girniy.ru   1 ... 5 6 7 8 9 10

Тәжірибелік жұмыс № 10.

Тақырыбы: Бунақденелілердің көбеюі мен дамуы.

Мақсаты: Толық түрленбей және толық түрленіп дамитын бунақденелілер отрядтарымен танысу. Даму ерекшеліктерімен танысу.

Тапсырмалар:

Анықтағышпен жұмыс істеуді үйрену. Толық түрленбей дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу және коллекциядағы насекомдарды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтай білу.

Сұрақтар:

Насекомдар қандай үлкен екі класс тармағына бөлінеді?

Түзуқанаттылар, инеліктер отрядтарына тән белгілері қандай?

Жартылай қаттықанаттылар отрядына тән белгілер қандай?

Тарақандар отрядына тән белгілері қандай?

Қоңыздар, қабыршаққанаттылар отрядтарына тән белгілері қандай?

Жарғаққанаттылар отрядына тән белгілері қандай?

Қосқанаттылар отрядына тән белгілері қандай?

Қоңыздар мен жартылай қаттықанаттылардың айырмашылықтары неде?

Тәжірибелік жұмыс № 11.

Тақырыбы: Былқылдақденелілер типі.


  1. Жүзім ұлуы мысалында бауыраяқтылар класының құрылыс ерекшеліктері. Классификациясы, таралуы.

  2. Айқұлақ мысалында тақтажелбезектілердің құрылыс ерекшеліктері. Кластың кәсіптік өкілдері.

Мақсаты: Бауыраяқтылардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Тақтажелбезектілердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.

Тапсырмалар:

  1. Ұлудың бақалшағының құрылысын қарап, оның бақалшақтың ішінде қалай орналасқанын көріп, оны сойып, ішкі мүшелерімен танысып, суретін салу керек.

  2. Тіссіз моллюсканың бақалшағының сыртқы және ішкі құрылысына қарап «құлпына» көңіл аудару. Тіссіз моллюсканың денесін сойып, анатомиялық құрылысын және мантиялық комплекс мүшелерін көріп суретін салу.

Сұрақтар:

  1. Тақтажелбезектілердің бақалшағының құрылысы қандай?
  2. Мантиялық комплекс дегеніміз не және оның функциясы қандай?


  3. Тіссіз моллюсканың ас қорыту системасының өзгешеліктері және олардың қоректенуі.

  4. Моллюскалардың жүйке жүйесі қандай типке жатады?

  5. Бауыраяқтылардың денесінің симметриясы қандай?

  6. Моллюскаларға қандай сезім мүшелері тән?

  7. Моллюскалардың практикалық маңызы қандай?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Болатова, Қ.Б. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы [Эл.ресурс]: электр. оқу құралы / Қ.Б. Болатова, Л.А. Байдулова; БҚМУ.- Орал, 2007ж.

Тәжірибелік жұмыс № 12.

Тақырыбы: Екіншіауыздылар. Тікентерілілер типі.

  1. Теңіз жұлдызының құрылысы.

  2. Тікентерілілер типінің жалпы сипаттамасы.

Мақсаты: Тікентерілілердің сыртқы және ішкі құрлысымен танысу.

Тапсырмалар:

Теңіз жұлдызының сыртқы құрылысын сипаттағанда денесінің бес сәулелі симметриясына көңіл аудару. Теңіз жұлдызын сойып ішкі мүшелерінің құрылысын қарап, суретін салу. Теңіз кірпілерінің сыртқы құрылысымен танысу.

Сұрақтар:

  1. Тікентерілілердің денесінің симметриясы қандай?

  2. Амбулакральды жүйесі қалай орналасқан? Оның қызметі қандай?

  3. Тікентерілілердің зәр шығару жүйесі туралы не айтуға болады?

  4. Тікентерілілердің эмбрионалдық дамуының ерекшеліктері қандай?

  5. Тікентерілілерді неге екінші ауыздыларға жатқызады?


2 Модуль Хордалылар типі

1 Блок Бассүйексіздер тип тармағы


Тәжірибелік жұмыс № 13.

Тақырыбы: Бассүйексіздер тип тармағы .

1.Ланцетник бас сүйексіздер өкілі.

2. Дөңгелекауыздылардың сыртқы құрылысы.

3.Дөңгелекауыздылардың ішкі құрылысы.

