girniy.ru   1 ... 2 3 4 5 6

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақты игерту.


Т.Ахтанов 1923ж. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дуниеге келген. Алматыдағы қазақ педагогика институтында оқиды. 1941жыл соғыс басталып, майданға аттанады. Әскери газет-журналдарға мақалаларын жариялайды. Соғысты аяқтап, елге оралады.


Т.Ахтанов әңгіме, хикаят, роман, драмалық шығармалар жазған.

Роман: «Қаһарлы күндер»

Хикаят: «Дала сыры»

Әңгіме: «Күй аңызы»

Драмалары: «Сәуле», «Боран», «Ант», «Әке мен бала», «Махаббат мұңы»

Комедиялары: «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу».


ІІІ. Шығарманы талдау.


1. Әңгіме мазмұнына қысқаша шолу

2. Жоспарлау


  1. Екі салт атты

  2. Жалғыз нардың кездесуі

  3. Аяқталмаған күй

  4. Жұпыны жалғыз үй

  5. Шалдың тілегі

  6. «Нар идірген» күйінің шығу тарихы.


3. Шығарманың көркемдік ерекшелігіне, тіліне талдау жасау

4. Сұрақ-тапсырмалар бойынша жұмыс

5. Эссе жазу

«Қазақ күй өнері» деген тақырыпқа шағын шығарма жазу.


ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау


ҮІ. Үйге тапсырма: Әңгімені оқу.


Әдебиет


Сабақтың тақырыбы:
М.Мақатаев, «Аққулар ұйықтағанда»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін толықтыру, поэманың мазмұнын меңгерту, талдату.

Тәрбиелік: Оқушыларды поэма мазмұны арқылы адамгершілікке, жанашырлыққа, табиғатты, қоршаған ортаны аялап, құрметпен қарауға, экологиялық тәрбиеге баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойын, қиялын, сөздік қорын, дүниетанымын кеңейту, дамыту.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстурлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, жоспарлау, талдау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


Үйге Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесін оқып келуге берілген болатын.

Үй тапсырмасын сұраймын.


Қосымша сұрақтар:


  • Шығарма қандай оқиғадан басталады?

  • Екі жолаушының портретін суреттеген жерін тауып оқы?

  • Естемес қарт жолдасына неге өзінің жолын қумайды сұрады?

  • Ботасы өлген аруана Естемес күйшіге қалай әсер етті?Әсер етсе, жолда күй неге толық шықпады?

  • Жаңылдың портретін тауып оқы.

  • Жаңылға мінездеме бер.

  • Жаңылдың «екі күйін өнерлеріңді бірдей салыңдар» деуінен нені аңғаруға болар еді?

  • Естемес қыздың әкесіне қандай тілек айтты?

  • «Нар идірген» күйінің шығуына қандай оқиға себеп болған екен?


ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау.

ІҮ. Жаңа сабақ.


М.Мақатаев – 1931ж. Талдықорған облысы, Райымбек ауданында, Қарасаз аулында дүниеге келген. Балалық шағы соғыс жылдарына тұспа-тұс келеді. Әкесі Сүлеймен соғыста қайтыс болады, шешесі Нағиман 3 ұлды өзі асырап, жеткізген. Еңбекке М. ерте араласады.

Мұқағали поэзиясының қайнар көзі – туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман-аңсары

«Ильич»

«Армысыңдар достар»

«Қарлығашым келдің бе?»

«Мавр»

«Аққулар ұйықтағанда»

«Шуағым менің» жинақтары жарық көрген.

  1. Өзінің естелігімен таныстыру

  2. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын мәнерлеп оқу.

  3. Мазмұнына талдау жасау

  4. Шығарманың көркемдік тіл ерекшелігіне талдау жаса
    • Теңдеу


    • Эпитет

    • Ассононс

    • Аллитерация

    • Символ

    • Кейіптеу

  5. Жоспар құру.


Ү. Қорытынды

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: Оқып келу, үзінді жаттау

Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» (поэмадан үзінді).

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін тексеру, поэманың мазмұнына, композициялық құрылымына, көркемдік тіл ерекшеліктеріне талдау жасату.

Тәрбиелік: Поэма мазмұны арқылы адамгершілікке, жанашырлыққа, байыптылыққа, табиғатты аялауға, экологиялық тәрбиеге баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың шығарманы талдап, өз көзқарасын жеткізе білуін, тілін, ойын дамыту.

Сабақтың типі: Пысықтау сабағы

Сабақтың түрі: Дәстурлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, талдау, пікірталас, әңгіме кестесі, т.б.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау


Үйге М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» шығармасын оқуға, шығармадан үзінді жаттауға берілген болатын.

Үй тапсырмасын сұраймын.


Қосымша сұрақтар:

  • М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының негізі көтерген мәселесі не?

  • Шығарманың 1-бөлімінде табиғат көрінісі қалай суреттелген?



  • Поэмада көлдің «Жетімкөл» деп аталуына не себеп болды?

  • Ананың қасына мылтық алып, құс атуға аттануына не итермеледі?

