girniy.ru 1



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


«Сырдария » университеті

«Өнер» факультеті

«Ән және саз » кафедрасы.





“Бекітемін” __________

Кафедра меңгерушісі

“____” ______ 200 ж.


«Вокал класы» пәнінен

О Б С Ө Ж

мәтіндері




Пән оқытушысы: Сейілбекова Ү.К


Жетісай – 2008ж




ІІІ курс 5 семестр

ТАҚЫРЫБЫ: Студенттің дауыс мүмкіндіктерін тексеріп, дауыспен жұмыс істеу жолдары.


Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Арии, романсы и песни из репертуара И.Обуховой. Для меццо – сопрано в сопровождении фортепиано и инструментально трио. Составитель. Ю.Обухов. Издательство «Музыка»- Москва., 1975 г.

  2. Әсеттің 500 әні. /Бірінші, екінші кітаптар/. Құрастырғандар : Н.Нүсіпжан, Д.Ә.Бейсеуов. Қазақстан Республикасы жәіне ақпараттану министрлігіныі «Өнер» баспасы. – Алматы, 1998.

  3. Ән сабағы. Учебно – методическое пособие для начальных классов казахских школ. /в сопровождение баяна/, Алматы, «Өнер» 1997. (Сорос Қазақстан қоры).

  4. Гәкку. Песни, романсы и раиииз репертуара Куляш Байсеитовой. Составитель: К.И.Бобошко. – Алматы «Өнер», 1991.

  5. Ибрагим Нүсіпбаевтың әндері. Құрастырған Рәбиға Нүсіпбаева. Алматы «Рауан» 1996.

  6. Қазақтың халық әндері. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы.Алматы, 1960.

  7. Қазақ вальсі. Қазақстан композиторларының әндері. Құрастырған Д.Мүсіров. – Алматы «Өнер» 1982.

  8. Музыка хрестоматиясы. 1 класс. Құрастырған Р.Жәцрдемалиева, Г.Қарамолдаева, А.Исағұлова, - Алматы «Өнер» , 1986.
  9. Музыка хрестоматиясы. 3 класс. Құрастырғандар : А.Исағұлова, А. Бәйментаева, Д.Атаханова. Қазақ ССР халыққа білім беру министрлігінің коллегиясы бекіткен. Алматы – «Өнер», 1990.


  10. Музыка хрестоматиясы. 4 ксласс. Составитель: Г.Қарамолдаева. – Алматы, «Өнер», 1981.

  11. Мыңжасар Маңғытаев. «Ақ маржан» /сборник песен/

.Издательство «Жалын»- Алматы, 1977.

  1. Милькович Е.К.Систематизированный вокально – педагогический репертуар. /часть/ для высоких и средних голосов. – Музгиз. 1962.

  2. Программы педагогических институтов. «Музыка и пение». Сборник 25 - Просвещение1980



Қарастырылатын мәселелер:

  1. Ән айту ережелерімен таныса отырып, ән айту дың жолдарын, тәсілдерін үйрету.

  2. Дауыстың тембрін анықтау, дыбыстың үндеуіндегі кем-кетістіктер жұмыс жасау.

  3. Студентті дауыс аппаратының құрылысымен таныстыру, дауыстың регистрік бірыңғай шығуын қадағалау

  4. Шағын жаттығулар, вокализдер айтқызу арқылы вокалды-техникалық дағдыларды игеру.

  5. Вокалдық техникамен көркем орындаушылық шеберлікке баса назар аудара отырып, әншілік тынысты шыңдау.

  6. Студенттің мүмкіндігіне қарай дауыс диапазронын кеңейту.

  7. Дыбысты құбылтып айту, легатто, стакатто тәсілдерін игеру.

  8. Дыбысты таза, биік нысанамен үндеу, вокалды жаттығуларды күрделендіру.

  9. Вокалдық шығарманың идеялық көркемдік мазмұнын ашу.