Мақсаты: Су миногасын мысалға ала отырып, дөңгелекауыздылардың ішкі, сыртқы құрылыс ерекшеліктерімен танысу.


Тапсырмалар:

1.Аппендикулярия, асцидия және сальпылар кластарын қарастыру.

2.Қандауыршаның құрылысы.Қандауыршаның көлденең кесіндісін қарастыру.

3.Қан айналу жүйесіне назар аудару. Суретін салып белгілеу

Сұрақтар:

Қолданылатын әдебиеттер:

Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.

К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы. Алматы., 2011ж

Тәжірибелік жұмыс № 14. Аралық бақылау


2 Блок Бассүйектілер тип тармағы


Тәжірибелік жұмыс № 15.

Тақырыбы: Шеміршекті балықтардың құрылыс ерекшеліктері.

1.Шеміршекті балықтардың жалпы сипатамасы.

2. Шеміршекті балықтардың ішкі құрылысы.

3. Шеміршекті балықтардың систематикасы.

Мақсаты:Шеміршекті балықтардың ішкі және сыртқы құрылысымен, ерекшеліктерімен, систематикасымен танысу.

Тапсырма:

Акуланың бас сүйегі қаңқасының құрылысымен танысу.

Акуланың ішкі құрылысымен танысу. Қан айналу және жүйке жүйесі.

Шеміршекті балықтардың сезім органдарының ерекшеліктерімен танысу.

Суреттерін салып, белгілерін жасау.

Сұрақтар:

1.Шеміршекті балықтардың сүйекті балықтардан айырмашылығы?

2. Шеміршекті балықтардың тыныс алу органындағы ерекшеліктер?

3. Шеміршекті балықтардың ас қорыту жүйесінің ерекшелігі?

5. Миграция деген не?

6. Балықтардың негізгі экологиялық топтарын ата?

7. Қоректену сипатына қарай балықтардың ауыз аппаратының типтерін ата?

Қолданылатын әдебиеттер:

Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.

К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы. Алматы., 2011ж

Тәжірибелік жұмыс № 16.

Тақырыбы: Сүйекті балықтардың құрылыс ерекшеліктері.


1. Сүйекті балықтардың жалпы сипатамасы.

2. Сүйекті балықтардың ішкі құрылысы.

3. Сүйекті балықтардың систематикасы.

Мақсаты: Сүйекті балықтардың ішкі және сыртқы құрылысымен, ерекшеліктерімен, систематикасымен танысу.

Тапсырма:

Өзен алабұғысының ішкі құрылысын зерттеу. Қан айналу және жүйке жүйесі.

Зәр шығару жүйесімен танысу.

Суреттерін салып, белгілерін жасау.

Сұрақтар:

1.Шеміршекті балықтардың сүйекті балықтардан айырмашылығы?

2. Сүйекті балықтардың тыныс алу органындағы ерекшеліктер?

3. Сүйекті балықтардың ас қорыту жүйесінің ерекшелігі?

5. Миграция деген не?

6. Балықтардың негізгі экологиялық топтарын ата?

7. Қоректену сипатына қарай балықтардың ауыз аппаратының типтерін ата?

Қолданылатын әдебиеттер:

Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.

К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы. Алматы., 2011ж


Тәжірибелік жұмыс № 17.

Тақырыбы: Қосмекенділер класы.

1. Қосмекенділердің жалпы сипатамасы.

2. Қосмекенділердің ішкі құрылысы.

3. Қосмекенділердің систематикасы.

Мақсаты: Көлбақаның сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктерімен танысу. Қосмекенділердің классификациясын меңгеру.

Тапсырма:

1.Бақаның бассүйегінің және миының құрылысын зерттеп оқып, балықтармен салыстырып, ортақ белгілерін, ерекшеліктерін сипаттау.

2.Қосмекенділердің жыныс-зәр органдарын зерттеу.

Суреттерін салып, белгілерін белгілеу.

Сұрақтар:

1.Қосмекенділердің тіршілік ету жағдайларына қарай ерекшеліктері.

2.Қосмекенділердің класс тармақтарын ата.

3.Бауырмен жорғалаушылардың қосмекенділермен салыстырғанда тыныс алу мүшесінің айырмашылығы.


4.Қосмекенділердің балықтармен ұқсастығы.

Қолданылатын әдебиеттер:

Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.

К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы. Алматы., 2011ж


Тәжірибелік жұмыс №18.