  • Ананың екі аққуды көргендегі көңіл күйін, екіұдай болған сезімін суреттеп айтып бер?

  • Жылқышы қарт анадан нені талап етті? Жылқышы қарттың сөзінен нені аңғардыңдар?

  • Ананың іс-әрекетіне баға бер.


  • Ананың өлі баласын көргендегі іс-әрекеті туралы не айтар едің? Сенің көзқарасың қандай?

  • Аққуларға байланысты қандай ырымдарды білесіңдер?


ІІІ. Мәтінмен жұмыс.


1.Композициялық құрылымына талдау.

  1. Оқиғаның басталуы

  2. Оқиғаның дамуы

  3. Оқиғаның байланысы

  4. Оқиғаның шиеленісі

  5. Оқиғаның шарықтау шегі

  6. Оқиғаның шешімі


Эпилог дегеніміз не?


2. «Әңгіме кестесін» құру.


1.Аты

2.Авторы

3.тақырыбы

4.Қай кезеңді суреттейді

5.Немен аяқталды?

6.Кейіпкерлері

7.Не үйретті, тәрбиелік мәні.


3. Аққу киелі құс.

Өзім аққуларға байланысты әңгіме айтып беремін.

Өздерінің білетін әңгіме, аңыздары болса сұраймын.


Халқымыз аққудан басқа тағы қандай аң, құстарды қасиетті деп санайды?


4 .Шығарма жазу.

«Ақын және аққу»

«Ана – мерген»

«Жетімкөлдің аққулары»

«Бала – аққу - ана»


5. Пікірталас

« Ананың аққуды атқаны дұрыс па, сендердің көзқарастарың қалай?»


ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма: Шығармаға дайындық.


Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Қ.Жұмаділов. «Қаздар қайтып барады».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қ.Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде алған білімдерін тереңдету, «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің мазмұнын меңгерту.

Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, Отан сүйгіштікке, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын, дүниетанымын кеңейту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.


Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, мәтінмен жұмыс, жоспар құру, сұрақ-жауап, талдау, сипаттама беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ.


Қабдеш Жұмаділов – 1936 жылы ҚХР-ның Іле қазақ автономиялы облысына қарасты Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Өзінің атамекеніне оралған соң Әл-Фара-би атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультетін 1965 ж. бітіреді. Алғашқы әңгімесі – «Қаздар қайтып барады».


Романдары: «Дарабоз», «Соңғы кеш», «Тағдыр», «Атамекен».

«Сәйгүліктер» повесі – ең үздік шығармаларының бірі.


Шығарманы талдау.


1). Шығарманы өзім баяндап беремін.

2). Мәтінмен жұмыс.

Оқушылардың өздеріне мәтінге шолу жасатамын.


3). Әңгіме бойынша жоспар құру.


  1. Жалғыз жолаушы

  2. Жолдағы қауіп

  3. Төлеутай туралы ой

  4. Төлеутайдың сұрағы

  5. Ала баған жанындағы тебіреніс

  6. Туған жер топырағы.


4). Сұрақ-тапсырмалар бойынша жұмыс.


  • Қарт қайда сапар шегіп келеді? Оның арманы не еді?

  • Қарт неліктен «бұл – менің ақырғы тілегім ғой» дейді?

  • Қарт жолда қандай қиыншылықтарды басынан өткізді?

  • Туған жер топырағын аттаған кездегі қарттың сезімін, көңіл-күйін суреттеп беріңдер. Қарт неге олай толай толғанды?


5). Қартқа толық сипаттама беріңдер.


ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Бағалау

Ү. Үйге тапсырма: Әңгімені оқу.


Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов. «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке».

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Олжас Сүлейменов өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, өлеңдерінің тақырыбы мен мазмұнын меңгерту, талдату.

Тәрбиелік: Оқушыларды туған жерді сүюге, құрметтеуге, әсемдікке, ізденімпаздыққа, лириканы, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, мәнерлеп оқуын, тілін, шығармаға талдау жасай білуін дамыту.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, талдау, сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


Үйге Қ. Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» шығармасын оқып келуге берілген болатын.

Үй тапсырмасын сұраймын.

Қосымша сұрақтар:


  • «Қаздар қайтып барады» шығармасы арқылы жазушы қандай жағдайды сөз етеді?

  • Шығарма кейіпкері қайда сапар шегіп барады, оның арманы не?

  • Қарт жолда қандай қиындықтарды басынан өткерді?

  • Қарттың ала баған жанына келгендегі, туған жер топырағына жеткендегі сезімін, көңіл күйін әңгімелеп бер.

  • Шығарма неліктен «Қаздар қайтып барады» деп аталған?

  • Әңгімеде қарт неге немересінен қалай айырылды?

  • Қарттың жолда басынан кешкен қиындықтарды әңгімелеп бер, т.б.

  • «Қозыкүреңмен» салыстыр.


ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау.

ІҮ. Жаңа сабақ.


Олжас Сүлейменов – 1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Мектептен соң Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, геолог мамандығын алады. Сосын Мәскеудегі әдебиет институтында оқиды.

