https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3

Пән бойынша оқыту бағдарламасының титул парағы

(Syllabus)







Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Химиялық технология және жаратылыстану факультеті


Химия және химиялық технологиялар кафедрасы


ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Химия


5В072400- Технологиялық машиналар және жабдықтар

5В073000- Құрылыс материалдардың бұйымдары

мамандықтарының студенттері үшін


Павлодар

Пән бойынша оқыту бағдарламасын бекіту парағы

(Syllabus)





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19



БЕКІТЕМІН

ХТжЖ факультетінің деканы _______ Ахметов Қ.Қ

«___»____ 201__ж.


Құрастырушы: аға оқытушы _____________________ Оралтаева А.С.


Химия және химиялық технологиялар кафедрасы


Пән бойынша оқыту бағдарламасы

(Syllabus)

Химия


5В072400- Технологиялық машиналар және жабдықтар

5В073000- Құрылыс материалдардың бұйымдары

мамандықтарының студенттері үшін


Бағдарлама «____» _________201__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде әзірленген

Кафедра отырысында ұсынылды «___»____________201__ж.


Хаттама №_____.


Кафедра меңгерушісі м.а._________________ Несмеянова Р.М.


ХТжЖ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

«_____»______________201__ж. Хаттама №____


ОӘК төрайымы ___________________ Каниболоцкая Ю.М.


1. Оқу пәнінің төлқұжаты

Пәннің атауы: Химия

ЖЖО

Кредиттер саны және оқыту мерзімі

Барлығы – 2 кредит

Курс: 1

Семестр: 2

Барлық аудиториялық сабақтар – 30 сағат

Дәрістер – 15 сағат

Зертханалық сағаттар- 7,5 сағат.

Практикалық сағаттар – 7,5 сағат

СӨЖ – 60 сағат.

Оның ішінде СОӨЖ – 15 сағат.

Жалпы еңбек сыйымдылығы – 90 сағат


Бақылау түрі

Емтихан - 2 семестр

Пререквизиттер:

Химияны ойдағыдай меңгеру үшін студенттер жоғары математиканың толық курсын, жалпы физика толық курсын (атом құрылысы, электр құбылыстары, молекулалық физика, кванттық физика түсініктері), мектептегі зерттеген химия курсын жете білу қажет.

Постреквизиттер:

Құрылыс материалдардың химиясы

Металдарды қысыммен өндеу

Оқытушы жайлы мәліметтер:

аға оқытушы Оралтаева Алмагуль Слямбековна,

оқытушы Смагулова Арайлым Бахтыбековна

Химия және химиялық технологиялар кафедрасы (А-511)

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті

Тел. (8-7182) 673651

Е-mail: [email protected] [email protected]


3. Студенттердің біліміне, дағдыларына, істей білу қабілеттіліктеріне қойылатын талаптар

Оқыту міндеттері:

  • студенттердің қазіргі химия ғылымының негізін, химияның арнаулы бөлімдерін жете меңгеру;


  • зертханалық жұмыстар, тәжірибелік жұмыстар жүргізіп, қорытынды шығара білу;

  • әр түрлі есептерді шығара білу, қарапайым химиялық жағдайларға болжам жасау.

Пәнді оқудағы студенттердің алатын негізгі білімі

  • Химиядан керекті пәндерді ойдағыдай оқу үшін және қазіргі техникада қолданылатын жаңа химиялық материалдарды дұрыс пайдалану үшін қажетті жан-жақты білім алу;

  • химиялық алу тәжірибесінің негіздерімен таныстыру;

  • халық шаруашылығын химияландыру және химияның дамуымен байланысты сұрақтар мәні мен мағынасын игеру;

  • өндірістің экологиялық проблемаларымен таныстыру.

Пәнді оқу арқылы студенттердің негізгі істеп білу қабілеттерінің қалыптасуы

  • теориялық және есептемелік сипатты химиялық есептерді шешуі;

  • анықтамалық және арнайы әдебиеттерді пайдалану;

  • тәжірибе жүзінде алынған мәліметтерге сүйене отырып, химиялық есеп шығару, техникалық меңгеру.

