girniy.ru 1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ


ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ


«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК


Жаратылыстану ғылыми пәндері кафедрасы


Силлабус

(Syllabus)



Пән: информатика


Пәннің коды: коды INF 1105


Мамандығы: 5В110100 - «Мейірбике ісі»


Оқу сағатының/кредиттің*көлемі: 135/3


Курсы және оқу семестрі: 1 курс 1 семестр


Ақтөбе 2015 ж.


Силлабусты (жұмыс бағдарламасын) жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасы

(кафедра/курс атауы)

_Информатика___ типтік жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырған;


« 27 » 08 2015 ж. кафедра мәжілісінде талқыланды


№_ 1 _хаттама


Кафедра жетекшісі_______________Изтлеуов М.К.


Оқытушылар туралы мағлұматтар:



Т.А.Ж.

Қызметі

Ғылыми дәрежесі

1

Изтлеуов Марат Капенович

Кафедра жетекшісі, профессор

м.ғ.д.

2

Есмуханова Дарига Утебаевна

аға оқытушы

информатика магистрі

3

Емжарова Гульмира Уахитовна

аға оқытушы


-

4

Ахметова Айнур Болатовна

аға оқытушы

жаратылыстану ғылымдарының магистрі

5

Медеуова Раушан Мырзагалиевна

аға оқытушы

жаратылыстану ғылымдарының магистрі

6

Жумашева Алмагуль Колганатовна

оқытушы

жаратылыстану ғылымдарының магистрі

7

Самбаева Сәнімгүл Серікқызы

аға оқытушы

қолданбалы математика және информатика магистрі

8

Алпысбаева Гүлнұр Қозыбаққызы

оқытушы

жаратылыстану ғылымдарының магистрі

9

Сакыпова Дана Сериккаликызы

оқытушы

информатика магистрі

10

Умирзакова Жанат Серикбаевна

аға оқытушы

жаратылыстану ғылымдарының магистрі


Байланыс үшін ақпарат:

Кафедраның мекен-жайы Маресьев көшесі 68, ГУК, 5-этаж кабинет ИВТ,

телефоны: 56-48-66,

электрондық адресі: zkgma@mail.kz

Пәннің саясаты:

Информатика пәнін оқыту үрдісінде кафедраның студенттерге қоятын талабы: сабақтан қалмау және кешікпеу, сабақтың әрбір тақырыбына конспект жазу және ауызша дайындалу, тақырыптық жоспарға сәйкес аудиториядан тыс СӨЖ тапсырмаларын жазу және уақытылы тапсыру, міндетті түрде екінші аяқ киім және халат. Жұмыс бөлімдерін орындамаған кездегі қолданылатын шаралар: жіберілген сабақтар деканат келісімімен өтеледі, кафедрада өтеу күні – бейсенбі, ағымдық аптада жоспар бойынша аудиториядан тыс СӨЖ тапсырмаларын тапсырмаған студенттерге журналға Ғ бағасы қойылады (студент аудиториядан тыс СӨЖ тапсырмаларын себепті өткізбеген жағдайда келесі апта қосымша беріледі). Студент емтиханға толық курс аяқтағаннан кейін, яғни практикалық сабақтар мен аудиториядан тыс СӨЖ тапсырмаларынан қарызы жоқ кезде ғана өткізіледі. Емтиханға жіберілмеу критериилері: өтелмеген сабақтар, семестр бойына қанағаттанарлықсыз баға, аудиториядан тыс СӨЖ тапсырмаларын орындамау.


Студенттің өз бетімен дайындалуы үшін ұйымдастырылған кафедра мүмкіндіктері: кафедрада электронды оқулық, студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар қарастырылған. Кафедра жоспары бойынша курста студенттің ғылыми кружогы жоспарланған. Оқытылатын пән бойынша кеңес беру графикке сәйкес бейсенбіде 1600 - 1800 өткізіледі.

1. Кіріспе: Денсаулық сақтауды ауқымды ақпараттандырумен байланысты болашақ дәрігерлерге медициналық ғылымды ақпараттандыру және жаңа компьютерлік технологиялармен информатика негіздерін білу қажет.

