girniy.ru 1

Жоба авторлары


Аты-жөні

Жумагулова Алия, Нурсейтова Гульзат

Аумақ

Қазақстан, Ақтөбе

ЖОО орналасқан елді-мекен

Ақтөбе

ЖОО атауы

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты

Жобаның мазмұны

Жобаның тақырыбы: Ақпараттарды сақтаудағы мәліметтер қорының ролі




Жобаның қысқаша сипаттамасы:

Бұл жобаның мақсаты студенттерді мәліметтер қоры, мәліметтер қорының модельдері, мәліметтер қорын өңдеу туралы ақпараттармен толығырақ таныстыру, бізді қоршаған әлемдегі ақпараттарды қалай реттеуге болатындығын меңгерту. Сонымен қатар, алынған ақпаратты талдай білуге, өз бетінше зерттеу жүргізіп, шешімдер қабылдай білуге үйрету.

Пән:

Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер

Курс:

3-курс студенттері
 


Жобаның ұзақтығы:

3 сабақ, аптасына 1 сағат, 3 апта.

Жоба негізі

Білім беру стандарттары

Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер пәнінің типтік бағдарламасы бойынша студенттер мыналарды білуі тиіс:
Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер ұғымын, мәліметтер модельдерінің түрлерін, жиі қолданылатын реляциялық мәліметтер моделінің негізгі ұғымдарын, мәліметтерді сұрыптау, електен өткізу, іздеу, баспаға жіберу әдістерін.



Дидактикалық мақсаттар / Оқытудың нәтижелері

Жоба аяқталған кезде студенттер мыналарды білуі тиіс:

  • Мәліметтер қорының негізгі ұғымдарымен танысады.

  • Сансыз ақпараттар жиынын сақтау мен өңдеудегі мәліметтер қорының алатын орнын анықтайды.

  • Мәліметтер қоры нақты қандай қызмет орындарында қолданылатындығын және олардың қызметін зерттейді.

  • Өз беттерінше жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.

  • Жұмыс барысында ауызша, жазбаша және БАҚ құралдарының материалдарын пайдалануды біледі.

  • Топпен, жеке жұмыс жасау кезінде мәдени қарым-қатынастары қалыптасады.

  • Жұмыстың барысында жауапкершілік қалыптасады. 

Жобаға бағытталған сұрақтар

Негізгі сұрақ


Бізді қоршаған ақпараттар ағынын қалай реттейміз?


Проблемалық сұрақтар



Ақпараттарды қорда сақтаудың тиімділігі неде?

Мәліметтер қоры қандай салаларда қолданылады?


Оқу сұрақтары




Мәліметтер қоры дегеніміз не?

Мәліметтердің қандай модельдері бар?

Практикада жиі қолданылатын қандай модель?

Қордағы мәліметтерді өңдеудің қандай әдістері бар?


Бағалау жоспары

Бағалау графигі

Жоба жұмысына дейін


Жоба барысында



Жоба жұмысынан кейін

Осы уақытқа дейін алған білімдерін еске түсіру. Жаңа білімді меңгеру.


Студенттер 3 топқа бөлініп жұмыс істейді. 3 топ үш түрлі саланың жұмыс істеу принциптерімен танысады, анализ жасайды. Осы зерттеу нәтижесіне сүйеніп, өз беттерінше программа құрады.


Зерттеу барысы және

нәтижесі туралы презентация

жасау, құрған

программаларын

презентациялау.

Жоба туралы


 Пән бойынша:

Бастапқы білім, білік, дағдының болуы. ДК еркін пайдалана білу, графикалық кесте, слайд жасау, вики ортада жұмыс жасай білу, мәліметтер қорымен жұмыс жасай білуі.

Өз бетінше жұмыс жасау және шешім қабылдау дағдысының болуы. Зерттеушілік қабілеттің болуы.