4.Студенттердің біліміне, дағдыларына, істей білу қабілеттіліктеріне қойылатын талаптар

Оқыту міндеттері:

  • студенттердің қазіргі химия ғылымының негізін, химияның арнаулы бөлімдерін жете меңгеру;

  • зертханалық жұмыстар, тәжірибелік жұмыстар жүргізіп, қорытынды шығара білу;

  • әр түрлі есептерді шығара білу, қарапайым химиялық жағдайларға болжам жасау.

Пәнді оқудағы студенттердің алатын негізгі білімі

  • Химиядан керекті пәндерді ойдағыдай оқу үшін және қазіргі техникада қолданылатын жаңа химиялық материалдарды дұрыс пайдалану үшін қажетті жан-жақты білім алу;

  • химиялық алу тәжірибесінің негіздерімен таныстыру;

  • халық шаруашылығын химияландыру және химияның дамуымен байланысты сұрақтар мәні мен мағынасын игеру;
  • өндірістің экологиялық проблемаларымен таныстыру.


Пәнді оқу арқылы студенттердің негізгі істеп білу қабілеттерінің қалыптасуы

  • теориялық және есептемелік сипатты химиялық есептерді шешуі;

  • анықтамалық және арнайы әдебиеттерді пайдалану;

  • тәжірибе жүзінде алынған мәліметтерге сүйене отырып, химиялық есеп шығару, техникалық меңгеру

5. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары


Сабақтың түрі бойынша академиялық сағаттарды бөлу


р/с

Тақырыптардың атауы

Сабақтардың түрі бойынша аудиториялық сабақтардың саны

СӨЖ

Дәріс

Тәж.

Зерт.

Барл.

оның ішінде СМӨЖ

1

Тақырып 1. Кіріспе. Химиялық процестердің журу зандылыктары. Атом-молекулалық ілімнің негіздері.

1

2

1

5

1

2

Тақырып 2. Атом құрылысы және периодтық заң.

1

2

1

6

2

3

Химиялық байланыс.


1

-

-

2

1

4

Вернердің координациялық теориясы және комплексті қосылыстардың құрылысы туралы қазіргі көзқарастар

1

-

-

2

1

5

Химиялық процестердің энергетикасы. Химиялық термодинамика.

2

2

2

6

2

6

Химиялық кинетика

2

2

2

6

1

7

Ерітінділердің жалпы қасиеттері

1

-




6

1

8

Электролит ерітінділеріндегі реакциялар

1

-




4

1

9

Сулы ерітінділердегі тотығу-тотықсыздану реакциялары

1

2

1,5


6

1

10

Электрохимиялық процестер

1

-

-

5

1

11

Металдардың коррозиясы және одан қорғау

1

-

-

4

1

12

Су және отын химиясы. Қоршаған ортаны қорғау

1

-

-

4

1

13

Полимерлі материалдар және олардың қолданылуы

1

-

-

4

1

Барлығы: 90 (2 кредит)

15

7,5

7,5

60

15


Пәннің тақырыпты мазмұны

1.1 Кіріспе

Химия ғылымы. Материя және қозғалыс туралы түсінік.Химияның жаратылыстану ғылымдарының жүйесіндегі орны.Өнеркәсіптік өндірісті химияландыру. Химияның табиғаттану мен техника дамуындағы маңызы, оның жылуэнергетика саласында қолданылуы.

1.2 Атом- молекулалық ілімінің негіздері.


Химияның негізгі түсініктері: атом, молекула, жай зат, химиялық қосылыс.

Химиялық элемент. Изотоптар. Атомдық және элементтік массалар.Молекулалық масса. Моль, молярлық масса. Атом- молекулалық ілімнің негізгі заңдары. Заттар массасының сақталу заңы, еселі қатынастар заңы, құрам тұрактылық заңы, көлемдік қатынастар заңы, Авогадро заңы.

Құрамы тұрақты және ауыспалы қосылыстар.

Химиялық жүйе туралы ұғым және оның сипаттап жазу әдістері.Фаза, компонент. Гомогенді және гетерогенді жүйелер.

Газ жүйелері. Газ заңдары.Идеалды газ. Газ тұрақтысы. Менделеев-Клапейрон теңдеуі.Қоспадағы газдың парциалды қысымы. Газдардың салыстырмалы тығыздығы.

