girniy.ru   1 ... 8 9 10 11 12 13 14

СӨЖ тапсырмалары:


  1. Музыкалық білім мен тәрбиенің мазмұнын анықтау

  2. Қазіргі уақытқа дейінгі музыканың жету жолдары


Қолданылған әдебиеттер:


  1. А.Қ. Жұбанов «Ән- күй сапары»

  2. Алматы, Қазақ СССР-нің « Ғылым » баспасы , 1976 ж.

  3. А.Қ. Жұбанов : «Өскен өнер» - Алматы: Ғылым, 1985 ж.



14-Тақырыбы: Музыкалық сабақтарды құруда дидактикалық және спецификалық принциптер.


Жоспары:

  1. Дидактикалық материалдарды қолдану тәртібі

  2. Сабақтарда көрнекіліктердің орындары

Тәуелсіз еліміздің дамуы үшін мәдени-рухани мұраның жетістіктерін келешек ұрпаққа қалдырудың үлесі зор. Халықтың даналық мұрасын сақтаудың негізі тәрбиеде. Күнделікті өмір мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау, пайдалану үшін жастардың сезім-түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр, терең білімді азамат болуы керек. Осындай ұрпақтың өмірге деген эстетикалық көзқарасы оның қызметінің барлық саласында көрініп тұрады. Эстетикалық тәрбие беру тек қана жекеленген нысандарды елестете ұғыну ғана емес, ол мәдениетті сезіну мен түсінудің негізі. Бұл өмірге деген эстетикалық қатынасқа тоғысатын барлық үйреншікті заттарға, дағдалы әлемге жаңа қатынас орнатады. Әрбір адамның әсемдікті сезіне білу тек рухани қатынас үшін ғана емес, жемісті еңбек ету үшін де қажет. Адам қалай салада жұмыс істесе де, ол- физик, математик, жағрафияшы немесе химик болсын әсемділік пен сұлулықты көре білу керек.Суретшінің қиыстыруындағы (композициясындағы ) сәтті табылған тұтастай түстік үйлесім сияқты, математике де сәтті шығарылған математикалық шешімнің өзіндік сұлулығы эстетикалық қанағаттану сезімі мен ләззаттануды туғызады. Сонымен жаппай музыкалық педаголикалық практиканы тамдау сынып оқушыларының интонациялық қабылдау, гармония, эстетикалық қабылдау, эстетикалық тамғыш сияқты манызды категорияларды тәрбиелеуге жетелейді. Музыка өнерінің мақсаты-жастарды өнер құндылықтарын жасауға қатыстыру, олардын бойында белгілі бір адамгершілік – эстетикалық мәдениетті, көркемдік шығармашылық әдетті тәрбиелеу. Осы мағанада алғанда музыкамен қалыптасқан эстетикалық категория ретіндегі үлесімділік ұғымына енген мазмұнға жақын келеді. Музыкалық тәрбиенің негізгі мәні, мақсаты сапалық жағынан жеке рухани байлығын дамыту болып табылады. Музыкалық тәрбие беруде мұғалімнің алдына негізгі үш міндет қойылады.


Бірінші міндет: Музыкалық әртүрлі іс-әрекеттр арқылы оқушының сезімін ояту.

Екінші міндет: музыканы сезім арқылы түсінуге болады.

Үшінші міндет: музыкалық шығарманы өз шамасына қарай орындау білуге үйретуде орындаушылық дағдыны менгерту. Ендеше қазіргі міндет музыкалық тәрбие жүйесін жаңадан жасау қажеттілігін мемлекеттік денгейде мойындау және соған қажетті саяси эканомикалық және әлеуметтік жасауды қолға алуда.

