https://electroinfo.net

girniy.ru 1





1183 шығарылым – Сәрсенбі, 5 қаңтар, 2010




  • Номер мақаласы

    • Қытай жайлап Орталық Азия түкпіріне жол салуда



  • Қазақстанда

    • ҚР референдум бойынша бастамашыл топ 2,5 млн аса қол жинады



  • Мұнай-газ секторы

    • Атырау облысының Лиман кен орнында 3 мұнай фонтаны пайда болды

    • Ресей қазақстандық мұнайды тарту тарифін 8,8% өсіреді

    • ЕҚДБ Қазақстанның мұнай өнеркәсібі үшін химиялық реагенттер өндірісін қолдау бойынша несие бөледі



  • Қаржы және инвестициялар

    • Қазақстанның Ұлттық банкі қайта қаржыландыру ставкасын жылына 7% деңгейінде сақтады

    • 9 айда Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 0,4% төмендеген

    • Fitch Еуразиялық даму банкінің рейтинг болжамы бойынша «кемшілікті»-ден «тұрақты»-ға өзгертті



  • Тау-кен және металургия саласы

    • Қазақстанда металл сынықтарын қайта өңдейтін мини-зауыт іске қосылды



  • Көлік және коммуникациялар

    • Назарбаев Қазақстанда сандық телерадиотаратуды енгізу туралы заңға қол қойды



  • Жылжымайтын мүлік

    • Қазақстанда жылжымайтын мүлікті жедел рәсімдеу құнын 5 рет төмендеткен



  • Сауда және тұтыну тауарлары

    • 2011 жылдан бастап Қазақстанда темекіге акциздер көбейеді


  • Аймақтық іскерлік жаңалықтар


    • АҚШ мен ЕО белоруссия билігінің Минсктегі ЕҚЫҰ кеңсесін жабу туралы шешімін қатты сынады

    • Өзбекстанда банктердің жарғылық капиталының ең төменгі көлемі екі есеге арттырылған

    • Қырғызстанның МҰҚК: 25 желтоқсандағы лаңкестік әрекетін жасау бойынша тоғыз «жихадтық» адам ұсталып, бесеуі іздестірілуде



  • Бағалар мен статистика

    • Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index

    • Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers от компании

    • Мұнай мен газ құны

    • Commodities

    • Металл құны

    • Валюта бағамдары



Please contact us for subscription or to send your press releases at: [email protected]


Номер мақаласы



Қытай жайлап Орталық Азия түкпіріне жол салуда


Эдвард Вонг, The New York Times

1893 жылы ресейдің әскери қаласы ретінде негізі қаланған Тәжікстанның Муграб қаласының шетіндегі жаңа кедендік пункттің құрылысы басқа бір ұлы мемлекеттің қайтып келуін білдірегендей, деп жазады The New York Times.

Үстіміздегі жылы ашылатын жаңа кедендік пункт, соңғы кездері бүкіл Орталық Азияны жаулап алған киім-кешек, электроника мен тұрмыстық техникаға толы қытайлық жүк машиналар керуенін қабылдайтын болады.

«Қытай өкілдері Орталық Азиядан өз елінің энергетикалық қауіпсіздігін, сауда-саттықтың кеңеюін, ұлтаралық тұрақтылық пен қорғаныстың маңызды межесін көріп отыр. Мемлекеттік кәсіпорындар аймаққа энергетикалық құбырлар, темір жолдар мен автомагистральдар арқылы еніп отыр, сонымен қатар, өкімет жақын арада Орталық Азия астаналарында қытай тілін үйрету үшін Конфуций Институттарын ашу үстінде», - деп жазады мақала авторы Эдвард Вонг.

1991 жылы Кеңес Одағы құлағаннан кейін мұсылмандық ерекшелікке ие бес мемлекеттер – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан мен Өзбекстан – тағы да ХІХ ғасырда Ресей мен Ұлыбритания арасындағы «Үлкен ойын» кезінде болған супердержавалар бәсекелестігінің территориясына айналып отыр. Бұл жолы ойыншылар Қытай, Ресей мен Құрама Штаттар Орталық азияны өздерінің әскерін Ауғанстанға жеткізу үшін пайдаланып отыр.


