматы, 1962 ж.



ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛ ТӘЖІРБИЕЛЕРІНДЕГІ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ


5-6 Тақырыбы: Қазақстандағы музыкалық тәрбие.


Жоспары:

  1. Құрманғазы шығармашылқытарының ықпалы мен маңызы

  2. Дәулеткерей шығармашылқытарының ықпалы мен маңызы

  3. Тәттімбет шығармашылқытарының ықпалы мен маңызы


Қазақстан музыкалық өнердің дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет және т.б. ұлы композиторлардың шығармашылығының мазмұны мен маңызы өте зор.

Қазақ қоғамының тапқа жіктелуі күшейген кезде еңбекші халықтың арман – мүддесін, ілгері ұмтылысын бейнелеген музыкалық өнері демократиялық мазмұнымен толыға түсті. Бұл – атақ-даңқы байтақ далаға тараған халық музыканттарының орындаушылық шебері шарықтауға шегіне жеткен және аса үздік, дарынды профессионал әнші – компазиторлар мен күйші компазиторлар өмір сүрген олардың творчествосын дәуірлеген кез еді. Өздерінің үздік дарын – талантымен өз заманының қайшылықтарын дөп түсінген. Тыңдаушылардың әлеуметтік жіне эстетикалық талпталғанымен нәзік сезінген халық компазиторлары көркемдік мәнері бай, әр қайсысы өзіндік дербес стильді шығармалар тудырды. Бұл шығармалар жаңа соңғы қағамда өмір сүрген қазақ халқының советтік музыкалық мәдениетін қалыптастырған класикалық халық музықасының негізі болды.


Аспаптық музыка Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы, Сарыммалай, Дайрабай, Байсерке Қылышұлы, Қазанғап Тілепбергенұлы, Есбай т.б. халық компазиторларының творчествосы мен орындаушылық өнерінде ең жоғары сатыға көтерілді.

а) Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-89ж., құлпы тасында 1806-1879) Бөкей ордасында қарасты жерде кедей шаруаның семьясында туып өскен. Ол – күйші-компазитор. Әрі асқан домбырашы, халық музыкасындағы аспаптық музыканың классигі. Ол өз творчествосында халықтың күнделікті тұрмысын, азаматтық үшін күресін, асыл арманын бейнеледі, туған жердің табиғатын асқақ шабытпен жыр етті. Біздің заманымызға Құрманғазының 60 тан астам күйлері («Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай», «Ақба», «Көбік шашқан», «Серпер» т.б.) жетті, оның көпшілігі көркемдік мәнері және мазмұнының алуан қырымен назар аударады. Компазитор күйлерінің өмір туралы философиялық терең тебіреністер талғаулар, «бүлікшіл» жаның құйынды екпіні мен нәзік махаббат лирикасы, сондай-ақ халық ойынтайының салтанатты, көріністері де өз өренгін тапты. Сондықтанда Құраманғазының көптеген күйлері де («Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Алатау» т.б.) өмірбаяндық сипатта келеді. Оның күйлерінде әлеуметтік тақырып, әлеуметтіп бағыт, өмір шындығы шынайы суреттеледі.

ә) ХІХ ғ. өмір сүрген аса көрнекті халық компазиторларының бірі домбырашы күйлеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887) Каспий теңізінің жағалауында бай самьяда туған. Оның 40 шақты күйі («Қыз Ақжелең», «Желдірме», «Құдаша», «Қосалқа», «Мұңды қыз» т.б.) сақталған. Компазитор күйлерінің бәрі де жарқын мәнерлі образы мен лирикалық сазымен назар аударады. Форма мүсінділігі, көркемділік, терең мазмұн, күрделі психологизм стиль бірлігі - Дәулеткерей күйлеріне тән қасиет. Дәулеткерейдің «Жігер» күйінде патетикалы тебіреніс байқалса, «Бұлбұл», «Керілме» күйлерінде табиғат әсерінен туған көңіл күй терең сезбей аңғарылады.

б) Тәттімбет Қазанғапұлының (1815-1862) творчествосы халықтың аспаптық музыкасына қосылған өлкен үлес балды. Ол – шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Орта шаруа семьясында туған Тәттімбеттің әр түрлі тақырыпты қамтитын 40 астам күйлері бар. Ол – «Қос басар, «Сары өзен», «Сары жаулар», «Теріс-қақпай», «Сылқылдақ», «Былқылдақ», «Көкейкесте», «Сал қоңыр», «Бес төре» т.б. күйлердің авторы. Тәттімбет тек күйші-компазитор, шебер орындаушы-домбырашы ғана емес, сөзге ұста, шешен, шыншыл, әділетті көксеген ақын сері адам болған. Реті келгенде байманаптарды өткір тілімен мінеп отырған. Компазитор «Бес төре» күйін халықты қыспаққа алып, жәбірлеп отырған төрелерге арнап шығарады.