  10. Композитордың сомдаған бейнесіне сүйене отырып, орындауға өзіндік рең, көрік бере білу.

Әншілік өнер. Әнші-әндерді, яғнн, вокальдық шығармаларды орындаушы. Ал вокалдық өнер - әншінің дауысты меңгеру шеберлігіне негізделген музыканы орыдау түрі. Вокалдық орындаудың жеке (сольное), ансамблдік және хор түрлері болады. Музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыканы атаймыз. Құрылымына байланысты жеке дауыста орындалатын халық әндері және композитор шығарған әндері аспаптың сүймелінсіз немесе сүйемелмен орындалатын әндер деп бірнеше топтарға бөлінеді.


Әншінің дауысы-табиғаттың берген сыйы. Бірақ дегенмен өнердің басқа түрі секілді дауыста жаттығулар жасап, еңбектене отрып дамып, деңгейін өсіруді талап етеді. Әншілерде бұл дауыс қою деп аталады. Қандайда болмасын аспапты игеру үшін орындаушы ұзақ уақыт гаммаларды ойнап, жаттығулар жасауы қажет. Сол секілді әншіде өзінің табиғат силаған аспабында ойнай білуі керек. (дауыс).

Дауыс өзінің тембірі мен диапазонына қарай бөлінеді. Күшті де жарқын дауыс – драмалық дауыс деп аталады. Бұдан гөрі жеңіл жұмсақ естілетін дауыс – лирикалық дауыс. Ал әндегі иірімдерді жеңіл келтіретін ойнақы дауыс – колоратуралық дауыс. Бұл дауыс көбіне сопраноларда кездеседі. Диапазонына қарай дауыс мына төмендегідей болып топтасады:

Әйелдердің жоғары (жіңішке) даусы – сопрано.

Әйелдердің төменгі (жуан) даусы – альт

Ерлердің жоғары (жіңішке) даусы – тенор

Ерлердің төменгі (жуан) даусы – бас

Балалардың жоғары (жіңішке) даусы – сопрано

(Балалардың даусы дискант деп те аталады).

Балалардың төменгі (жуан) даусы - альт

Студентті дауыс аппаратының құрылысымен және оның жұмысымен таныстыра отырып, дауыстың регистрлік бірыңғай шығуы қадағаланады.

Жоғарғы регистрде және төменгі регистрде ән салу жолдары қадағаланып дыбыстың дұрыс шығуы тексеріледі. Оқу процесінің алғашқы кезеңдерінде тыныс алу, дем шығару, дыбыстың тірегі, бас, кеуде, аралас резонаторларының есту, тыңдау, сөйлеу функцияларының, артикуляциялық аппарат жұмыстары бір-біріне байланыстырыла отырып атқарылуы қажет.

Әншілік тыныс алудың ережелері.

Студент ән айтқанда тынысты дұрыс ала білмесе ән айту мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Әншінің тынысты дұрыс ала білуі оның әнді орындағанда қиналмай, еркін айтуына көмектеседі. ән айтарда иықты көтермей, демді іште ұстап тұрып, аз кідіріп барып тыныс алғаннан кейін бірден бастап кету керек.


Ән айту барысында студент демді үнемдеп пайдаланып, тынысты әр фраза сайын алу қажет. Ән салғанда демді кеудеге емес, ішке қарай алған дұрыс. Мысалы: хош иісті гүлді иіскегенде демді ішке аламыз, дәл сол сияқты әнге тыныс алғанда да осыны іске асырған жөн. Бұл үшін студентке мынадай шағын жаттығулар жасатамыз:

Ішке демалып С немесе Ш дыбыстары арқылы соңғы демге дейін үнемдеп шығару.

Сабақ барысында берілген шығармаларды орындауда ең алғаш вокализден бастаймыз. Бұл да дауысқа арналған жаттығудың бір түрі.

