https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Математикадан олимпиада өтті


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2012 жылдың 12-13 сәуір аралығында математикадан 5В010900-Математика (050109-Математика) мамандығы бойынша оқитын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында олимпиада өткізілді.

Олимпиадаға республиканың әр түкпіріндегі болашақ математика мұғалімдерін даярлайтын жеті командалары қатысты. Атап айтқанда М.Әуэзов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Ш.Е.Есенов атындағы Технология және Инжиниринг Каспий Мемлекеттік Университеті, Ақтөбе Мемлекеттік педагогикалық институты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің екі командасы қатысты.

Республикалық олимпиаданың қазылар алқасын көпшілік дауыспен сайлап, қазылар алқасының құрамында Жумагалиева А.Е., Кощанова Г., Шыракбаев А.Б.., Оразов И.О., Адиева А.Ж., Дюсов М.С. жұмыс жасады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша командалық есепте 1 орынды Ш.Е.Есенов атындағы Технология және Инжиниринг Каспий Мемлекеттік Университеті , 2 орынды Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 3 орынды М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті командалары жеңіп алды. Жеке есепте біздің университеттің 4 курс студенті Кабасов Бағдат ерекше көзге түсіп, 1 орынды иеленді.

Жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Олимпиада қатысушылары бос уақыттарында біздің университеттің студенттерімен ой бөлісіп, пікір алмасты, Ақжайықтың тарихы мол ару қаласына экскурсия жасады, университеттің мұражайларында болды.