Дегенмен, Қытайдық Орталық Азияға жаңадан келуі «Үлкен ойыннның» қайта басталуынан гөрі, көбіне, Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруына қатысты сияқты, делінген мақалада. Қытай талдаушыларының айтуынша, Пекиннің мақсаты саудалық кедергілерді жеңе отырып, Синьцзян беймаза батыс аймағын Орталық Азиямен экономикалық ықпалдастыру мақсатын көздеуде болып отыр.

Сауда министрлігінің мәліметтері бойынша, Қытай мен Орталық Азияның бес мемлекеті арасындағы сауда көлемі 1992 жылдағы 527 млн доллармен салыстырғанда, 2009 жылы 25,9 млрд долларды құраған, деп айтылған мақалада.

Осы мақаланы жазуға Сюнь Ян, Бенджамин Хаас және Тео Кайе қатысқан.

Дерек көзі: Инопресса


Қазақстанда



ҚР референдум бойынша бастамашыл топ 2,5 млн аса қол жинады


Бастамашыл топ Қазақстанның қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту бойынша республикалық референдум өткізуді қолдау үшін бастамашыл топ 2,5 млн аса қол жинады, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА топтың жеткшісі Ерлан Сыдықов.

«Төртінші қаңтардың аяғына біз 2 миллион 590 мың қол жинадық. Бұл біздің күткенімізден де көп», - деді Сыдықов агенттікке берген сұхбатында. Бастақыда бастамашыл топ 2 миллион қол жинауды жоспарлағандығын атап көрсетті.

Топтың жетекшісі қол жинау, болжанғандай 10 қаңтарға дейін жүргізіледі. Әйтесе де референдум туралы қазақстандық заңнамаға сәйкес, 200 мыңнан аса қол жинау жеткілікті, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.

Заңнамаға сәйкес, қол жинау аяқталғаннан кейін үш күн мерзім ішінде қол қою қағаздары юстиция органдарының қызметкерлері қол қол қойған азаматтардың қолын растау үшін жергілікті территориялық комиссияларға тапсыруы қажет.

Қазақстанның қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев 20 астам уақыт ел басқарып келеді. 2012 жылы Қазақстан президентінің кезекті сайлауында Назарбаев өз кандидатурасын ұсынуды жоспарлап отырған болатын.


Өткен бейсенбіде АҚШ үкіметі Қазақстанда мемлекет басшысының 2020 жылға дейін өкілеттігін ұзарту туралы референдум өткізу республиканың демократиядан алшақтағанын көрсететін болады деп мәлімдеді. «Біз Қазақстанның өкіметі мен азаматтары өздерінің халықаралық міндеттемелерін құрметтеуі мен еркін және адам сайлау өткізуге ұмтылуы аса маңызды деп ойлаймыз», - делінген Американың Қазақстандағы баспа қызметтері таратқан ақпаратта.

Қазақстанда қазіргі президенттің өкілеттігін ұзарту бойынша жалпы халықтық референдум өткізу тәжірибесі бар: 1995 жылы референдум Назарбаевтың өкілеттігін 1999 жылға дейін созған еді, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.


Мұнай-газ секторы



Атырау облысының Лиман кен орнында 3 мұнай фонтаны пайда болды


Иван Бывакин, Биржевой лидер

Көлемі 20 тоннадан астам бірден үш мұнай фонтаны Атырау облысының Лиман кен орнындағы 1-ші барлау скважинасын тексеру аяқталғаннан кейін анықталды. Үлкен үміт арттырған осы мұнай құрылымы Атырау облысындағы соңғы екі онжылдық ішіндегі ауқымды жаңалық болы отыр.