Вокализ (франсуз vocalize, латынша vocaliz-дауысты дыбыс) – дауысқа арналған текссіз айтылатын музыкалық жаттығу немесе этюд. Вокализ әншінің орындау шеберлігін, оның дауыс мәнерін жетілдіреді.

Вокализдер айтқызу арқылы вокалды техникалық дағдыларды игеру көзделенеді. Ол үшін студентке алдымен жеңіл вокализдер орындатқызудан бастаймыз. Әр студенке вокализ дауыс тембрі мен диапазонына қарай беріледі.

Қазақстан композиторларының әндері

Қазақ әндерінің басты ерекшеліктерінің бірі халықтығы, оны жасаушы композитор әркез халықтық ладтан шықпаған.

Композитор (латын compositor-құрастырушы) – музыкалық шығармалардың авторы, музыка жазумен шұғылданатын адам. Композитор термині ХVІ ғасырда Италияда кең тарады. Композитор мамандығы музыкадан табиғи дарынмен композициядан арнай білімі болуды талап етеді.


  • Қазақстан композиторларының әндерін орындап игеру үшін студент вокалды педагогикалық процесте әнді шығарушы композитордың өмірімен шығармашылығы жайлы мағлұмат алуы тиіс. Қазақ композиторларының әндерін үйренуде мына композиторлармен таныс боламыз. Б.Байқадамов, А.Жұбанов, С.Мұхамеджанов, М. Төлебаев, Л.Хамиди, Ш.Қалдаяқов.

Халық және халық композиторларының әндері

Қазақ халқының ән өнері ұлттық мәдениетіміздің ауқымды бөлігі. Қазақ әндерінің көпшілігі екі шумақтан, бір қайырымнан кұралған және музыкалық - поэтикалық мазмұны құнарлы әуені сөзіне, сөзі әуеніне сай тұтас бітімді, сұлу сомдалады. Ән, мұраларының тәрбиелік мүмкіндіктері мен әдіс-амалы ұшан-теңіз, халықтың болмыс-тіршілігімен, өмір тынысымен сабақтас бағалы казына. Қазақ әндерінің қоғам өмірімен, тарихымен тығыз байланыстылығы, ұжымдық шығарымашылық сипаты, көркем образдылығы, философиялық ой тереңдігі, синкреттілігі, сан алуан жанрлылығы, көп варианттылығы оқушылардың түйсік-талғамын шарықтатып, көркемдік кажеттіліктерінің, адамгершілік-эстетикалық идеалының қалыптасуына, әсемдікті қабылдай білуді үйренуіне ерекше қолайлы жағдай жасайды.


Халқымызда әншілік өнер жайлы- өлеңші, жыршы, жырау деген ұғымдар бар. Өлеңші-өлең айтушы, орындаушы мағынасында колданылады. Өлең- қазақ поэзиясының негізгі түрі. Көне салт, әдет-ғұрып поэзиясы да, айтыс, ғашықтық жырларының көпшілігі де-ән, өлең ұғымында да, өлең-жыр ұғымында да жүреді.

Қазақ ұғымында жыршы ақын емес, өз жанынан өлең-жыр шығармайды. Ол-негізінен бұрынғы дайын өлең жырларды айтып таратушы.Қазақ халқында әншілік-орындаушылық өнердің ең көп таралған түрі - домбырамен сүйемелдеп орындау.

