https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Ф КГМА 4/3 – 06/ 01


ИП №6 УМС при КазГМА от 14 июня 2007г.

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Гистология курсымен сот медицинасы, патологиялық анатомия кафедрасы





Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс


Тақырып: Минералдар алмасуыныњ бұзылуы. Тас түзілу.


Мамандық: «051302 – Стоматология»


Пән: патологиялық анатомия


Курс: III


Құрастырушы: доц. Айтқұлов М.Т.



Қарағанды-2009


Тақырып : Минералдар алмасуыныњ бұзылуы. Тас түзілу.

Мақсат: Морфологиялық нышандарға сүйене отырып минералдар алмасуының бұзылуының (минералды дистрофия) себептерін, морфогенезін, организмге әсері мен ақырын анықтай білу.

  • Оқыту міндеттері:

  • минералдар алмасуының бұзылуының анықтамасы білу.

  • организм үшін минералдар мен микроэлементтердің маңызы.

  • минералдар алмасуының бұзылу себептерін, түрлерін, морфогенезін игерту.

  • морфологиялық нышандары негізінде минералдар алмасуының бұзылуын басқа потологиялық үрдістерден ажырата білу.

  • макро-және микробейнелік нышандары негізінде минералдар алмасуының бұзылуын басқа потологиялық үрдістерден ажырата білу.

  • минералдар алмасуының бұзылуының организмге әсерін және ақырын бағалау.

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Минералды дистрофиялар ұғымына түсінік.

2. Организм үшін минералдар мен микроэлементтердің классификациясы, маңызын сипаттау.

  1. Кальции алмасуының бұзылуының себептері, түрлері, даму механизмі, морфологиялық және функциялық маңызы.

  2. Тас түзілудің себептері, механизмі.


  3. Тастың түрлері. Тас түзілудің мүшелерге әсері.

  4. Кальциноз кезіндегі мүшелер мен ұлпалардың макро- және микроскопиялық сипаттамасы.

  • Білім берудің және оқытудың әдістері:

    • шағын топта пікірталас

    • презентация

    • ситуациялық жаттығудың шешімін табу

    • тесттілік тапсырмаларға жауап

    • макро және микропрепараттарды ұсынылған алгоритмде сипаттау.

  • Әдебиет

Қазақ тілінде

негізгі:

1. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т. Айтқүлов\\ Алматы: "Орталық Қазақстан" БПК, "Қазақстан".- 1993.-170 б.

2. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т. Айтқүлов \\ Алматы, Карағанды:"Ғылым", "Қазақстан". - 1996.- 2-бөлім, 1-кітап, 175-274 б.

3. Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М. Айтқұлов \\ Алматы, Карағанды:"Ғылым", "Қазақстан". - 1996.- 2-бөлім, 2-кітап, 275-535 б.

4. Ахметов Ж.Б. В. Патологиялық анатомия \\ Алматы,- 2003, 393 б.

қосымша:

  1. Ахметқалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға кiрiспе: Оқу құралы.\\ -Ақтөбе: Ақтөбе медициналық академиясы.-1999. - С.5-34.

Орыс тілінде


негізгі:

  1. Патологическая анатомия. Курс лекций: Учебное пос. (Под ред. В.В.Серова, М.А.Пальцева.- М.: Медицина, 1998.- 640с.:ил.-( Учеб. лит. для студ. мед. вузов).
  2. Пальцев М.А., Аничков Н.Н. Патологическая анатомия: Учебник. В 2-х т. Т.1,2М.:Медицина,2001.-760 с.


  3. Абдуллахождаева М.С. Основы патологии человека.- Ташкент, 1998. – 300с.

қосымша:

  1. Пальцев М.А., Пауков В.С., Улумбеков Э.Г. Патология: Издательский дом: «ГЭОТАР-МЕД» 2002.- 959 с.

  2. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии /В.В.Серов, Т.Н.Дрозд, В.А.Варшавский, Г.О.Тетевосянц. - М.: Медицина, 1987.– 285с.-(Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

  3. Руководство к практическим занятиям по патологической анатомии: Учеб. пос. /В.В.Серов, М.А.Пальцев, Т.Н.Ганзен.-М:Медицина, 1998.-544с.-(Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

  4. Струков А.И. Патологическая анатомия: Учебник/А.И.Струков, В.В.Серов.-4-е изд., стереотип. М.:Медицина,1995.- 688с.-(Учеб. лит. для студ. мед. вузов).

