girniy.ru 1 2 ... 13 14


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ




Султанова Нургуль Камильевна


МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ


Оқу- құралы


Семей-2011



УДК 78. (075,8)

ББҚ 85.31Я72

С 89

Баспаға Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми және оқу-әдістемелік кеңестері ұсынған.

С89 Сұлтанова Н.К. Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы пәніне арналған. Оқу құралы. – Семей, 2011. – 160 бет.


Оқу құралының авторы:

Сұлтанова Н.К. – Семей мемлекеттік педагогикалық институтының психология-педагогика факультетінің «Музыкалық білім» кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы.


ISBN 9965-776-22-9


Бұл оқу құралында автор Нургуль Камильевна жоғары мектепте еңбек еткен бірнеше жылғы тәжірбиесіне сүйене отырып, музыка мұғалімдерін бүгінгі заман сұранысына сай даярлау бағытында ғылыми негізделген ой тұжырымдарын баяндайды. Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы пәнінің оқу құралы жалпы білім беретін орта мектептегі музыка мұғалімдеріне, музыка мектептері мен колледждердің және сонымен қатар жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқытушыларына, жаңашылдыққа жол іздеуші барлық оқырмандарға, жалпы музыка сүйер қалың қауымға арналған.


УДК 78. (075,8)


ББҚ 85.31Я72



Рецензенттер:


Халитова И.Р. – Қазақ мемелекеттік қыздар педагогика университеті,

жалпы педагогика кафедрасының профессоры,

педагогика ғылымдарының докторы

Әбдікәрімов М.О. – Семей мемелкеттік педагогикалық институтының

психология-педагогика факультетінің деканы,

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


С

4905000000

00(05)-09


ISBN 9965-776-22-9

© Сұлтанова Н. К., 2010;

СМПИ, 2010.


АЛҒЫ СӨЗ


Қазақстан Республикасы егеменді ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы – жастарға жалпы адамзаттық және ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейде көтеруге ықпал етуде. Тәуелсіздік алып, еліміздің егемендігі жүзеге асып, қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру басталған кезде ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Отаршылдық езгісі әсер еткен ұлттық менталитетімізді қалпына келтіріп нығайту және өркениетті елдер қауымдастығының ортасынан орын алу – ұлттық мемлекетіміздің қалыптасуымыздың басты алғы шарттарының бірі екенін ұмытпағанымыз жөн. Рухани мәдениетіміздің тарихына айрықша назар аударатынымыздың себебі де осы. Бұл процеске қоғамтанушы ғылымдармен қатар тарихшылар, филологтар, философтар, психологтар сонымен қатар, педагогтар мен музыканттар да ат салысуда. Бәрінің мақсаты – тамыры тереңде жатқан ұлттық өзіндік философиялық ой-сананың ерте дәуірден күні бүгінге дейінгі тарихына ой жүгірту, оның дамуына өзіндік үлес қосу. Қазір ұлттық сананың көтерілуіне байланысты тарихтың «ақтаңдақтар» беті ашылып, рухани байлықтарымыздың өзіндік мәдениетімізге жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік туып отыр. өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау – жалпыұлттық бірлігіміздің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік болмысы қалыптасуының, оның егемендігін нығайтудың, азаматтық пен отаншылдықтың, ұлттық сананы тәрбиелеудің ең басты факторларының бірі. Тарих – халықтың зердесі, ол содан сусын алады. Сол себептен өткен заман оқиғаларының баяндағанда, тек елдің саяси тарихын, маңдай алды саясаткерлердің қызметін әңгімелеумен шектеліп қана қоймай, сонымен бірге рухани және материалдық мәдениет тарихын әр салада жан-жақты тлық зерттеген дұрыс. Халқымызхдың ұлттық мәдени мұраларын ескермеу болашақ болашақ ұрпақтың ұлттық сана-сезімдеріне теріс ықпал етуде. Әсіресе, қоғамның қазіргі нарықтық қарым-қатынасқа көшу барысында туындаған дағдарыстар жас ұрпақтың жан-жақты жетілуіне көптеген қолайсыздықтар туғызуда. Ел басы Н.Ә.Назарбаев өзінің қоғамдағы бес дағдарысты атап өткен, ол: «экономикалық, саяси, ұлттық, экологиялық, имандылық дағдарыстары».