Ұлттық әншілік өнердің дамуы XIX ғасырда сал-серіліктің қалыптасып, қанат жаюымен тығыз байланысты. Атақты Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Естай сал т.б. ән шығармаларын өздері шығарумен бірге, жоғары деңгейде орыңдай біліп, қазақи әншілік кәсіпкерлік дәстүрді дамытушылар болды. Сал мен серінің ортақ қасиеттері: олар- әрі ақын, әрі әнші, әрі күйші, композитор. Би, спорттық, аңшылық-саяткерлік өнері де бар, елден ерек талғампаз, көңіл аударарлықтай сәнді-әшекейлі киінуге, жүйрік ат, ұшқыр тазы ұстауға тырысқан. Ал айырмашылығы- мінез-құлқындағы ерекшіліктер. Мысалы, серілер тәкаппарлықпен бірге сыпайыгершілікті, биязылықты сақтаса, сал елдің тентегі, еркесі атанып оғаш, қыңыр мінез көрсетіп, әлем-жәлем киініп, түрлі жарқ-жұрқ еткен моншақтар, сылдырмақтар тағынып қалжыңбас, сайқымазақ, әзілқой мінезімен ерекшеленген. Біз өз сабағымызда осы халық және халық композиторларының әндерін фортепиано аспабының сүйемелдеуімен орындаймыз.


Коллоквиум


  1. Вокализ дегеніміз не ?

  2. Сопрано дауысының диапазоны қандай ?

  3. Альт дауысының диапазоны қандай ?

  4. Тенор дауысының диапазоны қандай ?

  5. Бас дауысының диапазоны қандай ?

  6. Баритон дауысының диапазоны қандай ?

  7. Сопрано дауысы қандай түрлерге бөлінеді ?

  8. Альт дауысы қандай түрлерге бөлінеді ?
  9. Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дауысы қалай дамиды?



Үй жұмысына берілетін тапсырма: Студенттерге ОБСӨЖ-ге берілетін вокалдық шығармалардың үлгі репертуары.


Вокализдер.

Ф.Абт. №1-№20 вокализдер.

Зейдлер. №1-№15 вокализдер


Қазақстан композиторларының әндері.

Ш.Қалдаяқов. «Әнім сен едің», «Қайықта», «Арыс жағасында», «Ана туралы жыр».

С.Мұхамеджанов «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Ғашық едім».

Н.Тілендиев «Құстар әні», «Алатау», «Куә бол», «Әке туралы ән», «Бесік жыры».

Е.Хасанғалиев «Гүл сезім», «Анаға сәлем», «Жан досым», «Ауылым әнім», «Атамекен».

А.Жұбанов «Ақ көгершін», «Қарлығаш».

М.Маңғытаев «Іздедім сені», «Ақмаржан».

Ә.Бейсеуов «Сырласу вальсі» «Алтыным», «Бақыт туралы жыр».


Халық және халық композиторларының әндері.

«Ақдариға» (өңдеген Л.Хамиди)

«Бір бала» (өңдеген Б.Ерзакович)

«Әпитөк» (өңдеген Иванов-Сакаловский)

«Елік-ай» (өңдеген Л.Хамиди)

«Шилі өзен», «Бипыл».

Абай. «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай».

Ақан Сері «Қараторғай», «Ләйлім»

Біржан «Көкек»


Мектеп әні

Ө.Байділдаев «Біз-бақытты балдырғандер», «Сүйікті», «Жазда», «Жол жыры».

Д.Ботбаев «Апорт деген тәтті алма», «Жаңбыр шақыру»

Б.Байқадамов «Айгөлек»

Д.Кабалевский «Біздің өлке»

К.Дүйсекев «Жау –жау жаңбыр», «Ана тілін сүйеміз»

Б.Ғизатов «Сүйікті Отаным», «Мектеп вальсі», «Төлдер», «Анамызға мың алғыс»,

И.Нүсіпбаев «Анадай асыл мектебім», «Дос болайық бәріміз» «Айналайын ақ мамам».


ІІІ курс 6 семестр


Тақырып: Дүнижүзілік вокалдық музыканың асыл мұраларымен таныстыра отырып, мүмкіндігінше шығармаларды сол елдердің өз тілінде орындатқызу.

Түрлі бағыттағы вокалдық шығармалар мен стильдер, жанрлармен танысу.



Қарастырылатын мәселелер:

1.Техникалық, көркемдік орындаушылық шеберлігін талап ететін шығармалар дайындау.