Алдымен, Лиман кен орнында мұнайды қазақстандық геобарлаушылары 2010 жылдың қазанында анықтаған болатын. Ол кезде 1300 метр тереңдіктен көлемі тәулігіне 24 тонна болатын мол мұнай фонтаны атқылаған. Барлаушылардың ақпараттары бойынша, жер қабаттарының астында тағы да басқа көмірсутекке бай жерлер бар. Бұрғылау жұмыстары жалғастырылып, мамандардың болжамдары дәл келді. Көлемі 23 тонна мұнай қабаты 1,1 км тереңдікте 24 сағат ішінде табылып, ал жаңа жыл қарсаңында мұнай 1,5 км тереңдіктен жоғары атқылады. 90-шы жылдардан бері аймақтағы ең ірі кен орны саналатын осы кен орнындағы мұнай өте жоғары сапалы болы табылады.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясы мұнай өндірудіді 2011 жылы 9 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Осындай жоспар директорлар кеңесімен бекітілді.


Өткен жылы Атыраудан 70 км Лиман барлау бөлігінің қосымша мұнай қорын ашу «ҚазМұнайГаз» Барлау өндіру» компаниясы үшін басты жаңалық болды. Сонымен қатар өткен жылы компания ҚР шекарасынан тысқары халықаралық жобаларға қатысушылардың бірі болды.

«ҚазМұнайГаз» БӨ» BG Group бірлесе отырып, «Wait Bear» кен орнының Британдық солтүстік теңіз координаттарында мұнай өндіруді бастайды. «ҚазМұнайГаз» компаниясының осы жобадағы үлесі 35 пайызды құрайды. Тағы да бір жоба – «Korea Gas Corporation» компаниясымен бірлесе Ирактағы «Ак касс» кен орнын өңдеу.

Еңбек ақысын төлеу реформасы компанияның 2010 жылғы жетістігі болып отыр. Жұмысшылар үшін елдегі салалық коэффициенттердің жоғарғысы – «зияндылық үшін» қосымша ақы, жалақының 30 % өсуіне әсер етті.


Ресей қазақстандық мұнайды тарту тарифін 8,8% өсіреді


Ресей Қазақстаннан сорып тартылатын мұнайдың транзиттік тарифін 8,8% өсіреді және 2011 жылдығң 1 қаңтарынан бастап ресей мұнайын сорып тарту ставкасын әзірге сақтайды, деп хабарлайды мұнай мен газ саласын реттеу Басқармасының тарифтер жөніндегі Федералдық қызметтер бастығы Денис Волков.

ТФҚ желтоқсанның басында 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресей мұнайын сорып тарту тарифін 2-3 пайызға қосымша арттыруды өтінген ресейлік мұнай құбыры операторы Транснефть өтінішін жартылай қанағаттандырды. Жаз кезінде Транснефть 2010 жылдың 1 желтоқсанынан бастап бекітілген тарифтер 2011 жылдың соңына дейін сақталады деп мәлімдеген болатын.

Осы жылы құбырының ұзындығы жағынан ірі болып саналатын компания тарифтерді үш рет көтерді. ТФҚ 2010 жылдың басынан Транснефть тарифтерін орта есеппен, 15,9 пайызға өсіруін бекіткеннен кейін, 1 тамыздан бастап ставка 3,3 пайызға және 1 желтоқсаннан бастап қосымша 9,9 пайызға көтерілген.

Транснефть компаниясында қазақстандық мұнай үшін тарифтердің өсуі жылдың инфляция деңгейіне сәйкес деп отыр.

Қазақстандық әрә мұнай өндірушілері әзірге тарифтердің өсуі туралы хабарлама алған жоқ.


«Біз қаңтар айындағы тасымалдау тарифтерін бұрынғы тарифтер бойынша рәсімдейміз. Егер қажетті бұйрық болса, қосымша төлейтін боламыз», - дейді экспорттаушылардың бірі, деп хабарлайды Reuters агенттігі.