Демек, адам қасиеттерінің бойында да дағдарысқа лап келетіндігі атап көрсетілген. Жалпы осы дағдарыстың барлығында әсері ұрпақ тәрбиесінің өз ықпалын тигізбей қоймайды. Нәтижесінде болашақ иелері – жастар арасында рухани азғындаушылық, жалпы адамзаттық құндылықтарды бағалаумашылық кеңінен орын алуда. Ұлт тарихын ұлы тұлғаларсыз көзге елестету мүмкін емес. Себебі, ықылым заманан бері ықпалына реген халқын өрге сүйреп, өркениет жолымен алға бастаған да, сенімді ақтамай орға жығып, азап пен қайғыға душар еткен де жеке тұлғалар болған. Бүгін біз олардың бірінің іс-әрекетін құрметпен еске алсақ, екіншісіне өкінішпен бас шайқаймыз. Ал, әңгіме мәдение пен ғылым, өнер жайына ауысқанда жеке адамдарды ауызға алмау мүлде мүмкін емес. Кез келегн ғылыми еңбек, мәдениет пен өнер туындысы жеке адамның ғана көкірегінен қайнап шығып пайда болады. Қазіргі авторы белгісіз, халықтық болып аталып жүрген жарлар мен күйлерді, әндер мен аңыздарды да кезінде жеке адамдар шығарған. Тек кейін олардың есімдері хатқа түспей, уқыт атты ұлы дүрмекте ұмытылып, ел жадында шығармасы сақталса да, өздері қалмаған. Рас, ғасырлар қойнауынан бізге жеткен бұл шығармалар жүре бара өңделсе өңделген болар, толықса толққан шығар, брақ о баста бір ғана хас шебердің қолынан шыққаны талассыз.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы тарихтың даму барысында философия, мәдениеттану, әлеуметтану, тарих, педагогика ғылымдарында ренессанс, демек, қайта өрлеу кезеңі деп суреттеледі. Қазіргі егемендік алып, Қазақстан Республикасының қалыптасуы, дамуы да – қайта өрлеу кезеңі. Демек, ұлтымыздың, тіліміздің, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріміздің, ұлттық тарихымыздың қайта жаңғыру кезеңі. Біздің пайымдауымызша, қазақ халқыныі мәдениеті, тарихын ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ыбырай, Абай, Шәкәрім мұраларында жалғасын тауып насихатталды.

ХҮ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында, хандық дәуірде өмір сүрген Асанқайғы, Қазтуған, Мұхаммет Хайдар Дулати, Ж.Баласағұн, Шалкиіз, Досмамбет, Ақтамберді, Шалақын, Дулат Бабатайұлы т.б. ақын жыраулар мен ойшылдар шығармаларының ұрпағымызды Отансүйгіштікке, ұжымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке, үлкенді сыйлауға, әдепті, кішіпейіл, мейірімді болу сияқты қазақ халқының салт-дәстүрі мен таризы, мәдениетімен бойға сіңіріп ұялатудың маңызы ерекше.


Осы тұрғыдан келгенде, жадына сеніп, жазу-сызуға салғырттау қараған елде Қорқыт атаның, Әбу Насыр Әл-Фарабидің, Махмұт Қашғаридың, Қожа Ахмет Иассауидың, Асан Қайғының, Бұқар жыраудың, Абайдың т.б. ұлы бабаларымыздың шығармаларының сол күйі сақталып, бүгінгі ұрпақтардың игілігіне айналып отырғанда мың мәрте шүкірлік айтқың келеді. Кең байтақ даламыздағы өркениет көшінің өн бойынан қадау-қадау шыңдар тәрізді уақыт өткен сайын бейнелері асқатай түскен осынау трихи тұлғалардың бірқітары шығармаларының дер кезінде хатқа түскені арқасында даусы-талассыз түркі мәдениетінің төл өкілдері аталып отырса, енді бірқатары ұлт пен ұлттық мәдениеттің өз кезегіндегі, тіпті кейінгі бүкіл даму барысында орасан зор ықпал жасағандықтан халық жадында мәңгі-бақи сақталған. Музыка - өнердің ұлттық тілге, мемелкеттік шекараға бағынбайтын жанры саналады. Алайда, барлық өнер туындылары тәрізді музыкалық шығармалар да ұлттық таным мен түсініктен бастау алып, туған хылқының мұңы мен арманын бейнелегенде ғана шынайлық сиаптқа ие болады. Сонымен Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы бағдарламасында отандық және шетелдік музыкалық білімінің қалыптасуы мен даму үрдісін оқып білуге, музыканы оқытудың теориялық білім негіздерін меңгеруге назар аударылған.


Пәннің мақсаттары мен міндеттері


Бұл пән Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы 050106 – «Музыкалық білім» мамандығы бойынша 2 кредит (90 сағат) жоғары оқу орының 2 – курс студенттерінің 4 семестріне, яғни, іштей және сырттай оқитындарға арналған.