Солардың ішіндегі біздің тақырыбымыздың негізгі бөлігі - қазақтың ХІХ ғасырдағы аса көрнекті халық компазиторларының бірі, қазақтың музыкалық тәрбиесін қалаушылар – Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет. Жасынан жоқшылық көріп өскен жалшының баласы Құрманғазы қазақ ауылындағы таптық қайшылықтардың жігін ерте ажырата бастады. Құрманғазы туындыларының өзегі де осы еңбекші бұқараның бай-феодалға, үстемтапқа, ауыл ұлылықтарына қарсы күресі болды. Бұл қылығы үшін ол «Ақ патшаның» қырдағы итшаршыларынан өмір бойы қуғын көрді. Алайда Құрманғазы өзін «Жалғызбын» деген жоқ, өйткені оның өнері шын мәнінде бұқарашыл еді, қазақ халқының арман тілегімен мұң шерін қозғаған туындылардан тұрады. Оның ең тұңғыш шығармаларының бірі – «Кішкентай» күйі Исатай Тайманов бастаған халық көтерілісіне бағышталды.

Ал, «Сарыарқа», «Көбікшашқан» күйлері қиын-қыстау кезеңдердің өзінде жауына басын имеген, бір сәт қайыспаған батыр халықтың бейнесін суреттейтін кең тынысты көркем туындылар болып табылады. Бұл күйлерде халық қасиеттері кеңінен сипатталады. Құрманғазы «Сарыарқасы» - перзентінің сезімтал жүрегінен жарып шыққан халықтың өз үні, кең-жазира қазақ даласының табиғи әуені.

«Сарыарқа» - Құрманғазы творчествосының шарықтау шыңы. Майталман муреткер «Сарыарқа» күйін шерткенде өз кезеңіне, өз дәуірінің рухына сай дыбыс өрнегін тапқан. Күй құйғыта шапқан аттың жеңіс жырының жауынгерлік екпінімен басталады.

Тыңдаушысын салған жерден баурап әкететін күй қуаты. Компазитордың қиял хатының пәрменділігін танытады.

Ұлы күйші, дарынды композитор - Құрманғазы Атырау облысы, Теңіз ауданы, Жиделі деген жерде 1816-18 жылдар шамасында туды. Әкесі — Сағырбай он екі ата Байұлының ішіндегі Қызылқұрт руынан шыққан, бүкіл өмірін байлардың малын бағумен өткізген адам. Құрманғазының кішкентайынан домбыра үні естілсе бәрін ұмытатын музыка құмарлығы әкесі Сағырбайға ұнай қоймады. Домбырасын үкілеп ел кезіп жүретін сал-серілерге ілесіп, әсіре қызыл «әуесті» болып кете ме деп іштей уәйімдейтін. Содан ба тілі шығар шықпастан домбыра шанағына жармасқан баласын адал еңбекке бейімдеуге ұмтылды.


Отызыншы жылдардың аяғында Құрманғазының алғашқы творчестволық дәуіріне жататын күйінің бірі «Кішкентай» дегенге келеді. Ол күйді Құрманғазы «кішкене інісінің үлкен ағасы Исатайға арнауы» депті. Күйдің «Кішкентай» атанып кеткен себебі осы болса керек. Өйткені «Кішкентайдың» сырттай көлемі де мазмұны да, техникалық дәрежесі де терең, күрделі күй. Тіпті бұл күйдің жоғары деңгейлі шығарма екендігін тани отырып Құрманғазының кейініректегі творчестволық белестерінің біріне жатқызуға болар еді.

Құрманғазы күйлерінің хронологиялық тәртібін (шығару мезгілдері тәртібі есебінде) дәлме-дәл көрсетіп отыру мүмкін емес. Ол үшін композитордың қағазға түскен толық өмірбаяны біздің қолымызда жоқ. Бірақ шәкірттерінің жолын қуған домбырашылардың, күйшіні кезімен көріп әңгімелескен қарттардың айтулары бойынша осы бір алғашқы кезеңге жататын күйдің бірі «Балбырауын» болса керек, ррындап бергең адамның айтуынша «Балбырауын» жастардың ойын-сауығына арналған шығарма. Күйдің музыкалық кейіпіне қарағанда онда бидің негізі де бар сияқты. «Балбырауын» жігерлі өмір жырын жырлайтын, көктем желіндей көңілді оптимистік шығарма деп баға беруге болады.

Күйшінің осы шамаға соғатын шығармасының бірі «Бас Ақжелең». Хиуада болған қазақ, өзбек, түрікмендердің үлкен бір мәжілісінде көптеген күйші, дутаршылардың жарыс тартыстары болады. Сонда «Бас Ақжелеңді» Құрманғазы күйі деп Лекер деген домбырашы тартады да, одан Өскенбай домбырашы алады, кейін Маңғыстауға жаяды. Бұл күйдің де белгілі программасы айтылмайды, қандай жағдайда шыққаны жөнінде ешбір дерек жоқ. Адай төңірегіндегі домбыра тартыстың түрінен бе, бұл «Ақжелеңнің» орындалу түрі басқалардан өзгеше, бірақ Ақжелеңдерге тән көңілді, жүрдектік, жинақылық мұнда да бар.