ЕҚДБ Қазақстанның мұнай өнеркәсібі үшін химиялық реагенттер өндірісін қолдау бойынша несие бөледі


Еуропалық қайта құру мен даму банкі Қазақстанның «РауанМұнайХим» ЖШС мен «НалкоКомпани» бірлескен коапаниясы - «РауанНалко» компаниясына Қазақстанның мұнай өнеркәсібі үшін химиялық реагенттер өндірісін қолдау мақсатында 8 миллион доллар көлемінде несие беретін болды, деп хабарлайды ЕҚДБ ресми сайтында берілген хабарламада.

ЕҚДБ екі жылдың жеңілдік кезеңі бар жетіжылға берілетін несие кәсіпорынн қызметін кеңейтуге жұмсалатын болады. Несие қаражатына Атырауда арнайы химиялық реагенттерді жылына 9,400 тонна көлемінде өндіретін зауыт соғылады.

ЕҚДБ өндіріс және өызмет департаменті директоры Фредерик Люсненің айтуы бойынша, жаңа зауытта экологиялық, технологиялық тұрғысынан алып қарағанда, тиімді өндіріс енгізілетін болады, бұл Қазақстанда жалпы осы секторды дамытуға әсерін тигізбек.

«РауанНалко» қаржы директоры Еркен Беглеровтың мәліметі бойынша, компания аймақтағы мұнайгаз секторының жедел өсуіне өз үлесін қосып отыр. Елдегі ірі «Тенгиз», «Қарашығанақ» және «Қашаған»мұнай кеніштерін ары қарай өңдеу арқасында 2020 жылдары Қазақстанда қазіргі өндіру деігейінің екі есеге артуы жоспарланып отыр. «рауанНалко» өндіретін химиялық реагенттердің көбісі мұнай өндіруде, тазарту, сақтау мен тасымалдауда қолданылады. Өндіру сатысында, сондай-ақ мұнай скважиналарына қызмет көрсету процесінде химреагенттер тұздар мен судан тазарту кезінде, тоттануды азайтуға, қақтардың пайда бюолуының алды алу мен өнімділікті арттыру мақсатында қолданылады. ЕҚДБ Қазақстанда жұмыс істегелі бері 2,8 миллиард еуродан астам көлемде инвестиция бөліп, қазақстан экономикасының түрлі секторларында 130 жобаға қатысуы, қосымша 70 миллиард еуро инвестиция тартуға әсер еткен, ол жобалардың 65 пайызы елдің жеке секторларын дамытуға жұмсалған.



Қаржы және инвестициялар



Қазақстанның Ұлттық банкі қайта қаржыландыру ставкасын жылына 7% деңгейінде сақтады


Қазақстанның Ұлттық банкі 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қайта қаржыландырудың ресми ставкасын жылына 7% деңгейінде бекітті, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспа қызметтері.

Осылайша қайта қаржыландыру ставкасы бұрынғы деңгейде сақталған.

Ұлттық банк таратқан пресс-релизінде 2010 жылдың қарашасында жылдық инфляция 7,7% деңгейінде қалыптасқаны туралы аталған болатын.

«2010 жылы инфляциялық процестерді жеделдетуі экономикадағы сұраныстар жиынтығының кеңеюі, іскерлік белсенділіктің жандануы, шынайы секторлар кәсіпорындарының инвестициялық белсенділігінің артуы, халықтың ақшалай кірісінің тұрақты өсуі мен жұмыссыздықтың төмендеуі салдарынан болып отыр», - деп түсіндіріледі Ұлттық банкте. Оның бағалауы бойынша, осы аталған факторлардың инфляциялық процестердің қалыптасуына әсер етуі 2011 жылы да жалғаспақ. 2011 жылдың 1 тоқсанында жылдық инфляция 7,6-7,8% шамасында болса, жылдық орта есепті инфляция – 7,3% құрайды.

Осыған қосымша, Ұлттық банкте, қазіргі кездегі ресми қайта қаржыландыру ставкасының жоғарылауы инфляция қалыптастыруды құрайтын төменгі монетарлық факторларын ескерсек, экономикадағы инфляциялық әсер етудің төмендеуі мәселелерінде тиімсіз болады, деп атап өтті. «Қаржы секторында тұрақтылықты сақтау мен банк секторларының несиелік белсенділігін ынталандыру үшін бүгінгі таңда қайта қаржыландырудың ресми ставкасын 7,0% деңгейінде сақтау дұрыс болып табылады», - делінген хабарламада, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.