2.Операдан ариялар, ариеталар мүмкіндігінше күрделі романыстар орындатқызу.

3.Вокалдық-техникалық, көркемдік орындаушылық дағдыларды игеру процесін нығайту, шыңдау.

4.Түрлі бағыттағы вокалдық шығармалар мен стильдер, жанрлармен танысу.

5.Ән айту, оны үйренуге арналған методикалық нұсқаулер мен вокалдық әдебиеттер, сөзіктермен жұмыс жасау.

6.Вокал өнеріндегі танымал әншілер, орындаушылармен, шетел композиторларының шығармашылығымен танысу.

7.Мектеп әндерін орындау және оны тиісті деңгейде сүйемелдеуге жаттығу.

8.Балалар дауысының типтері және оның ерекшеліктерімен жеке таныстыру.

Әншілік (вокалдық өнер)- музыканы әншінің дауыспен орындауы, музыкалық шығарманың образды идеялық мазмұнын әнші дауысының мәнер-күшімен жеткізу, ашу өнері. Әнші өнерінің жеке, ансамбльдік және хор түрлері бар. Әнші өнерінің ансамбльдік түріне екі дауысты-дуэт, үш дауысты-трио, төрт дауысты-квартет т.б. жатады. Ал көп дауысты хор-аспаптық сүйемелмен немесе сүйемелсіз-акапелламен орындалады. Әншілік негізінен-опералық және камералық жанрларға бөлінеді. Опералық әншілік-вокалдық өнердің барлық түрін қамти отырып, театр ойын-сауық өнерімен, драмалық әрекетпен тығыс астасып жатса, камералық әншілік-лирикалық әндер мен романстарды орындайтын жеке әншілерді шағын вокальдық ансамбльдерді қамтиды. Әншілік өнері орындаушылық тәсілі (вокальдық стиль) тұрғысынан-әуенділік, декламациялық, коларатуралық стильдерге бөлінеді. Әуенділік стиліне кең таныстылық, созымдылық, сазды, әуезді кантилена басым болса, декламациялық стиль- музықалық тақпақ, речитатив іспеттес сөйлеу тілімізге жақын келеді. Ал әншілік стилінің коларитуралық түрінде ән мелодиясы текспек тікелей байланысын жоғалтып, өзінің характері жағынан музыкалық аспапта ойнау техникасына жақындайды.


Дүниежүзілік вокалдық музыканың асыл мұраларының ең сүбелісі-опера. Сіздер ойлағанысздарма, опера театрының өз тыңдаушыларын қатты баурап алуының сыры неде екенін? Неге опер театрында толғандыратын атмосфера патшалық құрады? Операның қайталанбас ғажайып сыры неде?

Бұл сұрақтарға жауап беретін операның өзі, оның табиғатында және музыкалық жанрында. Опера өте ертедегі өнердің театр және музыкалық қосылуынан пайда болған. Ал енді біз опера, ария, романс жанрларына тоқтала кетейік:

Опера деген Италия тіліндегі шығарма, “еңбек” деген ұғымнан пайда болған, музыка өнерінң ішіндегі ең көлемді жанрдың бірі. Опера деп көлемді оқиғаны баяндайтын әншілер, хор, оркестр, бишілер т.б. көптеген өнерлердің қосындысынан пайда болған музыкалық драмалы жанрдың түрін айтамыз.Опера жанры 16-ғасырда Италияда пайда болып, кейінрек Европа, Азия елдерінде тарап кеткен. Опера жанрының өмірге келуіне бірнеше себеп болған-өнердің өзіндік музыкалы драмасы. Опера жанрын көлемді жанрлардың қатарына қосу себебі операда ең әуелі либретто болуы шарт, сахна бейімделген драмаға ыңғайлап музыка жазылып, онда ән, ария, ариоза, каватина, дуэт, трио, квартет, оркестр, хор, би өнерлерімен ұйымдар қатысып қоймай, сахналық көріністер (декорациялар), костюмдер, түрлі шұғыла жарықтар арқылы көрсетілетін музыкалық драма пайда болады.