Қазақстан Республикасының жазушысы, «Невада – Семей» халықаралық қозғалысының жетекшісі ретінде Семей полигонын жабуға үлкен үлес қосты.


Жинақтары:

«Арғымақтар», «Нұрлы түндер», «Мешін жылы», «Қыш кітап», «Талма түсте тағы да бір қайталап», «Әр күн – арайлы таң», «Жалынның шалқуы», т. б.



Шығарманы талдау.


  • Өлеңдерін мәнерлеп оқу.

  • Мазмұнына талдау жасау.

  • Өлең құрылымына, көркемдік ерекшелігіне талдау.

  • Сұрақ-тапсырмалар бойынша жұмыс.

  • Дәптермен жұмыс.


Психологиялық параллелизм деп – автордың өзінің көңіл күйін соған ұқсас жайларға, табиғат құбылыстарына қатар қойып суреттеуді айтамыз.


Ү. Қорытынды

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: 1. Оқу.

2. «Арғымақ» өлеңін жаттау.


Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Төлеген Айбергенов «Ана», «Аруана бауыр дүние».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Төлеген Айбергеновтың өмірі мен шығамашылығымен таныстыру, өлеңдерінің мазмұнын меңгерту, тіліне талдау жасату.

Тәрбиелік: Оқушыларды өлең мазмұны арқылы туған жерді, ананы сүюге, қастерлеуге, поэзияны сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын, өлеңді мәерлеп оқып, талдай білуін дамыту.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, баяндау, талдау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау


Үйге Олжас Сүлейменовтің «Арғымақ» өлеңін жаттауға және «Қыз қуу», «Махамбетке» өлеңдерін оқып келуге берілген болатын.

Үй тапсырмасын сұраймын.

Қосымша сұрақтар:

  • Олжас Сүлейменов, оның шығармашылығы жайлы не білесіңдер?

  • Олжас өлеңдерінде халықтың салт-дәстүр, ұлттық мінез қалай көрінеді?

  • Қайталау дегеніміз не? Қандай түрлері бар? Өлеңде қайталаудың қандай түрлері бар?
  • Психологиялық параллелизм дегеніміз не? Өлеңде қай жерлерде кездеседі?


  • Махамбет бейнесін ақын өлеңінде қалай берген?


ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау.

ІҮ. Жаңа сабақ


Төлеген Айбергенов – 1937 жылы 8 наурызда Қарақалпақ елінің «Қоңырат» деген жерінде дүниеге келген. 1959 ж. Ташкенттегі Низами пединститутының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп, мұғалімдік қызмет атқарады.

Жастайынан өлең жаза бастайды. Өмірінің соңғы жылдарында Қазақстан Жазушылар одағының әдебиетті насихаттау бюросында ұйымдастырушылық қызмет атқарады.


Кітаптары: «Арман сапары»

«Өмірге сапары»

«Мен саған ғашық едім»

«Аманат».

Әдебиетке қосқан жаңалығы: 18-19 буынды өлең.


Мұқағалидың «Төлегенге» деген өлеңі бар. (Өлеңді мәнерлеп оқып беру).


Шығарманы талдау.

  1. Өлеңдерін мәнерлеп оқу.

  2. Түсіндіру, талдау.

  3. Өлең құрылысына талдау.

  4. Сұрақ-тапсырмалар бойынша жұмыс

  5. Оқушылардың мәнерлеп оқуы.


Ү. Қорытынды

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: Мәнерлеп оқу.


Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков «Қонақтар»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Төлен Әбдіковтің өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, «Қонақтар» әңгімесінің мазмұнын меңгерту, тіліне, мазмұнына талдау жасату

Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге, мейірбандыққа, ата-ана үмітін ақтайтын азамат болып өсуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын, шығарманы жүйелі баяндай білуін дамыту

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, баяендау, мәтінмен жұмыс, талдау


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге Төлеген Айбергеновтің «Ана», «Аруана – бауыр дүние» өлеңдерін оқып келуге, сұрақ-тапсырмалармен жұмыс жасап келуге берілген болатын.

Үй тапсырмасын сұраймын.

Қосымша сұратар:


  • Т.Айбергенов шығармашылығы туралы не білеміз?

  • Т.Айбергеновтің әдебиетке қосқан жаңалығы неде?

  • «Ана» өлеңіндегі негізгі ойды анықта

  • «Сендегі қуат мың есе артық жердің тарту күшінен» деген өлең жолдарынан не түсіндіңдер?

  • «Даналықтың қажеті жоқ,

Сыйлау үшін ананы», - деген тармақ арықылы ақынның айтпақ ойын таратып айтыңдар.

  • Төлегенге ақын ретінде Мұқағали қандай баға берді?

  • «Аруана – бауыр дүние» өлеңінің тақырыбы?

  • «О бастан саған ынтызар туған аруана тектес мен балаң» деген өлең жолынан нені байқадыңдар?

  • Өлеңді «Күй аңызы» шығармасымен салыстырып, өз ойларыңды баяндаңдар.



<< предыдущая страница   следующая страница >>