Тақырыбы: Бауырмен жорғалаушылар класы.

1. Бауырмен жорғалаушылардың жалпы сипатамасы.

2. Бауырмен жорғалаушылардың ішкі құрылысы.

3. Бауырмен жорғалаушылардың систематикасы.

Мақсаты Бауырмен жорғалаушылар класының ішкі және сыртқы құрылысымен танысу. Бауырмен жорғалаушылардың алуан түрлілігімен танысу. Бауырмен жорғалаушылардың классификациясын меңгеру.

Тапсырма:

1. Кесірткенің ішкі құрылысын зерттеу.

2. Кесірткенің қан айналу жүйесін зерттеу.

3.Бауырмен жорғалаушылардың негізгі отрядтарымен танысып, оларды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтай білу.

4. Анықталған түрлерге сипаттама беру.

5. Суреттерін салып белгілерін жасау.

Сұрақтар:

1.Бауырмен жорғалаушылардың құрлықта тіршілік ету жағдайларына қарай ерекшеліктері.

2.Бауырмен жорғалаушылардың класс тармақтарын ата.

3.Құстар мен бауырымен жорғалаушылардың ұқсастығы

4.Бауырымен жорғалаушылардан құстар жұмыртқасының айырмашалағы?

5.Бауырмен жорғалаушылардың қарапайым ерекшеліктері.

Қолданылатын әдебиеттер:

Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.

К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы. Алматы., 2011ж

Тәжірибелік жұмыс №19.

Тақырыбы: Бауырмен жорғалаушылар класы.

Мақсаты: Тушкалары бойынша бауырмен жорғалаушыларды анықтау.

Тәжірибелік жұмыс № 20

Тақырыбы: Құстардың морфологиясы.

1. Ұшуға байланысты сыртқы құрылыс ерекшеліктері.


2.Құстардың қаңқасын зерттеу.

3. Ұшуға байланысты ішкі құрылыс ерекшеліктері.

4. Құстардың систематикасы.

Мақсаты: Ұшуға байланысты сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктерін зерттеу. Құстардың алуан түрлілігімен танысу.

Тапсырма:

Көгершіннің қаңқасын зерттеу

Көгершіннің бас сүйегін зерттеу.

Көгершіннің ішкі органдарының орналасуын зерттеу.

Көгершіннің қан айналу жүйесін зерттеу.

Тушкалары бойынша құстарды анықтап, құстардың негізгі отрядтарымен танысып, оларды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтау.

Анықталған түрлерге сипаттама беру.

Суреттерін салып белгілерін жасау.

Сұрақтар:

1.Құстардың тіршілік ету жағдайларына қарай ерекшеліктері.

2.Құстарда қай суйек төменгі бөлім қаңқасын құрайды?

3. Құстар жабындысының ерекшелігі.

4.Құстар үшін зат алмасудың қарқынды болуы тән, осыған орай ішкі мүшелер құрылысындағы ерекшеліктер.

5.Құстарда жыныс жасушасының ерекшелігі

Қолданылатын әдебиеттер:

Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.

К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы. Алматы., 2011ж

Тәжірибелік жұмыс № 21

Тақырыбы: Құстардың қаңқасы.

1. Ұшуға байланысты сыртқы құрылыс ерекшеліктері.

2.Құстардың қаңқасын зерттеу.

3. Ұшуға байланысты ішкі құрылыс ерекшеліктері.

4. Құстардың систематикасы.

Мақсаты: Ұшуға байланысты сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктерін зерттеу. Құстардың алуан түрлілігімен танысу.

Тапсырма:

Көгершіннің қаңқасын зерттеу

Көгершіннің бас сүйегін зерттеу.

Көгершіннің ішкі органдарының орналасуын зерттеу.


Көгершіннің қан айналу жүйесін зерттеу.

Тушкалары бойынша құстарды анықтап, құстардың негізгі отрядтарымен танысып, оларды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтау.

Анықталған түрлерге сипаттама беру.

Суреттерін салып белгілерін жасау.

Сұрақтар:

1.Құстардың тіршілік ету жағдайларына қарай ерекшеліктері.

2.Құстарда қай суйек төменгі бөлім қаңқасын құрайды?

3. Құстар жабындысының ерекшелігі.

4.Құстар үшін зат алмасудың қарқынды болуы тән, осыған орай ішкі мүшелер құрылысындағы ерекшеліктер.