2. Пәннің мақсаты: Медицина вузының студенттерін информатика негіздері мен және денсаулық сақтаудағы ақпараттандыру әдістері, жаңа компьютерлік технологиялармен таныстырып және де қазіргі деңгейдегі ақпараттандыруда практика жүзінде іскерлігі және дағдысын қалыптастыру.

3. Оқыту мақсаттары

1. өзінің кәсіпшілік қызметінде қазіргі компьютерлік программаларды қолданып іскерлігін дамыту;

2. медико-биологиялық зерттеуде «Медициналық статистика» программа пакетін қолдану;

3. медико-биологиялық есептерді алгоритмдеуде және бағдарламалауда іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру;

4. ҚР «Электрондық үкімет» бағдарламасын қалыптастыруда студенттерді мақсатымен және тапсырмаларымен, мемлекеттік органдарда қазіргі кездегі ақпараттандыруды талдауды, бағдарлама механизмдерімен және негізгі бағыттарымен таныстыру;

5. жергілікті желі және Internet қолданып іскерлігін дамыту.


4. Оқытудың соңғы нәтижелері


  • Студент білуі керек:

    1. өз еңбегін ұйымдастыру негіздері;

    2. компьютер жайында қажетті мағлұмат;

    3. мамандандырылған іс әрекетте мамандарға қажет ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу негіздерінің компьютерлік әдістері;

    4. алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері;
    5. Жаңа компьютерлік технологиялар;


    6. қолданбалы бағдарламада пакетті қолдану мысалдары;

    7. ЭЕМ көмегімен медико-биологиялық ақпараттарды өңдеу мысалдары;

    8. халық денсаулығын ақпараттық талдау және негізгі жинау әдістері. (регион, өндірістік коллективтер, балалар орны).

  • Студент орындай білуі керек:

  1. жұмыста компьютерді іске қосу;

  2. жаңа технологиялармен жұмыс жасау;

  3. медико-биологиялық есептерді шешу үшін қарапайым алгоритмін құру;

  4. медико-биологиялық мазмұнды есептерді шешу үшін қарапайым бағдарламаларды жазу;

  5. стандартты және қолданбалы бағдарламалармен жұмыс.

    • Студент жетік білуі керек:

1. компьютермен жұмыс, қолданбалы бағдарламаларды қолдану;

2. Internet ресурсын пайдалану;

3. статистикалық әдістерді талдауда қолдану;

4. «Электрондық үкіметтің» электронды қызмет көрсетулерін қолдану;

5. телемедицинаны және басқа коммуникациялық технологияларды қолдану.


5. Реквизитке дейінгі: Пән бойынша білімін тиімді жетілдіру үшін информатика, физика, математика пәндерінің базалық мектеп курсын жетік білуі қажет.

Реквизиттен кейінгі: Көптеген пәндерді оқығанда информатика негізін қолдану, мысалы «Биостатистика», «Жалпы гигиена», «Медицинадағы ақпараттық технология».

6. Пәннің қысқаша мазмұны: Информатика ғылым мен технологияның бірлігі ретінде. Қазіргі информатиканың құрылымы. Ақпарат, оныѕ түрлері мен қасиеті. Деректерді тасымалдаушылар. Деректермен операция жасау. Булева алгебрасы. Графалармен тармақтар. Компьютердің логикалық элементтері. Машинаны ұйымдастыру: фон Нейман принципі, басқарушы құрылғы, команда жүїйелері мен команда типтері. Енгізу- шығару жəне үзу. Компьютер жады құрылєысы. Енгізу-шығару құрылғысы. Тапсырмаларды шешу жəне шешімдерді іздеу стратегиясы. Алгоритмдердің, алгоритмдерді жүзеге асырудың ұжырымдамасы мен қасиеттері. Блок-схемалар алгоритмдерді графикалық жүзеге асыру құралы. Соңғы автоматтар. Тьюринг машинасы жəне Пост машинасы. Бағдарламалаудың негізгі конструкциялары. қазіргі қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу. Ақпаратты іѕдеу құралдары. Кестелік процессорлар. Баспа жүйелері. Дерекқорды басқару жүйелері. Графикалық редакторлар. Мультимедиялық қосымша. Операциялық жүйелердің негізгі тұжырымдамалары. Желілер жəне телекоммуникация. Web-қосымшаларды əзірлеу технологиясы. Ақпараттық қауіпсіздік жəне оның құрамдас бөліктері. Вирусқа қарсы бағдарламалар. Ақпараттық-коммуникациялық технология. «Электрондық үкімет» инфрақұрылымы. Бизнес-процесстерді құру жəне талдау технологиясы. Техникалық тапсырмаларды əзірлеу қағидаттары. «E-Learning» электрондық оқыту негіздері. Электрондық оқыту əдістері. «E-Learning» негізгі компоненттері. Білімді бағалау əдістемелері. «E-Learning» ортасында қашықтықтан оқыту курстарын құрудың қазіргі технологиясы.