Курстың мақсаты: студенттерге мектептегі музыка мұғалімнің күнделікті тәжірбиелік жұмысында кездесетін және өте қажет нақты да жүйелі музыка тарихынан, музыка-теориясынан білім белем беру, осы алған білімдерін музыкалық оқу-үрдісіне кеңінен дұрыс пайдалана білуге үйрету. Курстың міндеттері:

  • музыкалық білім мәселелерін педагогика тарихы тұрғысынан талдап, кәсіби бейімдеуде студенттердің тұлғалық құндылық қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік жасау;


  • студенттердің іскерлігінің дамуына және олардың тарихи үрдістердің себеп-салдарын кәсіби тұрғыда ұғынуға көмектесу;

  • музыкалық-педагогикалық болмыстың музыкалық тарихи құбылыстарына тұтастық, жүйелік көзқарасты қалыптастыруда студентерді бейімдеу;

  • музыкалық-педагогикалық ғылым мен тәжірбиенің интеграциялық арнасында музыкалық білімнің тарихы мен теориясының білімді меңгеру бағытталған жүзеге асыру;

  • музыкалық білім тарихы мен теороиясының өзектілігін зерттеуде шығармашылық бағыттылыққа жағдай жасау.

Бағдарлама мазмұны мен құрылымында бірнеше принциптік көңіл аударлықтай жайлар кездеседі:

  • бүкіл дүниежүзілік педагогика тарихы үрдісінің дамуын талдау студенттерге отандық және шетел музыкалық білімдерінің өзара байланыстарын салыстыра отырып, байқауларына мүмкіндік туғызады;

  • музыкалық білім беру саласында тарихи-педагогикалық үрдісті қарап талдау – студенттердің алған музыкалық білімдері мен біліктіліктеріне сүйене отырып жүзеге асырылылады және ауқымды да тереңірек беріледі;

  • музыкалық білім тарихын оқыту өте жақын профильді «музыкалық этнография», «қазақ музыкасының тарихы» сияқты пәндермен тығыз байланысты;

  • тарих-теория музыка пәндер циклынан дәріс алған студенттердің іскерліктері мен дағдыларына сүйене отырып, музыканы оқытудың теориялық негіздерін үйрену.

Курс консепциясының негіздері: - жалпы тарихи үрдіспен, әр кезеңнің ғылыми және мәдени оқиғалармен, өнердің басқа да түрлерінің дамуынмен музыкалық білімнің өзара байланысы. Болашақ педагог-музыканттың кәсіби шығармашылығының қалыптасуы.


Дәріс және тәжірбиелік сабақтардың мазмұны


КӨРКЕМДІК ЖӘНЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР


1-Тақырыбы: Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы пәнінің мақсаты, міндеттері және мазмұны


Жоспары:

  1. Пәннің мазмұны


  2. Пәннің міндеттерінің түрлері

  3. Мақсаттарының ерекшеліктері


Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты елімізде оқу-тәрбие жүйесінің барлық саласын қайта түлету процесі жүріп жатқаны мәлім. Қазіргі білім, ғылым мен мәдениетті жаһандандыру процесі кезінде әр ұлт өз мемлекетінің рухани мәдени құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өркениетке кірігуі заңды құбылыс.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлттық кеңестің мәжілісінде жасаған баяндамасында «Мәдени мұраларды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан әрі дамыту ісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез келді. Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету – «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуы тиіс» - деп, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық мәдени мұраның мүмкіндігі мен мақсатын айқындап берген болатын. Осыған байланысты қазіргі уақытта қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың білімдік, тәрбиелік маңызы бұрынғыдан да арта түсуде. Оларға «Білім туралы заң», «Қазақстан республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы», «қазақстан республикасы этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасы» сияқты мемлекеттік құжаттарға айрықша көңіл бөлген. Музыкалық білім мен тәрбие беру адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбиеде алатын орнын, әсер-ықпалын, қоғам мен мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық-педагогикалық тәжірибені ой елегінен өткізіп, таразылау оның қалыптасып, даму кезеңдерін қарастырутыруға тікелей байланысты.

Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбие алатын орнын, әсер-ықпалын, қоғам мен мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық-педагогикалық тәжірбиені ой елегінен өткізіп, таразылау оның қалыптасып, даму кезеңдерін қарастыруға тікелей байланысты.


Курстың мақсаты: студенттерге мектептегі музыка мұғалімнің күнделікті тәжірбиелік жұмысында кездесетін және өте қажет нақты да жүйелі музыка тарихынан, музыка-теориясынан білім белем беру, осы алған білімдерін музыкалық оқу-үрдісіне кеңінен дұрыс пайдалана білуге үйрету. Курстың міндеттері:


  • музыкалық білім мәселелерін педагогика тарихы тұрғысынан талдап, кәсіби бейімдеуде студенттердің тұлғалық құндылық қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік жасау;

  • студенттердің іскерлігінің дамуына және олардың тарихи үрдістердің себеп-салдарын кәсіби тұрғыда ұғынуға көмектесу;

  • музыкалық-педагогикалық болмыстың музыкалық тарихи құбылыстарына тұтастық, жүйелік көзқарасты қалыптастыруда студентерді бейімдеу;

  • музыкалық-педагогикалық ғылым мен тәжірбиенің интеграциялық арнасында музыкалық білімнің тарихы мен теориясының білімді меңгеру бағытталған жүзеге асыру;

  • музыкалық білім тарихы мен теороиясының өзектілігін зерттеуде шығармашылық бағыттылыққа жағдай жасау.

