https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 4 5 6 7

Объектілерді жабық қапшыққа көшіру және жылжыту

Объектілерді басқа қапшықтарға бұл қапшықтарды ашпай-ақ көшіруге немесе жылжытуға (ауыстыруға) болады. Ол үшін жабық қапшыққа орналастыратын файл белгішесін тышқанмен іліп алып, оны файлды орналастыратын қапшық белгішесіне тасымалдап, маустың батырмасын босату керек.

Меню командалары арқылы көшіру және жылжыту

Объектілерді жылжытуда ’’апарып қою’’ әдісі үнемі қолайлы бола бермейді. Сондықтан Правка менюінің Көшіру (Копировать), Қию (Вырезать) деп аталатын кандаларын пайдалануға болады. Бұл командаларды пайдаланғанда, ақпарат алдымен алмасу буферіне орналастырылады. Алмасу буферін пайдалану негізі Windows’98-дің барлық жүйелері мен қолданбалары үшін бірдей.

Алмасу буфері –жылжытылатын немесе көшірілетін ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі. Алмасу буферіндегі ақпарат оған жаңа ақпарат бөлігі келіп түскенше сақталады, ал содан кейін алдыңғы ақпарат жойылады.

Алмасу буферінің көмегімен деректерді әр түрлі құжаттар мен қолданбалардың арасында алмастырып отыруға болады. Алмасу буферін пайдалану үшін, алдымен деректерді оған орналастырып (сақтап) қояды да, содан кейін одан алып қажетті құжатқа кірістіреді. Бұл процедураны қиып алып кірістіру немесе көшіріп алып кірістіру процедурасы деп атайды.

Көшіру деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың Алмасу буферіне осы деректердің көшірмесі түрінде орналастырылуын айтады.

Қиып алу деп алғашқы құжаттағы белгіленген ақпараттың берілген құжаттан алынып, алмасу буферіне орналастырылуын айтады.

Кірістіру деп қазіргі кезде алмасу буферінде бар ақпараттарды құжаттың қажетті жеріне кірістіруді айтады.

Алмасу буферіндегі ақпараттар компьютерді өшіргенше немесе онда басқа ақпараттар жіберілгенше сақталады. Алмасу буферіндегі ақпараттарды осы құжатқа, сондай-ақ Windows-тың басқа да қолданбаларына кірістіру үшін бірнеше рет қолдануға болады.



Копировать Вырезать және Вставить командаларын

пернетақтаның көмегімен объектілерді көшіру үшін Ctrl+C,

қиып алу үшін Ctrl+X, қажетті орынға кірістіру үшін Ctrl+V

пернелерін басып шақыруға болады.


Қапшықтардың, файлдардың немесе таңбашалардың аттарын өзгерту

Объектілердің аттарын өзгертудің бірнеше әдістері бар:


  1. Объектіні белгілеп тышқанның оң батырмасын басу, қосымша менюден Переименовать командасын орындау

  2. Белгіленген объектінің қапшық терезесінің менюдегі Файл – Переименовать командасын орындау

  3. Объектіні делгілеп оның атында тышқанның батырмасын шерту, жаңа ат жазу

  4. Объеектіні белгілеп Ғ2 пернесін басу, жаңаат жазу

Қапшықтарды, файлдар мен таңдашаларды жою

Объектіні немесе объектілер тобын жоюдың бірнеше жолы бар:

1.Объектіні белгілеп, Delete пернесін басу

2.Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Файл командасын басу

3. Белгіленген объектіде тышқанның оң батырмасын басып, қосымша менюден Файл - Удалить командасын басу

4.Объектіні немесе объектілер тобын белгілеп, тышқанның сол батырмасын басып тұру арқылы Себет (Корзина) белгішесіне апару

Өшірілген объектілер Себетте (Корзинада) оны жойғанша немесе қалпына келтіргенше сақталады. Себеттегі объектіні қалпына келтіру үшін, оны белгілеп Файл – Востановить командасын орындау керек немесе тышқанның оң батырмасын шертіп қосымша менюден Востановить командасын орындаймыз.

Себетті тазалау

  1. Себетті ашу, файлдарды белгілеп Delete пернесін басу.
  2. Себет белгішесінде тышқанның оң батырмасын шертіп, қосымша менюден Очистить корзину командасын орындау.


Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Объектілерді көшіру мен жылжыту дегеніміз не?

  • Объектілерді көшірудің қандай жолдары бар?

  • Объектілерді жылжыту әрекеті қалай орындалады?

  • Алмасу буфері дегеніміз не?

  • Объектілерді жоюдың қандай жолдары бар?

Үйге тапсырма: Объектілермен жұмыс істеу. Корзинаны қалай тазалайды?


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Пән аты: Информатика

Класы

Сабақ тақырыбы: Қорытынды сынақ жұмысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың 7 сыныптағы алған білімдерін тексеру және бағалау.

Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа,тиянақтылыққа үйрету:

Дамытушылы: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын

дамыту:

Сабақтың түрі: Сынақ сабақ.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Тесте берілген сұрақтарға жауап беру.

4. Тест сұрақтарын талдау.

5. Үйге тапсырма беру.

Тест сұрақтары:

1. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал...

А) Компьютер Ә) Модем Б) Калькулятор В) Машина.

2. Бірінші ЭЕМ қай жылы жасалды және ол қалай аталды.

А) 1823, МИНСК Ә) 1946, ЭНИАК Б) 1951. ІВМ В) 1949, ЭНИАК

3. Қай сөйлем дұрыс.

А) Пернетақта- енгізу құрылғысы В) Принтер- енгізу құрылғысы

Ә) Пернетақта- шығару құрылғысы Б) Монитор- енгізу құрылғысы

4. Компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы-

А) Сканер Ә) Плоттер Б) Прцессор В) СД-РОМ

5. Иілгіш дискетаны оқуға арналған құрылғы-

А) Принтер Ә) Дискжетек Б) Процессор В) СД-РОМ

6. Ақпаратты шығару құрылғыларын көрсетіңіз...

А) Монитор, принтер