girniy.ru   1 ... 3 4 5 6

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау

ІҮ. Жаңа сабақ


Төлен Әбдіков – 1942 жылы Қостанай облысы, Жангелдин ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Шығармаларының негізгі тақырыбы - халқымыздың озық дәстүрлерін ардақтау, адамгершілік, ізгілік мәселелері.


«Қазақстан пионері», «Жалын» альманағында, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарған.

Қазақстан Жазушылар одағының 2-хатшысы, 1994 жылы ҚР Президентінің көмекшісі, 1997 жылы ҚР Президенті әкімшілігінде ішкі саясат бөлімі меңгерушісі болды.


Романдары: «Өліара», «Ақшоқыда қыс қатты»

Драмасы: «Біз үшеу едік»

Әңгімелері мен повестері: «Күзгі жапырақтар», «Ақиқат», «Айтылмаған ақиқат», т.б.


Мәтінмен жұмыс


  1. Шығарма мазмұнын баяндау

  2. Оқушылардың мәтінмен жұмысы ( Мәтін мазмұнына шолу жасау, іштей оқу )

  3. Шығарма неге «Қонақтар» деп аталған? ( Ауызша ой толғау)

  4. Сұрақтар бойынша жұмыс


Ү. Қорытынды

ҮІ. Бағалау


ҮІІ. Үйге тапсырма: Әңгімені оқу, мазмұнымен танысу


Әдебиет


Сабақтың тақырыбы:
Төлен Әбдіков «Қонақтар»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Т.Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесінің мазмұны, тақырыбы, көтерген мәселесі жөнінде алған білімдерін тереңдету, әңгімеге талдау жасау

Тәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы адамгершілікке, ата-ана алдындағы перзенттік парыз, туған жер, атамекен алдындағы адамгершілік парызды түсінуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, шығарманы талдай білуін дамыту

Сабақтың типі: Пысықтау сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, сұрақ-жауап, ауызша тіл дамыту, ой тастау, талдау, эссе азу

Сабақтың барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге Т. Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесінің мазмұнымен танысып келуге берілген болатын.

Үй тапсырмасын сұраймын.

Қосымша сұрақтар:


  • Сапабектің үйіне келуі мен оның ата-анасының қарсы алуы әңгімеде қалай суреттелген?

  • Немересі қитар ұл екінші рет неге атасына жоламады?

  • Сапабек дастарқан басында не туралы әңгіме айтты?

  • Баласының әңгімесі Ерекеңе неге ұнамады?

  • Сапабек өзінің әке-шешесіне деген перзенттік сағынышын, махмббатын таныта алды ма?

  • Сапабек пен Толманың түнгі әңгімесі не жөнінде облды?

  • Ерекеңнің түнімен мазасызданып шығуының себебі не? Жазуш ақсақалдың көңіл-күйін қалай берген?

  • Сапабектің бір күн қонып, асығыс аттануының шын себебі не деп ойлайсыңдар?

  • Ерекең баласынан қандай үміт күтіп еді, үміті не себепті ақталмады?

  • Ерекеңнің реніші орынды ма?


ІІІ. Шығарманы талдау

  1. Әңгіме жанрына талдау жасау

Шығарманың әңгімеге тән қасиеттерін атап көрсету

  1. Әңгімеге жоспар құрғызу

Ерғабыл мен кемпірінің

балаларының келуін күтуі Сапабектің келуі






Қонақтар




Дастархан басындағы Ерекеңнің реніші

әңгіме немесе

Қонақтардың аттануы

  1. Кейіпкерлер іс-әрекетіне талдау жасау, мінездеме беру

    • Ерғабыл шал

    • Кемпірі
    • Сапабек


    • Тома

    • Жеңісбек




  1. Ой тастау

Шығарма неге «Қонақтар» деп аталған ?


  1. Эссе жазу

Ерғабыл шал - ұлттың ұлы қасиеттерінің иесі

Сапабек бейнесі немесе рухани мәңгүрттік

Мен ата-анам алдындағы перзенттік борышымды қалай түсінемін?

ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма: Әңгімені қайталау


Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Дулат Исабеков «Әпке»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Драмалық шығармалар туралы түсінік алыптастыру, «Әпке» драмасының мазмұнын меңгерту, шығармаға талдау жасату

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, бауырмалдылыққа, сыйластыққа, жолдастық, достық, туыстық қатынастарды құрметтеу, қадірлей білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, шығармаға талдау жасай білуін, жүйелі баяндай білуін дамыту

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, мәтінмен жұмыс, талдау


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі


ІІ. Үй тапсырамсын сұрау

Үйге Т.Әбдіковтің «Қонақтар» шығармасын қайталап келуге берілген болатын.