7. Сабақтардың тақырыптық жоспары (дәріс, мұғалімнің жетекшілігімен өз бетімен* практикалық \ лабораторялық, тақырыптар, өткізу формасы және жалғасы, консультация уақыты, шекаралық және бақылау жұмыстары).


Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары



Сабақ тақырыптарының атауы

Сағаттар

саны

Апта саны

1

Информатикаға кіріспе

3

1

2

Қазіргі есептеу техникасының архитектурасы

3

2

3

Жүйелік бағдарламалық қамсыздандыру

3

3

4

Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру. Мәтіндік процессор

3

4

5

Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру. Кестелік процессор

3

5

6

Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру. Презентация құру бағдарламасы

3

6

7

Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру. Мәліметтер қорын басқару жүйесі


3

7

8

Мәліметтер қорын басқару жүйесі. Кесте конструкторын қолдану

3

8

9

Алгоритмдеу және бағдарламалау. Сызықтық алгоритмді Turbo Pascal тілінде сипаттау

3

9

10

Turbo Pascal тілінде тармақталған және циклдық алгоритмдерге есептер шешу

3

10

11

Turbo Pascal тілінде массивтер мен ішкі бағдарламаларды сипаттау

3

11

12

HTML бағдарламалау тілінің негізі

3

12

13

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

3

13

14

Қазақстанның электрондық үкіметі

3

14

15

Ақпараттық қауіпсіздік негіздері

3

15




Барлығы

45





Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетімен жұмысының тақырыптық жоспары (ОЖСӨЖ)




Сабақ тақырыптарының атауы

Сағаттар

саны

Апта саны

1

Информатикаға кіріспе

3

1

2

Қазіргі есептеу техникасының архитектурасы

3

2

3

Жүйелік бағдарламалық қамсыздандыру. Антивирустық бағдарламалар. Мұрағаттаушылар

3

3

4

Ms Word мәтіндік процессорымен жұмыс

3

4

5

Ms Excel кестелік процессорымен жұмыс

3

5

6

Презентация құру бағдарламасы

3

6

7

Ms Access мәліметтер қорын басқару жүйесі

3

7

8

«Компьютелік бағдарламалық қамсыздандыру» тақырыбына аралық бақылау

3

8

9

Алгоритмдеу және бағдарламалау. Сызықтық алгоритмді Turbo Pascal тілінде сипаттау


3

9

10

Turbo Pascal тілінде тармақталған және циклдық алгоритмдерге есептер шешу

3

10

11

Turbo Pascal тілінде массивтер мен ішкі бағдарламаларды сипаттау

3

11

12

Web-беттерді құрастыру және өңдеу

3

12

13

Желілік технологиялар мен телекоммуникациялар. Ғаламтор

3

13

14

Қазақстанның электрондық үкіметі. Электрондық оқыту

3

14

15

«Алгоритмдеу және бағдарламалау. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» тақырыбына аралық бақылау

3

15




Барлығы

45





8. Студенттердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар

Студенттің өз бетімен жұмысы тақырыптары (СӨЖ).




Сабақ тақырыптарының атауы

Сағаттар саны

1

Информатика негізі

7

2

Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру

8

3

Алгоритмдеу

7

4

Мәселелік-бағытталған дестелерді қолдану

8

5

Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар және қауіпсіздік

7

6

Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі

8













Барлығы:

45



Студенттің өздік жұмысын ( СӨЖ) ұйымдастырудың жоспары





СӨЖ тақырыбы

СӨЖ тапсырмалары/өткізу түрі

СӨЖ бақылау түрлері

СӨЖ бақылау кестесі (мерзімі)

1

Информатика негізі


Сандық және символдық ақпараттардың компьютерде бейнеленуі.