Сұйық жүйелер. Ерітінділер.Ерітіндідегі зат күйі.

Қатты жүйелер. Кристалдар, аморфты денелер және шынылар.Кристалдық тор туралы ұғым. Қатты ерітінділер. Бейстехиометриялық қосылыстар.

1.3 Атом құрылысы және периодтық заң

Атом құрылысының қазіргі теориясының эксперименталдік негізі. Ядро және электрон қауызы. Атомның планетарлық моделі және Бор постулаттары

Моделдің қарама қайшылықтары.

Микробөлшектер табиғаттарындағы дуализм. Элементарлы бөлшектің толқындық табиғаты. Де Бройль теңдеуі, Гейзенбергтің анықталмағыштық принципі.

Сутек атомы. Атомның квант-механикалық моделі. Бірэлектронды атом Шредингердің толкындық теңдеуі.Кванттық сандар, олардың өзгеру шектері.Толқындық функция және атомдағы электрондық тығыздық, s, p, d, f

Атомдық орбиталдар түрлері.

Көпэлектронды атом. Электронаралық тебіліс және оны есепке алу. Жеке электронға әсер ететін эффективті заряд. Атомдардың электрон қаыузын толтыру. Паули принципі. Хунд ережесі.Клечковский ережесі.

Электрон қаыузының құрылысының периодтылығы. Электрондардың орбиталді энергиялары. Иондану потенциалдары және периодтық жүйедегі элементтердің орналасуына байланысты атомдардың электрон тартқыштығы.


Элементтердің электротерістігі.

Периодтық заңның мазмұны.Периодтық заңның қазіргі интерпретациясы.

Периодтық кестенің варианттары.Толық және толық емес электрондық аналогтар. Периодтық жүйедегі элементтердің маңызды қасиеттерінің топ және период бойынша өзгеруі.

1.4 Химиялық байланыс

Атомдардың әрекеттесуі. Химиялық байланыстар түзілуінің себептері.

Химиялық байланыстар табиғаты. Сутек молекуласы және оны сипаттап жазу әдістері. Валенттік байланыс(ВБ) жәнемолекулалық орбиталдар(МО) әдістері.Атомдық орбиталдардың бүркесу қөабілеттіліктері және σ-,π- байланыстар. Байланыс реті. Химиялық байланыстар сипаттамалары – энергиясы, ұзындығы.

ВБ әдісі және орбиталдардың гибридтенуі. Атомның валенттік күйі.

Көпатомды молекулалардағы коваленттік байланыс. Донорлы- акцепторлы әрекеттесу. Химиялық коваленттік байланыстың бағытталуы және қанымдылығы. Валенттік қауыздағы электрон жұптарының тебісу теориясы және молекулалардың кеңістіктегі құрылысы.

Химиялық байланыс және кристалдар типтері. Металдар, шалаөткізгіштер және диэлектриктердегі байланыс. Кристалдық торлардың ақаулары. Қатты ерітінділер.

Иондық байланыс. Кристалдық тордағы иондардың әрекеттесуі.

Металдық байланыс.

Сутектік байланыс. Молекулааралық әрекеттесу. Ван-дер-Ваальс күштері. Дисперсиялық, диполь-дипольді және молекулааралық әрекеттесулің басқа да түрлері.

1.5 Вернердің координациялық теориясы және комплексті қосылыстардың құрылысы туралы қазіргі көзқарас.

Вернердің координациялық теориясының негізгі қағидалары. Комплексті қосылыстардың құрылымы. Негізгі түсініктер; орталық ион, лиганд, комплексті бөлшек, сыртқы сфералық ион, координациялық сан, дентаттылық. Комплексті қосылыстардың классификациясы және номенклатурасы. Комплексті қосылыстардың түзілуінің донорлы-акцепторлы механизмі. Комплексті қосылыстардың сулы ерітінділеріндегі диссоциациясы. Комплексті қосылыстардың тұрақсыздық және тұрақтылық константалары. Комплексті қосылыстар изомериясы. Комплексті қосылыстардың табиғатта және техникадағы маңызы.


1.6 Химиялық процестердің энергетикасы. Химиялық термодинамика.