Үй тапсырмасын сұраймын.

Қосымша сұрақтар:

  • Әңгіме неліктен «Қонақтар» деп аталған? Автордың қонақтар деп отырғаны кімдер?

  • Шығармада автор қандай адамгершілік мәселесін көтеріп отыр?

  • Ерекеңнің арманы не?

  • Сағынтқан сапабек не туралы әңгіме айтты? Ерекеңнің көңілі ұлына не себепті толмады?

  • Ерекеңнің реніші орынды ма?

  • Сапабек пен томаның түнгі әңгімесі не жөнінде болды?

  • Балының ата-ана алдындағы, туған жер алдындағы борышы деген не?


ІІІ. Өткент сабақты қорытындылау


ІҮ. Жаңа сабақ


Дулаи Исабеков 1942 жылы 20 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында дүниеге келген. Арыс ауданында орта мектепті бітіріп, 2 жыл монтер болып жұмыс істеген.

1961 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ, филфакқа түседі

1966 жылы бітіреді

1962 жылы алғашқы әңгімелері республикалық газет-журналдарда жариялана бастайды.

1975 жылы «Бекет» атты повест, әңгімелер жинағы жарық көреді.

1983 жыл «Мұрагерлер» драмасы үшін Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты атанады.


Драмалары:

«Ректордың қабылдау күндері»

«Әпке»

«Ертеңгі күту»

«Мұрагерлер»

Шығармалары орыс және туыс тілдерге аударылды, чех, венгер, неміс тілдерінде жарық көрді.


Ү. Шығармаға талдау жасау


  1. Шығарма мазмұнына шолу жасау

  2. Мәтінмен жұмыс

  3. Әдебиет теориясы


Драмалық шығармалар




Комедия Драма Трагедия


Драма – грек сөзі, қимыл-әрекет.

Драма – сахнаға қоюға арнап жазылған шығарма.


  1. Рөлдерге бөліп оқу


ҮІ. Қорытынды

ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Шығарма мазмұнын меңгеру


Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Ағайын сыйластығы деген не?

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Әпке» драмасының мазмұнын мегерту, драмалық шығармалар туралы түсінік қалыптастыру, шығарма мазмұнына талдау жасату.

Тәрбиелік. Оқушыларды адамгершілікке, бауырмалдылыққа, сыйластыққа, жолдастық, достық, туыстық қатынастарды құрметтеуге тәрбиелеу.


Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, шығармаға талдау жасай білуін, жүйелі баяндай білуін дамыту.

Сабақтың типі: Пысықтау сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, сұрақ-жауап, талдау, эссе жазу, пікірталас


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау


Үйге Д.Исабековтің «Әпке» драмасын оқып келуге берілген болатын.

Шығарма мазмұнына шолу жасатамын.

Қосымша сұрақтар:


  • Іні, сіңлілерінің өз әпкелерін анасындай көріп, ардақтауына не себеп болды?

  • Қамажайдың бауырларының болашағын ойлап, солардың тағдыры үшін өз басын бейнетке тігуіне не себеп болды?

  • Қамажай мен Камиланың арасындағы реніштің пайда болуына не түрткі болды?

  • Алғашқы кездесуде Камила неге Назилаға ұнамады деп ойлайсыңдар?

  • Тимурдың іс-әрекеті дұрыс болды ма?

  • Шығарманың соңындағы Қамажайдың іс-әрекетінен нені аңғаруға болады? Қамажай неге жеделхаттарды жыртты?


ІІІ. Шығарманы талдау


  1. Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне сүйене отырып, мінездеме беру

    • Қамажай

    • Назила

    • Темірбек

    • Омар

    • Камила

  2. Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасау

  • Басталуы

  • Дамуы

  • Байланысы

  • Шиеленісі

  • Шарықтау шегі

  • Шешімі

  1. Қамажайдың өз алдына отбасын құрмай, бауырлары үшін өз жеке өмірін құрбан етуі дұрыс па?

( Пікірталас)


  1. «Бақыт дегеніміз не?» Эссе жазу


ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма: Шығарманы қайталау


Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Әлем әдебиеті үлгілерінен

Әбілхасан Рудаки (858-841)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Әлем әдебиетінің озық үлгілерімен, соның ішінде Әбілхасан рудаки шығармаларымен, өлеңдерінің ерекшелігімен таныстыру, мазмұнын меңгерту.

Таныстыру: Оқушыларды адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу,

<< предыдущая страница