Қорыта келгенде-этникалық тәрбие беру қазіргі заманғы мектептердің мақсаттары мен міндеттерінің құрамдас бір бөлігі.Эстетикалық тәрбие туралы ғылымның салалары педагогика мен эстетиканы ұштастырған, сондай-ақ мәдениеттану, өнертану және әдебиеттанудың негіздеріне сүйенген ғылыми зертеушілердің шектескен жері ретінде қаралады. Эстетикалық тәрбие музыка өнеріне музыкалық дыбыспен, сазбен, әуен мен жасалған көркем бейне арқылы жүзеге асады. Музыка сабағында бірінші мектепөмузыкалық ісөәрекет арқылы оқушының сезімін ояту. Сезімді ояту үшін қабылдауды активтендіру мақсатында музыка тыңдау, оны кең көлемде талдау, музыканы дидактикалық ойындар, нота сауаты хормен ән айту дағдалары, бел қимылдары, суырыпсалма, аспапта ойнау, тындаған музыкалық шығармадан алға әсерін суреттеп, бейнелеу сияқты жұмыстар жүргізеді. Бұл оқушының біртіндеп тәжірибе жинақтап, тиісті дағдылар алуына көмектеседі. Музыка – эстетикалық тәрбие беру құралдарының бірі. Өнердің басқа түрлері сияқты ол да өмірджегі әсемділікті, табиғат сұлулығын бағалауға және адамдар арасындағы қарым-қатынастарды түсініп, білуге үйретеді. Ол адамның өзін-өзі тануына көмектесетін, юір мақсатқа бағыттай алатын, олардың эмоциялық сезіміне ерекше әсер ететін құдіретті күш. Баланы жастайынан өнерге бауылып, музыка әлемімен таныстыру, оны сезіндіріп ән айтқызып, күй тарттқызудың мақсаты – осы күні етек жая бастаған халқымыздың асыл қазынасын, дәстүрлі ән-күйлерін бойларына сіңіре білу, олардың эстетикалық талғамын жан-жақты байытып, дамыту – бүгінгі таңда өте маңызды мәселеге айналып отыр. Музыкалық тәрбие беруде мұғалімнің алдында негізгі үш міндет қойылады:


Бірінші міндет: Музыкалық дәстүрлі іс-әреткеттер арқылы оқушының сезімін ояту.

Екінші міндет: Музыканы сезім арқылы саналы түсінуге баулу.

Үшінші міндет: Музыкалық шығарманы өз шамасына қарай орындай білуге үйректуде орындаушылық дағдыны меңгерту.

Сабақта өтілген материалдардың есте ұзақ сақталуы үшін әннің тақырыбы мен тыңдалатын музыканы “Кім тапқыр?” ойыны арқылы меңгертуге болады. Мысалы: “Отан” (И. Нүсіпбаев) әнін үйрететін болсақ, осы сөзді жасырып тақырыпты әріп бойынша табамыз.


О

Т

А

Н

Әннің тақырыбын тауып “Отан” сөзінің әріптерін ауыстыру нәтижесінде бернеше сөз құрастыруға болады.

Отан – От – Ант – Ат – он – Нота – Тон

Осы сөздерден “Нота, тон” деген музыкалық терминдерге тоқталуға болады. Әннің мәтінінің мазмұны оның нотасына, яғни гармониясына, ладқа, екпінге және ырғағына сай келуі туралы түсінік беріледі. Сабақты қазақ тілі пәнімен байланыстыра отырып, ойын ойнату барысында оқушының музыкаға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туады. Нотаның ұзақтығын түсіндірген бейнелеу пәнімен байланыстырып көрнекілік қолдану негізінде, материалды қызықты, әрі өте түсінікті қарапайым түрде игеруге әбден болады. Нотаның ұзақтығын мысалмен, яғни алма арқылы түсіндіреміз. Алманың суретінде нотаның ұзақтығына сай бөлікке бөлінген көрнекіліктер пайдаланамыз.

Нотаның ұзақтығын толық меңгерген соң есеп шығарту арқылы меңгерген білімдерін бекітуге жағдай жасалады.


0 - d = ? d + d = ? ♪ + ♪ = ? d + d = ?

♫ + d = ? d + d = ? d - d = ? d - ♫ = ?


Кез келген музыкалық шығармаларды орындамас бұрын, оны алдымен тындатып алған дұрыс:

    • алдымен шығарманың өз күйінде, толығымен орындап немесе үнтаспадан тындатып, оған қысқаша сипаттама береді;


    • шығарманың бөліктерін даралай түсіндіреді, оның жеке эпизодтарына тоқталып, ажырата талдайды;

    • оның адам жанының ішкі сезіміне тигізетін әсері қарастырылады;

    • шығармада орындалатын музыкалық аспаптарға, олардың құрылысына, шығу тарихына қысқаша түсінік беріледі;

    • шығарма тындалып болысымен мұғалім балаларды ойлануға, тұжырым жасауға, өз ойларын ортаға салуға ерік береді;