  5. Хазанов А.Т., Чалисов И.А. Руководство по секционному курсу. \\ М. - 1986.С.10-87

  6. Блюгер А.Ф. Ультраструктурная патология печени: Электрон.-микроскоп. Атлас /Риж. мед.ин-т; А.Ф.Блюгер, В.К.Залцмане, О.Я.Карташева.-Рига:Зинате,1989.-318 с.:ил.

  7. Общая патология человека: Руководство /Под ред. А.И. Струкова. - М.: Медицина, 1990. – Т.1,2.

  8. Саркисов Д.С. Очерки истории общей патологии. - М.: Медицина, 1998. – 115с.

  9. Серов В.В., Ярыгин Н.Е., Пауков В.С. Патологическая анатомия: Атлас. - М.: Медицина, 1986. – 305с.

Ағылшын тілінде

негізгі:

  1. Rоbbins S.W., Kumar V. Basic Pathology. / 4 nd Ed, W.B. Saunders Company. - Philadelphia-London-Toronto-Sydney, 1987. – 158p.

  2. Rоbbins S.W., Kumar V. Basic Pathology. / 4 nd Ed, W.B. Saunders Company. - Philadelphia-London-Toronto-Sydney, 1987. – 158p.

  • Бақылау

  • Білімді қорытынды бағалауға арналған сұрақтар:

  1. Минералды дистрофияның анықтамасы.
  2. Минералдар алмасуының бұзылу түрлері


  3. Гипокальцемияның себептері, түрлері, механизмі морфологиялық сипаттамасы.

  4. Гиперкальцемияның себептері, түрлері, механизмі морфологиялық сипаттамасы

  5. Гиперкальциноздардың морфогенезі, макро- және микроскопиялық сипаттамасы.

  6. Несеп және өт шығару жолдарына түзілген тастардың түрлері.

  7. Тастардың түзілу себептері мен механизмін түсіндір.

  8. Бауырдағы, бүйректердегі және несеп, өт шығару жолдарындағы тастардың макро-және микроскопиялық бейнесін түсіндір.

  9. Тас түзілудің асқынулары мен ақыры.

  • Ситуациялық тапсырмалар:

  1. Қалқанша маңы безінің ісігімен сырқаттанған науқаста айқын гиперкальцемия,сүйектерінде деструктивті өзгерістер байқалған. Пневмониядан өлген. Гистологиялық зерттеу кезінде жүрек пен бүйректерден бірнеше метастазды ізбестену табылған.

А) Ізбестенудің қандай түрі орын алады? Б)Жүректегі бұлшық ет жасушалары органелалары және нефроциттердің матрицаларының ізбестенуі. В) Тағы басқа мүшелерде ізбестенуді көруге болады.

  1. Туберкулезбен сырқаттанған науқастың рентгенологиялық зерттеу кезінде оң жақ өкпенің төменгі бөлімінде петрификацияланған аймақ байқалған. Макро-микроскопиялық зерттеуде өкпеде ізбестенген ошақ капсуламен қоршалған.

А) Ізбестенудің қандай түрі орын алады? Б) Ізбестенудің бұл түрін дамытатын себеп.

  1. Өт тасының ауруымен зардап шеккен науқаста оң жақ қабырға астының ауырсынуы, сарғаю байқалған.

А) Тас қай жерде орналасқан? Б)Науқаста сарғаюдың қандай түрі дамыған ? В)Өт жолындағы тастың химиялық құрамы.
  1. Пурин алмасуының бұзылуымен зардап шеккен науқаста кенеттен бел аймағының ауырсынуы болған. Зерттеу кезінде оң жақ бүйректің ұлғаюы мен ауырсынуын,рентгенде ыявлен конкремент в устье лоханки. Нефрэктомия операциясы жасалған.


А) Ауруды ата Б)Конкременттің химиялық құрамы В) Конкременттің салдарынан дамитын асқынуды ата.

  • Тестілік тапсырмалар:


1. Кальций алмасуының бұзылысы...тән.

  1. қалқанша маңындағы без

  2. өкпе

  3. асқазан

  4. бұлшық ет ұлпасы

  5. ұйқы безі

2. Метастазды ізбестенудің негізгі механизмін ата:

  1. гипокальциемия

  2. сезімталдықтың артуы

  3. қанның буферлік жүйесінің өзгеруі

  4. гиперкальциемия

  5. ұлпалардың сілтіленуі

3. Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы... дамытады.