9 айда Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 0,4% төмендеген

Өткен жылдың қыркүйек айында Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы 112,767 миллиард долларды құраған, ол жылдың басындағы 113,229 миллиард доллармен салыстырғандағы көрсеткіш, деп көрсетілген республиканың Ұлттық банкі ақпаратында.


Соның ішінде жылдың үш тоқсанындағы қысқа мерзімді сыртқы қарызы 27,2%- 7,505 миллиард долларға дейін қысқарса, осы мерзімдегі ұзақ мерзімді қарыз 2,3% - 105,262 миллиард доллар,ға дейін көбейген.

Қазақстан банктерінің сыртқы қарызы есептік кезеңде 1,6 есеге – 18,955 миллиард долларға азайған. Банктердің ұзақ мерзімді қарызы 31,7% - 17,847 миллиард долларға дейін, қысқа мерзімді – 3,6 есеге, 1,109 миллиард долларға дейін қысқарған.

Ұлттық банктің хабарлауы бойынша, 2010 жылдың 1 қазанында мемлекеттік және мемлекет кепілдеген сыртқы қарыз жалпы сыртқы қарыздың 4 пайызын, ал, мемлекет кепілдеме бермеген сыртқы қарыз – 96 пайызды құрайды. Жылдың басындағы осы көрсеткіштер 3,3 және 96,7 пайызды құраған болатын, Қазақстан жаңалықтары АА хабарлайды.


Fitch Еуразиялық даму банкінің рейтинг болжамы бойынша «кемшілікті»-ден «тұрақты»-ға өзгертті


Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтер дефолт эмитенті бойынша болжамды «кемшілікті»-ден «тұрақты»-ға өзгертті. Қазіргі кезде банктің эмитент дефолтының ұзақмерзімді рейтингісі (ДЭР) ВВВ деігейінде, қысқа мерзімді ДЭР F2-ден F3-ке көтерілгені, айтылады рейтинг агенттігінің материалдарында, деп хабарлайды РБК.

ЕАДБ рейтингтері бойынша болжамды өзгерту ЕАДБ капиталының 66 және 33 пайызын иемденетін, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингтері бойынша және басты акционерлердің банкке қолдау көрсету деңгейіне сәйкес Fitch соңғы рет қайта қарауымен байланысты.

Еуразиялық даму банкі 2006 жылы Ресей мен Қазақстан қатысушы-мемлекеттер нарықтық экономикасының дамуына көмек көрсету мен экономикалық өсу және өзара сауда-экономикалық тұрақты байланыстар орнату мақсатында құрған қаржылық ұйым болып табылады. 2009 жылы келісімге Белоруссия, Армения мен тәжікстан қосылды. Банктің жарғылық капиталы – 1,5 миллиард долларды құрайды және қатысушы-мемлекеттердің мынадай жарналық үлес қосуларынан тұрады: Ресей – 1 миллиард доллар, Қазақстан – 500 млн. доллар, Армения – 100 мың доллар, Тәжікстан – 500 мың доллар, деп хабарлайды РБК – Украина.



Тау-кен және металургия саласы



Қазақстанда металл сынықтарын қайта өңдейтін мини-зауыт іске қосылды


Атырау облысының Күлсары қаласында жаңа жыл қарсаңында металл сынықтарын қайта өңдеу мен болат өнімдерін шығару бойынша зауыт іске қосылды, деп хабарлайды  Metaltorg.ru. порталы сілтемесінде Kazakhstan Today агенттігі.

Мемлекеттік индустриалдық-инновациялық бағдарламалар аясында соғылған кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 30 мың тонна өнімді құрайды. Зауыт құрылысын «МеталлПродукт» ЖШС – «Казкомсервис» ЖШС+-нің еншілес компаниясы жүргізген. Мұнда электрпештерінде металл балқытылып, сортталған темір бұйымдары жасалатын болады, деп хабарланған.