    • тұжырымнан кейін балалардың естерінде сақталып қалуы үшін шығарманы тағы бір рет тыңдатады. Тыңдатылған музыкалық шығармаларды, әндерді орындау. Мұндағы басты мәселе:

    • ән айту алдында түрлі және жеңіл жаттығулар жасалынады (распевка);

    • баланың отырысана, тұрысына, тыныс алуына басты назар аударылады;

    • орындалатын әндер жиынын, балардың дауыстарына ыңғайлы және баланың есіне тез сақталып қалатындай болуы қадағаланады;

    • халық әндеріне сүйіспеншілігін арттыру мақсатын балалар репертуарына дәстүрлік шығармаларды (терме, жырау, аңыздар, халық әндер т.б.) көбірек еңгізу көзделеді; Келесі әдіс-тәсілдердің бірі - тыңдатылған орындалынған музыкалық шығармаларға ырғақтық қимыл-қозғалыстар жасау болып табылады.

    • әсіресе дәстүрлік күйшілеріміздің (Құрамнағзы, Дәулеткерей, Дина, т.б.) әншілеріміздің (Біржан сал, Ақан сері, Кенен, Майра, Нартай т.б.) туындыларын көбірек тындатып оларға қимыл-қозғалыстар жасай білу;

    • ырғақтық қимыл-қозғалыстар жаасай отырып, әнді де орындай білуге дағдыландыру. Музыка сабағындағы эстетикалық тірбие тағы бір басты элементтердің бірі: Музыкалық аспаптарда ойнау болып табылады:

    • музыкалық аспаптарды әуенсіз, әуенді түрлерінен ажырата білуі;
    • ең қарпайым музыкалық аспаптарды (ағаш-қасықтар, бубен, сылдырмақ т.б.) қолдана білу;


    • аталған музыкалық аспаптардың құрылыстарымен танысып және олардың дауыстарын ажырата білу қажет.

    • аспапты игерумен қатар ән айта білуді ұштастыру;

    • шағын балалар оркестірін ұйымдастыру.

Оқушылар І сыныптың ІҮ тоқсанында бірнеше музыкалық аспаптармен танысады. Мысалы: “Жетіген” аспабымен таныстырғанда, осы аспаптың шығу тарихы жөнінде аңыз айтып, әңгімелей әдісі бойынша түсіндіріп, “Жетіген” аспабы туралы нақты мәлімет беру өз нәтижесін береді. Осы аспаптың суретін көрсетіп, дыбысталуын үнтаспадан тыңдатып болған соң, жетіген аспабының суретін үйден салып келуге тапсырма беруге болады.

Осы сабақта “Ойлан тап!” ойынын ойнату оқушылардың дүұние танымын кеңейтіп, ойлау қабілетінің артуына, яғни өзіндік жеке жұмыс жасауына жағдай туады. Мысалы: жеті санына ассоциация құруға болады.

Нота



Керемет Күн


Қат аспан


Су Ген

Күлше

Музыка тілі – басқа өнер саласымен салыстырғанда күрделі тіл екендігі белгілі. Себебі: музыкалық шығармадағы мәнерлеу құралдарын көзбен көру мүмкін емес. Музыкалық шығармадағы барлық оқиға жемісі дыбыс үнінің құдыретті тілі бойынша беріледі. Музыка өнерін ерекшеліктерінің бірі – тілмен жеткізе алмайтын, адамның жан-дүниесіндегі құбылыстарды дыбыс арқылы өрнектеу. Музыка сезімге әсер етіп, адамның қиялы мен көңіл күйіне байланысты қабылданады.

Әсем ән мен тәтті күйден, өнер атаудан ләззат алып, адамгершілік биік мұраттарға ұмтылады. Оқушылардың музыканы қабылдауы негізінен мектептегі музыка сабағында қалыптасады. Мектептегі музыка сабағының мақсаты рухани дүниесі жан-жақты дамыған, салауатты өмір салтын берік ұстаған өз халқының өнеріне, оның ішінде дәстүрлі музыкалық өнеріне (жыр, терме, толғау, дастан, ән, т.б.) дұрыс көзқараспен қарайтын жеке адам тәрбиелеу болып табылады.