Объектілер, олардың қасиеттері, объектілер мен функциялардың арасындағы қатынас. Объектілердің қасиеттері және олардың арасындағы қатынас туралы ұйғарым. Предикат логикаларының элементтері.

Параллель жұмыс жасайтын компьютерлердің архитектуралары. Бульдік алгебра. Логикалық амалдар. Формулалар және оларды түрлендіру.

Санау жүйелері. Бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру. Санау жүйесіндегі арифметикалық әрекеттер.

Компьютер компоненттері. Жүйелік ресурстар. Сақтау құрылғылары. Ақпараттарды сақтау.

Перифериялық құрылғыларды орнату, жұмыс істеу қабілеттілігін тексеру.

реферат

3 аптада

2

Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру

Графикалық қосымшалармен жұмыс.

Операциялық жүйелерді баптау. Жүйе конфигурациясының құралдары. Реестр редакторы. Командаларды өңдеуші.

Операциялық жүйенің стандартты қосымшалары. Операциялық жүйенің командалары мен утилиттері. Мобильді құрылғыларға арналған операциялық жүйелер. Қолданбалы бағдарламалардың мәселелері-бағытталған пакеттерін кәсіби салада қолдану.

Мобильді байланыстар мен бұлтты есептеулер технологияларының бірігіуі.

презентация

5 аптада

3

Алгоритмдеу

Алгоритмдердің тиімділігін талдау және бағалау. Бағдарламаларды жөндеу және верификациялау тәсілдері.


презентация

9 аптада

4

Мәселелік-бағытталған дестелерді қолдану

Қолданбалы бағдарламалардың мәселелері-бағытталған пакеттерін кәсіби салада қолдану.

Мобильді байланыстар мен бұлтты есептеулер технологияларының бірігіуі.


презентация

11 аптада

5

Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар және қауіпсіздік

Электронды оқулықтарды құруға арналған мультимедиялық құралдарды қолдану.

Деректердің концептуалды, логикалық және физикалық модельдері.

Динамикалық мазмұнды Web-сайттарды құрудың замануи құралдары.

OSI моделінің қолданбалы деңгейінің хаттамалары: міндеті және пішінделуі. Қашықтықтан оқыту сабағының құрылымын және мазмұнын жобалау. Компонеттерді таңдау. Интернет. Негізгі түсініктер: сайт, IPадрес, порт, сокет, сервер, клиент. Интернетке қосылу. Интернетке адрестеу. Web-беттерін көрудің қолданбалы бағдарламалары. Электронды пошта.

Webқосымшаларды жобалау. Деректерді серверге жіберу. Web қосымшасының графикалық интерфейсін таңдау. Стиль құру.

Деректерді қорғаудың сервистік бағдарламалық құралдары: стандартты және қызметтік бағдарламалар, деректерді архивтеу, антивирустық бағдарламалар.

Компьютерге вирус түсуінің белгілерін анықтау. Вирустан сақтауға арналған бағдарламалар: 7,0 Касперский антивирусы,AVAST!, Norton AntiVirus.

«Электронды үкімет» инфроқұрылымы.

«E-Learning» ортасының негізгі компоненттері. «E-Learning» ортасымен жұмыс.

презентация

13 аптада

6

Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының электронды үкіметі. Қазақстан Республикасының электронды үкіметі порталының құрылымы және қызметі.

презентация


14 аптада


9. Негізгі және қосымша әдебиет

Негізгі:

  1. Джумагалиева А.М., Нургазинова А.Ж., Смаилова Л.Қ., Күлмұратова А.Ш. Информатика: Ақпараттық жүйелер. Оқулық/Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 247 б.

  2. Симонович С.В. и др. Информатика. Базовый курс: учебное пособие для высших технических учебных заведений. – СПб: Питер, 2011. – 639 с.

  3. Бөрібаев Б.Б., Махметова А.М. Алгоритмдеу және программалау тілдері. Оқулық / Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 327 б.

  4. Медешова А.Б., Габдуллаев Д.Г. Компьютер архитектурасы: оқулық / Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. – Алматы : ЖСШ РПБК «Дәуір», 2011. – 303 б.