  1. гемосидероз

  2. подагра

  3. пигментті цирроз

  4. Коновалова-Вильсона ауруы

  5. Помпе ауруы

4. Несеп қышқылы тұнған жерде дамитын өзгерістер:

  1. гиалиноз, склероз

  2. некроз

  3. склероз, некроз

  4. гипертрофия, гиперплазия

  5. гиперемия

5. Мыс алмасуының бұзылуы ... дамытады.

  1. Ниманна-Пика ауруы

  2. Коновалова-Вильсона ауруы

  3. Тея-Сакса ауруы

  4. Мак-Ардля ауруы

  5. Гирке ауруы

6. Қан плазмасы мен несептегі Коновалова-Вильсона ауруына тән өзгеріс:

  1. мыстың мөлшері қан плазмасында көбейіп, несепте азаяды.

  2. темірдің мөлшері қан плазмасында азайып, несепте көбейеді.

  3. мыстың мөлшері қан плазмасында азайып, несепте көбейеді

  4. мыстың мөлшері қан плазмасы мен зәрде өзгермейді.

  5. мыстың мөлшері қан плазмасы мен зәрде жоғарлайды.

7. Гипокальцемия.... тән.

  1. эндемиялық деформирленген остеоартроз

  2. рахит

  3. альбинизм
  4. лейкоплакия


  5. метаболиялық ізбестену

8. Дистрофиялық ізбестенудің негізгі механизмін ата.

  1. гипокальциемия

  2. сезімталдықтың артуы

  3. қанның буферлік жүйесінің өзгеруі

  4. гиперкальциемия

  5. ұлпалардағы некроз

9. Петрификаттар жиі... байқалады.

  1. іріңді қабыну ошағында

  2. грануляциялық ұлпада

  3. туберкулездің казеозды ошақтарында

  4. шырышты қабаттарда

  5. сіңірлерде, апоневрозода,бұлшық етте

10. Рахиттің дамуы...алмасуынан туындайды

  1. мыс

  2. кальций және фосфор

  3. калий

  4. липофусцин

  5. меланин

  • Макро- және микропрепараттарды сипаттап, суретін салу:

  1. Макроскопиялық бейнесіне қарап,метастазды ізбестенуді анықта.Бұлшық ет жасушаларының реңіне, калцийдің түзілуіне назар аудар.

  2. Макроскопиялық бейнесіне қарап, атеросклероз кезіндегі аортаның дистрофиялық ізбестенуін анықта.Аортаның қабырғасы деформацияланған,тастай қатты.Интимасы тегіс емес,бірнеше тығыз дақтарды анықтап, діптеріңе жаз. белесоватых бляшек.

  3. Макроскопиялық бейнесіне қарап, өт шығару жолындағы тасты анықта.Тастың мөлшеріне, көлеміне,түсіне,өт қапшығының қабырғасының өзгерісіне назар аудар.

  4. Макроскопиялық бейнесіне қарап, зәр шығару жолындағы тасты анықта.Тастың мөлшеріне, көлеміне,түсіне назар аудар.Сол сияқты бүйректегі түзілген тастарғада көңіл аудар.

5. Микроскопиялық бейнесіне қарап, жатыр тамырларындағы петрификаттарды анықта.Кіші оъбективті қолданып,жатырдың тамырын тауып, ондағы петрификаттардың түсіне, олардың түзілген жерлеріне назар аудар.

Ескертпе: макро- және микропрепараттарды сипаттағанда төменде ұсынылған алгоритмге сүйен. Студент препараттардың суретін тәжрибелік жұмыс дәптеріне салып, қорытындысын жазуға тиісті.




Макропрепараттарды сипаттау алгоритмі

    1. Көлемі

    2. Консистенциясы

    3. Беткейінің сипаты

    4. Кесіндісінің сипаты

    5. Қуыстарының сипаты

    6. Мүшенің түсі

    7. Үдерістің ауқымы

    8. Патологиялық үдеріс жайлы қорытынды\ тұжырым



Микропрепараттарды сипаттау алгоритмі

      1. Қандай мүшенің тіні екенін анықтау

      2. Құрылысындағы өзгерістер

      3. Үдерістің ауқымы

      4. Қолданылған бояу\тәсіл

      5. Патологиялық үдеріс жайлы қорытынды\тұжырым