«Біздің зауыттың ерекшелігі сонда, алғаш рет металл сынықтары шикізаттарынан жаңа бұйымдар алу болып отыр. Осы кезге дейін барлық металл сынықтары Ресейге, Қытайға, Еуропаға жіберіліп, одан алынған бұйымдарды 5-6 есе қымбат бағаға қайта сатып алып келген болатынбыз», - дейді «Казкомсервис» ЖШС-нің директоры Қанат Күлтекенов.

Зауытты Атырау облысының Жылыой ауданының 130 тұрғыны жұмыс орнын иеленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.


Көлік және коммуникациялар



Назарбаев Қазақстанда сандық телерадиотаратуды енгізу туралы заңға қол қойды


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының байланыс жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңына қол қойды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспа қызметтері.

Заңның негізгі мақсаттары сандық телерадиотаратуды енгізумен қамтамасыз ету және отандық телерадио арқылы хабар таратуды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Заң Қазақстан халқын сандық жерсерік телетаратумен қамтамасыз етуге, аймақтардың отандық теле-радио бағдарламаларға деген сұранысын қанағаттандыру, сондай-ақ Қазақстанның телерадио арқылы хабар таратудың шетелдік теле-рабио бағдарламарға тәуелді болуын төмендетуге бағытталған.


Заң күшіне енген соң, республиканың барлық халқы міндетті теле-радиоарналарды кепілді түрде көрсету, сонымен қатар, жоғары сапалы көп арналы радио хабарларын тегін таратумен қамтамасыз ететін болады.

Заң қазақстандық телерадио арқылы хатаб таратудың сандық форматқа өтуінің бірінші сатысы болып табылады, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.


Жылжымайтын мүлік



Қазақстанда жылжымайтын мүлікті жедел рәсімдеу құнын 5 рет төмендеткен


Қазақстанда жылжымайтын мүлікті жеделдетіп рәсімдеу құнын бес рет төмендеткен, деп Юстиция министрлігінің баспа қызметтері хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы үкіметінің 2010 жылдың 9 желтоқсанындағы қаулысымен жылжымайтын мүлік құқын жедел рәсімдеу төлемақысының ставкасы едәуір төмендетілген. Осыдан бастап, мәселен, өтініш берген күннің келесі күнінде пәтердің дайын құжаттары үшін азамат бюджетке, бұрынғы 28 айлық есептік көрсеткіш, 39 564 теңгеге қарағанда, 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде немесе 7065 теңге төлеуі қажет», - делінген хабарламада.

Осы қаулыны қабылдау юстиция мен ХҚО органдары қызметкерлерінің коррупциялық құқық бұзулары үшін кедергі болып, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет алу процесінің жеңілдеуіне мүмкіндік береді, деп есептейді юстиция министрлігінде, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.


Сауда және тұтыну тауарлары



2011 жылдан бастап Қазақстанда темекіге акциздер көбейеді

2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда «Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң өз күшіне енеді. Онда алдағы үш жыл ішінде темекі өнімдеріне берілетін акцияздерді сатылай көтеру жолдары қарастырылған. Құжатқа сәйкес, 2011 жылдың қаңтарынан бастап, республикада фильтрлі темекінің мың данасы үшін 1000 теңге көлемінде, фильтрсіз және папиростар үшін – 600 теңге, сигариллаға – 1220 теңге, шылымдарға – бір данасына 95 теңге және табактарға (түтікті, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, кальяндық және тұтынушы тарасымен қапталған және тұтынушы қолданысына арналған, құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімдердер басқаларға) - 1 кг салмағына 1220 теіге көлемінде акциз енгізілді.


2012 жылы табак өнімдеріне акциз: фильтрлі шылымдарға – 1250 теңге, фильтрсіз шылымдарға – 750 теңге, сигариллаға – 1530 теңгеге дейін, сигараларға – данасына 120 теңге, табакқа – килограмына 1940 теңге акциз енгізілетін болады.