Бағдарлама мазмұны мен құрылымында бірнеше принциптік көңіл аударлықтай жайлар кездеседі:

  • бүкіл дүниежүзілік педагогика тарихы үрдісінің дамуын талдау студенттерге отандық және шетел музыкалық білімдерінің өзара байланыстарын салыстыра отырып, байқауларына мүмкіндік туғызады;

  • музыкалық білім беру саласында тарихи-педагогикалық үрдісті қарап талдау – студенттердің алған музыкалық білімдері мен біліктіліктеріне сүйене отырып жүзеге асырылылады және ауқымды да тереңірек беріледі;

  • музыкалық білім тарихын оқыту өте жақын профильді «музыкалық этнография», «қазақ музыкасының тарихы» сияқты пәндермен тығыз байланысты;

  • тарих-теория музыка пәндер циклынан дәріс алған студенттердің іскерліктері мен дағдыларына сүйене отырып, музыканы оқытудың теориялық негіздерін үйрену.

Музыкатану, музыкалық білім саласындағы әдебиеттерде Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңнің өзінде қазақ даласында музыка өнеріне баулу, кәсіби шыңдау бойынша едәуір тәжірбие қалыптасқандағы мазмұндалған. Сазгерлікке, әншілікке, күйшілікке баулу отбасында, жастардың сауық-сайранында, мейрамдарда немес арнайы кәсіби білім беру мектептерінде жүзеге асырылып келген. Одан кейінгі кезеңдерде Қазақстандағы музыкалық білім берудің тарихы мен теориясының жұмысы бұрынғы Одақ көлемінде жүзеге асырылды. Осы музыкалық білім беру педагогикасының дамуы мен қалыптасуына Б.Т.Лихачев, И.П.Подласый, П.И.Пидкасистый, В.А. Сластенин, И.Ф. Исаев, И.Ф.Харламов, В.В.Воронов, О.А. Апраксина, Д.Н. Зарин, В.Н.Шацкая, Б.В.Асафьев, Д.Б.Кабалевский, Э.Б.Абдуллин, А.Н.Сохор т.б. ғалымдар да зор еңбек еткен.


Р.Р. Джердималиева болашақ музыка пәні мұғалімінің әдістемелік даярлығы проблемелерын қарастырумен қатар, жалпы білім беретін мектептегі музыка пәні оқу бағдарламасының жасалуына да үлес қосты. Р.Р. Джердималиева 1977 жылы академик Д.Б. Кабалевскийдің жетекшілігіндегі авторлық ұжымның «Музыка» пәні бағдарламасын Қазақстан мектептеріне ендіруге байланысты қазақ мектептеріне лайықтаған бағдарлама жасауға қатысты. Бағдарлама атсалысқан ғалымдар: А.Қ. Жұбанов, П.М.Момынов, М.Х.Балтабаев, А.А.Калыбекова, Ш.Б.Кульманова, Б.Ғизатов, Ж.Әбиев, С.Қалиев., Ж.Молдабеков., Б.Иманбекова т.б. айтуға болады. Осы кезеңдегі музыкалық-эстетикалық тәрбие жұмысы (1917-1980) профессор С.А Ұзақбаеваның зерттеу еңбегінде жан-жақты талдауға алынған. Зерттеушінің «Өміршең өнер өрісі», атты еңбегінде осы жылдардағы музыкалық тәлім-тәрбие берудің тарихы, ерекшіліктерді жан-жақты сипатталады. Автордың халық педагогикасы идеяларының дамуы мен қалыптасуына бергентарихи-педагогикалық сипаттамасы музыкалық педагогика проблемаларын зерделеуге қосқан аса маңызды үлесі болып табылады. Қазіргі таңдағы музыкалық білім беру мәселелерінің мақсаты, жалпы білім беретін мекеме бітірушісінің музыкалық мәдениетінің моделі, үлгісі, музыкалық білім беру принциптерінің философиялық, эстетикалық, музыкатану, көркемдік-психологшиялық, педагогикалық бағыты. Музыкалық білім мазмұны элементтерінің сипаттамасы.

Өздік жұмыстар мен тапсырмалар:


  1. Сіз музыкадан сабақ беруді педагогикаға да, музыкаға да жатқызасыз ба?

  2. «Теория», «Тарих», «Музыкалық білім» ұғымдарын қалай түсінесіз?

  3. Пәннің қандай пәндермен байланысы бар?

  4. Пәннің міндеттерінің түрлері.

  5. Мақсаттарының ерекшеліктері.



следующая страница >>