Құрманғазы бұл кездерде Бөкей хандығының шеңберінде қала алмайтынына көзі жетіп, Жайықтың шығыс жақ бетіне өтуге бел байлайды. Күндердің бір күндерінде Үстіртке келіп оның көтерілер жердегі құзқиясын көріп тамаша етеді. «Қара-түйе - Манатаның» жоғары қарасаң бөркің түсетін, төмен қарасаң басың айналатын жартас құздарын басып етіп, Үстірттің текше тегіс үстіке шығады. Асулардың дыбысы мен жаңғырықтары деп, «Маната» күйін шығарады. «Қаратүйе — Манатаны» жылдар бойы садақаға шалған мал етінің исі мен жерошақтың түтіні ғана шалса, Құрманғазы толғанысы-нан шыққан күйдің сиқырлы үндері енді оның құздарын шалып өтіп, шың қуалап кетеді. Бірінші рет езінің туып өскен жерінен кетіп. «жасанды шекара» болса да Жайықтан өтіп, Үстірт сияқты жер шоқтығына» көтеріліп отырғанын жәй жиһан-кездік деп ұқпай, осы бір асумен әмірдің жаңа бір белесіне қадам басқандай толғаныста болған күйші рухани биікке өрмелеп бара жатқандай ой теңізіне жүзген тәрізді.


Құрманғазының «Адай» шыққан кезеңіндегі күйінің бірі «Серпер» — қаншама иілтсе де, қаншама еңсесін басса да сынбайтын, мойымайтын, қайта серпіп бұрынғы қалпына келе беретін болаттай берік, халықтың қайыспас күшіне, қайтпас ерлігіне арналған шығарма. Образдық жағын алсақ, мұнда: «Қайтпаған қалың жаудан Құрманғазы, тағдырдың бөгелмейді дырауына» де-ген сияқты, өзін халықтың бір мүшесі, күш иесі деп қарағандай ұғым бар. Бір әңгімеде Құрманғазы жоғарыда айтылған адайдан қайтқан сапарында өзі жүйрік, жүрісі де әсем аттың үстінде көңілді келе жатып күреске беттеген өз ойын суреттей шығарыпты. Атының серпіп тастап отыратын жүрісін образға алып, жігітте күш те осындай болу керек, жорытқанда белі берік тұлпардай қайыспайтын болу керек деп шығарған екен дейді.

Құрманғазының «Төремұрат» деген күйі «Төремұраттың» аулына жау тиіп, сол түнде үлкен ерлік көрсеткен батырдың іс-қимылына риза болып шығарған күйі деседі. Кей жерлерде ол күйді «Қыз Данайдың қырғыны» деп те тартады. Бірақ күйдің өзі сол біз білетін "Төремұрат" күйі Құрманғазы осы сапарынан қайтып келе жатып, шөлдеп, тілі аузына сыймай, бір жалғыз отырған қараша үйге келеді. Үй ішінде бір бой жеткен қыз бар екен. Ол тез шәй қайнатып, үй айналасында жүрген жалғыз сауулы інгеннің сүтін құйып: «барым әзір, жоқ жәй» деп Құрманғазыға сый көрсетеді. Күйші әбден шөлін басып, көңілденіп, қызға қарап әрі бері отырады да, қолына домбырасын алып күй шертеді. Қыз ықыласпен тыңдайды. Күй біткесін қыз тұрып: "Рахмет, күйіңіз аса ұнады. Сіз кім боласыз?» — деп сұрайды. Сонда Құрманғазы аты-жөнін айтып: «Шырағым, сенің бүгінгі шәйің жәй шәй емес, құйған сүтің де жәй сүт емес маған бұл берген асың балқаймақ сияқты тәтті болды. Сондықтан мына күйді саған арнап тартып едім. Күйдің аты «Балқаймақ» — депті дейді. Сөйтіп Құрманғазының бұл сапарынан «Балқаймақ» күйі туады. Бұл аттас күй басқа авторлардың қолдарынан да шыққан, бірақ олардың әрқайсысы өзінше тартылады.

Құрманғазы өзінің күй шығарудағы қадамын осылай бастады. Творчестволық қанатын осы айтылғандай қоғамдық үлкен мәңгі бар оқиғаны суреттеу бағытына қарай қақты. Құрманғазының осы дәуір күйлерінің бірі «Ұзақ Ақжелең». Олай дей-тініміз, Дина бір әңгімесінде: "Ұзақ асқан орындаушы болды, бірақ өз жа-нынан күй шығарған емес, мына Ақжелең Құрекеңнің Ұзақ ұстазына арнаған өз күйі» — деген болатын. Күйдің ауызда жүрген белгілі программасы жоқ. Музыкасының ауанына қарағанда бұл күй бір шабыт келген кездің «көңіл үні» болуы керек. Өзін біржолата күй жолына бұруға себепші болған Ұзаққа, шәкіртінің «Рахмет» күйі деуге болар еді.


Құрманғазы бір жолында Еділ саласындағы көп тарам судың біріне тіреліп, пароммен өтуге тура келеді. Онда ат-арбасымен тұрған бір шаруаның қатарына әйелімен урядник келіп қалады. Бір кезде ат қозғалып кетіп, арбаның тертесі урядниктің әйелін қағып кетеді. Урядник ашуланып, шаруаны сабағысы келіп қоқырақтайды. Айқай шу шығарып, паромды басына көтереді. Сол кезде Құрманғазы оған қарап, өзінің айбатты үнімен арыстандай ақырып селт еткізеді де, орнына отырып домбыра тартады. Урядниктің айқайы басылып екі көзі күйшіде болып, тыңдайды. Күй біткен кезде паромдағы жұрт: «Құреке, бұл не деген күйіңіз?» деп сұрағанда, ол «бұл анау ұрыншақ урядникке «Не кричи, не шуми!» деп тартқан күйім» дейді. Сонымен бұл күй «Не кричи, не шуми!» атанып кетеді.