  5. Мырзабекова Г.Е., Күлмұратова А.Ш., Смаилова Л.Қ., Тәжібай Л.К. Интернет технологиясы. Оқулық / Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. – Алматы: ЖСШ РПБК «Дәуір», 2011. – 191 б.



Қосымша:

  1. Ахо А., Хопкрофт Д., Ульман Д. Структуры данных и алгоритм. – М.: Вильямс, 2009. – 400 с.

  2. Бөрібаев Б.Б., Мадьярова Г.А. Web-технологиялар. Оқулық / Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. – Алматы : ЖСШ РПБК «Дәуір», 2011. – 359 б.

  3. Аяжанов Қ.С., Есенова А.С. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау. Оқулық / Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 375 б.

  4. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Дәлетқұлов А. Жаңа информациялық технологиялар: информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ. – Алматы: Джагамбек и С, 2011. – 438 б.
  5. Аяжанов С.С., Сатымбекова С.Б. Компьютерлік желілер. Оқулық / Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. – Алматы : ЖСШ РПБК «Дәуір», 2011. – 239 б.


  6. Таненбаум Э., Уэзеролл Д. Компьютерлік желілер. 1-бөлім. Оқулық / Аудармашылар: Махметова А.М., Беркимбаева С.Б. – Алматы: Дәуір, 2013. – 552 б.

  7. Шәріпбаев А. және т.б. Ағылшынша-орысша-қазақша информатикадан түсіндірме сөздік = Англо-русско-казахский словарь по информатике. – Алматы: Сөздік-словарь, 2002. – 172 б.

  8. Тұңғатарова Н.Н. Windows, Word, Excel, PowerPoint пайдаланушыларға мысал түрінде. Оқу құралы. – 2 басылым.өнд. және толықт. – Алматы, «Қазақстан университеті», 206. – 280 б.

  9. Теория и практика дистанционного обучения. Учебное пособие. Издательский центр «Академия», 204 г.

  10. Пфаффенбергер Б., Шафер С., Уайт Ч., Кароу Б. HTML, XHTML и CSS. Библия пользователя. М.: 208.

10. Оқытудың және сабақ берудің әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар және т.б.)

Курсты тиімді оқыту келесі оқу және оқыту әдістерін ұсынады:

- қысқаша мәлімет, сұрақтармен және талқылаумен өткізілетін;

- кіші топтармен жұмыс: сұрақ қою және талқылау;

- рольдық ойындар, «ромашка», «журналист және комментатор» әдісі;

- өз бетімен жұмыс;

- практикада жұмыс.

11. Білімді бағалаудың критерийлері және ережелері: Пәнді оқып бітіргеннен кейін студенттің білімін, дағдысын және икемділігін бағалау үшін. Коммуникативті дағдылар – 1формативті және суммативті бағалау әдістері қолданылады. Формативті бағалау әдістері, студентке тапсырманы орындағанда өзінің кушті және нашар жақтарын анықтауға мүмкіндік беретін конструкциялық кері байланысқа ошақталады:

- тесттік тапсырмалар (MCQ)

- бағалау беттің көмегімен тәуелсіз сырттай бақылаушының (оқытушының) тікелей бақылаумен коммуникациялық дағдыларды бағалау

-бағалау шкаланың (бағалау беттің) көмегімен студенттің пациент пен тәуелсіз және үйретілген бақылаушының сұхбаттарының видео немесе аудио жазбаларын бағалау


Нәтижелерді бақылау және бағалау БҚММУда қабылданған рейтингтік әдіс бойынша жүргізіледі және ағымдағы және қорытынды бақылауларда қосылады.

