https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 3 4 5 6 7 8 9

Халқы





Ресей халқының тығыздығы.




Ресей халқының демографиялық пирамидасы, 2011 жыл.

Ресей Федерациясы халқының саны 2008 жылы 142 млн адамды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей дүниежүзінде Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия және Пәкстан, Бангладеш, Нигериядан кейін 9-орын алады. Ресей ғалымдарының болжамы бойынша, алдағы онжылдықта елдегі халық санының қыскаруы одан әрі жалғаса береді. Енді елдің демографиялық көрсеткіштерімен танысайық.[11]

Демографиялық көрсеткіштер


Ресей аумағында XX ғасырдың 90-жылдарынан бері халықтың ұдайы өсуінің қазіргі типі орнықты. Қазіргі кезде туу коэффициенті 12,1°/00, өлім коэффициенті 14,6°/00 - Туудың азаюы мен өлім-жітімнің артуына байланысты 1992 жылдан бері табиғи өсу теріс көрсеткішке (-2,5°/00) ие болды. Соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштер жақсарып келеді. Табиғи өсудің оң көрсеткіштері Ингушетия, Тува республикаларында, Ханты-Манси АО-де байқалады. Жалпы алғанда, елде адамның өмір жасының ұзақтығы да қысқарды: 1990 жылы бұл керсеткіш 69 жасқа тең болса, қазіргі кезде 66,6 жасты кұрайды.

Демографиялық керсеткіштерге халықтың жас және жыныстық кұрылымы, көші-қон сипаты да әсер етеді. Қазіргі кезде Ресей халқының 17%-ы 14 жасқа толмаған балалар болса, 19%-ын жасы 60-тан асқан егде адамдар құрайды. Ел халқының 53%-дан астамын әйелдер құрайды. Соңғы онжылдықтарда басқа аудандардан көшіп келген жастар үлесі басым аудандарда (Ханты-Манси, Ямал- Ненец, Таймыр автономиялық округтері, Саха республикасы) туу көрсеткіші жоғары, өлім-жітім аз. Күшті урбандалған аудандарда туу көрсеткіші төмен, ал халық құрылымында егде адамдар басым кейбір қалаларда өлім саны көп.[11]

Еңбек ресурстары


Ресейдің еңбек ресурстары 87 млн адамды қамтиды. Олардың басым көпшілігі (71 млн адам) экономикалық белсенді халық болып табылады. Жалпы алғанда, Ресейде жұмыссыздық деңгейі 9,2% деп есептеледі. Бірақ жұмыссыздық деңгейі аумақ, бойынша үлкен айырмашылықтар жасайды. Ингушетия, Дағыстан, Қалмақ Республикасында оның керсеткіші кей жылдары 50%-ға жеткен. Ал экономикалық өрлеу тән Саха республикасында, сондай-ақ ірі қалаларда жұмыссыздың деңгейі 4—5 %-дан аспайды. Елдегі жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі өндірістік емес салада (57%), қалғандары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етеді.[11]

Халқының ұлттық құрамы


Ресей көп ұлтты елдер қатарына жатады, мұнда 160 ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. 100-ге жуық ұлттар мен ұлыстар Ресейдің; байырғы халқына жатады. Саны жөнінен басымы — орыстар, олар Ресей халқының 80%-ын құрайды. Орыс халқының ең басым ауданы — Орталық қара топырақты аудан, мұнда олардың үлесі 95%-дан асады. Ресей аумағында 30-дан астам ұлттық автономия құрылған, бірақ олардың көпшілігінде байырғы халыққа қарағанда орыстардың саны басым.

Тілдік құрамы жағынан Ресей халықтары, негізінен, үндіеуропалық (халықтың 89%-ы), алтай (7%), кавказ (2%) және орал (2%) 4 тіл семьяларына жатады. Ресейдің мәдени кеңістігінде орыс тілі мен мәдениетінің ғана емес, басқа халықтардың, соның ішінде шағын ұлыстардың тілі мен салт-дәстүрлерінің сақталуына айрықша көңіл бөлінген. Орасан зор аумақты алып жатқан Саха республикасының байырғы тұрғындары түркі тілдес якуттар болып табылады. Солтүстіктің басқа халықтары, негізінен, бұғы шаруашылығымен айналысса, якуттар атакәсібі болып саналатын жылқы өсіруден әлі қол үзген жоқ. Елдің солтүстігін, Қиыр Шығысты саны жағынан аз ұлттар мен ұлыстар мекендейді.[11]