Құрманғазы Орынбор түрмесінде жатқанда бір күні генерал-губернатор Перовский шақырып алады. Ол Құрманғазыға домбыра тарттырады. Бірнеше күй тартып келіп Құрманғазы аяғында бір күйді өзгеше тартады. Музыкадан төбесі тесік генерал: «Мына соңғы тартқаның күй емес қой, ол не еді?» деп сұрайды. Сонда Құрманғазы «Ол марш еді» деп жауап береді. Перовскийдің алдында тартылған себепті бұл марш «Перовский марш» атанып кетеді. «Перовский марш» шын мағынасында марш екпіні мен өлшеуінде шыққан. Форма жағынан да маршқа дәлме-дәл келеді.

Аңыз бойынша Перовский осыдан кейін Құрманғазыны түрмеден босатуға жарлық беріпті мыс. Басқа жорамал бойынша Құрманғазы түрмеден қашып кетеді. Осы сапарда ол тағы бірнеше күй шығарады.

Қүрманғазының бұл кезеңдегі шығарған күйлерінің ішіндегі ірілері: « Кісен ашқан », « Қызыл қайың »,« Машина».

«Кісен ашқан» басынан аяғына дейін орнықты, жәй екпінді күй. Әуенінің өткірлігі сай сүйегіңді сырқыратады. Әрине, онда кісенді кесіп Жатқан алмас араның құлағыңды жаратын дыбысы жоқ. Күйде аяғын кісен қыйған жан ауруы бар. Тіпті бір Құрманғазының емес, жалпы еңбекшінің аяқтары кісендеулідей ауыр жағдай суреті бар. Бұл психологиялық күй десек қателеспейміз. Бірақ ескере кететін нәрсе күйде мол трагедиямен қатар үлкен жігер мен халықтың үні бар.


«Қызыл қайың» аттас күй халық арасында көп кездеседі. Құрманғазының «Қызыл қайыңы» әрине, басқа ол аттас күйлерге ұқсамайды. Мұнда ана қойнындай жылы, халқының әр ұлын аялатқан жаратылыстың ұлы қойнының, ұлы панасының суреті бар. Шебер суреткер қайың образында туған жерінің өз ұлына деген жылылығын, аналығын көрсеткен.

Өмір қыспағымен Құрманғазы көптеген қалаларды көрді. Осы замандағыдай айта қалғандай болмағанымен, жеңіл-желпі болса да өндіріс орындарын, қаланың шуын көрді. Шамалы да болса техника көрді. Ауыл жағдайымен салыстырғанда Құрманғазы үшін ол үлкен жаңалық болды. Сезімді суреткер бір күні домбырасын алып осы бір жағдайларды да екі шектің бойына түсіргісі келді, күй шығарды. Күйдің атын «Машина» деп қойды. «Машина» күйін бірінші тыңдаған адамдар бірден ол күйдің осындай жағдайға арналып шыққанын сезіп, күйшінің шеберлігіне риза болды. Шынында «Машина» десе машина.

Көп күн жүріп Құрманғазы ауылына келгенде, оның алдынан тағы суық хабар кездеседі. Құрманғазы қашып кеткеннен кейін Орынбордан казак-орыстар шығып күйшінің жұбайы Әуесті емшектегі баласы Қазимен қоса алып кетеді. Құрман-ғазы бір байдың жылқысынан екі ат ұстап алып, әскерді қуып береді. Үш күн өткеннен кейін жылқышылар-дың сілтеуі бойынша бекініп жатқан әскердің үстінен шығады. Мылтықтарын бір-біріне сүйеп қойып, өздері қаннен қаперсіз ұйықтап жатыр екен. Айдық астын ала, екі атты бір сайға қосақтап тастап, шапан жамылып, баласын бауырына басып егіліп отырған Әуеске белгі береді. Солдаттардың сүйеулі тұрған бір мылтығын олжалап, сүйген жары Әуес пен кішкентай Қазиын атқа мінгестіріп қараңғыға сіңіп ғайып болады. Тұтқын әйелдің орнын сипап қалған солдаттар Орынборға келіп, Әуес қашып кетті, ен далада қасқыр жеп қойған болу керек, барар жері жоқ еді деп рапорт береді. Құрманғазы еліне келіп, баяғы еңбектеп бұғып барып Әуес пен Қазиды алып қашқанын айтып отырып «Бұқтым-бұқтым» деген күй шығарады. Бұл күй қалжың, мазақ сияқты көңілді шығарма. Домбырашылар да оны бір түрлі қағыспен тартады. Шектің үстінен баса қағып, саусақтың ұшын домбыраның бетіне тигізіп қояды. Домбырашылар оны «домбыра бұқтым-бұқтым деп сөйлеп тұр» дейді.


