girniy.ru 1
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтiк-экономикалық даму проблемаларын шешу жөнiндегi 2009 - 2012 жылдарға арналған кешендi жоспарды бекiту туралы


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 19 қыркүйектегi N 865 Қаулысы

 



 

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.09 N 2052 Қаулысымен

      Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтiк-экономикалық даму проблемаларын шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Қоса берiлiп отырған Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтiк-экономикалық даму проблемаларын шешу жөнiндегi 2009 - 2012 жылдарға арналған кешендi жоспар (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.09 N 2052 Қаулысымен
      2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен Маңғыстау облысының жергiлiктi атқарушы органдары Жоспарда көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн және жарты жылдықтың қорытындылары бойынша, 20 қаңтардан және 20 шiлдеден кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне олардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн. 
      3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi жарты жылдықтың қорытындылары бойынша, 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне Жоспардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн. 
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне жүктелсiн. 
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрi                                     К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2008 жылғы 19 қыркүйектегi 
N 865 қаулысымен      
бекiтiлген        

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТIК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ШЕШУ ЖӨНIНДЕГI 2009 - 2012 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КЕШЕНДI ЖОСПАР

      Ескерту. Жоспар жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.09 N 2052 Қаулысымен

Р/с
N

Iс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындауға (iске асыруға) жауапты

Орындау (iске асыру) мерзiмi

Болжамды шығыстар (млн. теңге)

Қаржыландыру көздерi

1

2

3

4

5

6

7

1. Жұмыспен қамту және экономиканы әртараптандыру мәселелерiн шешу

1. Демографиялық жағдай

1.

Оралмандардың келуi, орналасуы және жұмыспен қамтылуы рәсiмдерiн жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдау

Әкiмдiк қаулысы

Маңғыстау облысының әкiмi

2009 жылғы шiлде


Жергiлiктi бюджет қаражатының шегiнде

Жергiлiктi бюджет

2.

"Жұлдыз", "Мерей" жаңа шағын аудандарының құрылысын аяқтау

ЭБЖМ-ге ақпарат

Маңғыстау облысының әкiмi

Жыл сайын, қаңтар, шiлде

Талап етiлмейдi

 

3.

"Нұрлы көш" бағдарламасы шеңберiнде Маңғыстау облысында пилоттық жобаны iске асыру мәселесiн пысықтау

ЭБЖМ-ге ақпарат

Еңбекминi, ЭБЖМ, Маңғыстау облысының әкiмi

Жыл сайын, қаңтар, шiлде

"Нұрлы көш" бағдарламасында көзделген қаражат шегiнде

Республикалық бюджет

2. Жұмыспен қамту бағдарламасын iске асыру

4.

Оралмандар қатарынан жұмыссыздарды басым түрде тарта отырып, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру

ЭБЖМ-ге ақпарат

Маңғыстау облысының әкiмi

Жыл сайын, қаңтар, шiлде

2009 жыл - 31,5
2010 жыл - 34,4

2011 жыл - 37,5


Жергiлiктi бюджет

5.

Жұмыссыз әйелдер мен оралмандарды кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауды жүргiзудi ұйымдастыру

ЭБЖМ-ге ақпарат

Маңғыстау облысының әкiмi

Жыл сайын, қаңтар, шiлде

2009 жыл - 2,4
2010 жыл - 2,6
2011 жыл - 2,8

Жергiлiктi бюджет

6.

Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтiк қорғау жөнiнде қосымша шаралар қабылдау

ЭБЖМ-ге ақпарат

Маңғыстау облысының әкiмi

Жыл сайын, қаңтар, шiлде

2009 жыл - 24,9
2010 жыл - 27,1
2011 жыл - 29,6

Жергiлiктi бюджет

7.

Қала әкiмдiгiмен тиiстi Келiсiмге қол қойып, Жаңаөзен қаласында 100 әлеуметтiк жұмыс орнын құруды (жыл сайын) қамтамасыз ету

ЭБЖМ-ге ақпарат

"ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ

Жыл сайын, қаңтар

2009 жыл - 30,0
2010 жыл - 30,0
2011 жыл - 30,0

"ҚазМұнайГаз" БӨ"АҚ

8.


Жол картасы шеңберiнде жұмыссыз тұрғындарды жұмыспен қамту

ЭБЖМ-ге ақпарат

Еңбекминi, Маңғыстау облысының әкiмi

Жыл сайын, қаңтар, шiлде

2009 жыл - 829,3
2010 жыл - 276,3

Республикалық бюджет

2009 жыл - 145,8
2010 жыл - 68,8

Жергiлiктi бюджет

3. Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау, шағын және орта бизнестi дамыту

9.

"Жаңаөзен қаласының бизнес-инкубаторы" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнында еңбек нарығында талап етiлетiн жұмысшы мамандықтарды даярлау жөнiнде жаңадан бастаушы кәсiпкерлерге арналған қосымша курстар ашу

ЭБЖМ-ге ақпарат

Маңғыстау облысының әкiмi

Жыл сайын, қаңтар, шiлде

2009 жыл - 11,2
2010 жыл - 12,3
2011 жыл - 13,1

Жергiлiктi бюджет

10.

Мемлекет қатысатын шағын кредит ұйымдары арқылы халыққа шағын кредит берудi ұйымдастыру

ЭБЖМ-ге ақпарат

Маңғыстау облысының әкiмi

Жыл сайын, қаңтар, шiлде


2009 жыл - 50,0
2010 жыл - 50,0
2011 жыл -
50,0

Жергiлiктi бюджет

11.

"Төңiрекшiн" елдi мекенiндегi қосалқы шаруашылықты 500 гектарға дейiн кеңейту және ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi оралмандар үшiн 1500 жаңа жұмыс орындарын ашу

Iске қосу актiсi

"ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ

2011 жылғы желтоқсан

2009 жыл - 70,0
2010 жыл - 40,0
2011 жыл - 40,0

"ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ қаражаты

12.

Өңiрдiң мұнай-газ саласы кәсiпорындарының қызметкерлерi үшiн арнайы киiм тiктiруге сатып алуды ұйымдастыруда Жаңаөзен қаласы тiгiн фабрикасының мүмкiндiгiн ескеру

Арнайы киiм тiгуге шарт жасасу

"ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ

Жыл сайын, қаңтар