2013 жылы фильтрлі темекінің мың данасына – 1500 теңге, папиростар мен фильтрсіз темекілерге – 950 теңге, сигариллаға – 1930 теңге, сигараларға – данасына 150 теңге, табакқа – килограмына 1940 теңге акциз енгізілетін болады.

Қазақстан табакпен күрес бойынша ӘДҰаясында құрылған конвенцияға 2004 жылы қосылған ТМД елдерінің алғашқысы болып табылады. Қазіргі кезде республикадағыы табак өнімдері акцизі өнім құнының 13 пайызнан аспайды, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.


Аймақтық іскерлік жаңалықтар



АҚШ мен ЕО белоруссия билігінің Минсктегі ЕҚЫҰ кеңсесін жабу туралы шешімін қатты сынады


Америка Құрама Штаттары мен Еуропалық одақБелоруссия билік басындағылардың Минск ұаласындағы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) кеңсесін жабу туралы қабылдаған шешімін мақұлдамады. Осы әрекетін Еуроодақтың сыртқы істері мен қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон мен АҚШ-ның мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон сынады. Сонымен қатар, олар белоруссия өкіметін оппозициялық кандидаттарды және 2010 жылдың 19 желтоқсанында мемлекет басшысын сайлаудан кейін тұтқындалғандарды босатуға шақырды, деп хабарлайды Associated Press.

19 желтоқсанда Белоруссия президентін сайлау күні, Минсктегі Тәуелсіздік алаңында оппозияция жақтастары дауыс беру қорытындыларына қарсы наразылық білдірген болатын. Бұл рұхсатсыз акция жаппай тәртіп бұзушылыққы ұласып, арнайы бөлім милиционерлері мен ішкі әскер қызметкерлерімен арада қақтығыстар тудырған. Тәртіп бұзушылық барысында жүздеген адам тұтқынға алынған. Олардың арасындағы 20 астам адамға, президенттікке үміткер бірнеше адамға жаппай тәртіп бұзушылық ұйымдастырғаны туралы айып тағылған. Ұсталғандардың көбісі белоруссиялық ХҚК тексеру изоляторында қамауға алынған.


Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылдың 31 желтоқсанында Белоруссия Сртқы істер Министрлігінде елдің өкіметі Минскідегі ЕҚЫҰ кеңсесі мандатын ұзартпағаны туралы мәлімдеген болатын. Минсктің пікірі бойынша, ЕҚЫҰ кеңсесі қызметінің қорытындыларын бағалау, кеңсе мандатының орындалмағанын көрсеткен.

«Латвия, Эстония мен Грузия тәжірибесі көрсеткендей, соңғы кездері осы сияқты ЕҚЫҰ өкілдігі орналасқан елдер олардың жұмысының нақты бір кезеңінен кейін жапқанын көрсетеді. ЕҚЫҰ жобалық қызметтері тіеклей ЕҚЫҰ иснтитуттарымен байланыста да жемісті, әрі тиімді жүзеге асырыла алады. Осы тәсіл бірнеше жыл бойы ЕҚЫҰ штаб-пәтерінің өңдеуінде болған», - деп мәлімдеді Белоруссия СІМ, хабарлаған РосБизнесКонсалтинг.


Өзбекстанда банктердің жарғылық капиталының ең төменгі көлемі екі есеге арттырылған


Жаңа жылдан бастап Өзбекстандағы банктердің жарғылық капиталының ең төменгі көленмі 2 есе арттырылды. 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикада банктердің жарғылық ең төменгі көлемі мөлшерінің жаңа талаптары күшіне енді.

Республиканың Министрлер кабинетінің қаулысына сәйкес, жаңа құрылған банктердің жарғылық капитал көлемі коммерциялық банктер үшін 10 млн еуро эквиваленті көлемінде бекітілсе, жеке банктер үшін мұндай сомалық эквивалент 5 млн еуро болып бекітілді.