Пән бойынша ағымдағы бақылауға теориялық білім деңгейін тексеретін, тесттік тапсырмаларды шешу, қолданбалы және мамандандырылған программалардың пакеттерімен жұмыс принциптері жәңе т.б. жатады.; теориялық материялды жеке және жалпы ауызша талқылау, компьютердің құрылымымен және жұмыс жасау принципімен танысу, лабораториялық жұмыстардың орындалу әдістері және т.б..; лабораториялық жұмыстардың орындалуын есеп және практикалық дағдыларды меңгеріп алу негізімен бақылау. Практикалық дағдыларды меңгеріп алу кезінде (компьютер жұмысын басқару әдістерін игеру, қолданбалы және арнайы мамандандырылған программаларды және т.б. қолдану) компьютердің программалық және аппараттық қамтамасыз етілуінің ресурстарын дәрежелі қолдана білу деңгейі бағаланады, қойылған есептердің қолайлы шешу жолдарын саналы түрде таңдау. Ағымдағы бақылауда жазбаша жұмыс өтіп жатқан кредиттің дәріс курсының негізгі тақырыптары бойынша өткізіледі және оқытушымен бағаланады. Қорытынды бақылау соңғы сабақта тест әдісімен дифференциялды сынақ түрде өткізіледі. Тестілеу компьютерлік орталығында 100 сұрақтан тұратын тесттердің нұсқауларын қолдану арқылы өтеді.

Студенттердің білімін бағалау жүйесі

Пән бойынша емтихандық баға шекаралық бақылауды - 40% және аралық аттестацияны (емтихан) - 60% үлгерімнің максимал көрсеткіштерінің қосындысы болып анықталады және 100% құрайды, сонымен қорытынды баға мына формула арқылы анықталады:

Р1- бірінші рейтингтің бағасының пайыздық қатынасы; Р2 - екінші рейтингтің бағасының пайыздық қатынасы; Э – емтихан бағасының пайыздық қатынасы.

Сондықтан қорытынды бағаны дәл есептеу үшін аралық бақылауда (рейтигте) және қорытынды емтиханда студенттің білімін пайызбен 0-ден 100% дейін бағалау қажет.


Студенттердің білімі, іскерлігі және дағдысы келесі жүйе бойынша бағаланады:

Әріпті жүйемен бағалау

Үпайдың сандық эквиваленті (бағасы)

Пайыздық құрамы

Қалыпты жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F


0

0-49

Қанағаттарлықсыз



Теориялық пәндерге арналған практикалық сабақтар бойынша студенттердің білімін, біліктілігін және дағдысын бағалаудың белгілері

Әріптік жүйе бойынша бағалар

Білімін бағалаудың белгілері

А

Жауап толық дұрыс, түсінікті. Студент бағдарламада берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді терең меңгерген. Күрделі деңгейдегі оқу материалын еш қиындықсыз түсінеді. Пән бойынша негізгі терминдерді сауатты және мағынасына сай қолданады. Алған білімін жайдан күрделі оқу пәндеріне қарай дамыта алады. Тәжірибе жасау (химиялық немесе тағы басқа, пәнге байланысты) дағдылары бар және алынған тәжірибелік мәліметтерді теориялық тұрғыдан дәлелдеп, талдау жасай алады.

А-

Жауап толық, дұрыс. Студент оқу бағдарламасының материалдары бойынша жүйелі және терең білім алған, бағдарламада белгіленген негізгі және қосымша әдебиеттерді толық меңгерген. Пәнге сай терминологияны қолдана отырып, материалдың мазмұнын сауатты түсіндіреді, алған білімін медико-биологиялық пәндер бойынша жинаған білімімен байланыстыра алады. Тәжірибе жасау (химиялық немесе тағы басқа, пәнге байланысты) дағдылары бар және алынған тәжірибелік мәліметтерді теориялық тұрғыдан дәлелдеп, талдау жасай алады, тәжірибеден қорытынды шығара алады.

В+

Жауап жеткілікті түрде толық. Студент бағдарламалық материалды меңгерген, бағдарламада көрсетілген негізгі әдебиетті жетік біледі, пәнге сай терминологияны дұрыс қолданады, өмір құбылыстарындағы әр түрлі байланыстардың ролі мен мәнін сенімсіз (бірақ дұрыс) түсіндіреді. Жауап барысында бір-екі аса көңіл аудармайтын қате жібереді, бірақ оны өзі түзетеді. Тәжірибе жасау (химиялық немесе тағы басқа, пәнге байланысты) дағдылары бар және алынған тәжірибелік мәліметтерді теориялық тұрғыдан дәлелдеп, талдау жасай алады, тәжірибеден қорытынды шығара алады.