Музыка – эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып, жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық, біліктілігін және ойлауқабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады, оқушыларды халықтық музыкаға баулиды. Эстетикалық тәрбиелеу көркемдік әсер етуге тірелмейді, оның құралдары алуан түрлі. Ол өнер, оның ішінде музыка сол құралдардың бірі ғана. Бірақ мұнда өнерді, оның ішінде музыканың атқарар ролі ерекше. Тек өнер ғана адамның шындыққа тарихи қалыптасқан эстетикалық тәрбие берудің ерекше әсерлі және ешнәрсемен алмастыруға болмайтын құралына айналдырады. өнердің эстетикалық тәрбие беруге қатысуы оның міндетті қызыметтерінің бірі болып табылады.


Музыканың мынандай қызыметтері бар: эвристикалық (адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін белсендіру және дамыту), коммуникативтік (адамдар арасындағы қарым-қатынастың ерекшеқызыметі өзіндік ұралы ретінде әрекет етуі және т.б.).

Музыка арқылы эстетикалық тәрбие берудің тікелей міндеті музыканың идеялық мазмұнымен анықталаады. Тұлғаның мақсатқа бағытталған даму жүйесін құруды талап ететін эстетикалық тәрбие беру музыкасыз, оның адамға көп түрлі әсерін, оның қабылдануы мен тәрбиелік рөлін зерделеусіз мүмкін емес. Музыка күші оның жан-жақтыәсер ететіндігіне (ерік-жігерге, ақыл-ойға, ойлауға, «логикалық сезім»)байланысты: Музыкалық шығарманы оқып, орындай отырып оқушы эстетикалық тұрғыдан «өзінен-өзі» дамиды және ол үшін мұғалім тарапынан арнаулы күш-жігер жұмсаудың қажеті жоқ деген пікір теориялық жағынан қате. Тәжірибенің көрсетуіне қарағанда, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыр үшін эстетикалық тәрбие беру мәселелеріне көңіл бөлуді қажет етеді.

Музыкалық материалды игеру үстінде оқушыарда гармония жөніндегі түсінікті, эстетикалық қабылдауды қалыптастыратын нақты педагогикалық тәсілдер қажет. Мұғалімге жаңа технологияның ғылыми негізде меңгерту және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу қажет. Білім берудің мақсаты оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуы, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері мақсат, мазмұн, форма, әдіс, оқыту көрнекілігі болса, бүтінде жаңа технология бойынша оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту болып өзгерген.

«Нені оқыту керек?» деген сұраққа мемлекеттік білім беру стандарты жауап берсе, «қалай оқыту керек?» сауалына жауапты тек мұғалімнің кәсіптік дамығанынан жаңа технологияны пайдалана біліуінен, өзінің нақты мақсатын дәріс үстінде қалыптастыра білу шеберлігіен іздеу керек.

Бұлар мұғалімнің педагогикалық үрдістерді ұйымдастыру барысында ескерілетін тәрбиелеу, оқыту заңдылықтары ме ұстанымдарында ерекше көрінеді. Әрбір мұғалім тиісті әдістемелік іскерлікті меңгере білу, оқу материалы мазмұнын логикалық-дедактикалық тұрғыдан талдай білу керек. Сабақты интерактивті әдіс арқылы жүргізу тиімді. Оқытушы өзінің әр сабағымен шәкірттерін қызықтыра білген жөн. Шәкірттерді сол сабақты асыға күтіп отыратын дәрежеге жеткізуі қажет. Сонда ғана оқытушы шын ұстаз болғаны. Топпен жұмыс істеу арқылы студенттерді еркін ойлауға, пікір таластыруға және пікір алмастыру арқылы сын тұрғысынан өз көзқарасын ерікті түрде жеткізуге үйретуді мақсат етеді. Топпен жұмыс студенттерді ойлауға құлшындырады. Бұнда сабақ өткізетін бір топты екі немесе төрт топқа бөлу көзделеді. Әр топ сабақта өткізіліп отырған мәселеге байланцысты өз пікірін білдіреді, бұл олардың сабаққа деген белсенділігін, қызығуын арттырады, қарсы пікірді нақты дәлелдер арқылы жеткізуді үйретеді, тез ойлануға, жылдам жауап беруге баулиды, қысқасы мұндай сабақ баланы тұйықталудан құтқарады.