Құрманғазының «Назым» атты күйінің шығуы жөнінде де бірнеше түрлі аңыз бар. Оның бәрін бұл арада келтіріп жатпаймыз. Назым — қыздың аты. Сол қызды абайсызда нар інген теуіп, талып қалған қызды өлдіге жорып, ағайын-туғандар жылап-сықтап көмейін деп жатқанда Құрманғазы тап болып, қыздың тірі екенін айтып у-шуды басады. Кейін есін жиған қыз өзін құтқарған Құрманғазыны өмір бойы өз әкесіндей құрметтеп кеткен көрінеді. Бұл Назым қызға арналған күй.

Құрманғазы өмірінің соңғы кездерінде « Демалыс »,« Итог », атты күйлер шығарады. Бастан орыс сөздерін алуға бастартпайтын, күйлерінің атын «Каспий », « Не кричи, не шуми » деп беретін күйші, өзінің творчестволық қорытынды күйлерінің бірін «Итог» деп атайды. «Итогта» бұрынғыдай арпалыстың ноталары жоқ, тыныш-ыққа көшкен адамның жан кейіпі бар. Бірақ өмірін халықтың бақытына арнаған күреспен өткізген көп жасының босқа кетпегеніне өзіне-өзі дем беру, ризалық, халық алдында ар-ұяты таза адамның ақ пейілі бар десе болады.

Құрманғазы 1889 жылдар шамасында сол тұрған жері Сахмада қайтыс болды. Оның зираты Албасты төбе деген жерде. Ол төбе Шайтани батағасының қасында. Біреулер Құрманғазы Шайтанида өлді дейді. Бірақ оның айта қалғандай айырмасы жоқ. Шайтани мен Сахманның арасы дауыс естім жер.

Құрманғазының баласы Құбаш (інісі Байғазыдан басынан Құрманғазы асырап алып,өзінің баласы болып кеткен) біздің ғасырдың басында Астраханьнан біртас шабатын татарды алып келіп Құрманғазының басына құлпытас қойдырған. 1959 жылы Құрманғазы төбенің (осы күнде Албасты төбе осылай аталады) басындағы күйшінің зираты қайта оңдалып, оған биіктігі сегіз метрлік темір бетоннаң құйылған үлкен ескерткіш қойылды. Сол төбенің етегіндегі бұрын «Қызыл қазақ» атанып келген қолхозға Құрманғазының есімі берілді.

Құрманғазының күйлері біздің заманға оның шәкірттері, жолын қуған домбырашылар арқылы жетті. Күйшінің Дина, Мәмен, Көкбала, Сүгірәлі, Меңетай, Ерғали тағы сол сияқты көптеген шәкірттері болды. Ол шәкірттерінің шәкірттері болып, бірден бірге алып келіп біздің заманға Құрманғазының асыл күйлері жетті.


«Құрманғазы – музыкада сирек ұшырасатын пенде Ерег ол еуропа білімін алған болса, онда музыка әлемінің ең жарық жұлдызы болар еді», - деп Тараз Шевченконың досы Н. Совицев бекер жазған жоқ. Ол 1868 жылдың қыркүйек айында Құрманғазыға жолығып, оның домбырасын тыңдаған адам.

Құрманғазы ұлы мағынада алғанда, осы заманға сурет береді. Ол поэзиядағы Абай тәрізді, тағдырдың тәлкегіне мойымайтын, өз теңдігі үшін арыстандай алысып жүрген әрбір жанның қайраты мен қайсар тұлғасын жыр еткен суреткер.

Халық өмірінің алуан типті сыр-сипатын, қалың бұқараның жақын болашақ жолындағы күресін күй тілмен суреттеу үшін компазитор қазақтың қауқары шағын қара дүрсін домбырасының қоңыр үнінен жаңа бояу, бейтаныс бедер іздейді. Құрманғазының күй шығару және күй тарту өнеріндегі жаңашылдық ізденістреі осыдан басталады.

«Көбікшашқан» күйінде Құрманғазы қазақы перненің жүйісінен шығып кетеді. Орыс жұртымен көп араласқан күйшінің «Машина», «Перовский марш», «Не кричи, не шуши!», «Лаушкен» атты шығармаларынан әредік орыс интонациялары байқалады. Жоғарыдағы күйлердің атының өзі де Құрманғазының орыс мәдениетін тосырқамай қарағанын аңғартады.

Құрманғазы күйлері өмірдің ең көкейкесті құбылыстарын паш етеді. Күй музыкасы айқын да әуенді келеді. Күй программалары нақты, қалың көпшілікке түсінікті болады, тыңдаушысын бай сазымен, әсіресе, кербез нақышымен билеп алады. Осы себептен Құрманғазының күйлері халықтың асқан сүйіспеншілігіне бөленіп, ұрпақтан-ұрпаққа тарала келіп, бұгінде советтік қоғамның игілігне айналып отыр.