] Орналасуы

Елдің әртүрлі бөліктерінде халық әркелкі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресей аумағы бойынша халық тығыздығының орташа көрсеткіші 1 км2-ге 8,5 адам, бұл әлемдік орташа керсеткіштен 4 есе төмен. Ресей аумағының 1/4 бөлігін ғана алып жатқан еуропалық бөлікте халықтық 79%-ы тұрады. Мұнда 1 км2 аумақка 30 адамнан келеді. Ал елдің басым бөлігін (3/4) камтитын азиялық бөліктің үлесіне барлық халықтың 21 %-ы ғана тиесілі. Халық тығыздығы мұнда 1 км2-ге бар болғаны 2,5 адамды құрайды.


Ресейдегі халық тығыздығы


Экономикалық аудан

Халық тығыздығы,
адам/км2


Солтүстік

4

Солтүстік-Батыс

39

Орталық

60

Волга-Вятка

31

Орталық қара топырақты

46

Волга бойы

31

Солтүстік Кавказ

49

Орал

24,5

Батыс Сібір

6

Шығыс Сібір

2

Қиыр Шығыс

1

Калининград облысы

62,5

Ресей, орта есеппен

8,5

Экономикалық аудандар бойынша да халықтың тығыздығы әртүрлі. Халық Орталық аудан мен Калининград облысында тығыз орналасқан, ал Қиыр Шығыс пен Шығыс Сібірде, Солтүстік ауданда халық өте сирек қоныстанған.

Халық тығыздығы табиғат жағдайларының қолайлы болуына тікелей байланысты. Ресейдің халық тығыз қоныстанған аудандарында табиғат жағдайы қолайлы болып келеді. Мысалы, Солтүстік Осетияда тығыздық 1 км2-ге шаққанда 80 адамды құраса, табиғаты қолайсыз Таймырда бұл көрсеткіш 1 адамға тең. Ірі қалалар мен олардың маңында халық тығыздығының жоғары болуын әлеуметтік-экономикалық жағдаймен түсіндіруге болады. Мысалы, Мәскеу қаласы мен облысында халық тығыздығы 1 км2-ге 320 адамға жетеді. Еуропалық бөліктің солтүстігінен басқа аумағын және азиялық бөліктегі Транссібір теміржолы бойындағы аудандарды қамтитын жолақта Ресей халқының 93%-ы тұрады. Елдегі ең ірі қалалар мен миллионер қалалардың барлығы дерлік осында орналасқан.


Солтүстікке және шығысқа қарай халық тығыздығы азая береді. Ел аумағының 2/3 бөлігін қамтитын Солтүстік ауданда бүкіл халықтың 6%-ы ғана тұрады. Бұл аудандарда қала халқының үлесі жоғары, ал қалалардың орналасуы минералдық ресурстарды өндірумен тығыз байланысты болады. Сібірдің оңтүстігінде (Алтай, Тува республикалары) де халық сирек қоныстанған, мұнда ел халқының 1 %-ы ғана тұрады, бірақ ауыл халқының үлесі жоғары. Халықтың әркелкі орналасуы және көптттілік аумақта өте сирек қоныстануы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіретін факторлардың бірі болып табылады.

Ресейде, негізінен, қоныстанудың екі түрі (қалалық және ауылдық) басым. Жалпы алғанда, Ресейде 150 мыңға жуық ауылдық елді мекен бар. Олардың саны, әдетте, ауыл шаруашылығы өркендеген аудандарда көбірек. Көлік қатынасы және рекреациямен (емдеу-сауықтыру және демалыс орындары), сондай-ақ орман шаруашылығымен байланысты ауылдың елді мекендер де бар. Қазіргі кезде ауылды жерде тұратындардың тек 55%-ы ғана ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.

Қазіргі кезде Ресей халқының 73%-ы қалада тұрады. Қала халқының үлесі, әсіресе Солтүстік-Батыс (87%) және Орталық (80%) аудандарда жоғары. Алтай, Тува, Қалмақ республикаларында, солтүстіктегі ұлттық автономиялық округтерде урбандалу деңгейі 50%-дан төмен. Ал ауыл шаруашылығы дамыған Солтүстік Кавказ бен Краснодар өлкесінде қала халқының үлесі 54%-ды құрайды.[11]



<< предыдущая страница   следующая страница >>