5.Құстарда жыныс жасушасының ерекшелігі

Қолданылатын әдебиеттер:

Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.

К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы. Алматы., 2011ж


Тәжірибелік жұмыс № 22,23,24

Тақырыбы: Тушкалары бойынша құстарды анықтау.

Мақсаты: Тушкалары бойынша құстарды анықтау.

1. Анықталған түрлерге сипаттама беру.

2. Сұрақтарға жауап беру.

1.Су құстарының ерекшеліктері

2. Шөлді дала құстарының ерекшеліктері

3. Бұталы –орман құстарының ерекшелігі

4. Жыртқыш құстардың ерекшелігі

5. Құстардың көбеюге дайындық ерекшелігі

6. Кәсіптік құстар маңызы

Тәжірибелік жұмыс № 25

Тақырыбы: Сүтқоректілер морфологиясы. Ақ егеуқұйрықтың құрылыс ерекшеліктері.

1. Сүтқоректілердің сыртқы құрылыс ерекшеліктері.

2. Сүтқоректілердің систематикасы.

Мақсаты: Ақ егеуқұйрықты мысалға ала отырып, сүтқоректілердің сыртқы құрылыс ерекшеліктерін зерттеу. Сүтқоректілердің алуан түрлілігімен танысу.

Тапсырма:

1.Сүтқоректілердің қаңқасын зерттеу.

2.Ақ егеуқұйрықтың ішкі органдарының орналасуын зерттеу


3.Ақ егеуқұйрықтың миын зерттеу

4.Тушкалары бойынша сүтқоректілерді анықтап, сүтқоректілердің негізгі отрядтарымен танысып, оларды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтау.

5.Анықталған түрлерге сипаттама беру.

6.Суреттерін салып белгілерін жасау.

Сұрақтар:

1.Сүтқоректілердің тері жамылғысының ерекшеліктері.

2.Сүтқоректілердің иық белдеуінің ерекшелігі.

3. Сүтқоректілердің ми сауытының ерекшеліктері.

4.Сүтқоректілердің жыныс органдарының ерекшеліктері.

Қолданылатын әдебиеттер:

Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.

К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы. Алматы., 2011ж

Тәжірибелік жұмыс № 26

Тақырыбы: Сүтқоректілердің қаңқасы.

1. Сүтқоректілердің ішкі құрылыс ерекшеліктері.

2. Сүтқоректілердің систематикасы.

Мақсаты: Ақ егеуқұйрықты мысалға ала отырып, сүтқоректілердің ішкі құрылыс ерекшеліктерін зерттеу. Сүтқоректілердің алуан түрлілігімен танысу.

Тапсырма:

1.Ақ егеуқұйрықтың ішкі органдарының орналасуын зерттеу

2. Ақ егеуқұйрықтың асқорыту жүйесін зерттеу

3.Тыныс алу жүйесін зерттеу

4. Қан айналу жүйесін зерттеу

5.Жүйке, сезім органдарын зерттеу

6.Суреттерін салып белгілерін жасау.

Сұрақтар:

1.Сүтқоректілердің тері жамылғысының ерекшеліктері.

2.Сүтқоректілердің асқорыту жүйесінің ерекшелігі.

3. Сүтқоректілердің зәр шығару жүйесінің ерекшеліктері.

4.Сүтқоректілердің жыныс органдарының ерекшеліктері.

Қолданылатын әдебиеттер:

Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.: «Академия» , 2007.

К.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы. Алматы., 2011ж


Тәжірибелік жұмыс № 27,28,29.

Тақырыбы: Тушкалары бойынша сүтқоректілерді анықтау

Тушкалары бойынша сүтқоректілерді анықтап, негізгі отрядтарымен танысып, оларды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтау.

Анықталған түрлерге сипаттама беру.

Суреттерін салып белгілерін жасау.

Сұрақтар:

1.Жер бетін мекендейтін сүтқоректілердің ерекшеліктері.

2. Жер астын мекендейтін сүтқоректілердің ерекшеліктері

3. Ұшатын сүтқоректілердің ерекшеліктері

4. Су аңдарының ерекшелігі

5. Сүтқоректілердің тіршілігіндегі жылдық цйиклдерді ата.

6. Сүтқоректілердің экономикалық маңызы.

Тәжірибелік жұмыс № 30 Аралық бақылау 2.



<< предыдущая страница   следующая страница >>