Архивтік және баспа жүзіндегі деректер бойынша Дәулеткерей 1820-21 жылдар шамасында туған. Өсіп-өнген жері Бөкей ордасындағы Қарамола атанатын ата қонысы. Әкесі Шғай басқа өнерден құр, жай ғана адам болады. Аз ғана жас жәгір ер жеткенше Бөкейден кейін қандық етеді. Бірақ ел билеу жұмысына не жаратылыстан алған бейімділігі, не жолдан қосылған білімі болмай, ол дәрежедер тез тайғанап түсті. Осы жағдайлардың бәрі де Дәулеткерейдің қолын халықпен араласуына біраз уақыттқа шейін бөгет болап келеді, жай бөгет емес, ол Дәулеткерейдің творчестволық жұмысына да әсер етеді. Белгілі мерзімге шейін Дәулеткерей күйлерінің тақырыптық, мазмұндық жақтары тереңдей алшай келеді.


Дәулеткерей Шығайұлы.

Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887)-қазақтың күйші композитор. Домбыра күйлерінде лирикалық бағыттың негізін салушы. Әкесі Шығай Нұрлыханов (Бөкейханның інісі) сұлтан болған. (1815). Дәулеткерей бала кезінен ағасы Меңдікерей Бөкейхановтың тәрбиесінде болды. Болашақ композитор халыққа деген көзқарасын қалыптастыруда Исатай мен Махамбет көтерілісі зор әсер етті. Дәулеткерей Бөкей ордасын басқару жөніндегі уақытша советтің председателі Г.В.Ващенкомен тығыз қарым-қатынаста болған. Дәулеткерей ноғай, серкеш, қызылқұрт руларына, кейін Бөкей ордасына сұлтан болды.

Орыс интеллигенциясымен жақын болып, Орынбор, Москва, Петербургке сапар шегуі, Дәулеткерей музыкалық тұрғыдан композиторлық талантын ұштай түсті.

Дәулеткерей 20 жылдары орындаушылық даңқы Ордаға ғана емес, шет елдеріне де жайылған. Қазақтың қара домбырасымен қатар орыстың балалайкысында, гитар, мандолинада шебер ойнаған.

Дәулеткерей алғашқы күй шығармаларының басталуы 40 жылдардың басы. Ең алғаш шығарған – «Ақжелең». Аңыз бойынша аң аулап жүріп Ноғайлының бұла өскен сұлу қызы домбыра тарту шеберлігімен, көріктілігімен көзге түскен Ақбала деген қазақ өнеріне таң қалып шығарған күйі. Бұл күйді қыз биі деп аталатын болады. Күй қазір 3 нұсқада орындалып жүр.

«Қосалқа» күйі Затаевичтің «1000 ән» жинақталып кірген. Затаевич сөзі бойынша «бұл күй әр ауыл мен рудан келіп, ала қотан отырып, ақсақалдар құрған кеңес суреті». «Қосалқа» музыка жүргенде сияқты басуға орай тербелген қос сырғаны еске түсіреді.

1938 ж. домбырамен Ғабдулман Матов хабарлаған Құрманғазы оркестіріне лайықтап түсірілген «Қосалқаның» 2 нұсқасы шықты. Сазгер күйінде қос алқаны теңселіп, қос шелекпен су алып келе жатқан сұлу қыздың әсем кейпі, құдық басына атын суғаруға келген жігіт екеуінің сөйлесуін суреттеген.

«Қоңыр» күйі. («Элегия» - Затаевич; дәл аты – «Қос ішек») Қоңыр екшек» күйі.

«Желдіреме» күйі – аттың жүрісін суреттейтін күй.


«Керілме» күйі – ерке қыздың жарыста қылығы.

«Ысқырма» күйі – жаяу серуенде шыққан күй.

«Жұмабике» - әлеуметтік мәні бар, қыз тағдыры жырлаған күй.

«Мұңды қыз» - бақыты үшін күрескен әйел тағдыры.

«Бұлбұл» - Дәулеткерей шығармашылығының ІІ кезеңіндегі ең үздік күйі.

«Азаттық жыры» тәріздес. Дәулеткерей өмірінің соңғы кезінде шыққан күйі – «Қарақожа» күйі. («Қара сопы») – салмағы еңсеңді езердей ауыр, тегеурінді музыка.

Дәулеткерей өзінің жиені, Қарауылқожадан туған Салық Бабажановтың мезгілсіз өліміне арналған «Салық өлген» күйі ерекше.

50 ж. Дәулеткерей әкімдік жұмыстан аулақ жүріп, енді уақытын ел аралап, сауық құрып, домбыра тартып, репертуарын байытуға жұмсайды.

Дәулеткерей Құрманғазымен кездегі музыкалық шығармашылығы әсер етті.

Дәулеткерей шығармашылығы ІІІ кезеңіндегі ең толысқан күйі – «Тартыс күй». Бұл күй бірнеше күнге созылатын қыз ұзату тойының аяғында қалыңдықты туыстары қыздарымен қоштасу мақсаты ойын – сауық ұйымдастырды «болыс үй» құрады. «Тартыс» деген салттық ойын ойналады.

Дәулеткерей – Бапас қазақтың аспаптық музыкалық лирикалық бағытынан басталды.

«Шалтық» күйі – 1968 – 1969 ж. Ресей отаршылдағы.

Халқының тағдырын ойлап, тебірілген үздік күйлері «Топан» мен «Жігер», философиялық деңгейге дейін көтерілді.