Композитор толғанысын белгілі либреттоға негіздей отырып, оған музыка жазуға кіріседі.

Оперның музыка желісі либреттодағы өмір оқиғаларында ән, ария, ариоза, хор, би, оркестр тілдеріне шеберлікпен түсіріп, тыңдаушымен көрерменді музыкасының әдемілігі, жүрек сырын шертетіндігімен құлаққа жағымды, жүрекке қонымды, адамның жанын тербететін музыка әуенімен еліктетеді. Опера мазмұны үлкен тарихи болған оқиғалардың негізінен құрылып, драматургиялық қайшылықтарды, философиялық ой өрістерін өзек етіп, тыңдаушы менкөреуші қауымын, жеке кейіпкерлердің мінез-құлқын музыка тілімен баяндап отырады.

Музыка тарихында опера жанрына елеулі еңбек сіңірген композитор классиктер көптеген түрлі операларды жазып, өнердің алтын қазына қатарына үлестерін қалдырды. Бұл жөнінде Моцарттың “Свадьба Фигаросы”, Вагнердің “Тангейзері” Россинидің “Цивиль шаштаразшысы” , Вердидің “Аидасы”, Пуччинидің “Чио-чио-саны”, Глинканың “Иван Сусанині” , «Русланмен Людмиласы», Чайковскийдің “Евгений Онегині”, “Қарғаның мәткесі”, Мусоргскийдің “Борис Годуновы”, “Хованщинасы”, Доргомыжскийдің “Русалкасы”, Бородиннің “Князь Игорь”, Римский-Корсаковтың “Садкосы”, Хренниковтың “Аннасы”, Шаропиннің “Жас гвардиясы”, Бурсиловскийдің “Қыз жібегі” “Дударай”, “Ер Тарғыны”, Төлебаевтің “біржан-Сраасы”, Жұбанов пен Хамидидің “Абайы”, Е.Рахмадиевтің “Қамар сұлуы”, Алпамысы”, С.Мұхамеджановтың “Айсұлу” т.б. көптеген шығармалар сахнадан орын алды.


Ария деп-көлемді драматикалық көтеріңкі шабытпен айтылатын операның, ораториясымен квантатаның бас кейіпкерлерінің жеке дауыспен, оркестр сүйемелдеуімен орындайтын әнін айтамыз. Мысалы: композиторлар: А.Жұбанов пен Л.А. Хамидидің “Абай” операсының бірінші және төртінші актысындағы Абайдың ариясы, М.Төлебаевтың “Біржан-Сарасындағы”Біржанның ариясын, М.И.Глинканың “Русланмен Людмиладағы” Русланның ариясын айтуға болмайды.Қорытып айтсақ, ария- операдағы бас қаһарманның түпкі ойымен мақсатын жинақтап көсететін күрделі идеалы шығарма.

Ария жанры соңғы кезде кейбір музыка аспаптарына да арналып жазылып жүр. Мысалы, композитор А.Жұбанов халық аспабы қобыздың үніне “Ария” жазды. Бұл арияның бас лирикалық методикасы қоңыр дауыспенбасынан аяғына дейін толқындалып, адамның жүрегіне қайғылы мұңын шаққандай болады.

Алуан сиқырлы үні бар қобыз аспабы ерте кезде бақсылардың қолында зарлы үн шығарса, міне , біздің Қазақстан дәуірінде халықтың көңіл-күйін жырлайтын өнерге айналды.Фатима Балғаева секілді қазақ қызының шебер ойнауыменБерлиндегі дүниежүзлік жастар фестивальіндегі Ахмет Жұбановтың “Көктем”, “Ария” атты шығармасыментаныстырған болатын.