Химиялық реакциялардың энергетикалық сипаттамалары. Интенсивтік және экстенсивтік параметрлер. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Химиялық процестердегі энергияның және жұмыстың айналуы. Термохимия. Энтальпия туралы ұғым. Эндо- экзотермиялық реакциялар. Гесс заңы. Стандартты күй және зат түзілуінің стандартты энтальпиясы. Реакциялардың жылу эффектілерін есептеу.

Термодинамиканың екінші бастамасы. Энтропия туралы ұғым. Фазалы және химиялық айналулар кезіндегі энтропияның өзгеруі.Реакциялардың өздігінен жұру мүмкіншілігіне сипаттама тәрізді тұйықталған жүйедегі энтропияның максимумге ұмтылуы.Химиялық реакциялардағы энтропия өзгерісінің таңбасын бағалау.

Гиббс энергиясы. Жабык жүйелердегі процестің өздігінен жүру мүмкіншілігінің термодинамикалық критериі ретіндегі Гиббс энергиясының азаюы. Реакциядағы Гиббс энергиясының стандартты өзгеруі. Гиббс энергиясының өзгеруінің температураға, қысымға және әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігі.

1.7 Химиялық кинетика

Кинетика және химиялық реакциялардың механизмі. Химиялық реакциялардың жылдамдығы және оған әсер ететін факторлар. Реакцияның жылдамдығына реагенттер концентрацияларының әсері. Реакцияның кинетикалық теңдеуі. Реакция реттілігі. Вант-Гофф ережесі. Реакция жылдамдығының тұрақтысы және оның температураға тәуелділігі Активтену энергиясы. Аррениус теңдеуі. Реакцияның энергетикалық диаграммасы. Реакция механизмі туралы ұғым. Реакцияның молекулалығы. Катализ және катализаторлар. Гомогенді және гетерогенді катализ. Ингибиторлар.

Химиялық тепе-теңдік. Қайтымды және қайтымсыз химиялық реакциялар.

Химиялық тепе-теңдікті сипаттаудағы кинетикалық және термодинамикалық тәсілдер. Химиялық тепе-теңдіктің тұрақтысы және оны өрнектеудің тәсілдері. Химиялық тепе-теңдіктің тұрақтысының Гиббс энергичсының стандартты өзгеруімен байланысы. Химиялық тепе-теңдіктің жағдайлардың өзгеруіне орай ығысуы. Ле-Шателье принципі.


1.8 Ерітінділердің жалпы қасиеттері

Гомогенді көпкомпоненті жүйелер – ерітінділер. Сұйық ерітінділер.Еріткіш және еритін зат. Ерігіштік. Еру жылуы.Ерітінділердің концентрациясын көрсету жолдары. Қаныққан, қанықпаған, аса қаныққан, сұйытылған және концентрлі ерітінділер. Сольватация, гидратация. Идеалды ерітінді туралы ұғым.

Ерітінді үстіндегі қысым және бу құрамы. Генри, Дальтон, Сеченов заңдары.

Ерітінділердің коллигативті қасиеттері. Рауль заңы. Осмос және осмостық қысым. Вант-Гофф теңдеуі. Ерітінділердің кристалдануы және қайнауы. Криоскопия және эбуллиоскопия. Изотондық коэффициент. Еріген зат пен ерітіндінің әрекеттесуі.

1.9 Электролит ерітінділеріндегі реакциялар

Судың электролиттік диссоциациясы. Судың иондық көбейтіндісі, сутектік көрсеткіш.

Электролиттің диссоциациялану дәрежесі мен тұрақтысы. Оствальдтың сұйылту заңы. Ерітінділердің активтілігі және иондық күші туралы ұғым. Электролит ерітінділерінің жылуэнергетикада қолданылуы.

Ерігіштік. Ерігіштік көбейтіндісі. Тұнбасы бар ерітіндідегі иондар тепе-теңдігі.

Қышқылдар және негіздер. Қышқылдар мен негіздер теориясы. Қышқылдық-негіздік әрекеттесудегі еріткіштің ролі.

Тұздардың гидролизі. Гидролиздену тұрақтысы мен дәрежесі. Гидролиздің сатылану сипаты. Қайтымды және қайтымсыз гидролиз.



следующая страница >>