Қазақ тақырыбына арналған шығармалар өзге Баһас түркмен тақрыбына да күй-прафраздар шығармалар «Нар идірген», «Көрұғлы», «тәштит» күйлері жатады.Дәулеткерей талай (бізге жеткен 20шақты) күйлерді дүниеге әкеліп кемел шағында қайтыс болды. (1875;(1872))

Мұрасын жалғастырушы – замандасы Әлікей Бейсалиев, баласы Сауалаткерей, Мақар Жапаров, Науша Бөкейханов еді.

Дәулеткерей жас күнінен музыкаға бейім болады. Домбыраны сол өнерінің дәстүрі бойынша ерте ұстады. Әкесі «жастықтың мастығы шығар» деп біраз уақыт Дәулеткерейдің құмарлығына мән бермей келсе де, өнерпаздың күннен-күнге дейін үдеп бара жатқан ынтасы оны қауіптендіреді. Сол тұстағы халықтың басқа халық компазиторларынан Дәулеткерейдің ерекшелігі – ол жас басынан хат таныды. Қазақша хат тану үстіне аздап орысша да оқып, жетілдіріп жаза білмесе де, ауызша түсінуге қолы жетті. Ол жағдайдан кейін үлкен әсері болды.


Дәулеткерейдің бірінші күйлері 40 жылдардың басында шыққан деседі. Бірінші творчестволық кезеңіне жататын күйлері: «Қыз Ақжелең», «Қосалқа», «Керілме», «Желдірме» т.б. күйлері болса керек. Бұл күйлердің көпшілігі үлкен қоғамдық құбылыстар емес, жеке адамның басынан өтетін оқиғаларға арналған.

«Қыз Ақжелең» - қызға, «Қоңыр» күйі – көңіл күйі сияқты, «Желдірме» - аттың желіс жүрісіне, «Керілме» - кербез сұлулыққа, «Қос ішек» - домбыра тартудың кейбір техникалық жақтарына бағышталған. Бұл бір топ күйлер компазиторлардың алғашқы талабы, «ойын жолы», іздену кезеңі сияқы жеке адамның мінезін, қасиетіне арнау орыстың ұлы компазиторларында да жоқ емес. Музыкалық жағынан бұл күйлерге А. Затаевич ұлкен мән берді. Ол «Қоңыр» күйінен Эдвард Григтің музыкасының үндері естіледі дейді.

Екінші кезеңінің күйлері тақырыптық, мазмұндық жақтарынан өзгере түскенін көреміз. «Жұмабика», «Мұңды қыз» күйлері сол замандағы әйел тағдырына арналған. өте жылы, нәзік үнді музыка арқылы Дәулеткерей қыз арманын, оның заман тудырған ауыр халін баяндайды.

Осы жылдары шыққан «Бұлбұл» күйі жеке орын алады. Онда Дәулеткерей өзінің өсіп бара жатқандығын көрсетеді.

Дәулеткерейдің жүрегінен жарып шыққан күйініші сияқты шығармаларының бірі – «Салық Өлген» күйі. «Салық Өлген» күйін қазақша қаралы марш десе де болады. Күйдің музыкалық жағы аса терең сай-сүйегіңді сырқырататын үндері бар. Өмірге жаңа көзбен қарайтын, ілгері басқан, жақсылықты орыспен достықтан іздеген жас талапкердің жастай кеткені Дәулеткерейді тебіренткені болуы керек.

Дәулеткерей түркімен күйлеріне еліктеп күй-парафразалар да шығарды. «Көрғұлы», «Таштит», «Көнек шашқан» т.б. күйлері қазақ күйлернің қорынан орын алды. Біз осы жылы Дәулеткерейдің 36 күйін жинап баспаға бердік. Әрине, ол әлі бәрі емес. Күйшінің ел арасында жүрген шығармалары әлі де болу керек. Дәулеткерей 1875-1882 жылдар арасында қайтыс болады.

Тәттімбет күйінің нотаға түсіп, жарыққа шыға бастағанына бірқатар жылдар өтті. Күйшінің «Былқылдақ» атты шығармасы. Тәттімбет Қазанғапов 1818 жылдар шамасында Қарқаралы мен Мемей арасындағы бұрынғы жол үстінде «Машеке бұлағы» атанған бекет тұрған жерде туған. Қағазға жазылып қалған азаматтық акт болғанымен күйшінің жұрағаттары мен, немере, шөберелерінің талдағанда осы жорамал шындыққа келіп қалады. Тәттімбеттің үлкен баласы Мұсатай 1911 жылы 74 жасында қайтыс болған. Ал, Мұсатай әкесі өлгенде, 25 жігіт екен. Бұл айтылғандарға қосымша – Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралыда дуанбасы болып тұрғанында Тәттімбетпен әлденеше рет кездескені, Балта ақынмен айтырсқаны Шөжемен Тәттімбеттің дос болғаны, оның Сегізауызда болған Өскенбайдың асына көп жолдастарымен, қазақ салтын бұзып, тігілген үйге шейін жаяу түспей, атымен келгені жөнінде ел аузында көптеген аңыз қалса керек. Бұл жағдай Тәттімбетті Құнанбаймен тұтас балғандығын дәлелдейді.Тәттімбеттің арғы аталарында қарасөзге шеберлер көп болыпты да, өз әкесі Қазанқап жай, момын адам болса керек. Ал, Тәттімбеттің қай жастан домбыра тартып, кімнен күй үйренгені жайлы қазір біздің қолымызда мәліметтер жазылған емес. Тәттімбеттің «Тепетеңдік», «Қаражорға», «Бозайғыр» күйлері жақсы таралды.