Романс-романс деген испан сөзі. Орта ғасырларда Испанияда жергілікті роман тілінде айтылатын лирикалық әндер пайда бола бастаған. 16-ғасырдан бастап романс деген жанр тұрақталып, басқа европалық елдерге тарайды. 18-19 ғасырларда романс деген сөз мағынасы кеңейіп, жеке дауысқа арналып, музыкалық сүйемелдеумен жазылған күрделі де кең екпінді шығармаларда айтатын болған. Романс-музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен бір дауысқа жазылған лирикалық ән.

Романстың әнмен айырмашылығы сол екі-үш бөлімнен құралып, фортепианоның сүйемелдеу партиясы жеке дауыспен таласқан болып айтылады. Мысалы, композитор Шуберттің “Мельникр ручей” деген романс үш бөлімнен құралған. Бұл романстың мазмұнында жас бала бұлаққа келіп, өзінің сүйіспеншілік қайғысын жорытады. Бұлақ суы оны жұбатады . Бұнда композитор адам баласын табиғат пен сөйлестіру түспен салыстыру шеберлігін музыка мелодиясының ырғағы мен көрсете білген.


Қазақстан композиторлары С.Мұхамеджановтың “Жарық етпес қара көңілімне қылсада”, Иванов-Сокольскийдің “Айсұлу”, Д.Д.Мацуциннің “Күтемін сені”, Григтің “Сүйемін сені”, “Түс” және Чайковскийдің “Растворил я окно” деген ромостарының құрылымы мен жоғарғы да айтқанды дәлелдейді.

Романс тек дауысқа ғана жазылып қоймай, соңғы кезде музыка аспаптарына да арналып жазылып жүр. Мысалы, А.Жұбановтың қобызға, К.Күмісбековтың виолинчельге арналып жазылған романстарын естеріңе түсіріңдер. Жәй әндермен романстан басқа көлемді әндер де бар, оларды ария, ариетта, ариоза, каватина баллада деп атайды. Ария, ариоза, ариетта, каватина терминдері Италия сөздері.

Міне дүниежүзілік деңгейде орындалатын вокалдық музыканың асыл мұраларына шолу жасап таныстырып өттік, осы семестрде орындайтын шығармаларымызға теориялық негіз болады деген ойдамыз. Пәннен алған осы кезеңдегі дәріс мектептерде ұйымдастырылатын тақырыптық лекция – концерттерде ән байқауларында, педагогикалық іс-тәжрибе кезінде қорытындыланады. Вокалдық–педагогикалық процестің нәтижелі өтуіне пәннен реферат жазу, ән айту және оны үйренуге арналған методикалық нұсқаулер мен вокалдық әдебиеттер, сөзіктермен жұмыс жасау және вокал өнеріндегі танымал әншілер, орындаушылармен, шетел композиторларының шығармашылығымен танысу оған қоса мектеп әндерін орындау және оны тиісті деңгейде сүйемелдеуге жаттығу, балалар дауысының типтері және оның ерекшеліктерімен жеке танысу білім дәрежесіне бағалы үлес қосады.

Мектеп әндері

Келесі кезекте студентті мектеп әндерімен таныстыру. Алынған шығарманың ноталық текстін айтып беру. Балалар мен жастар әндерінің бәріне тән ерекшекліктері олардың ойнақылығы, эмоциялық көңіл күйінің көтеріңкілігі, дидактикалық мән-мағынасы күнделікті оқу тәрбие жұмыстарында пайдалануға өте қолайлы жағдай жасайды. Мектеп әнін игеру барысында студенттерді балалардың дауыс диапазондарымен таныстыру керек. Балалар даусының диапазоны мынадай болып келеді:

1-2-сынып дауыс диапазоны ре 1 октава – си 1 октава


3-4 сынып дауыс диапазоны до 1 октава – ре 2 октава

5 сынып дауыс диапазоны до 1 октава – ми, фа 2 октава.

