girniy.ru 1
Министру


национальной экономики Республики Казахстан Досаеву Е.А.


Депутатский запрос

Уважаемый Ерболат Аскарбекович!


Как известно, вода является жизненно важным ресурсом. Безопасность и стабильность водоснабжения рассматривается как одна из наиболее важных задач на ближайшие годы.

Поэтому в Казахстане, начиная с 2000 года, посредством системного государственного подхода реализуются конкретные мероприятия по обеспечению населения питьевой водой.

Если в 2002-2010 годах была реализована программа «Питьевая вода», направленная на улучшение водопроводных сетей сельской местности, то с 2011 года реализуется программа «Ақ бұлақ», охватывающая как городские, так и сельские объекты водоснабжения. Финансирование Программы определено в объеме 1,27 триллиона тенге - для обеспечения нашего населения качественной питьевой водой и услугами водоотведения.

Однако, результаты исполнения предыдущей программы «Питьевые воды» показали, что в большинстве областей вопросы с питьевой водой до сих пор не решаются. Почти 47 % сельского населения не имеет доступа к централизованному водоснабжению. Необходимо также отметить, что в некоторых случаях, объекты водоснабжения, построенные в рамках программы за значительные бюджетные средства, не функционируют и простаивают.

Кроме этого, из 3410 сельских населенных пунктов где подведено централизованное водоснабжение, в 1408 аулах (селах) нет специализированных предприятий-пользователей.

Необходимо также отметить, что в некоторых случаях, объекты водоснабжения, построенные в рамках программы за значительные бюджетные средства, не функционируют и простаивают.

Несомненно, многие наши ожидания связаны с реализацией нынешней программы «Ак булак». В этой связи хотелось бы обратить внимание на следующие проблемные вопросы реализации программ водообеспечения:

Во-первых, это наличие невведенных в эксплуатацию объектов.


Так, по состоянию на 1 октября т.г. не введено в эксплуатацию
88 объектов водоснабжения и водоотведения. По проектам, реализованным в период 2004-2013 годов: по Программе «Питьевая вода» - 23 объекта, по Программе «Ак Булак» - 65 объектов. В результате не получили доступа к централизованному водоснабжению и не обеспечены качественными услугами водоснабжения 594 823 человек.

А это может негативно отразиться как на понижении качества жизни и санитарных условий, так и на ухудшении здоровья населения. Конечно же, в эту категорию попадают и пенсионеры и дети данных регионов.

Во-вторых, отсутствие у местных исполнительных органов системного подхода при реализации Программы и низкое качество планирования.

Так, по данным статистики по состоянию на 1 января 2014 года имеются регионы, где показатель доступа к централизованному водоснабжению в сельских населенных пунктах составляет 19,5 %.
То есть всего лишь одна/пятая часть сельского населения таких регионов обеспечена центральным водоснабжением, а остальные жители - не обеспечены элементарными нормальными условиями.


Следует отметить, что вода является единственным природным продуктом, который ничем нельзя заменить. Ценность же питьевой воды в Казахстане увеличивается вследствие ограниченности водных ресурсов, высокой степени их загрязнения, неравномерности распределения их запасов по территории страны, и, конечно-же, большими бюджетными вливаниями средств.

В связи с вышеизложенным, уважаемый Ерболат Аскарбекович, прошу усилить взаимодействия центральных и местных исполнительных органов, а также повысить ответственность местных исполнительных органов за обеспечение качества питьевой воды и эффективность реализации программы.

Также прошу в установленном порядке представить ответ по устранению допущенных недочетов в реализации программы по водообеспечению нашего населения.



А. Рахимжанов


Сапыбеков А.

746729


Қазақстан Республикасы

Ұлттық эканомика


министрі


Е.А. Досаевқа


Депутаттық сауал


Құрметті Ерболат Асқарбекұлы!


Судың маңызды тіршілік ресурсы екендігі баршамызға белгілі. Сумен қамтамасыз етудің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы алға қойылған басты міндеттердің бірі болып табылады.

Қазақстанда 2000 жылдан бастап мемлекеттің жүйелі қолдауымен халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша нақты іс-шаралар жүзеге асырылып келеді.

2002-2010 жылдары ауылдық жерлердегі су желілерін жақсартуға бағытталған «Ауыз су» бағдарламасы іске асырылса, 2011 жылдан бастап қалалық және ауылдық сумен жабдықтау нысандарын қамтитын «Ақ бұлақ» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Бағдарламаны қаржыландыру көлемі 1,27 триллион теңге құрап отыр.

Алайда, талдау көрсеткендей, облыстардың көпшілігінде ауыз су мәселесі өз шешімін таппай отыр. Ауылдық елді мекендердің 47% жуығы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қол жеткізе алмаған.

Бұдан бөлек, орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі жүргізілген 3410 ауылдық елді мекендердің ішінде 1408 ауылда мамандандырылған пайдаланушы кәсіпорындар жоқ.

Кейбір жағдайларда бағдарлама шеңберінде қомақты бюджет қаражатына салынған сумен жабдықтау нысандары жұмыс істемей, тоқтап тұрғанын атап айту керек.

Ендігі бар үмітіміз қазіргі «Ақ бұлақ» бағдарламасында екені даусыз. Осыған байланысты мынадай проблемалық мәселелерге назар аударғанымыз жөн.

Біріншіден, пайдалануға берілмеген нысандардың болуы.

Мәселен, ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша

88 сумен жабдықтау және суды бұру нысандары пайдалануға берілмеген. 2004-2013 жылдары «Ауыз су» бағдарламасы бойынша - 23 нысан, «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша - 65 нысан. Нәтижесінде 594 823 адам орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге қол жеткізе алмай, сумен жабдықтаудың сапалы қызметтерімен қамтамасыз етілмеген.


Ал, бұл өмір сүру сапасы мен санитарлық жағдайлардың төмендеуімен қатар, халықтың денсаулығының нашарлауына кері әсерін тигізуі мүмкін. Әрине, бұл санатқа аталмыш аймақтардағы зейнеткерлер мен балалар да кіреді.

Екіншіден, жергілікті атқарушы органдарда Бағдарламаны жүзеге асыруда жүйелі ұстанымның болмауы және жоспарлаудың төмен сапасы.

Мәселен, статистика мәліметтеріне сүйенсек, 2014 жылдың
1 қаңтарындағы жағдай бойынша ауылдық елді мекендердегі орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік көрсеткіші 19,5 % құрайтын аймақтар кездеседі. Яғни, осындай өңірлерде ауыл халқының тек бестен бір бөлігі орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылған, ал қалған тұрғындар үшін қарапайым қалыпты жағдай қамтамасыз етілмеген.

Сонымен бірге, су еш нәрсемен алмастыруға келмейтін жалғыз табиғи өнім болып табылады. Ауыз судың құндылығы Қазақстанда су ресурстарының шектелуімен, олардың жоғары ластану деңгейі, су қорларының ел аумағы бойынша тең болмауы және қомақты бюджет қаражатының жұмсалуы салдарынан жоғарылап отыр.

Баяндалғанның негізінде, құрметті Ерболат Асқарбекұлы, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара қарым-қатынасын күшейтуді, ауыз судың сапасын қамтамасыз етуде және бағдарламаны тиімді жүзеге асыруда жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыруды өтінемін.

Сонымен қатар, халықты сумен қамтамасыз ету бойынша бағдарламаны жүзеге асыруда жол берілген кемшіліктерді жою жөнінде белгіленген тәртіппен жауап беруіңізді өтінемін.


Ә. Рахымжанов


А. Сапыбеков

74 67 29