Тәттімбет Қазанғапұлы – Қазақстанның орталық, шығыс, оңтүстік өңірінде кеңінен танылған. Шертпе күй өнеріндегі ең әрі көрнекті күйші –компазиторларының бірі. Тәттімбет ұлы күйші болумен бірге өз дәуіәрінің көкірек көзі ашық азаматы ретінде әлеуметтік өмірге өз көзқарасын білдіріп, музыка тілімен үн қатып отырған компазитор. Ол замандастары: Жантақ, Шөже, Кемпірбай, Біржансал, Жаяу Мұса, Жанай, Орынбай сияқты әнші ақындармен, Тоқа, Ықылас, Итаяқ, Шыңғыс, Шорманның Мұсасы сияқты игі жақсылармен тығыз қарым-қатынаста болған кісі.

Тәттімбет күйлері бүгінгі күнге атақты күйші Әбікен Қасенов орындауында жетті. Тәттімбеттің қазақ күй өнеріндегі шоқтығы биік: «Бес төре», «Былқылдақ» күйлерінің көптеген түп нұсқасы, «Қоянды», «Көкейкесті», «Майда Сары», «Сара қамыс», «Сары өзен», «Сары жайлау», «Сары атан», «Сылқылдақ», «Тепеңкөк», «Терісқақпай» сияқты т.б. көп күйлері ғасырлар бойына сан ұрпақтың таңдаулы рухани азығына айналып келеді.

Тәттімбеттің «Былқылдақ» күйңі «қызқты, ойнақы күй, ерекшелігі – жалғыз дауыстылығында, Пысаның орта жерінде жоғары көтеріліп, ақырында төмен түсетіні қажырлы, толқын тәрізді мелодия, ұшы қиры жоқ лентадай бұрала дамиды» - дейді.

«Сарыөзен» күйінде онша ат шабысы емес, үнемі бір нотада тұрып, тыным-тыныштықсыздықтағы «перпетум мебиль», - мәңгі қозғалыс судың ағатын әдемі-ақ сураттеледі. «Былқылда», «Қаражорға» күйлеріне қарағанда «Сарыжайлау» күнгей лирика күйі. Мұнда терең ойда, қиял теңізінде жүзген, алдынан үміт күнін күткен жанның суреті айтылады. Ауызша деректерге сүйенсек Тәттімбеттің күйлерінің көбін елге таратқа, ұзақ уақыт күйшінің қасына еріп жүрген 1911жылы 90 жасқа келіп өлген, әкесі бір, шешесі басқа інісі Жақсымбет деген кісі көрінеді. Бірақ жасы 70 келген кезде Қаратау жақтан келген бір қажаның «домбыра ұстау күнә болады» дегенімен ол күйшілікті мүлде қойып кетеді. Осының салдарынан Тәттімбеттің өз ауылында күйлері сақталып қалмаған. Тәттімбет тек домбырашы ғана емес, әрі әнші, әрі сөзге шешен болады. Бұған дәлел есебінде Омбы генерал-губернаторының алдында халық атынан біраз шақпа, шешендік әңгімелер айтады. Халық аспапты музыканыңбиік тұлғасы Тәттімбет бастаған Арқа мектебі өз алдына бір сала. Тәттімбет күйлері шертпе дәстүрінің классикалық үлгілеріне жатады.Оның күйлерінің желісі орталық Қазақстан өнер кенішіндегі ән сарындарымен тамырласып, көбінесе бір дауысты болып келеді де, ырғақтық өлшемдері әуеннің өзіндей еркін шалқиды. Ал күй жүйесінен тақырып қайырымын әрқалай түрлендірулер көркемдік – эстетикалық мақсаттағы қайталаулар орын алады. Тәттімбет күйлерін шерту тәсілдері әртүрлі, құбылмалы, ал композициялық қайталаулар шығармашылық даралық негізін құрайтын шеберлік үлгілерін танытады. Тәттімбат күй тарту мектебін даралап толықтырушы Арқада есімі Тәттімбетпен бірге аталатын арқалык күйшілердің бірі – Тоқа. Елдің ыстық ілтипатына ие болған Сайдалы сары Тоқа көптеген күйлер шығарған. Оның "Саржайлау", "Ерке қыз", "Белшешер", "Жалғыз ішек", Қос басар , "Төрт толғау" сынды көптеген күйлері бар. Бұл күйлер өзінің тақырыптық-көркемдік мазмұны жағынан эстетикалық талғамға сай терең ойлы, толғанысқа бай, сырлы да сазды.

Сондықтан да, қазақтың музыкасында Құрманғазының, Дәулеткерейдің Тәттімбеттің орны үлкен. Қазақстандағы музыкалық өнердің дамуына Құрманғазының, Дәулеткерейдің Тәттімбеттің шығаормашылықтарының ықпалы мен маңызы ерекше. Олардың күйлері Советтік Қазақстан компазиторларының көптеген шығармаларына енді.


<< предыдущая страница   следующая страница >>