Сондай ақ вокалды-педагогикалық процеске, студенттерді

өзінің даусымен және шығармаларды орындау үшін, өз бетінше жұмыс істей алуға тәрбиелеу ісі табиғи ұштастырылады. Өз бетінше жұмыс жасау түрлері:


  • таныс емес шығарманың әуенін аспапта орындай алу;

  • шығармаға музыкалық, теориялық, вокалдық талдау жасау;

- пәннен алған теориялық білімін, техникалық дағдыларын тиісті деңгейде қолана білу.


Глоссари

  1. Романс

  2. Опера

  3. Ария

  4. Хор

  5. Хорда кездесетін дауыс түрлері




  1. 1 – сынып балаларының дауыс диапазоны

  2. 2 – сынып балаларының дауыс диапазоны

  3. 3– сынып балаларының дауыс диапазоны

  4. 4 – сынып балаларының дауыс диапазоны

  5. Орта буын сыныптарындағы балалар дауыс диапазоны


Үй жұмысына берілетін тапсырма: Студенттерге ОБСӨЖ-ге берілетін вокалдық шығармалардың үлгі репертуары.

Қазақстан композиторларының шығармалары (әндер, романстар, операдан ариялар)

Е.Брусиловский «Қыз Жібек» операсынан Жібектің әні «Гәкку».

А.Жұбанов, Л.Хамиди «Абай» операсынан Абайдың ариясы, Ажардың ариясы, Айдардың әні.

Ш.Қалдаяқов «Қуаныш вальсі», «Бақыт құшағында», «Ақ бантик», «Қыз сағынышы», «Ақ маңдайлым».

М.Төлебаев «Біржан Сара» операсынан Біржанның ариясы, Сараның ариясы, Алтынайдың әні.

Н.Тілендидев «Кел еркем, Алатауыңа»,

Л.Хамиди «Қазақ вальсі»


Шетел композиторларының әндері

А.Варламов «На заре ты ее не буди», «Горные вершины».

А.Алябьев «Вечерный зон», «Я вас любил».

П.Булахов «Колокольчики мои», «И нет в мире очей».


М.Глинка «Не пой красавица при мне», «Ты саловушка, умолкни».


Ансамбльде (Ансамбль, дуэт, трио)

Ө.Байділдаев «Туған ел».

С.Байтереков «Дос туралы жыр».

Ә.Бейсеуов «Алматым жүрегімде», «Көктем тағы келеді» («Қыр жиырмаға толғанда» спектальінен дуэт).

Ш.Қалдаяқов «Арыс жағасында», «Кешікпей келем деп ең», «Шынарым», «Түнгі оттар».

А.Қоразбаев «Әгугәй домбыра».

С.Мұхамеджанов «Әйтеуір сол бір сұлу», «Тербеледі тың дала», «Ұмыттың ба әлде», «Ғашық елім» қайтейін.

И.Нүсіппаев «Өмір қандай тамаша», «Дос болайық біріміз».

М.Ілиясов «Мерекем сен», «Мен саған өкпелемеймін».


Мектеп әні (өз сүйемелдеуімен).

Ө. Байділдаев «Біз-бақытты балдырған.», «Сүйікті», «Жазда», «Жол жыры».

Д. Ботбаев «Апорт деген тәтті алма», «Жанбыр шақыру».

Б. Байқадамов «Айгөлек».

К. Дүйсекеев «Жау-жау жаңбыр», «Ана тілін сүйеміз».

К. Қуатбаев «Космановтар жұлдыздар», «Сурет сабағы», «Сұр қоян», «Ән сабағы»

Д. Кабалевский. «Біздің өлке»

Л. Хамиди. «Мамыр жыры», «Туған ел», «Елка жыры», «Сәлем мектебім», «Күшік пен көбелек»

И. Нүсіпбаев «Мұғалім – ғазиз мұғалім», «Кітап», «Мұғалім ол біздің», «Домбыра сазы»