girniy.ru   1 2 3 4


Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы

БМСК - бастапқы медициналық-санитарлық көмектер

ФЖӘ - фертильді жастағы әйелдер

ЖІИ - жіті ішек инфекциялары

ЖРИ – жіті респираторлық инфекция

БЖАЫЖ – балалар жасындағы ауруларды ыңколдастыру жүргізу

БЕЖД – балалардың ерте жастан дамуы

ДТБК –дамудың туа біткен кемістігі

МФҚБК – Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармациялық қызметті бақылау комитеті

АХК - 10 – аурудың халықаралық сыныптамасы Х қайта қарау

ААЖ – автоматтандырылған ақпараттық жүйе

_________________________


Медициналық қызметтер көрсету


сапасына ішкі және сыртқы

сараптамаларды ұйымдастыру

мен жүргізу қағидаларына

2-қосымша


Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі сараптама


Ішкі сараптама жасалатын жағдайлар (қызметтің бөлімдері) және ішкі сараптамалар өткізудің мерзімділігі

Сараптама өткізуге жауаптылар

Ішкі сараптама қорытындылары

1

2

3

1. Стационарлық көмек көрсететін ұйымдағы барлық жағдайлар:

1) өлім-жітім;

2) ауруханаішілік инфекциялардың пайда болу фактілері;

3) асқынулар, оның ішінде операциядан кейінгі асқынулар;

4) алдыңғы сапасыз емдеу салдарынан бір ай ішінде сол бір ауру бойынша қайта емдеуге жатқызу;

5) емделу мерзімін ұзарту немесе қысқарту;

6) диагноздардың сәйкес келмеуі;

7) негізсіз емделуге жатқызу- бір тоқсанда кемінде 5% емделу жағдайлары.

2. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдағы барлық жағдайлар:

1) ана өлім - жітімі;

2) 0-ден 5 жасты қоса алғанда балалардың үйдегі өлімі-жітімі;

3) еңбекке жарамды жастағы адамдардың аурудан үйде қайтыс болуы;

4) онкологиялық аурулар мен туберкулердің асқынған түрлері;

5) еңбекке жарамды жастағы тұлғалардың мүгедектікке алғаш шығуы;

6) жүктіліктің асқынулары;

7) стационардан шығарылғаннан кейінгі азаматтарды бақылауға алу-тоқсан ішіндегі кемінде 30 аяқталған жағдайлар;

3. Жедел медициналық жәрдем ұйымындағы барлық жағдайлар:

1) бір тәулік ішінде сол бір ауру бойынша қайталап шақыртулар;


Ішкі бақылау

қызметі (аудит)



1. Анықталған ақаулардың жалпы саны, олардың құрылымы, ықтимал себептері мен оларды жою жолдары;

2. Денсаулығының нашарлауына әкеліп соқтырған анықталған ақаулар саны;

3. Медициналық көмек көрсетуге арналған шығындардың көбеюіне әкелген анықталған ауытқулар саны

1

2

3

2) шақырту кезіндегі өлім-жітім: бригада келгенге дейінгі өлім, бригада келген кездегі өлім;

3) жедел жәрдем бригадасы мен науқастарды емдеуге жатқызған стационар диагноздарының сәйкес келмеуі – тоқсан ішінде кемінде 50 қызмет көрсетілген шақыртулар.

4. Қан тапсыру саласында жұмыс істейтін ұйымда ақылы және ақысыз негізде қан тапсырған донорлардың медициналық карталары-тоқсан бойынша донорлардың кемінде 20% медициналық карталары;

мыналарды қоса алғанда, қанды және оның компоненттерін дайындау мен сақтау кезеңдері мен технологиялары:

1) функционалдық блоктардың болуы және оларды ұстау;


2) «Салқындату тізбегінің» шарттары;

3) техникалық қызмет көрсетудің тұрақтылығы, медициналық- жабдықтарды калибрлеу;

4) кіріс бақылауы нәтижелері;

5) карантиндеуді сақтау;

6) асқыну кезеңдерін анықтау емшараларының болуы;

7) қан өнімдерінің инфекциялық және иммундық-биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

8) қанды консервілеудегі ақаудың болуы.

5. Орта медицина қызметкерлері жұмысының сапасын сараптау мыналарды қамтиды:

1) аға мейірбикелер жұмысының сапасын бағалау;

2) орта медицина қызметкерлерінің жұмысын ішінара бағалау.

1 сараптама мыналарды қамтиды:

1) орта және кіші медицина қызметкерлерін кадрлық жоспарлау, оларды тиімді орналастыру және пайдалану жұмысты ұйымдастыру;

2) орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, қайта даярлау, біліктілігін бағалау жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары.

3) бөлімшедегі эпидемияға қарсы іс-шараларға бақылауды жүзеге асыру;

4) емдеу үдерісін ұйымдастыру- тоқсан сайын кемінде 5 сараптама.









_________________________

Медициналық қызметтер көрсету сапасына

ішкі және сыртқы сараптамаларды

ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына

3-қосымша


Медициналық қызметтер сапасының сыртқы сараптамасы


Сараптама жасалатын жағдайлар (қызмет бөлімдері)

Сыртқы сараптамаларды орындаушы адамдар

Сараптама нәтижесі бойынша қорытындылар

1

2

3


онкологиялық аурулар мен туберкулездің асқынған түрлері;

2) тіркелген жағдайлардың жалпы санының 50% жағдайлары*:

жүктілік кезіндегі асқынулар: ауыр деңгейдегі гестоздар, босанудағы, акушерлік қан кетудегі асқынулар, гистерэктомиямен;

еңбекке жарамды жастағы адамдардың алғаш мүгедектікке шығуы;

денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның анықтауы бойынша медициналық көмек басым болып табылатын аурулар бойынша стационардан шыққаннан кейін азаматтарды бақылау;

3) әр бөлімшеден және (немесе) мамандар бейінінен амбулаториялық науқастардың кемінде 10 медициналық картасы.

3. Қан қызметі саласында қызметті түгел асыратың ұйымдарда: тегін және ақылы негізде медициналық қан тапсырушы донорлардың кемінде 50 медициналық картасы;

4. Жедел медициналық көмек көрсету ұйымдарында:

1) тіркелген жағдайлардың жалпы санының кемінде 50% жағдайлары:

бір тәулік ішінде бір ауру бойынша қайта шақыртулар;

шақыртулар кезіндегі өлім-жітім: бригада келгенге дейінгі өлім, бригада келген кездегі өлім;

Мемлекеттік медициналық және фармациялық қызметті бақылау органдарының мамандары және (немесе) аккредиттелген тәуелсіз сарапшылар

  1. Денсаулық сақтау саласында қолданыстағы заңнама талаптарына көрсетілген медициналық көмектің сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы;

  2. Пациентке мемлекетпен кепілдік аясында берілген тегін медициналық көмек көрсету туралы;

3. Нақты тұлғалар көрсетілген тәртіптік және әкімшілік-құқықтық ықпалдылық шараларын қолдану үшін негіздердің болуы туралы.

1

2

3

жедел жәрдем бригадасы мен науқастарды емдеуге жатқызған стационардың қойған диагноздарының сәйкес келмеуі; 2) жалпы бейінді мамандандырылған бригадалардың шақыртуларға шығуының кемінде 10 медициналық картасы.








<< предыдущая страница   следующая страница >>