Құжатта республиканың Орталық банкі банктермен бірлесе отырып, 2010 жыл ағымындағы жарғылық капитал көлнемін осы талаптарға сәйкес келтірілсін делінген.

Осы уақытқа дейін республиканың несиелік мекемелерінің жарғылық капиталының ең төменгі көлемі коммерциялық банктерде – 5 млн еуро болса, жеке банктер үшін – 2,5 млн еуро көлемінде бекітілген.


Қырғызстанның МҰҚК: 25 желтоқсандағы лаңкестік әрекетін жасау бойынша тоғыз «жихадтық» адам ұсталып, бесеуі іздестірілуде

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлт қауіпсіздігі комитеті хабарлаған пресс-релизде 25 желтоқсанда жоспарлаған лаңкестік әрекет ісін тексеру барысы туралы айтылған.


25 желтоқсанда шамамен таңғы 04.00 сағатта, Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының ғимараты жанында «Лэнд ровер дискавери I» маркалы автомашинасында газ баллоны, алюминий ұнтағы, аммиак селитрасы мен салмағы 30 кг жарақаттайтын (кесілген арматура бөлшектері) заттардан тұратын қолдан жасалған жарылғыш зат табылған болатын. Қопарғыш қондырғының күшінің эквиваленті 7-10 килограмм тротила. Жарылғыш зат шамамен таңғы 8.30 немесе 8.40 сағатта ғимарат жанына көбірек адам жиналатын уақытты іске қосылуы мүмкін болған.

МҰҚК қазіргі кезде осы істі тексеру барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Қырғызстанның тоғыз азаматы тұтқынға алынған, деп хабарлайды Ферғана АА.


Бағалар мен статистика






Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index
Дата: 31 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Visor Capital





Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers
Дата: 31 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Visor Capital



Мұнай мен газ құны
Дата: 5 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com

Petroleum ($/bbl)




Price*

Change


%Change

Time

Nymex Crude Future

89.27

-.11

-.12

01:43

Dated Brent Spot

93.07

.09

.10

01:48

WTI Cushing Spot

89.38

-2.17

-2.37

01/04

Petroleum (cent/gal)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Heating Oil Future

249.96

-.69

-.28

01:27

Nymex RBOB Gasoline Future

239.40

-2.00


-.83

01:25

Natural gas ($/MMBtu)




Price*

Change

%Change

Time

Nymex Henry Hub Future

4.60

-.07

-1.54

01:43

Henry Hub Spot

4.60

.06

1.32

01/04

New York City Gate Spot

5.30

-.29

-5.19

01/04



Commodities
Дата: 5 қаңтар, 2011; дерек көзі: Bloomberg.com

Commodity

Price

Change

%Change


Time

COPPER FUTURE (USd/lb.)

436.250

-0.650

-0.15

01:44

GOLD 100 OZ FUTR (USD/t oz.)

1383.500

4.700

0.34

01:44

SILVER FUTURE (USD/t oz.)

29.685

0.177

0.60

01:43



Металл құны
Дата: 5 қаңтар, 2011; дерек көзі: Kitco.com

Silver

26.90

-0.20

Platinum

1735.00

-22.00

Palladium

771.00

-6.00

Rhodium

2,380.00

0.00


Валюталар бағамы
Дата: 5 қаңтар, 2011; дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі


1 USD

KZT 147.50

1 CHF

KZT 157.40

1 CNY

KZT 22.38

1 TRY

KZT 95.51

10 JPY

KZT 1.81

1 EUR

KZT 196.88

1 AUD

KZT 150.14

1 KGS

KZT 3.13

1 UZS

KZT 0.09







1 GBP

KZT 228.29

1 CAD

KZT 147.81

1 RUB

KZT 4.83

100 KRW

KZT 13.18











Отписаться от рассылки



Жазылу және сіздің пресс-релиздеріңізді жариялау үшін мына адреске хабарласыңыз:

[email protected]
www.newsline.kz


Copyright © Check Point Central Asia 2006-2010

й