В

Жауап толық. Студент бағдарламалық материалды меңгерген, бағдарламада көрсетілген негізгі әдебиетті біледі. Пәндік терминологияның қолданылу бағытын дұрыс түсіндіреді, бірнеше қате жібереді, бірақ оқытушының сауал қоюы арқылы оларды түзетеді. Тәжірибе жасау (химиялық немесе тағы басқа, пәнге байланысты) дағдылары бар және алынған тәжірибелік мәліметтерді теориялық тұрғыдан дәлелдеп, талдау жасай алады, тәжірибеден қорытынды шығара алады.

В-

Жауап дұрыс, бірақ жеткілікті толық емес. Студент бағдарламалық материалды меңгерген, бағдарламада көрсетілген негізгі әдебиетті біледі, ұсынылған бағдарламаны біледі, пәндік терминологияны дұрыс қолданады, пәндік терминологияның барысы мен бағытын түсінеді және түсіндіре алады, негізгі механизмдерді түсіндіре алады, бірақ оны ашып айтуда қиындыққа тап болады. Жауап бергенде маңызды емес қателіктер жібереді, бірақ оны оқытушының көмегімен түзетеді. Тәжірибе өткізу дағдалары (химиялық немесе басқа да пәнге байланысты) қалыптасқан. Тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.

С+

Жауап толық емес, маңызсыз қателіктері бар, оны студент оқытушының сұраққа байланысты сұрақтар қойғанында түзете алады. Одан әрі оқуда қажеттілік тудыратын көлемде негізгі оқу-бағдарламалық білімі бар, бағдарламамен ұсынылған негізгі әдебиеттерді меңгерген. Пәндік терминологияны пайдаланады, негізгі механизмдерді пайдаланады, бірақ кезектілігімен атай алмайды, нақты үлгідегі білімін көрсете алмайды. Тәжірибені өткізудегі (химиялық немесе басқа да пәнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан. Тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.

С

Жауабы оқу бағдарламасымен қарастырылған білімін көрсете алмайды, маңызды емес және маңызды бірер қателіктері бар, оны студент оқытушының сол жауапқа алып келетін (қосымша) сұрақтар қоюы кезінде түзетеді. Пәндік терминологияны қолдану дағдылары бар, аса қиын механизмдерді анықтауда қиындықтарға тап болады. Тәжірибені өткізудегі (химиялық немесе басқа да пәнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан, тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.


С-

Бағдарламалық оқу материалын толық айтпайды. Студент маңызды емес және маңызды қателіктер жіберген, оларды оқытушының көмегімен түзете алады. Пәндік терминологияны дұрыс пайдалана алады, негізгі механизмдерді анықтауда қателіктерге тап болады, формулалар және т.б. жазуда қателер жібереді. Өз білімін басқа ұқсас пәндермен үйлестіре алмайды, байланыс таппайды. Тәжірибені өткізудегі (химиялық немесе басқа да пәнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан, тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.

D+

Жауап толық емес, нақтылықтар аз. Маңызды және маңызды емес қателіктер бар. Кейбір жағдайларда студент пәндік терминологияны пайдаланады, бірақ механизмдерге жауап беруде қындықтарға тап болады, байланыстыра алмайды, пән бойынша негізгі түсініктер мен терминдерге анықтама бере алмайды. Тәжірибені өткізудегі (химиялық немесе басқа да пәнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан, тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.

D

Оқытушының қосымша сұрақтар қойғанының өзінде көптеген қателіктері бар жауап. Маңызды қателіктер: терминологияны дұрыс пайдалана алмайды, түсініктер мен терминдерге анықтаманы бере алмайды, негізгі заңдар, ережелердің орналасуын білмейді, түрлерге бөле алмайды. Негізгі үрдістер, механизмдердің мағынасын түсінбейді, материалды түсіндіруде пәндік терминологияны пайдалана алмайды, күрделі қателіктер жасайды. Тәжірибе өткізудің дағдыларын толық меңгермеген, тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.


F

Студенттің жауаптан немесе жауап беруден бас тартуы, студент оқу бағдарламасы бойынша білімінің толықтай жоқтығын көрсетеді.

Бірде бір тапсырма/тәжірибе орындалмаған, немесе тапсырма/тәжірибе/ зертханалық жұмыс дұрыс орындалмаған.




Н ПРО БҚММУ 703-08-15. Силлабус. Төртінші басылым.

Ф ПРО ЗКГМУ 703-08-15. Силлабус. Издание четвертое.