Оқушының бейімділігіне, қабілетіне, шеберлігіне бағыт беріп, тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасау ұстаздың міндеті. Ендеше бірігіп жұмыс жасау олардың қызығуын тудырады, қабілетін ұштайды, ал оғнан тәрбиелік бағыт беру студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуге, жетілдіруге және білім алуға бейімдейді. Сабақтың сапалы болуы үшін оның ғылыми тұрғыдан, теориялық жағынан жоғары дәрежеде дәлелденуі, ал мазмұны қазіргі теория ғылымында жаңалықтарға сай болуы шарт. Ешкім де педагог болып тумайды, бірте-бірте қалыптасады. Ол үшін оның бойында а)психологиялық-педогогикалық білім; ә)шеберлікпен шектесетін ептілік; б)дентолоиялық мүмкіндіктері, ерекше ұстаздық мінез, ойлау қабілеті болмағы ләзім. Дентологиялық жүріс-тұрыстығы, қылықтығы, әрекеттегі парыздылық туралы ілім. Мақсатымыз өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін елжанды тұлға тәрбиелеу.

Оқушылардың музыкаға деген тиянақты ынтасы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, бірлесе отырып оркестрде ойнау, ән айту, олардың музыкалық қабілетін (есту, ырғақ, есте сақтау ) қалыптастырумен қатар ортақ табысқа қуана білу, эстетикалық талғам, сезім дамытуға тәрбиелейді. Үлкен салтанатты ұйымдарда ұйымдастырылған көпшіліктің құрама оркестрін халықты бірн іске, мақсатқа топтстырылып достыққа ынтымақтастыққа ықыластандырады. Оқушылардың ән айтуын дұрыс үйрету үшін олардың дауыстарын жүйелі қалыптастырып, ән айту аппараттардың дамуы, музыкалық аспапты ұстау, оны шеберлікпен меңгеру, педогогикалық, психологиялық дайындық әдістемелік шеберлік, жаңа технологиялар енгізу қажет.

Дауыс ерекшеліктерін дамытудың әдістері мнадай жағдайларда қамтиды:


  1. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дауыстарының мөлшеріне үнемі бағыт беріп отыру.

  2. Әнді еркін, қиналмай айту, сонымен қатар әншілік өнердің ережелерін қатаң сақтау.

  3. Жаймен, асықпай дем алу және оны біртіндеп шығару.
  4. көмейдің тұрақты қалпы, оның маңызды қасиеті.


  5. дауысты дыбыстарды дұрыс айту, дауыссыз дыбыстарды қысқа, нақты келтіру.

  6. Музыкалық шығармаларды терең түсініп өз мәнерінде айту.

Жалпы сабақтың дәстүрлі, дәстүрлі емес, сайыс, ойын ,кіріктірілген сабақ, саяхат аралас сабақ түрлерін жиі өткіз әдетке айналғаны жөн. Заман талабына сай оқытудың жаңа технологиясын игере отырып, пән аралық байланысқа көңіл бөлген жөн.

Жаңашыл педогог Ш. Аманшвилидің ойын әдәсі арқылы дедактикалық ойындарға баланың танымдық ынта-ықыласын күшейтіп, оқудың қиын процесін жеңілдетуге рөлін айқын көрсетеді.

Ойын түрін оқу үрдісінде пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау, қайталау ой-қиялын өрістетуге , белсенділігңн, ұмтылысын, істі ақыл-оймен атқару қабілетін қалыптастыруға жаңа технология үлкен жол береді, негіз болады. Музыкагы үйрету, есту, тыңдау барысында оқушының ой-толғанысын жандандырады, жігерлендіреді, ой-қиялын өсіреді. Оқушылародың шығармашылқ қабілетіне импровизация да жатады. Импровизация – музыканы түрлендіре білу қабілеті. Бұл тапсырмалар оқушының ой-өрісін ұштайды. Балалардың қиялдай білунің мәні айрықша. Баланы музыка арқылы қиялдауға үйрете отырып, өмірге дайындаймыз. Бұл проблема ізденуге жағдай тудыру әдәсі арқылы жүргізіледі. Ол төмендегі жолмен саналы түрде жүзеге асады:

  1. Оқушы алдына мұғалімнің қойған нақты мақсаты.

  2. Мұғалім мен оқушының мәселені шешудегі бірлескен әрекеті.

  3. толық, жан-жақты жасалған соңғы қорытынды.

Музыка пәнін түсініп қабылдау үшін бұл өнер саласының өзіндік ерекшелігін айқын аңғарып, табиғат құбылыстарын, өміршындығын музыкалық дыбыстар қандай жолмен бейнелейтініне ой жүгірткен жоқ. Музыка тілі басқа өнердің салаларымен салыстырғанда күрделі тіл. Музыкада айтылатын ой мен оқиға сазды дыбыстар арқылы беріледі.

Музыка өнерінің ерекшелігі сөз бен тілжеткізіп айта алмайтын, адамның жан-дүниесіндегі құбылыстарды, сезімді дыбыс арқылы беруге мүмкіндік тудыруында. Музыка таза эммоцияға әсер ете отырып, адамның қиялы мен көңіл күйіне байланысты қабылданады.


Бала өзінің жан дүнесіне үлкендердің өктемдігін сезсе, ашылмай тұйықталып қалады. «балалығын тыйған, оның есейгендегі даналығын тиғанмен бірдей» - деп Ж. Баласағұн айтпақшы, музыка сабағында жаңа технологияларды пайдалану, оқушыларды аялап, эстетикалық, рухани байлығын кеңейтіп қанағаттандыру.

Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері, дискуссия, іскерлік ойындар арқылы студенттер іс-әрекетімен мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Ойын варианттары көп болған сайын, модель айрықша, ерекше нәтижелі шығады.

Мысалы, музыка әдістемесінен сабақтың құрылымын жоспарлағанда студенттердің өз варианттарын, оны дәлелдеуді ұсынамын. Студенттер осы іс-әрекеттерді өзара келісе отырып, бөліп алып сабақ өткізуге кіріседі «ойнай бімеген, ойлай да білмейді»деген халық даналығын іскерлі ойында басшылыққа алып, студенттерді әр сабаққа кірісуін қамтамасыз етесмін. Сабақ барысында олар «әуенді тап», «Ауылға саяхат» және т.б. ойын түрлерін қызыға отырып жүргізеді.

Іскерлік ойындар кәсіптік бағдар беру ісіне, мамандықпен байланыстыруға мүмкіндік туғызады. Студенттер жеке басының көптеген мүмкіндіктерін ашады. Белсенді оқыту тәсілі аналитикалық ойлауды дамытуда студенттер өз пікірін анық, нақты, сенімді түрде айта білуге үйренеді, шешум қабылдай білуге машықтанады. Өздері талдау жұмысына қатысып, сын айта білуге, негізгісін біліп қаруға, аргументпен баға қоя білуге үйренеді.

Оқыттудың белсенді формасына лекция, әңгімелеуді жатқызуға болмайды деп түсінемін, студенттерге жаңа тақырыпты түсіндіруде, ақпарат беруде ең қысқа нәтижелі тәсіл лекция, әңгімелеу кезінде жағдаят туғызу сияқты белсенді оқыту формаларының элементтерін кіргіземіз. Оқытудың жаңа технологиясының ерекше сипаты интегралдау – педогогика және психология ғылымдарының басқа ғылымдармен байланысы. Еңбек тәжірибеге сүйене отырып музыка сабақтарын интегралдап өткізуге көп мүмкіншілік бар. Интегралды сабақты жүзеге асыру арқылы білім мазмұнын, құрылымын меңгерудің әдіс-тәсілдерін, құралдарын қажетті синтездеуге, оқушыға шамадан тыс күш түспеуіне мүмкіндік береді. Білімдерінің өміршеңдігіне, қажеттігіне көзі жетіп, білімге деген ынтасы, ықыласы артады, шығармашыл бастамасы оянады. Оқытудың жаңа технологиясы педагогикалық процесті ізгілендіру, оқу тәрбие жұмысы студенттің жеке басын дамытуға бағытталады. Білімның басқарушылық негізгі орыны қызымет тәсілдерімен, соның ішінде шығармашылықпен алмастыруды қажет етеді. Әр студент бойында меңгерген білім көлемін өмірде пайдалана білу бейімділігін тәрбиелеу ұстаздың басты мақсаты.

Қорыта келгенде, балаға эстетикалық тәрбие беруде, музыкаға ынталандырудың қандай формасы болса да, оның ести білу дағдысын, тыңдай білуге икемдігін, ойлана білу қабілетін, жалпы өнерге деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталып отыру керек, сонда ған біз дидактикалық принциптерге бағына да, қолдана аламыз.



<< предыдущая страница   следующая страница >>